1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Тұр сүресі

Тұр сүресін қалай жаттауға болады

«Тұр тауы»

  • 52-сүре
  • 49 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 523–525 беттері

الطور

Тұр сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят49 күн
Күніне 3 аят17 күн
Күніне 5 аят10 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Тұр сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 52:1

    وَٱلطُّورِ

    уаттуур

    Тұр тауына

  2. 52:2

    وَكِتَـٰبٍ مَّسْطُورٍ

    уакитабим мастуур

    Жазулы Кітапқа

  3. 52:3

    فِى رَقٍّ مَّنشُورٍ

    фии рак̣к̣им маншуур

    Теріге жазулыға

  4. 52:4

    وَٱلْبَيْتِ ٱلْمَعْمُورِ

    уалбайтил ма`муур

    Толықсыған үйге, (Көктегі қыблаға)

  5. 52:5

    وَٱلسَّقْفِ ٱلْمَرْفُوعِ

    уассак̣фил марфуу`

    Көтерілген төбеге, (көкке)

  6. 52:6

    وَٱلْبَحْرِ ٱلْمَسْجُورِ

    уалбахрил масжуур

    Және ыстық теңізге серт

  7. 52:7

    إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَٰقِعٌ

    инна `аз̃аба раббика лауак̣и`

    Сөзсіз Раббыңның азабы болады

  8. 52:8

    مَّا لَهُۥ مِن دَافِعٍ

    ма лаху мин дафи`

    Оны тойтарушы жоқ

  9. 52:9

    يَوْمَ تَمُورُ ٱلسَّمَآءُ مَوْرًا

    йаума тамуурус самау маура

    Ол күні аспан қатты теңселеді

  10. 52:10

    وَتَسِيرُ ٱلْجِبَالُ سَيْرًا

    уатасиирул жибалу сайра

    Таулар үшіп жүреді

  11. 52:11

    فَوَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ

    фауайлун йаумаиз̃ил лилмуказ̃з̃ибиин

    Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш

  12. 52:12

    ٱلَّذِينَ هُمْ فِى خَوْضٍ يَلْعَبُونَ

    аллаз̃иина хум фии хаудий йал`абуун

    Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар

  13. 52:13

    يَوْمَ يُدَعُّونَ إِلَىٰ نَارِ جَهَنَّمَ دَعًّا

    йаума йуда``ууна ила нари жаханнама да``а

    Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады

  14. 52:14

    هَـٰذِهِ ٱلنَّارُ ٱلَّتِى كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ

    хаз̃ихин нарул латии кунтум биха туказ̃з̃ибуун

    Міне! Сендер өтірік деген тозақ

  15. 52:15

    أَفَسِحْرٌ هَـٰذَآ أَمْ أَنتُمْ لَا تُبْصِرُونَ

    афасихрун хаз̃а ам антум ла тубсируун

    Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме

  16. 52:16

    ٱصْلَوْهَا فَٱصْبِرُوٓا۟ أَوْ لَا تَصْبِرُوا۟ سَوَآءٌ عَلَيْكُمْ ۖ إِنَّمَا تُجْزَوْنَ مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

    ислауха фасбируу ау ла тасбируу сауаун `алайкум иннама тужзауна ма кунтум та`малуун

    Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар

  17. 52:17

    إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِى جَنَّـٰتٍ وَنَعِيمٍ

    иннал муттак̣иина фии жаннатиу уана`иим

    Әрине тақуалар ұжмақтарда ырысқа бөленеді

  18. 52:18

    فَـٰكِهِينَ بِمَآ ءَاتَىٰهُمْ رَبُّهُمْ وَوَقَىٰهُمْ رَبُّهُمْ عَذَابَ ٱلْجَحِيمِ

    факихиина бима атахум раббухум уауак̣ахум раббухум `аз̃абал жахиим

    Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған

  19. 52:19

    كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ هَنِيٓـًٔۢا بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

    кулуу уашрабуу ханииан бима кунтум та`малуун

    Істеген ғамалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын

  20. 52:20

    مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ سُرُرٍ مَّصْفُوفَةٍ ۖ وَزَوَّجْنَـٰهُم بِحُورٍ عِينٍ

    муттакиина `ала сурурим масфууфатин уазаууажнахум бихуурин `иин

    Тізілген дивандарға сүйенген түрде" (делінеді.) Оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз

  21. 52:21

    وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَٱتَّبَعَتْهُمْ ذُرِّيَّتُهُم بِإِيمَـٰنٍ أَلْحَقْنَا بِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَمَآ أَلَتْنَـٰهُم مِّنْ عَمَلِهِم مِّن شَىْءٍ ۚ كُلُّ ٱمْرِئٍۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٌ

    уаллаз̃иина амануу уаттаба`атхум з̃урриййатухум бииманин алхак̣на бихим з̃урриййатахум уама алатнахум мин `амалихим мин шай куллу мриин бима касаба рахиин

    Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады. (С. 38-А)

  22. 52:22

    وَأَمْدَدْنَـٰهُم بِفَـٰكِهَةٍ وَلَحْمٍ مِّمَّا يَشْتَهُونَ

    уаамдаднахум бифакихатиу уалахмим мимма йаштахуун

    Оларға бейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз

  23. 52:23

    يَتَنَـٰزَعُونَ فِيهَا كَأْسًا لَّا لَغْوٌ فِيهَا وَلَا تَأْثِيمٌ

    йатаназа`ууна фииха ка'сал ла лагуун фииха уала та'с̃иим

    Олар бейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды. (С. 47-А. 56.С. 19-А)

  24. 52:24

    ۞ وَيَطُوفُ عَلَيْهِمْ غِلْمَانٌ لَّهُمْ كَأَنَّهُمْ لُؤْلُؤٌ مَّكْنُونٌ

    уайатууфу `алайхим гилманул лахум кааннахум лу'луум макнуун

    Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді

  25. 52:25

    وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَآءَلُونَ

    уаак̣бала ба`духум `ала ба`дий йатасаалуун

    Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады

  26. 52:26

    قَالُوٓا۟ إِنَّا كُنَّا قَبْلُ فِىٓ أَهْلِنَا مُشْفِقِينَ

    к̣алуу инна кунна к̣аблу фии ахлина мушфик̣иин

    Расында біз, бұрын (дүниеде) семьямызда да қорқушы едік" деседі

  27. 52:27

    فَمَنَّ ٱللَّهُ عَلَيْنَا وَوَقَىٰنَا عَذَابَ ٱلسَّمُومِ

    фаманналлаху `алайна уауак̣ана `аз̃абас самуум

    Сондықтан Алла бізге игілік етті де заһарлы азаптан қорғады

  28. 52:28

    إِنَّا كُنَّا مِن قَبْلُ نَدْعُوهُ ۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْبَرُّ ٱلرَّحِيمُ

    инна кунна мин к̣аблу над`ууху иннаху хууал баррур рахиим

    Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді" (деседі)

  29. 52:29

    فَذَكِّرْ فَمَآ أَنتَ بِنِعْمَتِ رَبِّكَ بِكَاهِنٍ وَلَا مَجْنُونٍ

    фаз̃аккир фама анта бини`мати раббика бикахиниу уала мажнуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да жынды да емессің

  30. 52:30

    أَمْ يَقُولُونَ شَاعِرٌ نَّتَرَبَّصُ بِهِۦ رَيْبَ ٱلْمَنُونِ

    ам йак̣уулууна ша`ирун натараббасу бихи райбал мануун

    Немесе олар сені: "Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз" дейді

  31. 52:31

    قُلْ تَرَبَّصُوا۟ فَإِنِّى مَعَكُم مِّنَ ٱلْمُتَرَبِّصِينَ

    к̣ул тараббасуу фаиннии ма`акум минал мутараббисиин

    Оларға: "Күтіңдер. Мен де сендермен бірге күтемін" де

  32. 52:32

    أَمْ تَأْمُرُهُمْ أَحْلَـٰمُهُم بِهَـٰذَآ ۚ أَمْ هُمْ قَوْمٌ طَاغُونَ

    ам та'мурухум ахламухум бихаз̃а ам хум к̣аумун тагуун

    Немесе оларға бұны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме

  33. 52:33

    أَمْ يَقُولُونَ تَقَوَّلَهُۥ ۚ بَل لَّا يُؤْمِنُونَ

    ам йак̣уулууна так̣аууалах бал ла йу'минуун

    Я, болмаса олар: "Кұранды өзі жасап алды" дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді

  34. 52:34

    فَلْيَأْتُوا۟ بِحَدِيثٍ مِّثْلِهِۦٓ إِن كَانُوا۟ صَـٰدِقِينَ

    фалйа'туу бихадиис̃им мис̃лихи ин кануу садик̣иин

    Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (С.23-А., Ю.С. 38-А., 11-С. 13-А)

  35. 52:35

    أَمْ خُلِقُوا۟ مِنْ غَيْرِ شَىْءٍ أَمْ هُمُ ٱلْخَـٰلِقُونَ

    ам хулик̣уу мин гайри шайин ам хумул халик̣уун

    Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме

  36. 52:36

    أَمْ خَلَقُوا۟ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ ۚ بَل لَّا يُوقِنُونَ

    ам халак̣уус самауати уалард бал ла йуук̣инуун

    Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды

  37. 52:37

    أَمْ عِندَهُمْ خَزَآئِنُ رَبِّكَ أَمْ هُمُ ٱلْمُصَۣيْطِرُونَ

    ам `индахум хазаину раббика ам хумул мусайтируун

    Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме

  38. 52:38

    أَمْ لَهُمْ سُلَّمٌ يَسْتَمِعُونَ فِيهِ ۖ فَلْيَأْتِ مُسْتَمِعُهُم بِسُلْطَـٰنٍ مُّبِينٍ

    ам лахум сулламун йастами`ууна фиихи фалйа'ти мустами`ухум бисултаним мубиин

    Немесе, олардың шығып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші

  39. 52:39

    أَمْ لَهُ ٱلْبَنَـٰتُ وَلَكُمُ ٱلْبَنُونَ

    ам лахул банату уалакумул бануун

    Немесе қыздар Алланікі де ұлдар сендердікі ме

  40. 52:40

    أَمْ تَسْـَٔلُهُمْ أَجْرًا فَهُم مِّن مَّغْرَمٍ مُّثْقَلُونَ

    ам тасалухум ажран фахум мим маграмим мус̃к̣алуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма

  41. 52:41

    أَمْ عِندَهُمُ ٱلْغَيْبُ فَهُمْ يَكْتُبُونَ

    ам `индахумул гайбу фахум йактубуун

    Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма

  42. 52:42

    أَمْ يُرِيدُونَ كَيْدًا ۖ فَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ هُمُ ٱلْمَكِيدُونَ

    ам йуриидууна кайдан фаллаз̃иина кафаруу хумул макиидуун

    Не болмаса, олардың бір әдіс қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа түседі

  43. 52:43

    أَمْ لَهُمْ إِلَـٰهٌ غَيْرُ ٱللَّهِ ۚ سُبْحَـٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    ам лахум илахун гайруллах субханаллахи `амма йушрикуун

    Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пәк

  44. 52:44

    وَإِن يَرَوْا۟ كِسْفًا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ سَاقِطًا يَقُولُوا۟ سَحَابٌ مَّرْكُومٌ

    уаий йарау кисфам минас самаи сак̣итай йак̣уулуу сахабум маркуум

    Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де: "Шоғырланған бұлт" дейді

  45. 52:45

    فَذَرْهُمْ حَتَّىٰ يُلَـٰقُوا۟ يَوْمَهُمُ ٱلَّذِى فِيهِ يُصْعَقُونَ

    фаз̃архум хатта йулак̣уу йаумахумул лаз̃ии фиихи йус`ак̣уун

    (Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой

  46. 52:46

    يَوْمَ لَا يُغْنِى عَنْهُمْ كَيْدُهُمْ شَيْـًٔا وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ

    йаума ла йугнии `анхум кайдухум шайау уала хум йунсаруун

    Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларға көмек те етілмейді

  47. 52:47

    وَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ عَذَابًا دُونَ ذَٰلِكَ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    уаинна лиллаз̃иина заламуу `аз̃абан дууна з̃алика уалакинна акс̃арахум ла йа`ламуун

    Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді

  48. 52:48

    وَٱصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ فَإِنَّكَ بِأَعْيُنِنَا ۖ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ حِينَ تَقُومُ

    уасбир лихукми раббика фаиннака биа`йунина уасаббих бихамди раббика хиина так̣уум

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен көз алдымыздасың. Орныңнан тұрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте

  49. 52:49

    وَمِنَ ٱلَّيْلِ فَسَبِّحْهُ وَإِدْبَـٰرَ ٱلنُّجُومِ

    уаминал лайли фасаббихху уаидбаран нужуум

    Түннің бір бөлімінде және жұлдыздар батар кезде де дәріпте. (Құптан және таң намазын оқы. М.Ж)

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.