Таһа сүресін қалай жаттауға болады
- 20-сүре
- 135 аят
- Меккелік
- Мұсхафтың 312–321 беттері
طه
Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.
Сүрені толық тыңдаңыз
Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси
Қанша уақыт керек
Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:
| Күніне 1 аят | 135 күн |
| Күніне 3 аят | 45 күн |
| Күніне 5 аят | 27 күн |
Аят-аятпен қалай жаттау керек
- Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
- Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
- Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
- Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.
Таһа сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы
-
20:1
طه
та ха
Та.Һә
-
20:2
مَآ أَنزَلْنَا عَلَيْكَ ٱلْقُرْءَانَ لِتَشْقَىٰٓ
ма анзална `алайкал к̣урана литашк̣а
Саған Құранды машақат үшін түсірмедік
-
20:3
إِلَّا تَذْكِرَةً لِّمَن يَخْشَىٰ
илла таз̃киратал лимай йахша
Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік
-
20:4
تَنزِيلًا مِّمَّنْ خَلَقَ ٱلْأَرْضَ وَٱلسَّمَـٰوَٰتِ ٱلْعُلَى
танзиилам мимман халак̣ал арда уассамауатил `ула
Жер мен биік көктерді жаратқаннан түсірілді
-
20:5
ٱلرَّحْمَـٰنُ عَلَى ٱلْعَرْشِ ٱسْتَوَىٰ
аррахману `алал `арши стауа
Ол Рахман, ғаршына көтерілді
-
20:6
لَهُۥ مَا فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَمَا تَحْتَ ٱلثَّرَىٰ
лаху ма фиис самауати уама фиил арди уама байнахума уама тахтас̃ с̃ара
Көктердегі, жердегі әрі екі арасындағы нәрселермен топырақтың астындағы нәрсе Оған тән
-
20:7
وَإِن تَجْهَرْ بِٱلْقَوْلِ فَإِنَّهُۥ يَعْلَمُ ٱلسِّرَّ وَأَخْفَى
уаин тажхар билк̣аули фаиннаху йа`ламус сирра уаахфа
Сөзіңді мейлі әшкере сөйле. Расында Ол сырды да қүпияны да біледі
-
20:8
ٱللَّهُ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ لَهُ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰ
аллаху ла илаха илла хууа лахул асмаул хусна
Ол Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оған тән
-
20:9
وَهَلْ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ
уахал атака хадиис̃у мууса
(Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) ның әңгімесі келді ме? (Мұса Ғ.С. жұбайымен Мәдяннан Мысырдағы шешесін көру үшін жолға шығады. Қараңғы бір қыс түнінде "Туа" ойпатына келгенде бір жағынан жұбайы толғатып, жолдан адасып, қарлы бораннан қойлары ығып кетеді. Ж.Б.М.Р.К.Х)
-
20:10
إِذْ رَءَا نَارًا فَقَالَ لِأَهْلِهِ ٱمْكُثُوٓا۟ إِنِّىٓ ءَانَسْتُ نَارًا لَّعَلِّىٓ ءَاتِيكُم مِّنْهَا بِقَبَسٍ أَوْ أَجِدُ عَلَى ٱلنَّارِ هُدًى
из̃ раа наран фак̣ала лиахлихи мкус̃уу иннии анасту нарал ла`аллии атиикум минха бик̣абасин ау ажиду `алан нари худан
Сол уақытта ол бір от көріп, уй-ішіне: "Тұрып тұрыңдар. Бір от көрдім. Бәлкім сендерге бір шоқ келтіремін немесе от жақта, бір жол көрсетуші табармын" деді
-
20:11
فَلَمَّآ أَتَىٰهَا نُودِىَ يَـٰمُوسَىٰٓ
фаламма атаха нуудийа йа мууса
Ол отқа барған сәтте: "Әй Мұса!" деп шақырылды
-
20:12
إِنِّىٓ أَنَا۠ رَبُّكَ فَٱخْلَعْ نَعْلَيْكَ ۖ إِنَّكَ بِٱلْوَادِ ٱلْمُقَدَّسِ طُوًى
иннии ана раббука фахла` на`лайка иннака билуадил мук̣аддаси тууан
Рас Мен Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың
-
20:13
وَأَنَا ٱخْتَرْتُكَ فَٱسْتَمِعْ لِمَا يُوحَىٰٓ
уаана хтартука фастами` лима йууха
«Мен сені таңдап алдым. Енді уахи етілгендерді тыңда
-
20:14
إِنَّنِىٓ أَنَا ٱللَّهُ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱعْبُدْنِى وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ لِذِكْرِىٓ
иннании аналлаху ла илаха илла ана фа`буднии уаак̣имис салата лиз̃икри
Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. "Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында
-
20:15
إِنَّ ٱلسَّاعَةَ ءَاتِيَةٌ أَكَادُ أُخْفِيهَا لِتُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسٍۭ بِمَا تَسْعَىٰ
иннас са`ата атийатун акаду ухфииха литужза куллу нафсин бима тас`а
Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық еледі
-
20:16
فَلَا يَصُدَّنَّكَ عَنْهَا مَن لَّا يُؤْمِنُ بِهَا وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ فَتَرْدَىٰ
фала йасудданнака `анха мал ла йу'мину биха уаттаба`а хауаху фатарда
Ендеше, сені; қияметке сенбей, көңілдері тартқанына ілескендер, (қияметке сенуден) тоспасын. Онда жоқ боласың
-
20:17
وَمَا تِلْكَ بِيَمِينِكَ يَـٰمُوسَىٰ
уама тилка бийамииника йа мууса
Әй Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе
-
20:18
قَالَ هِىَ عَصَاىَ أَتَوَكَّؤُا۟ عَلَيْهَا وَأَهُشُّ بِهَا عَلَىٰ غَنَمِى وَلِىَ فِيهَا مَـَٔارِبُ أُخْرَىٰ
к̣ала хийа `асайа атауаккау `алайха уаахушшу биха `ала ганамии уалийа фииха маарибу ухра
(Мұса Ғ.С.): "Ол таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да істерім бар" деді
-
20:19
قَالَ أَلْقِهَا يَـٰمُوسَىٰ
к̣ала алк̣иха йа мууса
Әй Мұса! Оны таста!",- деді
-
20:20
فَأَلْقَىٰهَا فَإِذَا هِىَ حَيَّةٌ تَسْعَىٰ
фаалк̣аха фаиз̃а хийа хаййатун тас`а
Оны тастады. Сонда ол, жылан болып жүрді
-
20:21
قَالَ خُذْهَا وَلَا تَخَفْ ۖ سَنُعِيدُهَا سِيرَتَهَا ٱلْأُولَىٰ
к̣ала хуз̃ха уала тахаф сану`иидуха сииратахал уула
Оны үста, қорықпа! Оны әуелгі халына қайтарамыз" деді
-
20:22
وَٱضْمُمْ يَدَكَ إِلَىٰ جَنَاحِكَ تَخْرُجْ بَيْضَآءَ مِنْ غَيْرِ سُوٓءٍ ءَايَةً أُخْرَىٰ
уадмум йадака ила жанахика тахруж байдаа мин гайри сууин айатау ухра
Қолыңды қойныңа тық. Аппақ ақаусыз басқа бір мұғжиза болып шықсын
-
20:23
لِنُرِيَكَ مِنْ ءَايَـٰتِنَا ٱلْكُبْرَى
линурийака мин айатинал кубра
Саған ірі мүғжизаларымызды көрсету үшін (еді)
-
20:24
ٱذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
из̃хаб ила фир`ауна иннаху тага
Перғауынға бар. Өйткені ол, шектен шыққан
-
20:25
قَالَ رَبِّ ٱشْرَحْ لِى صَدْرِى
к̣ала рабби шрах лии садри
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Көңлімді кеңейткейсің!",- деді
-
20:26
وَيَسِّرْ لِىٓ أَمْرِى
уайассир лии амри
Ісімді оңайластырғайсың
-
20:27
وَٱحْلُلْ عُقْدَةً مِّن لِّسَانِى
уахлул `ук̣датам мил лисани
Тілімнің тұтықпасын шеше көр
-
20:28
يَفْقَهُوا۟ قَوْلِى
йафк̣ахуу к̣аули
Олар сөзімді түсінсін
-
20:29
وَٱجْعَل لِّى وَزِيرًا مِّنْ أَهْلِى
уаж`ал лии уазиирам мин ахли
Маған семыямнан бір уәзір қыл
-
20:30
هَـٰرُونَ أَخِى
харууна ахи
Туысым Һарүнды
-
20:31
ٱشْدُدْ بِهِۦٓ أَزْرِى
ушдуд бихи азри
Ол арқылы арқамды қуатта
-
20:32
وَأَشْرِكْهُ فِىٓ أَمْرِى
уаашрикху фии амри
Оны істеріме ортақ қыл
-
20:33
كَىْ نُسَبِّحَكَ كَثِيرًا
кай нусаббихака кас̃иира
Сені көп дәріптеуіміз үшін
-
20:34
وَنَذْكُرَكَ كَثِيرًا
уаназ̃курака кас̃иира
Сені көп еске аламыз
-
20:35
إِنَّكَ كُنتَ بِنَا بَصِيرًا
иннака кунта бина басиира
Күдіксіз Сен бізді көресің
-
20:36
قَالَ قَدْ أُوتِيتَ سُؤْلَكَ يَـٰمُوسَىٰ
к̣ала к̣ад уутиита су'лака йа мууса
(Алла): "Әй Мұса! Сенің тілегің берілді" деді
-
20:37
وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَيْكَ مَرَّةً أُخْرَىٰٓ
уалак̣ад мананна `алайка марратау ухра
Негізінде саған басқа да бір рет игілік еткен едік
-
20:38
إِذْ أَوْحَيْنَآ إِلَىٰٓ أُمِّكَ مَا يُوحَىٰٓ
из̃ аухайна ила уммика ма йууха
Сол уақытта анаңның көкейіне тиісті нәрселер салған едік
-
20:39
أَنِ ٱقْذِفِيهِ فِى ٱلتَّابُوتِ فَٱقْذِفِيهِ فِى ٱلْيَمِّ فَلْيُلْقِهِ ٱلْيَمُّ بِٱلسَّاحِلِ يَأْخُذْهُ عَدُوٌّ لِّى وَعَدُوٌّ لَّهُۥ ۚ وَأَلْقَيْتُ عَلَيْكَ مَحَبَّةً مِّنِّى وَلِتُصْنَعَ عَلَىٰ عَيْنِىٓ
ани к̣з̃ифиихи фиит табуути фак̣з̃ифиихи фиил йамми фалйулк̣ихил йамму биссахили йа'хуз̃ху `адууул лии уа`адууул лах уаалк̣айту `алайка махаббатам миннии уалитусна`а `ала `айни
Оны сандыққа салып, дәрияға тастап жібер; дәрия оны қырға шығарып тастасын. Оны оған да Маған да дұшпан біреу тауып алсын." "(Әй Мұса! Саған) көз алдымызда бағылуың үшін өз тарапымнан махаббат салдым
-
20:40
إِذْ تَمْشِىٓ أُخْتُكَ فَتَقُولُ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ مَن يَكْفُلُهُۥ ۖ فَرَجَعْنَـٰكَ إِلَىٰٓ أُمِّكَ كَىْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ ۚ وَقَتَلْتَ نَفْسًا فَنَجَّيْنَـٰكَ مِنَ ٱلْغَمِّ وَفَتَنَّـٰكَ فُتُونًا ۚ فَلَبِثْتَ سِنِينَ فِىٓ أَهْلِ مَدْيَنَ ثُمَّ جِئْتَ عَلَىٰ قَدَرٍ يَـٰمُوسَىٰ
из̃ тамшии ухтука фатак̣уулу хал адуллукум `ала май йакфулуху фаража`нака ила уммика кай так̣арра `айнуха уала тахзан уак̣аталта нафсан фанажжайнака минал гамми уафатаннака футууна фалабис̃та синиина фии ахли мадйана с̃умма жита `ала к̣адарий йа мууса
Сол уақытта әпекең барып: Сендерге оны бағатын біреу көрсетейін бе?",- деді. Сонда сені, көз айым болып кейімеуі үшін анаңа қайтардық. Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік те сынаулармен сынаған едік. Сондай-ақ жылдар бойы Мәдян елінде тұрдың. Сосын белгілі мерзімде қайтып келдің, әй Мұса
-
20:41
وَٱصْطَنَعْتُكَ لِنَفْسِى
уастана`тука линафси
Сені Өзіме арнадым
-
20:42
ٱذْهَبْ أَنتَ وَأَخُوكَ بِـَٔايَـٰتِى وَلَا تَنِيَا فِى ذِكْرِى
из̃хаб анта уаахуука биайатии уала танийа фии з̃икри
Сен туысың (Һарүн екеуің) мұғжизаларымды апарыңдар. Мені еске алуда селқостық қылмаңдар
-
20:43
ٱذْهَبَآ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
из̃хаба ила фир`ауна иннаху тага
Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан
-
20:44
فَقُولَا لَهُۥ قَوْلًا لَّيِّنًا لَّعَلَّهُۥ يَتَذَكَّرُ أَوْ يَخْشَىٰ
фак̣уула лаху к̣аулал лайинал ла`аллаху йатаз̃аккару ау йахша
Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар
-
20:45
قَالَا رَبَّنَآ إِنَّنَا نَخَافُ أَن يَفْرُطَ عَلَيْنَآ أَوْ أَن يَطْغَىٰ
к̣ала раббана иннана нахафу ай йафрута `алайна ау ай йатга
(Мұса мен Һарүн Ғ.С.): "Раббымыз! Оның өктемдік қылуынан немесе шектен шығуынан қорқамыз" деді
-
20:46
قَالَ لَا تَخَافَآ ۖ إِنَّنِى مَعَكُمَآ أَسْمَعُ وَأَرَىٰ
к̣ала ла тахафа иннании ма`акума асма`у уаара
(Алла Т.): "Қорықпаңдар! Мен сен екеуіңмен біргемін. Естимін, көремін" деді
-
20:47
فَأْتِيَاهُ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولَا رَبِّكَ فَأَرْسِلْ مَعَنَا بَنِىٓ إِسْرَٰٓءِيلَ وَلَا تُعَذِّبْهُمْ ۖ قَدْ جِئْنَـٰكَ بِـَٔايَةٍ مِّن رَّبِّكَ ۖ وَٱلسَّلَـٰمُ عَلَىٰ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلْهُدَىٰٓ
фа'тийаху фак̣уула инна расуула раббика фаарсил ма`ана бании исраиила уала ту`аз̃з̃ибхум к̣ад жинака биайатим мир раббика уассаламу `ала манит таба`ал худа
Екеуің барып: Біз, Раббыңның саған жіберген елшісіміз; ал енді Израил ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Енді оларды қинама, саған Раббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік тура жолдағыларға болсын" деңдер
-
20:48
إِنَّا قَدْ أُوحِىَ إِلَيْنَآ أَنَّ ٱلْعَذَابَ عَلَىٰ مَن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
инна к̣ад уухийа илайна аннал `аз̃аба `ала ман каз̃з̃аба уатауалла
Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді
-
20:49
قَالَ فَمَن رَّبُّكُمَا يَـٰمُوسَىٰ
к̣ала фамар раббукума йа мууса
(Перғауын): "Әй Мұса! Раббыларың кім?",- деді
-
20:50
قَالَ رَبُّنَا ٱلَّذِىٓ أَعْطَىٰ كُلَّ شَىْءٍ خَلْقَهُۥ ثُمَّ هَدَىٰ
к̣ала раббунал лаз̃ии а`та кулла шайин халк̣аху с̃умма хада
(Мұса): "Раббымыз, әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура жолға салған" деді
-
20:51
قَالَ فَمَا بَالُ ٱلْقُرُونِ ٱلْأُولَىٰ
к̣ала фама балул к̣уруунил уула
(Перғауын): "Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің жағдайы қандай?",-деді
-
20:52
قَالَ عِلْمُهَا عِندَ رَبِّى فِى كِتَـٰبٍ ۖ لَّا يَضِلُّ رَبِّى وَلَا يَنسَى
к̣ала `илмуха `инда раббии фии китабил ла йадиллу раббии уала йанса
(Мұса Ғ.С.): "Олардың мәліметі Раббытмның қасындағы Кітапта бар. Раббым жаңылмайды да ұмытпайды" деді
-
20:53
ٱلَّذِى جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَرْضَ مَهْدًا وَسَلَكَ لَكُمْ فِيهَا سُبُلًا وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَأَخْرَجْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجًا مِّن نَّبَاتٍ شَتَّىٰ
аллаз̃ии жа`ала лакумул арда махдау уасалака лакум фииха субулау уаанзала минас самаи маан фаахражна бихи азуажам мин набатин шатта
Ол сондай Алла. сендер үшін жерді бесік қылып, онда сендергө жолдар ашқан және көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрлі өсімдіктерден пар-парымен шығардық
-
20:54
كُلُوا۟ وَٱرْعَوْا۟ أَنْعَـٰمَكُمْ ۗ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّأُو۟لِى ٱلنُّهَىٰ
кулуу уар`ау ан`амакум инна фии з̃алика лаайатил лиуулиин нуха
Жеңдер де малдарыңды жайыңдар, Рас бұнда ақыл иелері үшін өнеге бар
-
20:55
۞ مِنْهَا خَلَقْنَـٰكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَىٰ
минха халак̣накум уафииха ну`иидукум уаминха нухрижукум таратау ухра
Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз
-
20:56
وَلَقَدْ أَرَيْنَـٰهُ ءَايَـٰتِنَا كُلَّهَا فَكَذَّبَ وَأَبَىٰ
уалак̣ад арайнаху айатина куллаха факаз̃з̃аба уааба
Расында Перғауынға барлық мұғжизаларымызды көрсеттік. Бірақ ол жасынға шығарып бас тартты
-
20:57
قَالَ أَجِئْتَنَا لِتُخْرِجَنَا مِنْ أَرْضِنَا بِسِحْرِكَ يَـٰمُوسَىٰ
к̣ала ажитана литухрижана мин ардина бисихрика йа мууса
Әй Мұса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару үшін келдің бе?",- деді
-
20:58
فَلَنَأْتِيَنَّكَ بِسِحْرٍ مِّثْلِهِۦ فَٱجْعَلْ بَيْنَنَا وَبَيْنَكَ مَوْعِدًا لَّا نُخْلِفُهُۥ نَحْنُ وَلَآ أَنتَ مَكَانًا سُوًى
фалана'тийаннака бисихрим мис̃лихи фаж`ал байнана уабайнака мау`идал ла нухлифуху нахну уала анта маканан сууан
Әрине біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. Ендеше бізбен өз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз де сен де айнымайтын ыңғайлы бір орын болсын" деді
-
20:59
قَالَ مَوْعِدُكُمْ يَوْمُ ٱلزِّينَةِ وَأَن يُحْشَرَ ٱلنَّاسُ ضُحًى
к̣ала мау`идукум йаумуз зиинати уаай йухшаран насу духан
(Мұса Ғ.С.): Табысатын уақтымыз мереке күнгі ел жиналатын сәске болсын" деді
-
20:60
فَتَوَلَّىٰ فِرْعَوْنُ فَجَمَعَ كَيْدَهُۥ ثُمَّ أَتَىٰ
фатауалла фир`ауну фажама`а кайдаху с̃умма ата
Сонда Перғауын бұрылып кетті де сиқыршыларын жинап келді
-
20:61
قَالَ لَهُم مُّوسَىٰ وَيْلَكُمْ لَا تَفْتَرُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا فَيُسْحِتَكُم بِعَذَابٍ ۖ وَقَدْ خَابَ مَنِ ٱفْتَرَىٰ
к̣ала лахум мууса уайлакум ла тафтаруу `алаллахи каз̃ибан файусхитакум би`аз̃абин уак̣ад хаба мани фтара
Мұса (Ғ.С) оларға: "Құрып-ақ қалыңдар! Аллаға өтірік жала жапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында кім жала жапсырса, мүлде зиянға ұшырайды" деді
-
20:62
فَتَنَـٰزَعُوٓا۟ أَمْرَهُم بَيْنَهُمْ وَأَسَرُّوا۟ ٱلنَّجْوَىٰ
фатаназа`уу амрахум байнахум уаасарруун нажуа
Олар өзара тартысып, жасырын кеңесті
-
20:63
قَالُوٓا۟ إِنْ هَـٰذَٰنِ لَسَـٰحِرَٰنِ يُرِيدَانِ أَن يُخْرِجَاكُم مِّنْ أَرْضِكُم بِسِحْرِهِمَا وَيَذْهَبَا بِطَرِيقَتِكُمُ ٱلْمُثْلَىٰ
к̣алуу ин хаз̃ани ласахирани йуриидани ай йухрижакум мин ардикум бисихрихима уайаз̃хаба битариик̣атикумул мус̃ла
Олар: “Бұл екеуі сиқыршы, сиқырлары арқылы сендерді жерлеріңнен шиғаруды, ардақты діндеріңді жоюды қалайды" десті
-
20:64
فَأَجْمِعُوا۟ كَيْدَكُمْ ثُمَّ ٱئْتُوا۟ صَفًّا ۚ وَقَدْ أَفْلَحَ ٱلْيَوْمَ مَنِ ٱسْتَعْلَىٰ
фаажми`уу кайдакум с̃умма туу саффа уак̣ад афлахал йаума мани ста`ла
Сондықтан барлық сиқырларыңды жинап, сосын қатарланып келіңдер. Расында бүгін кім үстем болса, мұратқа жетеді
-
20:65
قَالُوا۟ يَـٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلْقِىَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ أَوَّلَ مَنْ أَلْقَىٰ
к̣алуу йа мууса имма ан тулк̣ийа уаимма ан накууна аууала ман алк̣а
Олар: "Әй Мұса! Енді (асаңды) не сен таста немесе біз бұрын тастайық" деді
-
20:66
قَالَ بَلْ أَلْقُوا۟ ۖ فَإِذَا حِبَالُهُمْ وَعِصِيُّهُمْ يُخَيَّلُ إِلَيْهِ مِن سِحْرِهِمْ أَنَّهَا تَسْعَىٰ
к̣ала бал алк̣уу фаиз̃а хибалухум уа`исиййухум йухаййалу илайхи мин сихрихим аннаха тас`а
(Мұса Ғ.С.): "Жоқ, сендер тастаңдар" деді. Сол сәтте, олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан, Мұса (Ғ.С.) ға жүрген жылан болып сезілді
-
20:67
فَأَوْجَسَ فِى نَفْسِهِۦ خِيفَةً مُّوسَىٰ
фааужаса фии нафсихи хиифатам мууса
Сондықтан Мұса (Ғ.С.) көңлінде бір қобалжу сезді
-
20:68
قُلْنَا لَا تَخَفْ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْأَعْلَىٰ
к̣улна ла тахаф иннака антал а`ла
Қорықпа! Сен үстем боласың" дедік
-
20:69
وَأَلْقِ مَا فِى يَمِينِكَ تَلْقَفْ مَا صَنَعُوٓا۟ ۖ إِنَّمَا صَنَعُوا۟ كَيْدُ سَـٰحِرٍ ۖ وَلَا يُفْلِحُ ٱلسَّاحِرُ حَيْثُ أَتَىٰ
уаалк̣и ма фии йамииника талк̣аф ма сана`уу иннама сана`уу кайду сахирин уала йуфлихус сахиру хайс̃у ата
Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да қүтылмайды" дедік
-
20:70
فَأُلْقِىَ ٱلسَّحَرَةُ سُجَّدًا قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِرَبِّ هَـٰرُونَ وَمُوسَىٰ
фаулк̣ийас сахарату сужжадан к̣алуу аманна бирабби харууна уамууса
Сонда бүкіл сиқыршылар, сәждеге жығылып: "Мұса мен Һарүнның Раббына иман келтірдік" деді
-
20:71
قَالَ ءَامَنتُمْ لَهُۥ قَبْلَ أَنْ ءَاذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِى عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحْرَ ۖ فَلَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُم مِّنْ خِلَـٰفٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ فِى جُذُوعِ ٱلنَّخْلِ وَلَتَعْلَمُنَّ أَيُّنَآ أَشَدُّ عَذَابًا وَأَبْقَىٰ
к̣ала амантум лаху к̣абла ан аз̃ана лакум иннаху лакабиирукумул лаз̃ии `алламакумус сихра фалаук̣атти`анна айдийакум уааржулакум мин хилафиу уалаусаллибаннакум фии жуз̃уу`ин нахли уалата`ламунна аййуна ашадду `аз̃абау уаабк̣а
(Перғауын, сиқыршыларға): "Мен сендерге рүхсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме? Әрине ол, сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді, әлбетте қолдарыңды да аяқтарыңды да шадырлата кесемін. Және сендерді құрманың бұтақтарына асамын. Сөйтіп қайсымыздың азабымыз қатты да тұрақты екенін жақсы білесіңдер" деді
-
20:72
قَالُوا۟ لَن نُّؤْثِرَكَ عَلَىٰ مَا جَآءَنَا مِنَ ٱلْبَيِّنَـٰتِ وَٱلَّذِى فَطَرَنَا ۖ فَٱقْضِ مَآ أَنتَ قَاضٍ ۖ إِنَّمَا تَقْضِى هَـٰذِهِ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَآ
к̣алуу лан ну'с̃ирака `ала ма жаана минал байинати уаллаз̃ии фатарана фак̣ди ма анта к̣адин иннама так̣дии хаз̃ихил хайатад дунйа
Олар: "Бізге келген ашық мүғжизалардан сондай-ақ бізді жаратқаннан, сені артық көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Әрине сен осы дүниеде ғана ықпал жүргізе аласың" деді
-
20:73
إِنَّآ ءَامَنَّا بِرَبِّنَا لِيَغْفِرَ لَنَا خَطَـٰيَـٰنَا وَمَآ أَكْرَهْتَنَا عَلَيْهِ مِنَ ٱلسِّحْرِ ۗ وَٱللَّهُ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰٓ
инна аманна бираббина лийагфира лана хатайана уама акрахтана `алайхи минас сихр уаллаху хайруу уаабк̣а
Күдіксіз біз, қателіктерімізді және сен бізді зорлаған сиқырды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік. Сондай-ақ Алла (Т.) хайырлы да тұрақты
-
20:74
إِنَّهُۥ مَن يَأْتِ رَبَّهُۥ مُجْرِمًا فَإِنَّ لَهُۥ جَهَنَّمَ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحْيَىٰ
иннаху май йа'ти раббаху мужриман фаинна лаху жаханнама ла йамууту фииха уала йахйа
Күдіксіз кім Раббына күнәкар болып келсе, рас оған тозақ бар: Онда ол, өлмейді де тіршілік өмір де сүрмейді
-
20:75
وَمَن يَأْتِهِۦ مُؤْمِنًا قَدْ عَمِلَ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ فَأُو۟لَـٰٓئِكَ لَهُمُ ٱلدَّرَجَـٰتُ ٱلْعُلَىٰ
уамай йа'тихи му'минан к̣ад `амилас салихати фауулаика лахумуд даражатул `ула
Ал кім Оған иман келтіріп, рас ізгі іс істеп келсе, міне соларға жоғары дәрежелер бар
-
20:76
جَنَّـٰتُ عَدْنٍ تَجْرِى مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَـٰرُ خَـٰلِدِينَ فِيهَا ۚ وَذَٰلِكَ جَزَآءُ مَن تَزَكَّىٰ
жаннату `аднин тажрии мин тахтихал анхару халидиина фииха уаз̃алика жазау ман тазакка
Астынан езендер ағатын Ғадын бақшалары; Олар, онда мәңгі қалады. Пәк болған кісінің сыйлығы осы
-
20:77
وَلَقَدْ أَوْحَيْنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنْ أَسْرِ بِعِبَادِى فَٱضْرِبْ لَهُمْ طَرِيقًا فِى ٱلْبَحْرِ يَبَسًا لَّا تَخَـٰفُ دَرَكًا وَلَا تَخْشَىٰ
уалак̣ад аухайна ила мууса ан асри би`ибадии фадриб лахум тариик̣ан фиил бахри йабасал ла тахафу даракау уала тахша
Расында Мұсаға: "Құлдарымды (Израил үрпақтарын) түнделетіп, алып кет; оларға теңізде құрғақ жол аш. Олардың қуып жетулерінен қорықпа да шошыма!",- деп уахи қылдық
-
20:78
فَأَتْبَعَهُمْ فِرْعَوْنُ بِجُنُودِهِۦ فَغَشِيَهُم مِّنَ ٱلْيَمِّ مَا غَشِيَهُمْ
фаатба`ахум фир`ауну бижунуудихи фагашийахум минал йамми ма гашийахум
Сонда оларды қуған Перғауын мен әскерлерін теңіз басып, ішіне алды
-
20:79
وَأَضَلَّ فِرْعَوْنُ قَوْمَهُۥ وَمَا هَدَىٰ
уаадалла фир`ауну к̣аумаху уама хада
Перғауын, елін адастырып, тура жолға салмаған еді
-
20:80
يَـٰبَنِىٓ إِسْرَٰٓءِيلَ قَدْ أَنجَيْنَـٰكُم مِّنْ عَدُوِّكُمْ وَوَٰعَدْنَـٰكُمْ جَانِبَ ٱلطُّورِ ٱلْأَيْمَنَ وَنَزَّلْنَا عَلَيْكُمُ ٱلْمَنَّ وَٱلسَّلْوَىٰ
йа бании исраиила к̣ад анжайнакум мин `адууикум уауа`аднакум жанибат туурил аймана уаназзална `алайкумул манна уассалуа
Әй Израил үрпақтары! Өздеріңді дұшпандарыңнан құтқарып, Түр тауының оң жағын сендерге уәде қылдық. Сондай-ақ сендерге, Мәнна, Сәлуаны түсірдік
-
20:81
كُلُوا۟ مِن طَيِّبَـٰتِ مَا رَزَقْنَـٰكُمْ وَلَا تَطْغَوْا۟ فِيهِ فَيَحِلَّ عَلَيْكُمْ غَضَبِى ۖ وَمَن يَحْلِلْ عَلَيْهِ غَضَبِى فَقَدْ هَوَىٰ
кулуу мин тайибати ма разак̣накум уала татгау фиихи файахилла `алайкум гадабии уамай йахлил `алайхи гадабии фак̣ад хауа
Біз сендерге берген таза ризықтан жеңдер. Бүнда шектен шықпаңдар. (Өйтсеңдер.) Сендерге ашуым түседі. Ал кімге ашуым түссе, расында сол жоқ болады
-
20:82
وَإِنِّى لَغَفَّارٌ لِّمَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَـٰلِحًا ثُمَّ ٱهْتَدَىٰ
уаиннии лагаффарул лиман таба уаамана уа`амила салихан с̃умма хтада
Өйткені; Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса; әлбетте жарылқаймын. (Мұса Ғ.С. елінен сайлап алған жетпіс кісімен Тұр тауына жүргенде, олардан оза жүрген екен. С155-А)
-
20:83
۞ وَمَآ أَعْجَلَكَ عَن قَوْمِكَ يَـٰمُوسَىٰ
уама а`жалака `ан к̣аумика йа мууса
Әй Мұса! Сені қауымыңнан не асықтырды
-
20:84
قَالَ هُمْ أُو۟لَآءِ عَلَىٰٓ أَثَرِى وَعَجِلْتُ إِلَيْكَ رَبِّ لِتَرْضَىٰ
к̣ала хум уулаи `ала ас̃арии уа`ажилту илайка рабби литарда
(Мұса Ғ.С): "Олар артымда, Раббым, разы болуың үшін Саған асықтым" деді
-
20:85
قَالَ فَإِنَّا قَدْ فَتَنَّا قَوْمَكَ مِنۢ بَعْدِكَ وَأَضَلَّهُمُ ٱلسَّامِرِىُّ
к̣ала фаинна к̣ад фатанна к̣аумака мин ба`дика уаадаллахумус самирийй
(Алла): "Рас Біз, сенен кейін еліңді сынадық. Сондай-ақ оларды, Сәміри жолдан шығарды" деді
-
20:86
فَرَجَعَ مُوسَىٰٓ إِلَىٰ قَوْمِهِۦ غَضْبَـٰنَ أَسِفًا ۚ قَالَ يَـٰقَوْمِ أَلَمْ يَعِدْكُمْ رَبُّكُمْ وَعْدًا حَسَنًا ۚ أَفَطَالَ عَلَيْكُمُ ٱلْعَهْدُ أَمْ أَرَدتُّمْ أَن يَحِلَّ عَلَيْكُمْ غَضَبٌ مِّن رَّبِّكُمْ فَأَخْلَفْتُم مَّوْعِدِى
фаража`а мууса ила к̣аумихи гадбана асифа к̣ала йа к̣ауми алам йа`идкум раббукум уа`дан хасана афатала `алайкумул `ахду ам арадттум ай йахилла `алайкум гадабум мир раббикум фаахлафтум мау`иди
Сонда Мұса (Ғ.С.) ашуланып, кейіген түрде, еліне қайтты да: "Әй елім! Раббыларың сендерге жақсы уәде қылмап па еді? Сендерге уәде ұзақ келді ме? Немесе өздеріңе Раббыларыңның қаһары келуін қалап, уәдемнен айныдыңдар ма?",-деді
-
20:87
قَالُوا۟ مَآ أَخْلَفْنَا مَوْعِدَكَ بِمَلْكِنَا وَلَـٰكِنَّا حُمِّلْنَآ أَوْزَارًا مِّن زِينَةِ ٱلْقَوْمِ فَقَذَفْنَـٰهَا فَكَذَٰلِكَ أَلْقَى ٱلسَّامِرِىُّ
к̣алуу ма ахлафна мау`идака бималкина уалакинна хуммилна аузарам мин зиинатил к̣ауми фак̣аз̃афнаха факаз̃алика алк̣ас самирийй
Олар: "Уәдеңнен өздігімізден таймадық. Бірақ бізге, ол елдің сәндік-бүйымдары артылған еді. (Алып шыққан едік.) Сонда оларды отқа салдық. Осылайша Сәміри де салды" деді
-
20:88
فَأَخْرَجَ لَهُمْ عِجْلًا جَسَدًا لَّهُۥ خُوَارٌ فَقَالُوا۟ هَـٰذَآ إِلَـٰهُكُمْ وَإِلَـٰهُ مُوسَىٰ فَنَسِىَ
фаахража лахум `ижлан жасадал лаху хууарун фак̣алуу хаз̃а илахукум уаилаху мууса фанасий
Сонда Сәміри, оларға; мөңіреген бір бузаудың мүсінін шығарды да олар: "Сендердің де Мұсаның да тәңірі осы. Бірақ ол жаңылды" десті
-
20:89
أَفَلَا يَرَوْنَ أَلَّا يَرْجِعُ إِلَيْهِمْ قَوْلًا وَلَا يَمْلِكُ لَهُمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا
афала йарауна алла йаржи`у илайхим к̣аулау уала йамлику лахум даррау уала наф`а
Олар оның өздеріне жауап қайтармағанын сондай-ақ олар үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емес екендігін көрмей ме
-
20:90
وَلَقَدْ قَالَ لَهُمْ هَـٰرُونُ مِن قَبْلُ يَـٰقَوْمِ إِنَّمَا فُتِنتُم بِهِۦ ۖ وَإِنَّ رَبَّكُمُ ٱلرَّحْمَـٰنُ فَٱتَّبِعُونِى وَأَطِيعُوٓا۟ أَمْرِى
уалак̣ад к̣ала лахум харууну мин к̣аблу йа к̣ауми иннама футинтум бихи уаинна раббакумур рахману фаттаби`уунии уаатии`уу амри
Рас бұрын Һарүн да оларға: "Әй елім! Шынында сендер осы арқылы сыналдыңдар. Күдіксіз Раббыларың мейірімді. Сондықтан маған еріп, әміріме бой ұсыныңдар!",- деген еді
-
20:91
قَالُوا۟ لَن نَّبْرَحَ عَلَيْهِ عَـٰكِفِينَ حَتَّىٰ يَرْجِعَ إِلَيْنَا مُوسَىٰ
к̣алуу лан набраха `алайхи `акифиина хатта йаржи`а илайна мууса
Олар: "Мұса бізге қайтқанға дейін бұған табынудан тапжылмаймыз" десті
-
20:92
قَالَ يَـٰهَـٰرُونُ مَا مَنَعَكَ إِذْ رَأَيْتَهُمْ ضَلُّوٓا۟
к̣ала йа харууну ма мана`ака из̃ раайтахум даллу
(Мұса Ғ.С.): "Әй Һарүн! Бұлардың адасқанын көргенде, артымнан келуіңнен сені тосқан не
-
20:93
أَلَّا تَتَّبِعَنِ ۖ أَفَعَصَيْتَ أَمْرِى
алла таттаби`ани афа`асайта амри
Немесе әміріме қарсы келдің бе?",- деді
-
20:94
قَالَ يَبْنَؤُمَّ لَا تَأْخُذْ بِلِحْيَتِى وَلَا بِرَأْسِىٓ ۖ إِنِّى خَشِيتُ أَن تَقُولَ فَرَّقْتَ بَيْنَ بَنِىٓ إِسْرَٰٓءِيلَ وَلَمْ تَرْقُبْ قَوْلِى
к̣ала йа бна умма ла та'хуз̃ билихйатии уала бира'сии иннии хашииту ан так̣уула фаррак̣та байна бании исраиила уалам тарк̣уб к̣аули
(һарүн): "Әй анамның ұлы! Сақалым мен шашымды ұстамашы. Израил ұрпақтарының арасына іріткі салдың, сөзімді елемедің деуіңнен қорықтым" деді. (С.150-А)
-
20:95
قَالَ فَمَا خَطْبُكَ يَـٰسَـٰمِرِىُّ
к̣ала фама хатбука йа самирийй
(Мұса Ғ.С): "Әй Сәміри! Жә, сенің істегенің не?",- деді
-
20:96
قَالَ بَصُرْتُ بِمَا لَمْ يَبْصُرُوا۟ بِهِۦ فَقَبَضْتُ قَبْضَةً مِّنْ أَثَرِ ٱلرَّسُولِ فَنَبَذْتُهَا وَكَذَٰلِكَ سَوَّلَتْ لِى نَفْسِى
к̣ала басурту бима лам йабсуруу бихи фак̣абадту к̣абдатам мин ас̃арир расуули фанабаз̃туха уаказ̃алика саууалат лии нафси
(Сәміри): "Олар көрмеген бір нәрсе көрдім. Елшінің (Жебрейіл Ғ.С.) ізінен бір уыс топырақ алып, оны ішіне салдым. Оны маған нәпсім жақсы көрсетті" деді
-
20:97
قَالَ فَٱذْهَبْ فَإِنَّ لَكَ فِى ٱلْحَيَوٰةِ أَن تَقُولَ لَا مِسَاسَ ۖ وَإِنَّ لَكَ مَوْعِدًا لَّن تُخْلَفَهُۥ ۖ وَٱنظُرْ إِلَىٰٓ إِلَـٰهِكَ ٱلَّذِى ظَلْتَ عَلَيْهِ عَاكِفًا ۖ لَّنُحَرِّقَنَّهُۥ ثُمَّ لَنَنسِفَنَّهُۥ فِى ٱلْيَمِّ نَسْفًا
к̣ала фаз̃хаб фаинна лака фиил хайати ан так̣уула ла мисаса уаинна лака мау`идал лан тухлафаху уанзур ила илахикал лаз̃ии залта `алайхи `акифал ланухаррик̣аннаху с̃умма ланансифаннаху фиил йамми насфа
(Мұса Ғ.С.): "Енді кет! Өмірің бойынша: “Маған жұғыспа” деп өтесің. Күдіксіз саған әсте өзгермейтін бір жаза тағы бар. Бұлжымай табынған тәңіріңе қара! Әлбетте оны өртеп сонан соң дәрияға тастап жібереміз
-
20:98
إِنَّمَآ إِلَـٰهُكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِى لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ وَسِعَ كُلَّ شَىْءٍ عِلْمًا
иннама илахукумуллахул лаз̃ии ла илаха илла хуу уаси`а кулла шайин `илма
Тәңірлерің Алла ғана. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. білімі әр нәрсені сидырады
-
20:99
كَذَٰلِكَ نَقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنۢبَآءِ مَا قَدْ سَبَقَ ۚ وَقَدْ ءَاتَيْنَـٰكَ مِن لَّدُنَّا ذِكْرًا
каз̃алика нак̣уссу `алайка мин анбаи ма к̣ад сабак̣ уак̣ад атайнака мил ладунна з̃икра
(Мұхаммед Ғ.С.) өстіп, саған кейбір болып өткен уақиғаларды баян етеміз. Сондай-ақ саған өз қасымыздан Құранды бердік
-
20:100
مَّنْ أَعْرَضَ عَنْهُ فَإِنَّهُۥ يَحْمِلُ يَوْمَ ٱلْقِيَـٰمَةِ وِزْرًا
ман а`рада `анху фаиннаху йахмилу йаумал к̣ийамати уизра
Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қиямет күнінде күнә жүктеледі
-
20:101
خَـٰلِدِينَ فِيهِ ۖ وَسَآءَ لَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَـٰمَةِ حِمْلًا
халидиина фиихи уасаа лахум йаумал к̣ийамати химла
Олар ол бейнетте мүлде қалады. Олар үшін қиямет күні нендей жаман жүк
-
20:102
يَوْمَ يُنفَخُ فِى ٱلصُّورِ ۚ وَنَحْشُرُ ٱلْمُجْرِمِينَ يَوْمَئِذٍ زُرْقًا
йаума йунфаху фиис суур уанахшурул мужримиина йаумаиз̃ин зурк̣а
Сүр үрілген күні, күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз
-
20:103
يَتَخَـٰفَتُونَ بَيْنَهُمْ إِن لَّبِثْتُمْ إِلَّا عَشْرًا
йатахафатууна байнахум ил лабис̃тум илла `ашра
Олар араларында: "Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық" деп сыбырласады. (С. 113-А)
-
20:104
نَّحْنُ أَعْلَمُ بِمَا يَقُولُونَ إِذْ يَقُولُ أَمْثَلُهُمْ طَرِيقَةً إِن لَّبِثْتُمْ إِلَّا يَوْمًا
нахну а`ламу бима йак̣уулууна из̃ йак̣уулу амс̃алухум тариик̣атан ил лабис̃тум илла йаума
Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардық ең туралары: "Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар" дейді
-
20:105
وَيَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلْجِبَالِ فَقُلْ يَنسِفُهَا رَبِّى نَسْفًا
уайасалуунака `анил жибали фак̣ул йансифуха раббии насфа
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен таулардың жайынан сұрайды. Сонда оларға: "Раббым тозаң қылып, ұшырып жібереді" де
-
20:106
فَيَذَرُهَا قَاعًا صَفْصَفًا
файаз̃аруха к̣а`ан сафсафа
Оны теп-тегіс жазық қылады
-
20:107
لَّا تَرَىٰ فِيهَا عِوَجًا وَلَآ أَمْتًا
ла тара фииха `иуажау уала амта
Сен онда ешбір қия не томпақ көрмейсің
-
20:108
يَوْمَئِذٍ يَتَّبِعُونَ ٱلدَّاعِىَ لَا عِوَجَ لَهُۥ ۖ وَخَشَعَتِ ٱلْأَصْوَاتُ لِلرَّحْمَـٰنِ فَلَا تَسْمَعُ إِلَّا هَمْسًا
йаумаиз̃ий йаттаби`уунад да`ийа ла `иуажа лаху уахаша`атил асуату лиррахмани фала тасма`у илла хамса
Олар; қиямет күні, шақырушыға еш бұрылмай ілеседі. Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбдырдан басқаны естімейсің
-
20:109
يَوْمَئِذٍ لَّا تَنفَعُ ٱلشَّفَـٰعَةُ إِلَّا مَنْ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحْمَـٰنُ وَرَضِىَ لَهُۥ قَوْلًا
йаумаиз̃ил ла танфа`уш шафа`ату илла ман аз̃ина лахур рахману уарадийа лаху к̣аула
Сол күні Рахман рүқсат берген, сөзін жақтырғаннан басқаның шапағаты пайда бермейді
-
20:110
يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يُحِيطُونَ بِهِۦ عِلْمًا
йа`ламу ма байна айдиихим уама халфахум уала йухиитууна бихи `илма
Өйткені Алла, олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Басқалар оны толық білмейді
-
20:111
۞ وَعَنَتِ ٱلْوُجُوهُ لِلْحَىِّ ٱلْقَيُّومِ ۖ وَقَدْ خَابَ مَنْ حَمَلَ ظُلْمًا
уа`анатил уужууху лилхайил к̣аййууми уак̣ад хаба ман хамала зулма
Тірі, меңгеруші (Алла) ге бастар иіледі. Кім зұлымдық арқаласа, қор болады
-
20:112
وَمَن يَعْمَلْ مِنَ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا يَخَافُ ظُلْمًا وَلَا هَضْمًا
уамай йа`мал минас салихати уахууа му'минун фала йахафу зулмау уала хадма
Ал кім иман келтірген түрде түзу іс істесе, сонда ол жамандықтарының артуынан, жақсылықтарының кемуінен қорықпайды
-
20:113
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلْنَـٰهُ قُرْءَانًا عَرَبِيًّا وَصَرَّفْنَا فِيهِ مِنَ ٱلْوَعِيدِ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ أَوْ يُحْدِثُ لَهُمْ ذِكْرًا
уаказ̃алика анзалнаху к̣уранан `арабиййау уасаррафна фиихи минал уа`ииди ла`аллахум йаттак̣ууна ау йухдис̃у лахум з̃икра
Осылайша Құранды Арапша түсіріп, онда түрлі ескертулер баян еттік. Мүмкін олар сақтанар. Немесе оларға үгіт пайда қылар
-
20:114
فَتَعَـٰلَى ٱللَّهُ ٱلْمَلِكُ ٱلْحَقُّ ۗ وَلَا تَعْجَلْ بِٱلْقُرْءَانِ مِن قَبْلِ أَن يُقْضَىٰٓ إِلَيْكَ وَحْيُهُۥ ۖ وَقُل رَّبِّ زِدْنِى عِلْمًا
фата`алаллахул маликул хак̣к̣ уала та`жал билк̣урани мин к̣абли ай йук̣да илайка уахйуху уак̣ур рабби зиднии `илма
Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: "Раббым, білімімді арттыр!",- де
-
20:115
وَلَقَدْ عَهِدْنَآ إِلَىٰٓ ءَادَمَ مِن قَبْلُ فَنَسِىَ وَلَمْ نَجِدْ لَهُۥ عَزْمًا
уалак̣ад `ахидна ила адама мин к̣аблу фанасийа уалам нажид лаху `азма
Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық
-
20:116
وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسْجُدُوا۟ لِـَٔادَمَ فَسَجَدُوٓا۟ إِلَّآ إِبْلِيسَ أَبَىٰ
уаиз̃ к̣улна лилмалаикати сжудуу лиадама фасажадуу илла иблииса аба
Сол уақытта періштелерге: "Адамға сәжде қылыңдар!",- дедік. Сонда олар сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай бас тартты
-
20:117
فَقُلْنَا يَـٰٓـَٔادَمُ إِنَّ هَـٰذَا عَدُوٌّ لَّكَ وَلِزَوْجِكَ فَلَا يُخْرِجَنَّكُمَا مِنَ ٱلْجَنَّةِ فَتَشْقَىٰٓ
фак̣улна йа адаму инна хаз̃а `адууул лака уализаужика фала йухрижаннакума минал жаннати фаташк̣а
Сонда Адамға: "Күдіксіз осы, саған да жұбайыңа да дұшпан. Екеуіңді жаннаттан шығарып жібермесін. Сонда машақат тартасыңдар" дедік
-
20:118
إِنَّ لَكَ أَلَّا تَجُوعَ فِيهَا وَلَا تَعْرَىٰ
инна лака алла тажуу`а фииха уала та`ра
Күдіксіз сен жаннатта, аш-жалаңаш қалмайсың
-
20:119
وَأَنَّكَ لَا تَظْمَؤُا۟ فِيهَا وَلَا تَضْحَىٰ
уааннака ла тазмау фииха уала тадха
Сондай-ақ онда шөлдемейсің де күннің ыстығы өтпейді
-
20:120
فَوَسْوَسَ إِلَيْهِ ٱلشَّيْطَـٰنُ قَالَ يَـٰٓـَٔادَمُ هَلْ أَدُلُّكَ عَلَىٰ شَجَرَةِ ٱلْخُلْدِ وَمُلْكٍ لَّا يَبْلَىٰ
фауасуаса илайхиш шайтану к̣ала йа адаму хал адуллука `ала шажаратил хулди уамулкил ла йабла
Ақыр шайтан оған азғыру жүргізіп: "Әй Адам! Саған мәңгілік ағашын және таусылмайтын салтанатты көрсетейін бе?",- деді
-
20:121
فَأَكَلَا مِنْهَا فَبَدَتْ لَهُمَا سَوْءَٰتُهُمَا وَطَفِقَا يَخْصِفَانِ عَلَيْهِمَا مِن وَرَقِ ٱلْجَنَّةِ ۚ وَعَصَىٰٓ ءَادَمُ رَبَّهُۥ فَغَوَىٰ
фаакала минха фабадат лахума сауатухума уатафик̣а йахсифани `алайхима миу уарак̣ил жанна уа`аса адаму раббаху фагауа
Сонда екеуі, одан жеді. Дереу үятты жерлері көрінді. Сондықтан екеуі де үстеріне жаннаттың жапырақтарын жаба бастады. Адам (Ғ.С.) Раббына күнәкар болып, жолдан тайды
-
20:122
ثُمَّ ٱجْتَبَـٰهُ رَبُّهُۥ فَتَابَ عَلَيْهِ وَهَدَىٰ
с̃умма жтабаху раббуху фатаба `алайхи уахада
Сонан кейін Раббы оны есіркеп, тәубесін қабыл етіп, тура жолға салды
-
20:123
قَالَ ٱهْبِطَا مِنْهَا جَمِيعًۢا ۖ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ ۖ فَإِمَّا يَأْتِيَنَّكُم مِّنِّى هُدًى فَمَنِ ٱتَّبَعَ هُدَاىَ فَلَا يَضِلُّ وَلَا يَشْقَىٰ
к̣ала хбита минха жамии`ан ба`дукум либа`дин `адууун фаимма йа'тийаннакум миннии худан фаманит таба`а худайа фала йадиллу уала йашк̣а
Бір-біріңе дұшпан болған бойда жаннаттан түгел түсіңдер. Егер екеуің тарапымнан бір туралық келіп, кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да машақат тартпайды
-
20:124
وَمَنْ أَعْرَضَ عَن ذِكْرِى فَإِنَّ لَهُۥ مَعِيشَةً ضَنكًا وَنَحْشُرُهُۥ يَوْمَ ٱلْقِيَـٰمَةِ أَعْمَىٰ
уаман а`рада `ан з̃икрии фаинна лаху ма`иишатан данкау уанахшуруху йаумал к̣ийамати а`ма
Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз
-
20:125
قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرْتَنِىٓ أَعْمَىٰ وَقَدْ كُنتُ بَصِيرًا
к̣ала рабби лима хашартании а`ма уак̣ад кунту басиира
Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында мен көретін едім" дейді
-
20:126
قَالَ كَذَٰلِكَ أَتَتْكَ ءَايَـٰتُنَا فَنَسِيتَهَا ۖ وَكَذَٰلِكَ ٱلْيَوْمَ تُنسَىٰ
к̣ала каз̃алика ататка айатуна фанасиитаха уаказ̃аликал йаума тунса
(Алла): "Міне осылай. Өйткені саған аяттарымыз келген еді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың" дейді
-
20:127
وَكَذَٰلِكَ نَجْزِى مَنْ أَسْرَفَ وَلَمْ يُؤْمِنۢ بِـَٔايَـٰتِ رَبِّهِۦ ۚ وَلَعَذَابُ ٱلْـَٔاخِرَةِ أَشَدُّ وَأَبْقَىٰٓ
уаказ̃алика нажзии ман асрафа уалам йу'мин биайати раббих уала`аз̃абул ахирати ашадду уаабк̣а
Ал міне сөйтіп, шектен шыққан, Раббының аяттарына иман келтірмеген кісіні жазаландырамыз. Әрине ахирет азабы әрі қатты әрі тұрақты
-
20:128
أَفَلَمْ يَهْدِ لَهُمْ كَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُم مِّنَ ٱلْقُرُونِ يَمْشُونَ فِى مَسَـٰكِنِهِمْ ۗ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّأُو۟لِى ٱلنُّهَىٰ
афалам йахди лахум кам ахлакна к̣аблахум минал к̣урууни йамшууна фии масакинихим инна фии з̃алика лаайатил лиуулиин нуха
Оларды жұрттарында жүріп жүрген өздерінен бұрынғы Біз жоқ еткен нәсілдер (дін үлгісі) жолға салмады ма? Рас мұнда ақыл иелеріне өнеге бар
-
20:129
وَلَوْلَا كَلِمَةٌ سَبَقَتْ مِن رَّبِّكَ لَكَانَ لِزَامًا وَأَجَلٌ مُّسَمًّى
уалаула калиматун сабак̣ат мир раббика лакана лизамау уаажалум мусамман
Егер Раббыңнан бекітілген сөз; белгіленген бір мерзім болмаса, әрине істері біткен болар еді
-
20:130
فَٱصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ قَبْلَ طُلُوعِ ٱلشَّمْسِ وَقَبْلَ غُرُوبِهَا ۖ وَمِنْ ءَانَآئِ ٱلَّيْلِ فَسَبِّحْ وَأَطْرَافَ ٱلنَّهَارِ لَعَلَّكَ تَرْضَىٰ
фасбир `ала ма йак̣уулууна уасаббих бихамди раббика к̣абла тулуу`иш шамси уак̣абла гуруубиха уамин анаил лайли фасаббих уаатрафан нахари ла`аллака тарда
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардың айтқандарына сабыр ет. Күн шығудан бұрын да батудан бұрын да Раббыңды мақтай пәкте. Кеш мезгілдерінде және күндіздің айналасында да пәкте. Мүмкін ризалыққа бөленерсің
-
20:131
وَلَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجًا مِّنْهُمْ زَهْرَةَ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا لِنَفْتِنَهُمْ فِيهِ ۚ وَرِزْقُ رَبِّكَ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰ
уала тамудданна `айнайка ила ма матта`на бихи азуажам минхум захратал хайатид дунйа линафтинахум фиих уаризк̣у раббика хайруу уаабк̣а
Біз олардың кейбіреуіне сынау үшін берген дүние тіршілігінің ғана сәні түріндегі нәрселерге көзіңді сүзбе. Раббыңның несібесі хайырлы да тұрақты
-
20:132
وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱصْطَبِرْ عَلَيْهَا ۖ لَا نَسْـَٔلُكَ رِزْقًا ۖ نَّحْنُ نَرْزُقُكَ ۗ وَٱلْعَـٰقِبَةُ لِلتَّقْوَىٰ
уа'мур ахлака биссалати уастабир `алайха ла насалука ризк̣ан нахну нарзук̣ук уал`ак̣ибату литтак̣уа
Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән
-
20:133
وَقَالُوا۟ لَوْلَا يَأْتِينَا بِـَٔايَةٍ مِّن رَّبِّهِۦٓ ۚ أَوَلَمْ تَأْتِهِم بَيِّنَةُ مَا فِى ٱلصُّحُفِ ٱلْأُولَىٰ
уак̣алуу лаула йа'тиина биайатим мир раббих ауалам та'тихим байинату ма фиис сухуфил уула
Олар: "Бұл, Раббынан бір мүғжиза неге келтірмейді?",- деді. Оларға, бұрынғы кітаптарда ашық дәлелдер келмеді ме? (Бұрынғы Інжіл, Тәуратты және т.б. кітаптарды қамтыған Бұл Құран, осал бір мүғжиза ма? Ж.Б.К.М.Р)
-
20:134
وَلَوْ أَنَّآ أَهْلَكْنَـٰهُم بِعَذَابٍ مِّن قَبْلِهِۦ لَقَالُوا۟ رَبَّنَا لَوْلَآ أَرْسَلْتَ إِلَيْنَا رَسُولًا فَنَتَّبِعَ ءَايَـٰتِكَ مِن قَبْلِ أَن نَّذِلَّ وَنَخْزَىٰ
уалау анна ахлакнахум би`аз̃абим мин к̣аблихи лак̣алуу раббана лаула арсалта илайна расуулан фанаттаби`а айатика мин к̣абли ан наз̃илла уанахза
Егер бізге бір елші жіберген болсаң, қор және сорлы болудан бұрын аяттарыңа көнер едік" дер еді
-
20:135
قُلْ كُلٌّ مُّتَرَبِّصٌ فَتَرَبَّصُوا۟ ۖ فَسَتَعْلَمُونَ مَنْ أَصْحَـٰبُ ٱلصِّرَٰطِ ٱلسَّوِىِّ وَمَنِ ٱهْتَدَىٰ
к̣ул куллум мутараббисун фатараббасуу фасата`ламууна ман асхабус сиратис сауийи уамани хтада
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Бәріміз де соңын күтеміз. Ал сендер де күтіңдер. Таяуда кімнің тура жолға ие екендігін, кімнің тура жол тапқандығын білесіңдер" де
Дереккөздер
- Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
- Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
- Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17