1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Нәзиғат сүресі

Нәзиғат сүресін қалай жаттауға болады

«Суырып алушылар»

  • 79-сүре
  • 46 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 583–584 беттері

النازعات

Нәзиғат сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят46 күн
Күніне 3 аят16 күн
Күніне 5 аят10 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Нәзиғат сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 79:1

    وَٱلنَّـٰزِعَـٰتِ غَرْقًا

    уаннази`ати гарк̣а

    Сүңгіп шығарушы

  2. 79:2

    وَٱلنَّـٰشِطَـٰتِ نَشْطًا

    уаннашитати нашта

    Баяу тартушы

  3. 79:3

    وَٱلسَّـٰبِحَـٰتِ سَبْحًا

    уассабихати сабха

    Малтап кетуші

  4. 79:4

    فَٱلسَّـٰبِقَـٰتِ سَبْقًا

    фассабик̣ати сабк̣а

    Жарысып озушы

  5. 79:5

    فَٱلْمُدَبِّرَٰتِ أَمْرًا

    фалмудаббирати амра

    Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт

  6. 79:6

    يَوْمَ تَرْجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ

    йаума таржуфур ражифа

    Ол күні қатты сілкініс болады

  7. 79:7

    تَتْبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ

    татба`ухар радифа

    Оның артынан тағы бір сілкінеді

  8. 79:8

    قُلُوبٌ يَوْمَئِذٍ وَاجِفَةٌ

    к̣улуубун йаумаиз̃иу уажифа

    Ол күні жүректер тітірейді

  9. 79:9

    أَبْصَـٰرُهَا خَـٰشِعَةٌ

    абсаруха хаши`а

    Көздері төмен қарайды

  10. 79:10

    يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرْدُودُونَ فِى ٱلْحَافِرَةِ

    йак̣уулууна аинна ламардуудууна фиил хафира

    (Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді

  11. 79:11

    أَءِذَا كُنَّا عِظَـٰمًا نَّخِرَةً

    аиз̃а кунна `изаман нахира

    Қоқым, сүйек болған сәтте де

  12. 79:12

    قَالُوا۟ تِلْكَ إِذًا كَرَّةٌ خَاسِرَةٌ

    к̣алуу тилка из̃ан карратун хасира

    (Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді

  13. 79:13

    فَإِنَّمَا هِىَ زَجْرَةٌ وَٰحِدَةٌ

    фаиннама хийа зажратуу уахида

    Негізінен ол, бір айғай ғана

  14. 79:14

    فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ

    фаиз̃а хум биссахирас

    Дереу сол уақытта олар майданда

  15. 79:15

    هَلْ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ

    хал атака хадиис̃у мууса

    Саған Мұсаның хабары келді ме

  16. 79:16

    إِذْ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلْوَادِ ٱلْمُقَدَّسِ طُوًى

    из̃ надаху раббуху билуадил мук̣аддаси тууан

    Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Тұуа" ойпатында дабыстады

  17. 79:17

    ٱذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ

    из̃хаб ила фир`ауна иннаху тага

    Перғауынға бар. Өйткені ол, азды

  18. 79:18

    فَقُلْ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ

    фак̣ул хал лака ила ан тазакка

    Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де

  19. 79:19

    وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ

    уаахдийака ила раббика фатахша

    Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың

  20. 79:20

    فَأَرَىٰهُ ٱلْـَٔايَةَ ٱلْكُبْرَىٰ

    фаарахул айатал кубра

    Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті

  21. 79:21

    فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ

    факаз̃з̃аба уа`аса

    Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты

  22. 79:22

    ثُمَّ أَدْبَرَ يَسْعَىٰ

    с̃умма адбара йас`а

    Кейін теріс айналып, жүгірді

  23. 79:23

    فَحَشَرَ فَنَادَىٰ

    фахашара фанада

    Адамдарды жинап, айғай салып

  24. 79:24

    فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلْأَعْلَىٰ

    фак̣ала ана раббукумул а`ла

    Мен сендердің ең ұлы раббыларың" деді

  25. 79:25

    فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلْـَٔاخِرَةِ وَٱلْأُولَىٰٓ

    фаахаз̃ахуллаху накалал ахирати уалуула

    Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды

  26. 79:26

    إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِّمَن يَخْشَىٰٓ

    инна фии з̃алика ла`ибратал лимай йахша

    Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар

  27. 79:27

    ءَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُ ۚ بَنَىٰهَا

    аантум ашадду халк̣ан амис сама банаха

    Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады

  28. 79:28

    رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّىٰهَا

    рафа`а самкаха фасаууаха

    Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді

  29. 79:29

    وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَىٰهَا

    уаагташа лайлаха уаахража духаха

    Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды

  30. 79:30

    وَٱلْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ

    уаларда ба`да з̃алика дахаха

    Сосын жерді төседі

  31. 79:31

    أَخْرَجَ مِنْهَا مَآءَهَا وَمَرْعَىٰهَا

    ахража минха мааха уамар`аха

    Одан су және жайылыс майданға келтірді

  32. 79:32

    وَٱلْجِبَالَ أَرْسَىٰهَا

    уалжибала арсаха

    Оған таулар орналастырды

  33. 79:33

    مَتَـٰعًا لَّكُمْ وَلِأَنْعَـٰمِكُمْ

    мата`ал лакум уалиан`амикум

    Сендер және малдарың пайдалану үшін

  34. 79:34

    فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلْكُبْرَىٰ

    фаиз̃а жаатит тамматул кубра

    Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте

  35. 79:35

    يَوْمَ يَتَذَكَّرُ ٱلْإِنسَـٰنُ مَا سَعَىٰ

    йаума йатаз̃аккарул инсану ма са`а

    Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады

  36. 79:36

    وَبُرِّزَتِ ٱلْجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ

    уабурризатил жахииму лимай йара

    Тозақ, көретіндерге көрсетіледі

  37. 79:37

    فَأَمَّا مَن طَغَىٰ

    фаамма ман тага

    Ал енді кім шектен шыққан болса

  38. 79:38

    وَءَاثَرَ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا

    уаас̃арал хайатад дунйа

    Оған дүние әсер еткен болса

  39. 79:39

    فَإِنَّ ٱلْجَحِيمَ هِىَ ٱلْمَأْوَىٰ

    фаиннал жахиима хийал ма'уа

    Сонда рас оның орны тозақ

  40. 79:40

    وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفْسَ عَنِ ٱلْهَوَىٰ

    уаамма ман хафа мак̣ама раббихи уанахан нафса `анил хауа

    Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса

  41. 79:41

    فَإِنَّ ٱلْجَنَّةَ هِىَ ٱلْمَأْوَىٰ

    фаиннал жанната хийал ма'уа

    Негізінде оның барар жері ұжмақ

  42. 79:42

    يَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَىٰهَا

    йасалуунака `анис са`ати аййана мурсаха

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар саған "Қиямет қашан болады?",- деп сұрақ қояды

  43. 79:43

    فِيمَ أَنتَ مِن ذِكْرَىٰهَآ

    фиима анта мин з̃икраха

    Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе

  44. 79:44

    إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ

    ила раббика мунтахаха

    Оны қортындысы, Раббыңа байланысты

  45. 79:45

    إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخْشَىٰهَا

    иннама анта мунз̃иру май йахшаха

    Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың

  46. 79:46

    كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَهَا لَمْ يَلْبَثُوٓا۟ إِلَّا عَشِيَّةً أَوْ ضُحَىٰهَا

    кааннахум йаума йараунаха лам йалбас̃уу илла `ашиййатан ау духаха

    Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.