1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Әнбия сүресі

Әнбия сүресін қалай жаттауға болады

«Пайғамбарлар»

  • 21-сүре
  • 112 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 322–331 беттері

الأنبياء

Әнбия сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят112 күн
Күніне 3 аят38 күн
Күніне 5 аят23 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Әнбия сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 21:1

    ٱقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِى غَفْلَةٍ مُّعْرِضُونَ

    ик̣тараба линнаси хисабухум уахум фии гафлатим му`ридуун

    Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар кәперсіз бет бұруда

  2. 21:2

    مَا يَأْتِيهِم مِّن ذِكْرٍ مِّن رَّبِّهِم مُّحْدَثٍ إِلَّا ٱسْتَمَعُوهُ وَهُمْ يَلْعَبُونَ

    ма йа'тиихим мин з̃икрим мир раббихим мухдас̃ин илла стама`ууху уахум йал`абуун

    Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертуді мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды

  3. 21:3

    لَاهِيَةً قُلُوبُهُمْ ۗ وَأَسَرُّوا۟ ٱلنَّجْوَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ هَلْ هَـٰذَآ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُكُمْ ۖ أَفَتَأْتُونَ ٱلسِّحْرَ وَأَنتُمْ تُبْصِرُونَ

    лахийатан к̣улуубухум уаасарруун нажуал лаз̃иина заламуу хал хаз̃а илла башарум мис̃лукум афата'туунас сихра уаантум тубсируун

    Олардың жүректері боста. Жасырын кеңескен залымдар: "Бұл сендер сияқты ғана адам. Көре тұра сиқырға ересіңдер ме?",- (деп күңкілдесті)

  4. 21:4

    قَالَ رَبِّى يَعْلَمُ ٱلْقَوْلَ فِى ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ ۖ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

    к̣ала раббии йа`ламул к̣аула фиис самаи уаларди уахууас самии`ул `алиим

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Раббым; жер, көктегі сөйленгенді біледі. Сондай-ақ Ол, толык естуші, білуші" деді

  5. 21:5

    بَلْ قَالُوٓا۟ أَضْغَـٰثُ أَحْلَـٰمٍۭ بَلِ ٱفْتَرَىٰهُ بَلْ هُوَ شَاعِرٌ فَلْيَأْتِنَا بِـَٔايَةٍ كَمَآ أُرْسِلَ ٱلْأَوَّلُونَ

    бал к̣алуу адгас̃у ахламин бали фтараху бал хууа ша`ирун фалйа'тина биайатин кама урсилал аууалуун

    Олар: "Олай емес. бұл шым-шытырық түстер. Жоқ, өзінің жасандысы. Жоқ, ол ақын. Әйтпесе, бізге бұрынгы елшілерше бір белгі келтірсін" деді

  6. 21:6

    مَآ ءَامَنَتْ قَبْلَهُم مِّن قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَـٰهَآ ۖ أَفَهُمْ يُؤْمِنُونَ

    ма аманат к̣аблахум мин к̣арйатин ахлакнаха афахум йу'минуун

    Бұлардан бұрынғы біз жоқ еткен кент (халқы) иман келтірмеді. Енді бұлар иман келтіре ме

  7. 21:7

    وَمَآ أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ إِلَّا رِجَالًا نُّوحِىٓ إِلَيْهِمْ ۖ فَسْـَٔلُوٓا۟ أَهْلَ ٱلذِّكْرِ إِن كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

    уама арсална к̣аблака илла рижалан нуухии илайхим фасалуу ахлаз̃ з̃икри ин кунтум ла та`ламуун

    Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар

  8. 21:8

    وَمَا جَعَلْنَـٰهُمْ جَسَدًا لَّا يَأْكُلُونَ ٱلطَّعَامَ وَمَا كَانُوا۟ خَـٰلِدِينَ

    уама жа`алнахум жасадал ла йа'кулуунат та`ама уама кануу халидиин

    Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес

  9. 21:9

    ثُمَّ صَدَقْنَـٰهُمُ ٱلْوَعْدَ فَأَنجَيْنَـٰهُمْ وَمَن نَّشَآءُ وَأَهْلَكْنَا ٱلْمُسْرِفِينَ

    с̃умма садак̣нахумул уа`да фаанжайнахум уаман нашау уаахлакнал мусрифиин

    Сонан кейін оларға етілген уәдемізді шынға шығарып, оларды және қалаған кісілерімізді құтқардық та шектен шығушыларды жоқ еттік

  10. 21:10

    لَقَدْ أَنزَلْنَآ إِلَيْكُمْ كِتَـٰبًا فِيهِ ذِكْرُكُمْ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

    лак̣ад анзална илайкум китабан фиихи з̃икрукум афала та`к̣илуун

    Сендерге ішінде өздеріңе үгіт болған бір Кітап жібердік. Сонда да түсінбейсіңдер ме

  11. 21:11

    وَكَمْ قَصَمْنَا مِن قَرْيَةٍ كَانَتْ ظَالِمَةً وَأَنشَأْنَا بَعْدَهَا قَوْمًا ءَاخَرِينَ

    уакам к̣асамна мин к̣арйатин канат залиматау уаанша'на ба`даха к̣ауман ахариин

    Қаншалаған халқы залым кентті талқандадық та одан кейін басқа ел жараттық

  12. 21:12

    فَلَمَّآ أَحَسُّوا۟ بَأْسَنَآ إِذَا هُم مِّنْهَا يَرْكُضُونَ

    фаламма ахассуу ба'сана из̃а хум минха йаркудуун

    Сонда олар азабьмызды сезген сәтте, ол жерден қаша бастады

  13. 21:13

    لَا تَرْكُضُوا۟ وَٱرْجِعُوٓا۟ إِلَىٰ مَآ أُتْرِفْتُمْ فِيهِ وَمَسَـٰكِنِكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْـَٔلُونَ

    ла таркудуу уаржи`уу ила ма утрифтум фиихи уамасакиникум ла`аллакум тусалуун

    Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар. Мүмкін сұраласыңдар" (деді)

  14. 21:14

    قَالُوا۟ يَـٰوَيْلَنَآ إِنَّا كُنَّا ظَـٰلِمِينَ

    к̣алуу йа уайлана инна кунна залимиин

    Олар: Өкінішке орай біз залым екеміз" деді

  15. 21:15

    فَمَا زَالَت تِّلْكَ دَعْوَىٰهُمْ حَتَّىٰ جَعَلْنَـٰهُمْ حَصِيدًا خَـٰمِدِينَ

    фама залатт тилка да`уахум хатта жа`алнахум хасиидан хамидиин

    Осы дауыстары; біз оларды орылған шөп, сөнген отқа айналдырғанға дейін сенбеді

  16. 21:16

    وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَآءَ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَـٰعِبِينَ

    уама халак̣нас самаа уаларда уама байнахума ла`ибиин

    Көк пен жерді және екі арасындағыны ойыншық қып жаратпадық

  17. 21:17

    لَوْ أَرَدْنَآ أَن نَّتَّخِذَ لَهْوًا لَّٱتَّخَذْنَـٰهُ مِن لَّدُنَّآ إِن كُنَّا فَـٰعِلِينَ

    лау арадна ан наттахиз̃а лахуал латтахаз̃наху мил ладунна ин кунна фа`илиин

    Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де оны жасайтын болсақ өз қасымыздан-ақ жасап алар едік

  18. 21:18

    بَلْ نَقْذِفُ بِٱلْحَقِّ عَلَى ٱلْبَـٰطِلِ فَيَدْمَغُهُۥ فَإِذَا هُوَ زَاهِقٌ ۚ وَلَكُمُ ٱلْوَيْلُ مِمَّا تَصِفُونَ

    бал нак̣з̃ифу билхак̣к̣и `алал батили файадмагуху фаиз̃а хууа захик̣ уалакумул уайлу мимма тасифуун

    Егер етірікті, шындықпен ұрсақ, миын бырқ еткізер еді де сонда ол жойылып, кетер еді. Жасанды сөздеріңнің салдарынан сендерге нендей өкініш

  19. 21:19

    وَلَهُۥ مَن فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ۚ وَمَنْ عِندَهُۥ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِۦ وَلَا يَسْتَحْسِرُونَ

    уалаху ман фиис самауати уалард уаман `индаху ла йастакбирууна `ан `ибадатихи уала йастахсируун

    Көктер мен жердегілер Алланікі. Оның қасындағылар, Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да шаршамайды

  20. 21:20

    يُسَبِّحُونَ ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ لَا يَفْتُرُونَ

    йусаббихуунал лайла уаннахара ла йафтуруун

    Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды

  21. 21:21

    أَمِ ٱتَّخَذُوٓا۟ ءَالِهَةً مِّنَ ٱلْأَرْضِ هُمْ يُنشِرُونَ

    амит тахаз̃уу алихатам минал арди хум йуншируун

    Олардың жерден жасап алған тәңірлері; солар, өліктерді тірілте ме

  22. 21:22

    لَوْ كَانَ فِيهِمَآ ءَالِهَةٌ إِلَّا ٱللَّهُ لَفَسَدَتَا ۚ فَسُبْحَـٰنَ ٱللَّهِ رَبِّ ٱلْعَرْشِ عَمَّا يَصِفُونَ

    лау кана фиихима алихатун иллаллаху лафасадата фасубханаллахи раббил `арши `амма йасифуун

    Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк

  23. 21:23

    لَا يُسْـَٔلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْـَٔلُونَ

    ла йусалу `амма йаф`алу уахум йусалуун

    Ол, істегендерінен сұралмайды да олар сұралады

  24. 21:24

    أَمِ ٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً ۖ قُلْ هَاتُوا۟ بُرْهَـٰنَكُمْ ۖ هَـٰذَا ذِكْرُ مَن مَّعِىَ وَذِكْرُ مَن قَبْلِى ۗ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ ٱلْحَقَّ ۖ فَهُم مُّعْرِضُونَ

    амит тахаз̃уу мин дуунихи алихатан к̣ул хатуу бурханакум хаз̃а з̃икру мам ма`ийа уаз̃икру ман к̣абли бал акс̃арухум ла йа`ламуунал хак̣к̣а фахум му`ридуун

    Немесе олар, Алладан өзге тәңірлер жасап алды ма? (Мұхаммед Ғ.С.): Дәлелдеріңді келтіріңдер. Міне менімен бірге болғандардың Кітабы және менен бурынгылардың Кітабы" де. Олай емес, олардың көбі шындықты білмейді. Сондықтан олар жалтарады

  25. 21:25

    وَمَآ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِىٓ إِلَيْهِ أَنَّهُۥ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱعْبُدُونِ

    уама арсална мин к̣аблика мир расуулин илла нуухии илайхи аннаху ла илаха илла ана фа`будуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: "Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар" деп қана уахи етіп, жібердік

  26. 21:26

    وَقَالُوا۟ ٱتَّخَذَ ٱلرَّحْمَـٰنُ وَلَدًا ۗ سُبْحَـٰنَهُۥ ۚ بَلْ عِبَادٌ مُّكْرَمُونَ

    уак̣алуут тахаз̃ар рахману уалада субханах бал `ибадум мукрамуун

    Сонда олар: "Алланың баласы бар" деді. Алла одан пәк. Олай емес, періштелер ардақты құлдары. (Олар періште Алланың қыздары дейтін еді)

  27. 21:27

    لَا يَسْبِقُونَهُۥ بِٱلْقَوْلِ وَهُم بِأَمْرِهِۦ يَعْمَلُونَ

    ла йасбик̣уунаху билк̣аули уахум биамрихи йа`малуун

    Олар, Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар, Оның әмірін ғана орындайды

  28. 21:28

    يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يَشْفَعُونَ إِلَّا لِمَنِ ٱرْتَضَىٰ وَهُم مِّنْ خَشْيَتِهِۦ مُشْفِقُونَ

    йа`ламу ма байна айдиихим уама халфахум уала йашфа`ууна илла лимани ртада уахум мин хашйатихи мушфик̣уун

    Алла олардың өткенін де келешегін де біледі. Олар, Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Олар Алладан қорыққаннан тітірейді

  29. 21:29

    ۞ وَمَن يَقُلْ مِنْهُمْ إِنِّىٓ إِلَـٰهٌ مِّن دُونِهِۦ فَذَٰلِكَ نَجْزِيهِ جَهَنَّمَ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلظَّـٰلِمِينَ

    уамай йак̣ул минхум иннии илахум мин дуунихи фаз̃алика нажзиихи жаханнам каз̃алика нажзииз залимиин

    Олардан кім: "Алладан өзге мен де тәңірмін!,- десе, оны тозақпен жазаландырамыз. Залымдардың сазайын сөйтіп тарттырамыз

  30. 21:30

    أَوَلَمْ يَرَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَنَّ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْنَـٰهُمَا ۖ وَجَعَلْنَا مِنَ ٱلْمَآءِ كُلَّ شَىْءٍ حَىٍّ ۖ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ

    ауалам йарал лаз̃иина кафаруу аннас самауати уаларда каната ратк̣ан фафатак̣нахума уажа`ална минал маи кулла шайин хаййин афала йу'минуун

    Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер тиіскен еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме

  31. 21:31

    وَجَعَلْنَا فِى ٱلْأَرْضِ رَوَٰسِىَ أَن تَمِيدَ بِهِمْ وَجَعَلْنَا فِيهَا فِجَاجًا سُبُلًا لَّعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ

    уажа`ална фиил арди рауасийа ан тамиида бихим уажа`ална фииха фижажан субулал ла`аллахум йахтадуун

    Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық. (С. 16-А) Және жөн табулары үшін кең жолдар жараттық

  32. 21:32

    وَجَعَلْنَا ٱلسَّمَآءَ سَقْفًا مَّحْفُوظًا ۖ وَهُمْ عَنْ ءَايَـٰتِهَا مُعْرِضُونَ

    уажа`алнас самаа сак̣фам махфуузан уахум `ан айатиха му`ридуун

    Аспанды берік бір төбе қылдық. Олар болса, мұндағы белгілерден бет бұрады

  33. 21:33

    وَهُوَ ٱلَّذِى خَلَقَ ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ وَٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَ ۖ كُلٌّ فِى فَلَكٍ يَسْبَحُونَ

    уахууал лаз̃ии халак̣ал лайла уаннахара уашшамса уалк̣амара куллун фии фалакий йасбахуун

    Ол сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді

  34. 21:34

    وَمَا جَعَلْنَا لِبَشَرٍ مِّن قَبْلِكَ ٱلْخُلْدَ ۖ أَفَإِي۟ن مِّتَّ فَهُمُ ٱلْخَـٰلِدُونَ

    уама жа`ална либашарим мин к̣абликал хулда афаим митта фахумул халидуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма

  35. 21:35

    كُلُّ نَفْسٍ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِ ۗ وَنَبْلُوكُم بِٱلشَّرِّ وَٱلْخَيْرِ فِتْنَةً ۖ وَإِلَيْنَا تُرْجَعُونَ

    куллу нафсин з̃аик̣атул маут уанаблуукум бишшарри уалхайри фитнатан уаилайна туржа`уун

    Әркім өлімді татады. Сендерді сынап; жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар

  36. 21:36

    وَإِذَا رَءَاكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَـٰذَا ٱلَّذِى يَذْكُرُ ءَالِهَتَكُمْ وَهُم بِذِكْرِ ٱلرَّحْمَـٰنِ هُمْ كَـٰفِرُونَ

    уаиз̃а раакал лаз̃иина кафаруу ий йаттахиз̃уунака илла хузууан ахаз̃ал лаз̃ии йаз̃куру алихатакум уахум биз̃икрир рахмани хум кафируун

    (Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандар, қашан сені көрсе, өзіңді мүлде тәлкектеп: "Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осыма?",- дейді. Сондай-ақ олар өздері Рахманның зікіріне (Кітабына) қарсы

  37. 21:37

    خُلِقَ ٱلْإِنسَـٰنُ مِنْ عَجَلٍ ۚ سَأُو۟رِيكُمْ ءَايَـٰتِى فَلَا تَسْتَعْجِلُونِ

    хулик̣ал инсану мин `ажал сауриикум айатии фала таста`жилуун

    Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Белгілерімді көрсетемін. Менен тез тілемеңдер

  38. 21:38

    وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَـٰذَا ٱلْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَـٰدِقِينَ

    уайак̣уулууна мата хаз̃ал уа`ду ин кунтум садик̣иин

    Олар: "Ал егер шын айтсаңдар, осы уәде қашан келеді?",- дейді

  39. 21:39

    لَوْ يَعْلَمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ حِينَ لَا يَكُفُّونَ عَن وُجُوهِهِمُ ٱلنَّارَ وَلَا عَن ظُهُورِهِمْ وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ

    лау йа`ламул лаз̃иина кафаруу хиина ла йакуффууна `ау уужуухихимун нара уала `ан зухуурихим уала хум йунсаруун

    Егер қарсы болғандар; оттан беттерін де арқаларын да қорғай алмайтын мезгілді білсе еді

  40. 21:40

    بَلْ تَأْتِيهِم بَغْتَةً فَتَبْهَتُهُمْ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ رَدَّهَا وَلَا هُمْ يُنظَرُونَ

    бал та'тиихим багтатан фатабхатухум фала йастатии`ууна раддаха уала хум йунзаруун

    Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерін абыржытады. Сонда олар оны тойтара алмайды да өздеріне мұрса да берілмейді

  41. 21:41

    وَلَقَدِ ٱسْتُهْزِئَ بِرُسُلٍ مِّن قَبْلِكَ فَحَاقَ بِٱلَّذِينَ سَخِرُوا۟ مِنْهُم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ

    уалак̣ади стухзиа бирусулим мин к̣аблика фахак̣а биллаз̃иина сахируу минхум ма кануу бихи йастахзиуун

    Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да ажыуаланған. Сонда мазақтағандардың, тәлкектеген нәрселері өз бастарына жеткен

  42. 21:42

    قُلْ مَن يَكْلَؤُكُم بِٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ مِنَ ٱلرَّحْمَـٰنِ ۗ بَلْ هُمْ عَن ذِكْرِ رَبِّهِم مُّعْرِضُونَ

    к̣ул май йаклаукум биллайли уаннахари минар рахман бал хум `ан з̃икри раббихим му`ридуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерді күндіз-түні Алладан кім арашалай алады?",- де. Керісінше олар Раббыларының насихатынан бет бұруда

  43. 21:43

    أَمْ لَهُمْ ءَالِهَةٌ تَمْنَعُهُم مِّن دُونِنَا ۚ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَ أَنفُسِهِمْ وَلَا هُم مِّنَّا يُصْحَبُونَ

    ам лахум алихатун тамна`ухум мин дуунина ла йастатии`ууна насра анфусихим уала хум минна йусхабуун

    Немесе бізден өзге өздерін корғайтын тәңірлері бар ма? Тәңірлері өз бастарына жәрдем ете алмаумен қатар бізден де қолдау таппайды

  44. 21:44

    بَلْ مَتَّعْنَا هَـٰٓؤُلَآءِ وَءَابَآءَهُمْ حَتَّىٰ طَالَ عَلَيْهِمُ ٱلْعُمُرُ ۗ أَفَلَا يَرَوْنَ أَنَّا نَأْتِى ٱلْأَرْضَ نَنقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَآ ۚ أَفَهُمُ ٱلْغَـٰلِبُونَ

    бал матта`на хаулаи уаабаахум хатта тала `алайхимул `умур афала йарауна анна на'тиил арда нанк̣усуха мин атрафиха афахумул галибуун

    Әрине, оларды да, аталарын да ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық. Ал енді олар, жерді айналасынан (апаттар арқылы) кеміткенімізді көрмей ме? Сонда жеңіске солар ие бола ма

  45. 21:45

    قُلْ إِنَّمَآ أُنذِرُكُم بِٱلْوَحْىِ ۚ وَلَا يَسْمَعُ ٱلصُّمُّ ٱلدُّعَآءَ إِذَا مَا يُنذَرُونَ

    к̣ул иннама унз̃ирукум билуахи уала йасма`ус суммуд ду`аа из̃а ма йунз̃аруун

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді" де

  46. 21:46

    وَلَئِن مَّسَّتْهُمْ نَفْحَةٌ مِّنْ عَذَابِ رَبِّكَ لَيَقُولُنَّ يَـٰوَيْلَنَآ إِنَّا كُنَّا ظَـٰلِمِينَ

    уалаим массатхум нафхатум мин `аз̃аби раббика лайак̣уулунна йа уайлана инна кунна залимиин

    Рас, егер оларға Раббыңның азабынан азғантай ғана жетсе, олар: "Нендей өкініш! Біз залым екеміз" дейді

  47. 21:47

    وَنَضَعُ ٱلْمَوَٰزِينَ ٱلْقِسْطَ لِيَوْمِ ٱلْقِيَـٰمَةِ فَلَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْـًٔا ۖ وَإِن كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِّنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَا ۗ وَكَفَىٰ بِنَا حَـٰسِبِينَ

    уанада`ул мауазиинал к̣иста лийаумил к̣ийамати фала тузламу нафсун шайан уаин кана мис̃к̣ала хаббатим мин хардалин атайна биха уакафа бина хасибиин

    Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз . Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір үрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз

  48. 21:48

    وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَىٰ وَهَـٰرُونَ ٱلْفُرْقَانَ وَضِيَآءً وَذِكْرًا لِّلْمُتَّقِينَ

    уалак̣ад атайна мууса уахаруунал фурк̣ана уадийаау уаз̃икрал лилмуттак̣иин

    Рас Мұса мен Һарүн (Ғ.С.) ға жақсы-жаманды ажырататын, тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік

  49. 21:49

    ٱلَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُم بِٱلْغَيْبِ وَهُم مِّنَ ٱلسَّاعَةِ مُشْفِقُونَ

    аллаз̃иина йахшауна раббахум билгайби уахум минас са`ати мушфик̣уун

    Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтен үрейленеді

  50. 21:50

    وَهَـٰذَا ذِكْرٌ مُّبَارَكٌ أَنزَلْنَـٰهُ ۚ أَفَأَنتُمْ لَهُۥ مُنكِرُونَ

    уахаз̃а з̃икрум мубаракун анзалнах афаантум лаху мункируун

    Бұл Құран біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған да қарсы келесіңдер ме

  51. 21:51

    ۞ وَلَقَدْ ءَاتَيْنَآ إِبْرَٰهِيمَ رُشْدَهُۥ مِن قَبْلُ وَكُنَّا بِهِۦ عَـٰلِمِينَ

    уалак̣ад атайна ибрахиима рушдаху мин к̣аблу уакунна бихи `алимиин

    Рас, бұрын Ыбырайым (Ғ.С.) ға да туралық берген едік

  52. 21:52

    إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِۦ مَا هَـٰذِهِ ٱلتَّمَاثِيلُ ٱلَّتِىٓ أَنتُمْ لَهَا عَـٰكِفُونَ

    из̃ к̣ала лиабиихи уак̣аумихи ма хаз̃ихит тамас̃иилул латии антум лаха `акифуун

    Сол уақытта ол; әкесіне, еліне: "Мына сендер шоқынған мүсіндер не?",- деді

  53. 21:53

    قَالُوا۟ وَجَدْنَآ ءَابَآءَنَا لَهَا عَـٰبِدِينَ

    к̣алуу уажадна абаана лаха `абидиин

    Олар: "Біз аталарымызды осыған табынған түрде таптық.",-деді

  54. 21:54

    قَالَ لَقَدْ كُنتُمْ أَنتُمْ وَءَابَآؤُكُمْ فِى ضَلَـٰلٍ مُّبِينٍ

    к̣ала лак̣ад кунтум антум уаабаукум фии далалим мубиин

    (Ыбырайым Ғ.С.): "Рас сендер де аталарың да адасудасыңдар" деді

  55. 21:55

    قَالُوٓا۟ أَجِئْتَنَا بِٱلْحَقِّ أَمْ أَنتَ مِنَ ٱللَّـٰعِبِينَ

    к̣алуу ажитана билхак̣к̣и ам анта минал ла`ибиин

    Олар: "Сен бізге шындықты әкелдің бе? Ойнап, жүрсің бе?",- деді

  56. 21:56

    قَالَ بَل رَّبُّكُمْ رَبُّ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ٱلَّذِى فَطَرَهُنَّ وَأَنَا۠ عَلَىٰ ذَٰلِكُم مِّنَ ٱلشَّـٰهِدِينَ

    к̣ала бар раббукум раббус самауати уалардил лаз̃ии фатарахунна уаана `ала з̃аликум минаш шахидиин

    Олай емес. Негізінде сендердің Раббыларың, көктер мен жердің Раббы; соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осыларыңа айғақ болушыларданмын" деді

  57. 21:57

    وَتَٱللَّهِ لَأَكِيدَنَّ أَصْنَـٰمَكُم بَعْدَ أَن تُوَلُّوا۟ مُدْبِرِينَ

    уаталлахи лаакииданна аснамакум ба`да ан тууаллуу мудбириин

    Аллаға серт етемін! Сендер бұрылып кеткеннен кейін әлбетте бұттарыңа соқтығамын" (деді)

  58. 21:58

    فَجَعَلَهُمْ جُذَٰذًا إِلَّا كَبِيرًا لَّهُمْ لَعَلَّهُمْ إِلَيْهِ يَرْجِعُونَ

    фажа`алахум жуз̃аз̃ан илла кабиирал лахум ла`аллахум илайхи йаржи`уун

    Сонда оларды быт-шыт қылып, бәлкім осыған айналар деп, үлкенін ғана қойды

  59. 21:59

    قَالُوا۟ مَن فَعَلَ هَـٰذَا بِـَٔالِهَتِنَآ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ

    к̣алуу ман фа`ала хаз̃а биалихатина иннаху ламиназ залимиин

    Олар: "Бұны тәңірлерімізге кім істесе де ол, анық залым екен" десті

  60. 21:60

    قَالُوا۟ سَمِعْنَا فَتًى يَذْكُرُهُمْ يُقَالُ لَهُۥٓ إِبْرَٰهِيمُ

    к̣алуу сами`на фатай йаз̃курухум йук̣алу лаху ибрахиим

    Ыбырайым деген бір жігіттің осыларды сөз қып жүргенін естідік" десті

  61. 21:61

    قَالُوا۟ فَأْتُوا۟ بِهِۦ عَلَىٰٓ أَعْيُنِ ٱلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَشْهَدُونَ

    к̣алуу фа'туу бихи `ала а`йунин наси ла`аллахум йашхадуун

    Оны, көрулері үшін адамдардың көз алдына алып келіңдер" десті

  62. 21:62

    قَالُوٓا۟ ءَأَنتَ فَعَلْتَ هَـٰذَا بِـَٔالِهَتِنَا يَـٰٓإِبْرَٰهِيمُ

    к̣алуу аанта фа`алта хаз̃а биалихатина йа ибрахиим

    Әй Ыбырайым! Осыны тәңірлерімізге сен істедің бе?",-десті

  63. 21:63

    قَالَ بَلْ فَعَلَهُۥ كَبِيرُهُمْ هَـٰذَا فَسْـَٔلُوهُمْ إِن كَانُوا۟ يَنطِقُونَ

    к̣ала бал фа`алаху кабиирухум хаз̃а фасалуухум ин кануу йантик̣уун

    Бәлкім мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, олардан сұраңдар" деді

  64. 21:64

    فَرَجَعُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَنفُسِهِمْ فَقَالُوٓا۟ إِنَّكُمْ أَنتُمُ ٱلظَّـٰلِمُونَ

    фаража`уу ила анфусихим фак̣алуу иннакум антумуз залимуун

    Олар өзара: "Шынында сендер залымсыңдар" десті

  65. 21:65

    ثُمَّ نُكِسُوا۟ عَلَىٰ رُءُوسِهِمْ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا هَـٰٓؤُلَآءِ يَنطِقُونَ

    с̃умма нукисуу `ала руусихим лак̣ад `алимта ма хаулаи йантик̣уун

    Сосын олар, мүсеуірей сүлкиіп: "Расында бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой" деді

  66. 21:66

    قَالَ أَفَتَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكُمْ شَيْـًٔا وَلَا يَضُرُّكُمْ

    к̣ала афата`будууна мин дууниллахи ма ла йанфа`укум шайау уала йадуррукум

    Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма

  67. 21:67

    أُفٍّ لَّكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

    уффил лакум уалима та`будууна мин дууниллахи афала та`к̣илуун

    Түһ! Сендерге де Алланы қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?",- деді

  68. 21:68

    قَالُوا۟ حَرِّقُوهُ وَٱنصُرُوٓا۟ ءَالِهَتَكُمْ إِن كُنتُمْ فَـٰعِلِينَ

    к̣алуу харрик̣ууху уансуруу алихатакум ин кунтум фа`илиин

    Олар: "Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ыбырайымды өртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер" десті. (Олар, Ыбырайымның қол-аяғын байлап, "мүнжанық" деген атқы арқылы отқа атарда Жебрейіл (Ғ.С.) келіп: "Бір хажетін бар ма?",- дегенде: "Саған хажетім жоқ" дейді. "Онда Раббыңнан тіле!",- дегенде: "Өзіне халім мәлім. Алла маған жетеді, Ол нендей жақсы ие" деп, нағыз Аллаға ғана сиынады. Б.М.Х

  69. 21:69

    قُلْنَا يَـٰنَارُ كُونِى بَرْدًا وَسَلَـٰمًا عَلَىٰٓ إِبْرَٰهِيمَ

    к̣улна йа нару куунии бардау уасаламан `ала ибрахиим

    Әй от! Ыбырайымға салқын, зиянсыз бол" дедік

  70. 21:70

    وَأَرَادُوا۟ بِهِۦ كَيْدًا فَجَعَلْنَـٰهُمُ ٱلْأَخْسَرِينَ

    уаарадуу бихи кайдан фажа`алнахумул ахсариин

    Олардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға қастық істегілері келді. Бірақ өздерін сәтсіздікке ұшыраттық

  71. 21:71

    وَنَجَّيْنَـٰهُ وَلُوطًا إِلَى ٱلْأَرْضِ ٱلَّتِى بَـٰرَكْنَا فِيهَا لِلْعَـٰلَمِينَ

    уанажжайнаху уалуутан илал ардил латии баракна фииха лил`аламиин

    Лұт (Ғ.С.) ты құтқарып, әлемдер үшін мүбарак болған жерге жеткіздік

  72. 21:72

    وَوَهَبْنَا لَهُۥٓ إِسْحَـٰقَ وَيَعْقُوبَ نَافِلَةً ۖ وَكُلًّا جَعَلْنَا صَـٰلِحِينَ

    уауахабна лаху исхак̣а уайа`к̣ууба нафилатан уакуллан жа`ална салихиин

    Ыбырайым (Ғ.С.) ға Ысхақты артықша Яғқүпты бердік. Бәрін де түзу кісілер еттік

  73. 21:73

    وَجَعَلْنَـٰهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا وَأَوْحَيْنَآ إِلَيْهِمْ فِعْلَ ٱلْخَيْرَٰتِ وَإِقَامَ ٱلصَّلَوٰةِ وَإِيتَآءَ ٱلزَّكَوٰةِ ۖ وَكَانُوا۟ لَنَا عَـٰبِدِينَ

    уажа`алнахум аимматай йахдууна биамрина уааухайна илайхим фи`лал хайрати уаик̣амас салати уаиитааз закати уакануу лана `абидиин

    Оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи қылдық. Олар бізге құлшылық қылушы еді

  74. 21:74

    وَلُوطًا ءَاتَيْنَـٰهُ حُكْمًا وَعِلْمًا وَنَجَّيْنَـٰهُ مِنَ ٱلْقَرْيَةِ ٱلَّتِى كَانَت تَّعْمَلُ ٱلْخَبَـٰٓئِثَ ۗ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَوْمَ سَوْءٍ فَـٰسِقِينَ

    уалуутан атайнаху хукмау уа`илмау уанажжайнаху минал к̣арйатил латии канатт та`малул хабаис̃ иннахум кануу к̣аума сауин фасик̣иин

    Лұт (Ғ.С.) қа хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас олар, жаман бұзық ел еді

  75. 21:75

    وَأَدْخَلْنَـٰهُ فِى رَحْمَتِنَآ ۖ إِنَّهُۥ مِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ

    уаадхалнаху фии рахматина иннаху минас салихиин

    Оны рахметімізге бөледік. Рас ол жақсылардан еді

  76. 21:76

    وَنُوحًا إِذْ نَادَىٰ مِن قَبْلُ فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ فَنَجَّيْنَـٰهُ وَأَهْلَهُۥ مِنَ ٱلْكَرْبِ ٱلْعَظِيمِ

    уануухан из̃ нада мин к̣аблу фастажабна лаху фанажжайнаху уаахлаху минал карбил `азиим

    Бұрын жалбарынған Нұх (Ғ.С.) тың тілегін қабыл етіп, оны әрі үй-ішін зор апаттан құтқарған едік

  77. 21:77

    وَنَصَرْنَـٰهُ مِنَ ٱلْقَوْمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَـٰتِنَآ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَوْمَ سَوْءٍ فَأَغْرَقْنَـٰهُمْ أَجْمَعِينَ

    уанасарнаху минал к̣аумил лаз̃иина каз̃з̃абуу биайатина иннахум кануу к̣аума сауин фааграк̣нахум ажма`иин

    Оны, аяттарымызды жасынға шығарған елден қорғадық. Өйткені олар, сұмпайы ел еді. Сонда оларды түгел суға батырдық

  78. 21:78

    وَدَاوُۥدَ وَسُلَيْمَـٰنَ إِذْ يَحْكُمَانِ فِى ٱلْحَرْثِ إِذْ نَفَشَتْ فِيهِ غَنَمُ ٱلْقَوْمِ وَكُنَّا لِحُكْمِهِمْ شَـٰهِدِينَ

    уадаууда уасулаймана из̃ йахкумани фиил харс̃и из̃ нафашат фиихи ганамул к̣ауми уакунна лихукмихим шахидиин

    Дауыт пен Сүлеймен (Ғ.С.) ді есіңе ал. Екеуі бір елдің қойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. (Дауыт Ғ.С.: "Егін иесі қойды алсын" деп билік қылғанда; баласы, Сүлеймен: "Қой иесі егінді бағып, жетілдіргенге дейін қой егін иесінде тұрсын" дейді. Б.М.Р)

  79. 21:79

    فَفَهَّمْنَـٰهَا سُلَيْمَـٰنَ ۚ وَكُلًّا ءَاتَيْنَا حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُۥدَ ٱلْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَٱلطَّيْرَ ۚ وَكُنَّا فَـٰعِلِينَ

    фафаххамнаха сулайман уакуллан атайна хукмау уа`илма уасаххарна ма`а дауудал жибала йусаббихна уаттайр уакунна фа`илиин

    Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен де әрқайсысына әкімшілік, білім бердік. Және Дауыт (Ғ.С.) пен бірге Алланы дәріптейтін тауларды, құсты бой ұсындырдық. Оны Біз істедік

  80. 21:80

    وَعَلَّمْنَـٰهُ صَنْعَةَ لَبُوسٍ لَّكُمْ لِتُحْصِنَكُم مِّنۢ بَأْسِكُمْ ۖ فَهَلْ أَنتُمْ شَـٰكِرُونَ

    уа`алламнаху сан`ата лабуусил лакум литухсинакум мин ба'сикум фахал антум шакируун

    Дауыт (Ғ.С.) қа сендерді соғыстан қорғау үшін сауыт жасау өнерін үйреткен едік. Сонда сендер шүкір етесіңдер ме

  81. 21:81

    وَلِسُلَيْمَـٰنَ ٱلرِّيحَ عَاصِفَةً تَجْرِى بِأَمْرِهِۦٓ إِلَى ٱلْأَرْضِ ٱلَّتِى بَـٰرَكْنَا فِيهَا ۚ وَكُنَّا بِكُلِّ شَىْءٍ عَـٰلِمِينَ

    уалисулайманар рииха `асифатан тажрии биамрихи илал ардил латии баракна фииха уакунна бикулли шайин `алимиин

    Сүлеймен (Ғ.С.) ге қатты желді бағындырдық. Оның әмірімен, біз мүбарак қылған жерге жүреді. (Сүлеймен (Ғ.С.) нің тағы желмен ұшып; Шамға, Йеменге дейін баратын еді. Б.К.Р.Х.Ж-Қ.) (С. 12-А. 38-С. 36-А)

  82. 21:82

    وَمِنَ ٱلشَّيَـٰطِينِ مَن يَغُوصُونَ لَهُۥ وَيَعْمَلُونَ عَمَلًا دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَكُنَّا لَهُمْ حَـٰفِظِينَ

    уаминаш шайатиини май йагуусууна лаху уайа`малууна `амалан дууна з̃алика уакунна лахум хафизиин

    Оған суға сүңгитін, басқа істер де істейтін жындардан да мойынсал қылдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік. (С.12-А)

  83. 21:83

    ۞ وَأَيُّوبَ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُۥٓ أَنِّى مَسَّنِىَ ٱلضُّرُّ وَأَنتَ أَرْحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ

    уааййууба из̃ нада раббаху аннии массанийад дурру уаанта архамур рахимиин

    Әйүп (Ғ.С.) те Раббына: "Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың" деп, жалбарынды

  84. 21:84

    فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ فَكَشَفْنَا مَا بِهِۦ مِن ضُرٍّ ۖ وَءَاتَيْنَـٰهُ أَهْلَهُۥ وَمِثْلَهُم مَّعَهُمْ رَحْمَةً مِّنْ عِندِنَا وَذِكْرَىٰ لِلْعَـٰبِدِينَ

    фастажабна лаху факашафна ма бихи мин дуррин уаатайнаху ахлаху уамис̃лахум ма`ахум рахматам мин `индина уаз̃икра лил`абидиин

    Сонда тілегін қабыл етіп, өзіндегі науқасты айықтырып, Сондай-ақ құлшылық қылушыларға ғибрат үшін өзіне семьясын және олармен бірге бір есе артық мәрхамет етіп, бердік. (Алла сынамаққа балаларын, мал-мүлкін алып, құрт ауру берсе де қабақ шытпай сабыр еткендіктен; науқасынан айықтырып, бүрынғыдан екі есе әулет, дәулет береді. Ж.Б.М.К.Р.Х)

  85. 21:85

    وَإِسْمَـٰعِيلَ وَإِدْرِيسَ وَذَا ٱلْكِفْلِ ۖ كُلٌّ مِّنَ ٱلصَّـٰبِرِينَ

    уаисма`иила уаидрииса уаз̃ал кифли куллум минас сабириин

    Ысмайыл, Ыдрыс, Зүлкәфил (Ғ.С.) дерге де (мәрхамет еткен едік.) Солардың барльіғы да сабырлы еді

  86. 21:86

    وَأَدْخَلْنَـٰهُمْ فِى رَحْمَتِنَآ ۖ إِنَّهُم مِّنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ

    уаадхалнахум фии рахматина иннахум минас салихиин

    Сондай-ақ оларды мәрхаметімізге бөледік. Өйткені олар, игілерден еді

  87. 21:87

    وَذَا ٱلنُّونِ إِذ ذَّهَبَ مُغَـٰضِبًا فَظَنَّ أَن لَّن نَّقْدِرَ عَلَيْهِ فَنَادَىٰ فِى ٱلظُّلُمَـٰتِ أَن لَّآ إِلَـٰهَ إِلَّآ أَنتَ سُبْحَـٰنَكَ إِنِّى كُنتُ مِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ

    уаз̃ан нууни из̃з̃ з̃ахаба мугадибан фазанна ал лан нак̣дира `алайхи фанада фииз зулумати ал ла илаха илла анта субханака иннии кунту миназ залимиин

    Юнысты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып, кетіп қалды да біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде (балықтың қарнында): "Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Пәксін. Шын мәнінде мен қателесушілерден болдым" деп, жалбарынды. (С. 138-А.) (Айтқанына көнбеген еліне, ашуланып, бет алды кетіп, бір кемеге отырғанда балық жұтады. Б.М.К.Р.Х)

  88. 21:88

    فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ وَنَجَّيْنَـٰهُ مِنَ ٱلْغَمِّ ۚ وَكَذَٰلِكَ نُـۨجِى ٱلْمُؤْمِنِينَ

    фастажабна лаху уанажжайнаху минал гамм уаказ̃алика нунжиил му'миниин

    Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз

  89. 21:89

    وَزَكَرِيَّآ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُۥ رَبِّ لَا تَذَرْنِى فَرْدًا وَأَنتَ خَيْرُ ٱلْوَٰرِثِينَ

    уазакариййа из̃ нада раббаху рабби ла таз̃арнии фардау уаанта хайрул уарис̃иин

    Зәкерияны да есіңе ал. Раббына: " Раббьм! Мені жалғыз қойма. Сен ең жақсы мұрагерсің" деп жалбарынды

  90. 21:90

    فَٱسْتَجَبْنَا لَهُۥ وَوَهَبْنَا لَهُۥ يَحْيَىٰ وَأَصْلَحْنَا لَهُۥ زَوْجَهُۥٓ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ يُسَـٰرِعُونَ فِى ٱلْخَيْرَٰتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا ۖ وَكَانُوا۟ لَنَا خَـٰشِعِينَ

    фастажабна лаху уауахабна лаху йахйа уааслахна лаху заужах иннахум кануу йусари`ууна фиил хайрати уайад`уунана рагабау уарахабан уакануу лана хаши`иин

    Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхяны бердік. Әрі жұбайын жасарттық. Өйткені бұлар, жақсылықтарға үмтылады. Бізден үмітпен қорқу арасында тілейді де бізге бәйек болады

  91. 21:91

    وَٱلَّتِىٓ أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهَا مِن رُّوحِنَا وَجَعَلْنَـٰهَا وَٱبْنَهَآ ءَايَةً لِّلْعَـٰلَمِينَ

    уаллатии ахсанат фаржаха фанафахна фииха мир руухина уажа`алнаха уабнаха айатал лил`аламиин

    Сондай абыройын қорғаған (Мәрям) ға рүхымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық

  92. 21:92

    إِنَّ هَـٰذِهِۦٓ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَٰحِدَةً وَأَنَا۠ رَبُّكُمْ فَٱعْبُدُونِ

    инна хаз̃ихи умматукум умматау уахидатау уаана раббукум фа`будуун

    Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар. (Алланы бірлеуші бүкіл пайғамбарлар келтірген дін, Ислам діні. Сондықтан бір-ақ үмметсіңдер. Ж.Б.М.Р.К)

  93. 21:93

    وَتَقَطَّعُوٓا۟ أَمْرَهُم بَيْنَهُمْ ۖ كُلٌّ إِلَيْنَا رَٰجِعُونَ

    уатак̣атта`уу амрахум байнахум куллун илайна ражи`уун

    Олар араларында дін істерін бөлшектеді. Негізінде барлығы бізге қайтады

  94. 21:94

    فَمَن يَعْمَلْ مِنَ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا كُفْرَانَ لِسَعْيِهِۦ وَإِنَّا لَهُۥ كَـٰتِبُونَ

    фамай йа`мал минас салихати уахууа му'минун фала куфрана лиса`иихи уаинна лаху катибуун

    Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істесе, оның еңбегі босқа кетпейді. Күдіксіз оған жазамыз

  95. 21:95

    وَحَرَٰمٌ عَلَىٰ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَـٰهَآ أَنَّهُمْ لَا يَرْجِعُونَ

    уахарамун `ала к̣арйатин ахлакнаха аннахум ла йаржи`уун

    Біз жоқ еткен кент халқының бізге қайтпауы мүмкін емес

  96. 21:96

    حَتَّىٰٓ إِذَا فُتِحَتْ يَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُم مِّن كُلِّ حَدَبٍ يَنسِلُونَ

    хатта из̃а футихат йа'жуужу уама'жуужу уахум мин кулли хадабий йансилуун

    Яжүж, Мажүж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. (Хадис кітаптарында заман ақырға таяғанда: Яжүж, Мажүж шығатындығы білдірілген. Тәпсір Мадарік)

  97. 21:97

    وَٱقْتَرَبَ ٱلْوَعْدُ ٱلْحَقُّ فَإِذَا هِىَ شَـٰخِصَةٌ أَبْصَـٰرُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَـٰوَيْلَنَا قَدْ كُنَّا فِى غَفْلَةٍ مِّنْ هَـٰذَا بَلْ كُنَّا ظَـٰلِمِينَ

    уак̣тарабал уа`дул хак̣к̣у фаиз̃а хийа шахисатун абсарул лаз̃иина кафаруу йа уайлана к̣ад кунна фии гафлатим мин хаз̃а бал кунна залимиин

    Ол шын уәде (қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: "Әттеген-ай! Біз бұдан кәперсіз залын екенміз" дейді

  98. 21:98

    إِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ حَصَبُ جَهَنَّمَ أَنتُمْ لَهَا وَٰرِدُونَ

    иннакум уама та`будууна мин дууниллахи хасабу жаханнама антум лаха уаридуун

    Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің, тозақтың отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер

  99. 21:99

    لَوْ كَانَ هَـٰٓؤُلَآءِ ءَالِهَةً مَّا وَرَدُوهَا ۖ وَكُلٌّ فِيهَا خَـٰلِدُونَ

    лау кана хаулаи алихатам ма уарадууха уакуллун фииха халидуун

    Егер олар тәңір болса, оған кірмес еді. Барлығы онда мүлде қалады

  100. 21:100

    لَهُمْ فِيهَا زَفِيرٌ وَهُمْ فِيهَا لَا يَسْمَعُونَ

    лахум фииха зафиируу уахум фииха ла йасма`уун

    Олар, тозақта ыңыранып, олар ол жерде еш нәрсе естімейді

  101. 21:101

    إِنَّ ٱلَّذِينَ سَبَقَتْ لَهُم مِّنَّا ٱلْحُسْنَىٰٓ أُو۟لَـٰٓئِكَ عَنْهَا مُبْعَدُونَ

    иннал лаз̃иина сабак̣ат лахум миннал хусна уулаика `анха муб`адуун

    Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады

  102. 21:102

    لَا يَسْمَعُونَ حَسِيسَهَا ۖ وَهُمْ فِى مَا ٱشْتَهَتْ أَنفُسُهُمْ خَـٰلِدُونَ

    ла йасма`ууна хасиисаха уахум фии ма штахат анфусухум халидуун

    Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады

  103. 21:103

    لَا يَحْزُنُهُمُ ٱلْفَزَعُ ٱلْأَكْبَرُ وَتَتَلَقَّىٰهُمُ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةُ هَـٰذَا يَوْمُكُمُ ٱلَّذِى كُنتُمْ تُوعَدُونَ

    ла йахзунухумул фаза`ул акбару уататалак̣к̣ахумул малаикату хаз̃а йаумукумул лаз̃ии кунтум туу`адуун

    Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: "Міне бұл сендерге уәде етілген күн" деп қарсы алады

  104. 21:104

    يَوْمَ نَطْوِى ٱلسَّمَآءَ كَطَىِّ ٱلسِّجِلِّ لِلْكُتُبِ ۚ كَمَا بَدَأْنَآ أَوَّلَ خَلْقٍ نُّعِيدُهُۥ ۚ وَعْدًا عَلَيْنَآ ۚ إِنَّا كُنَّا فَـٰعِلِينَ

    йаума натуиис самаа катайис сижилли лилкутуб кама бада'на аууала халк̣ин ну`иидух уа`дан `алайна инна кунна фа`илиин

    Ол күнде, көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз

  105. 21:105

    وَلَقَدْ كَتَبْنَا فِى ٱلزَّبُورِ مِنۢ بَعْدِ ٱلذِّكْرِ أَنَّ ٱلْأَرْضَ يَرِثُهَا عِبَادِىَ ٱلصَّـٰلِحُونَ

    уалак̣ад катабна фииз забуури мин ба`диз̃ з̃икри аннал арда йарис̃уха `ибадийас салихуун

    Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: "Жерге игі қүлдарым мұрагер болады" деп жаздық. (С.55-А)

  106. 21:106

    إِنَّ فِى هَـٰذَا لَبَلَـٰغًا لِّقَوْمٍ عَـٰبِدِينَ

    инна фии хаз̃а лабалагал лик̣аумин `абидиин

    Күдіксіз осы Құранда, құлшылық қылған елге, әрине бір ұқтыру бар

  107. 21:107

    وَمَآ أَرْسَلْنَـٰكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَـٰلَمِينَ

    уама арсалнака илла рахматал лил`аламиин

    (Мұхаммед Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік

  108. 21:108

    قُلْ إِنَّمَا يُوحَىٰٓ إِلَىَّ أَنَّمَآ إِلَـٰهُكُمْ إِلَـٰهٌ وَٰحِدٌ ۖ فَهَلْ أَنتُم مُّسْلِمُونَ

    к̣ул иннама йууха илаййа аннама илахукум илахуу уахидун фахал антум муслимуун

    Шын мәнінде маған, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір деп уахи етілді. Онда Соған бой ұсынасыңдар ма?",- де

  109. 21:109

    فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَقُلْ ءَاذَنتُكُمْ عَلَىٰ سَوَآءٍ ۖ وَإِنْ أَدْرِىٓ أَقَرِيبٌ أَم بَعِيدٌ مَّا تُوعَدُونَ

    фаин тауаллау фак̣ул аз̃антукум `ала сауаин уаин адрии ак̣ариибун ам ба`иидум ма туу`адуун

    Ал сонда егер олар жүз бұрса: "Сендерді тегіс құлақтандырдым. Сендерге уәде етілген нәрсе алыс па? Жақын ба? Білмеймін" де

  110. 21:110

    إِنَّهُۥ يَعْلَمُ ٱلْجَهْرَ مِنَ ٱلْقَوْلِ وَيَعْلَمُ مَا تَكْتُمُونَ

    иннаху йа`ламул жахра минал к̣аули уайа`ламу ма тактумуун

    Күдіксіз Алла, сөздің көрнеуін де біледі, жасырғандарыңды да біледі

  111. 21:111

    وَإِنْ أَدْرِى لَعَلَّهُۥ فِتْنَةٌ لَّكُمْ وَمَتَـٰعٌ إِلَىٰ حِينٍ

    уаин адрии ла`аллаху фитнатул лакум уамата`ун ила хиин

    Білмеймін. (Бәлкім бұл (мерзім) сендер үшін бір сынау, бір заманға дейін пайдалану шығар

  112. 21:112

    قَـٰلَ رَبِّ ٱحْكُم بِٱلْحَقِّ ۗ وَرَبُّنَا ٱلرَّحْمَـٰنُ ٱلْمُسْتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ

    к̣ала рабби хкум билхак̣к̣ уараббунар рахманул муста`ану `ала ма тасифуун

    (Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым, туралықпен үкім ет. Жасама сүреттеулеріңе, мейірімді Раббымыздан жәрдем тіленеді" деді

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.