Фұрқан сүресін қалай жаттауға болады
«Айырушы»
- 25-сүре
- 77 аят
- Меккелік
- Мұсхафтың 359–366 беттері
الفرقان
Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.
Сүрені толық тыңдаңыз
Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси
Қанша уақыт керек
Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:
| Күніне 1 аят | 77 күн |
| Күніне 3 аят | 26 күн |
| Күніне 5 аят | 16 күн |
Аят-аятпен қалай жаттау керек
- Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
- Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
- Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
- Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.
Фұрқан сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы
-
25:1
تَبَارَكَ ٱلَّذِى نَزَّلَ ٱلْفُرْقَانَ عَلَىٰ عَبْدِهِۦ لِيَكُونَ لِلْعَـٰلَمِينَ نَذِيرًا
Бисмиллахир Рахманир Рахиим табаракал лаз̃ии наззалал фурк̣ана `ала `абдихи лийакууна лил`аламиина наз̃иира
Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары
-
25:2
ٱلَّذِى لَهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَلَمْ يَتَّخِذْ وَلَدًا وَلَمْ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكٌ فِى ٱلْمُلْكِ وَخَلَقَ كُلَّ شَىْءٍ فَقَدَّرَهُۥ تَقْدِيرًا
аллаз̃ии лаху мулкус самауати уаларди уалам йаттахиз̃ уаладау уалам йакул лаху шариикун фиил мулки уахалак̣а кулла шайин фак̣аддараху так̣диира
Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі
-
25:3
وَٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً لَّا يَخْلُقُونَ شَيْـًٔا وَهُمْ يُخْلَقُونَ وَلَا يَمْلِكُونَ لِأَنفُسِهِمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا وَلَا يَمْلِكُونَ مَوْتًا وَلَا حَيَوٰةً وَلَا نُشُورًا
уаттахаз̃уу мин дуунихи алихатал ла йахлук̣ууна шайау уахум йухлак̣ууна уала йамликууна лианфусихим даррау уала наф`ау уала йамликууна маутау уала хайатау уала нушуура
(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тагы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды
-
25:4
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِنْ هَـٰذَآ إِلَّآ إِفْكٌ ٱفْتَرَىٰهُ وَأَعَانَهُۥ عَلَيْهِ قَوْمٌ ءَاخَرُونَ ۖ فَقَدْ جَآءُو ظُلْمًا وَزُورًا
уак̣алал лаз̃иина кафаруу ин хаз̃а илла ифкун фтараху уаа`анаху `алайхи к̣аумун ахарууна фак̣ад жауу зулмау уазуура
Сондай кәпірлер: "Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті" деп, олар орынсыз жала жапсырды
-
25:5
وَقَالُوٓا۟ أَسَـٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ ٱكْتَتَبَهَا فَهِىَ تُمْلَىٰ عَلَيْهِ بُكْرَةً وَأَصِيلًا
уак̣алуу асатиирул аууалиина ктатабаха фахийа тумла `алайхи букратау уаасиила
Және олар: "Ол Құран бүрынғылардың аңызы. Оны, бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады" деді
-
25:6
قُلْ أَنزَلَهُ ٱلَّذِى يَعْلَمُ ٱلسِّرَّ فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ۚ إِنَّهُۥ كَانَ غَفُورًا رَّحِيمًا
к̣ул анзалахул лаз̃ии йа`ламус сирра фиис самауати уалард иннаху кана гафуурар рахиима
(Мұхаммед Ғ.С.): "Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді" де
-
25:7
وَقَالُوا۟ مَالِ هَـٰذَا ٱلرَّسُولِ يَأْكُلُ ٱلطَّعَامَ وَيَمْشِى فِى ٱلْأَسْوَاقِ ۙ لَوْلَآ أُنزِلَ إِلَيْهِ مَلَكٌ فَيَكُونَ مَعَهُۥ نَذِيرًا
уак̣алуу мали хаз̃ар расуули йа'кулут та`ама уайамшии фиил асуак̣и лаула унзила илайхи малакун файакууна ма`аху наз̃иира
Тағы олар: "Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?",-десті
-
25:8
أَوْ يُلْقَىٰٓ إِلَيْهِ كَنزٌ أَوْ تَكُونُ لَهُۥ جَنَّةٌ يَأْكُلُ مِنْهَا ۚ وَقَالَ ٱلظَّـٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلًا مَّسْحُورًا
ау йулк̣а илайхи канзун ау такууну лаху жаннатун йа'кулу минха уак̣алаз залимууна ин таттаби`ууна илла ражулам масхуура
Немесе оған (шаңырактан) бір қазына тасталса не оның бір коректенетін бақшасы болса еді." Сөйтіп залымдар: "Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер" деді
-
25:9
ٱنظُرْ كَيْفَ ضَرَبُوا۟ لَكَ ٱلْأَمْثَـٰلَ فَضَلُّوا۟ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ سَبِيلًا
унзур кайфа дарабуу лакал амс̃ала фадаллуу фала йастатии`ууна сабиила
(Мұхаммед Ғ.С.) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты
-
25:10
تَبَارَكَ ٱلَّذِىٓ إِن شَآءَ جَعَلَ لَكَ خَيْرًا مِّن ذَٰلِكَ جَنَّـٰتٍ تَجْرِى مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَـٰرُ وَيَجْعَل لَّكَ قُصُورًۢا
табаракал лаз̃ии ин шаа жа`ала лака хайрам мин з̃алика жаннатин тажрии мин тахтихал анхару уайаж`ал лака к̣усуура
Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасай алады
-
25:11
بَلْ كَذَّبُوا۟ بِٱلسَّاعَةِ ۖ وَأَعْتَدْنَا لِمَن كَذَّبَ بِٱلسَّاعَةِ سَعِيرًا
бал каз̃з̃абуу бисса`ати уаа`тадна лиман каз̃з̃аба бисса`ати са`иира
Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік
-
25:12
إِذَا رَأَتْهُم مِّن مَّكَانٍۭ بَعِيدٍ سَمِعُوا۟ لَهَا تَغَيُّظًا وَزَفِيرًا
из̃а раатхум мим маканин ба`иидин сами`уу лаха тагаййузау уазафиира
Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді
-
25:13
وَإِذَآ أُلْقُوا۟ مِنْهَا مَكَانًا ضَيِّقًا مُّقَرَّنِينَ دَعَوْا۟ هُنَالِكَ ثُبُورًا
уаиз̃а улк̣уу минха маканан дайик̣ам мук̣арраниина да`ау хуналика с̃убуура
Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды
-
25:14
لَّا تَدْعُوا۟ ٱلْيَوْمَ ثُبُورًا وَٰحِدًا وَٱدْعُوا۟ ثُبُورًا كَثِيرًا
ла тад`уул йаума с̃убуурау уахидау уад`уу с̃убууран кас̃иира
Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер" (делінеді)
-
25:15
قُلْ أَذَٰلِكَ خَيْرٌ أَمْ جَنَّةُ ٱلْخُلْدِ ٱلَّتِى وُعِدَ ٱلْمُتَّقُونَ ۚ كَانَتْ لَهُمْ جَزَآءً وَمَصِيرًا
к̣ул аз̃алика хайрун ам жаннатул хулдил латии уу`идал муттак̣уун канат лахум жазаау уамасиира
(Мұхаммед Ғ.С.): "Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?",- де
-
25:16
لَّهُمْ فِيهَا مَا يَشَآءُونَ خَـٰلِدِينَ ۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ وَعْدًا مَّسْـُٔولًا
лахум фииха ма йашаууна халидиин кана `ала раббика уа`дам масуула
Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде
-
25:17
وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ فَيَقُولُ ءَأَنتُمْ أَضْلَلْتُمْ عِبَادِى هَـٰٓؤُلَآءِ أَمْ هُمْ ضَلُّوا۟ ٱلسَّبِيلَ
уайаума йахшурухум уама йа`будууна мин дууниллахи файак̣уулу аантум адлалтум `ибадии хаулаи ам хум даллуус сабиил
Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табьінғандарын жинайды. Сонда олардан: "Осы қүлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?",- деп, сұрайды
-
25:18
قَالُوا۟ سُبْحَـٰنَكَ مَا كَانَ يَنۢبَغِى لَنَآ أَن نَّتَّخِذَ مِن دُونِكَ مِنْ أَوْلِيَآءَ وَلَـٰكِن مَّتَّعْتَهُمْ وَءَابَآءَهُمْ حَتَّىٰ نَسُوا۟ ٱلذِّكْرَ وَكَانُوا۟ قَوْمًۢا بُورًا
к̣алуу субханака ма кана йанбагии лана ан наттахиз̃а мин дууника мин аулийаа уалаким матта`тахум уаабаахум хатта насууз̃ з̃икра уакануу к̣ауман буура
(Ол табынылғандар): "Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды" деді. (С.П6-П7-А. 34-С.40-41-А)
-
25:19
فَقَدْ كَذَّبُوكُم بِمَا تَقُولُونَ فَمَا تَسْتَطِيعُونَ صَرْفًا وَلَا نَصْرًا ۚ وَمَن يَظْلِم مِّنكُمْ نُذِقْهُ عَذَابًا كَبِيرًا
фак̣ад каз̃з̃абуукум бима так̣уулууна фама тастатии`ууна сарфау уала насра уамай йазлим минкум нуз̃ик̣ху `аз̃абан кабиира
(Табынғандарың); рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз
-
25:20
وَمَآ أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ مِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ إِلَّآ إِنَّهُمْ لَيَأْكُلُونَ ٱلطَّعَامَ وَيَمْشُونَ فِى ٱلْأَسْوَاقِ ۗ وَجَعَلْنَا بَعْضَكُمْ لِبَعْضٍ فِتْنَةً أَتَصْبِرُونَ ۗ وَكَانَ رَبُّكَ بَصِيرًا
уама арсална к̣аблака минал мурсалиина илла иннахум лайа'кулуунат та`ама уайамшууна фиил асуак̣ уажа`ална ба`дакум либа`дин фитнатан атасбируун уакана раббука басиира
(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші
-
25:21
۞ وَقَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَرْجُونَ لِقَآءَنَا لَوْلَآ أُنزِلَ عَلَيْنَا ٱلْمَلَـٰٓئِكَةُ أَوْ نَرَىٰ رَبَّنَا ۗ لَقَدِ ٱسْتَكْبَرُوا۟ فِىٓ أَنفُسِهِمْ وَعَتَوْ عُتُوًّا كَبِيرًا
уак̣алал лаз̃иина ла йаржууна лик̣аана лаула унзила `алайнал малаикату ау нара раббана лак̣ади стакбаруу фии анфусихим уа`атау `утууан кабиира
Сондай бізге кездесуді күтпегендер: "Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек" деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті
-
25:22
يَوْمَ يَرَوْنَ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةَ لَا بُشْرَىٰ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُجْرِمِينَ وَيَقُولُونَ حِجْرًا مَّحْجُورًا
йаума йараунал малаиката ла бушра йаумаиз̃ил лилмужримиина уайак̣уулууна хижрам махжуура
Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: "Жоқ, сендерге қуаныш жоқ" дейді. (Не өздері: "Махрұм қалдық" дейді)
-
25:23
وَقَدِمْنَآ إِلَىٰ مَا عَمِلُوا۟ مِنْ عَمَلٍ فَجَعَلْنَـٰهُ هَبَآءً مَّنثُورًا
уак̣адимна ила ма `амилуу мин `амалин фажа`алнаху хабаам манс̃уура
Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз
-
25:24
أَصْحَـٰبُ ٱلْجَنَّةِ يَوْمَئِذٍ خَيْرٌ مُّسْتَقَرًّا وَأَحْسَنُ مَقِيلًا
асхабул жаннати йаумаиз̃ин хайрум мустак̣аррау уаахсану мак̣иила
Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығар жерлері өте көркем болады
-
25:25
وَيَوْمَ تَشَقَّقُ ٱلسَّمَآءُ بِٱلْغَمَـٰمِ وَنُزِّلَ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةُ تَنزِيلًا
уайаума ташак̣к̣ак̣ус самау билгамами уануззилал малаикату танзиила
Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі
-
25:26
ٱلْمُلْكُ يَوْمَئِذٍ ٱلْحَقُّ لِلرَّحْمَـٰنِ ۚ وَكَانَ يَوْمًا عَلَى ٱلْكَـٰفِرِينَ عَسِيرًا
алмулку йаумаиз̃инл хак̣к̣у лиррахман уакана йауман `алал кафириина `асиира
Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады
-
25:27
وَيَوْمَ يَعَضُّ ٱلظَّالِمُ عَلَىٰ يَدَيْهِ يَقُولُ يَـٰلَيْتَنِى ٱتَّخَذْتُ مَعَ ٱلرَّسُولِ سَبِيلًا
уайаума йа`аддуз залиму `ала йадайхи йак̣уулу йа лайтаниит тахаз̃ту ма`ар расуули сабиила
Ол күні әр залым өз қолын шайнап: "Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді" дейді
-
25:28
يَـٰوَيْلَتَىٰ لَيْتَنِى لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلًا
йа уайлата лайтании лам аттахиз̃ фуланан халиила
Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім
-
25:29
لَّقَدْ أَضَلَّنِى عَنِ ٱلذِّكْرِ بَعْدَ إِذْ جَآءَنِى ۗ وَكَانَ ٱلشَّيْطَـٰنُ لِلْإِنسَـٰنِ خَذُولًا
лак̣ад адаллании `аниз̃ з̃икри ба`да из̃ жаани уаканаш шайтану лилинсани хаз̃уула
Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады
-
25:30
وَقَالَ ٱلرَّسُولُ يَـٰرَبِّ إِنَّ قَوْمِى ٱتَّخَذُوا۟ هَـٰذَا ٱلْقُرْءَانَ مَهْجُورًا
уак̣алар расуулу йа рабби инна к̣аумиит тахаз̃уу хаз̃ал к̣урана махжуура
Пайғамбар: "Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды" деді
-
25:31
وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِىٍّ عَدُوًّا مِّنَ ٱلْمُجْرِمِينَ ۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ هَادِيًا وَنَصِيرًا
уаказ̃алика жа`ална ликулли набиййин `адууам минал мужримиин уакафа бираббика хадииау уанасиира
Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дүшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады
-
25:32
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوْلَا نُزِّلَ عَلَيْهِ ٱلْقُرْءَانُ جُمْلَةً وَٰحِدَةً ۚ كَذَٰلِكَ لِنُثَبِّتَ بِهِۦ فُؤَادَكَ ۖ وَرَتَّلْنَـٰهُ تَرْتِيلًا
уак̣алал лаз̃иина кафаруу лаула нуззила `алайхил к̣урану жумлатау уахида каз̃алика линус̃аббита бихи фуадака уаратталнаху тартиила
Тағы кәпірлер: "Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?",-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық
-
25:33
وَلَا يَأْتُونَكَ بِمَثَلٍ إِلَّا جِئْنَـٰكَ بِٱلْحَقِّ وَأَحْسَنَ تَفْسِيرًا
уала йа'туунака бимас̃алин илла жинака билхак̣к̣и уаахсана тафсиира
Олар саған бір мысал келтірсе; әрине саған шындьіқты және көркем түсінікті әкелеміз
-
25:34
ٱلَّذِينَ يُحْشَرُونَ عَلَىٰ وُجُوهِهِمْ إِلَىٰ جَهَنَّمَ أُو۟لَـٰٓئِكَ شَرٌّ مَّكَانًا وَأَضَلُّ سَبِيلًا
аллаз̃иина йухшарууна `ала уужуухихим ила жаханнама уулаика шаррум маканау уаадаллу сабиила
Тозаққа бетімен жер бастырылып жиналатындар; міне солар, орындары жаман, жолдары қаңғырыс болатындар
-
25:35
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَـٰبَ وَجَعَلْنَا مَعَهُۥٓ أَخَاهُ هَـٰرُونَ وَزِيرًا
уалак̣ад атайна муусал китаба уажа`ална ма`аху ахаху харууна уазиира
Рас Мұсаға Кітап беріп, Онымен бірге туысы Һарүнды уәзір қылдық
-
25:36
فَقُلْنَا ٱذْهَبَآ إِلَى ٱلْقَوْمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَـٰتِنَا فَدَمَّرْنَـٰهُمْ تَدْمِيرًا
фак̣улна з̃хаба илал к̣аумил лаз̃иина каз̃з̃абуу биайатина фадаммарнахум тадмиира
Сонда оларға: "Екеуің аяттарьімызды жасынға шығарған елге барыңдар" дедік. Ақыры ол елді мүлде типыл қылдық
-
25:37
وَقَوْمَ نُوحٍ لَّمَّا كَذَّبُوا۟ ٱلرُّسُلَ أَغْرَقْنَـٰهُمْ وَجَعَلْنَـٰهُمْ لِلنَّاسِ ءَايَةً ۖ وَأَعْتَدْنَا لِلظَّـٰلِمِينَ عَذَابًا أَلِيمًا
уак̣аума нуухил ламма каз̃з̃абуур русула аграк̣нахум уажа`алнахум линнаси айатан уаа`тадна лиззалимиина `аз̃абан алиима
Нұх (Ғ.С.) тың елін де пайғамбарларды жасынға шьіғарған кезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақ залымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық
-
25:38
وَعَادًا وَثَمُودَا۟ وَأَصْحَـٰبَ ٱلرَّسِّ وَقُرُونًۢا بَيْنَ ذَٰلِكَ كَثِيرًا
уа`адау уас̃амууда уаасхабар расси уак̣уруунан байна з̃алика кас̃иира
Ғад, Сәмүд және Рес елін; бұлардың арасында көптеген нәсілдерді де
-
25:39
وَكُلًّا ضَرَبْنَا لَهُ ٱلْأَمْثَـٰلَ ۖ وَكُلًّا تَبَّرْنَا تَتْبِيرًا
уакуллан дарабна лахул амс̃ала уакуллан таббарна татбиира
Барлығына да мысалдар берген едік те мүлде жоқ еттік
-
25:40
وَلَقَدْ أَتَوْا۟ عَلَى ٱلْقَرْيَةِ ٱلَّتِىٓ أُمْطِرَتْ مَطَرَ ٱلسَّوْءِ ۚ أَفَلَمْ يَكُونُوا۟ يَرَوْنَهَا ۚ بَلْ كَانُوا۟ لَا يَرْجُونَ نُشُورًا
уалак̣ад атау `алал к̣арйатил латии умтират матарас сау афалам йакуунуу йараунаха бал кануу ла йаржууна нушуура
Расында (Меккеліктер) сондай пәлекет жаңбырға ұшыраған кентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үміт етпейді
-
25:41
وَإِذَا رَأَوْكَ إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَـٰذَا ٱلَّذِى بَعَثَ ٱللَّهُ رَسُولًا
уаиз̃а рааука ий йаттахиз̃уунака илла хузууан ахаз̃ал лаз̃ии ба`ас̃аллаху расуула
(Мұхаммед Ғ.С) Олар сені көрсе-ақ болды: "Алланың жіберген Елшісі осы ма?",- деп тәлкекке алады
-
25:42
إِن كَادَ لَيُضِلُّنَا عَنْ ءَالِهَتِنَا لَوْلَآ أَن صَبَرْنَا عَلَيْهَا ۚ وَسَوْفَ يَعْلَمُونَ حِينَ يَرَوْنَ ٱلْعَذَابَ مَنْ أَضَلُّ سَبِيلًا
ин када лайудиллуна `ан алихатина лаула ан сабарна `алайха уасауфа йа`ламууна хиина йараунал `аз̃аба ман адаллу сабиила
Олар: "Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыра жаздады" дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқаын біледі
-
25:43
أَرَءَيْتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَـٰهَهُۥ هَوَىٰهُ أَفَأَنتَ تَكُونُ عَلَيْهِ وَكِيلًا
араайта манит тахаз̃а илахаху хауаху афаанта такууну `алайхи уакиила
(Мұхаммед Ғ.С.) ойын, тәңір жасап алғанды (ойының құлы болғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба
-
25:44
أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَ ۚ إِنْ هُمْ إِلَّا كَٱلْأَنْعَـٰمِ ۖ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلًا
ам тахсабу анна акс̃арахум йасма`ууна ау йа`к̣илуун ин хум илла калан`ами бал хум адаллу сабиила
Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан
-
25:45
أَلَمْ تَرَ إِلَىٰ رَبِّكَ كَيْفَ مَدَّ ٱلظِّلَّ وَلَوْ شَآءَ لَجَعَلَهُۥ سَاكِنًا ثُمَّ جَعَلْنَا ٱلشَّمْسَ عَلَيْهِ دَلِيلًا
алам тара ила раббика кайфа маддаз зилла уалау шаа лажа`алаху сакинан с̃умма жа`алнаш шамса `алайхи далиила
Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық. (Көлеңке; күннің барлығының дәлелі. Әр нәрсе өзінің терісімен анықталады. Ж.М.Р)
-
25:46
ثُمَّ قَبَضْنَـٰهُ إِلَيْنَا قَبْضًا يَسِيرًا
с̃умма к̣абаднаху илайна к̣абдай йасиира
Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық
-
25:47
وَهُوَ ٱلَّذِى جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيْلَ لِبَاسًا وَٱلنَّوْمَ سُبَاتًا وَجَعَلَ ٱلنَّهَارَ نُشُورًا
уахууал лаз̃ии жа`ала лакумул лайла либасау уаннаума субатау уажа`алан нахара нушуура
Ол сондай Алла, сендерге түнді; киім, ұйқыны; тынығу етіп, күндізді; (кәсіпке) тарқау мезгілі қылды
-
25:48
وَهُوَ ٱلَّذِىٓ أَرْسَلَ ٱلرِّيَـٰحَ بُشْرًۢا بَيْنَ يَدَىْ رَحْمَتِهِۦ ۚ وَأَنزَلْنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً طَهُورًا
уахууал лаз̃ии арсалар рийаха бушран байна йадай рахматих уаанзална минас самаи маан тахуура
Ол сондай Алла; рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып, самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық
-
25:49
لِّنُحْـِۧىَ بِهِۦ بَلْدَةً مَّيْتًا وَنُسْقِيَهُۥ مِمَّا خَلَقْنَآ أَنْعَـٰمًا وَأَنَاسِىَّ كَثِيرًا
линухиийа бихи балдатам майтау уануск̣ийаху мимма халак̣на ан`амау уаанасиййа кас̃иира
Ол арқылы өлі жерді жандандырып, біз жаратқан хайуандар менен көптеген адамдарды суару үшін
-
25:50
وَلَقَدْ صَرَّفْنَـٰهُ بَيْنَهُمْ لِيَذَّكَّرُوا۟ فَأَبَىٰٓ أَكْثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورًا
уалак̣ад саррафнаху байнахум лийаз̃з̃аккаруу фааба акс̃арун наси илла куфуура
Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларына айналдыра жаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді
-
25:51
وَلَوْ شِئْنَا لَبَعَثْنَا فِى كُلِّ قَرْيَةٍ نَّذِيرًا
уалау шина лаба`ас̃на фии кулли к̣арйатин наз̃иира
Егер қаласақ; әр кентке бір ескертуші жіберер едік
-
25:52
فَلَا تُطِعِ ٱلْكَـٰفِرِينَ وَجَـٰهِدْهُم بِهِۦ جِهَادًا كَبِيرًا
фала тути`ил кафириина уажахидхум бихи жихадан кабиира
(Мұхаммед Ғ.С.) енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса
-
25:53
۞ وَهُوَ ٱلَّذِى مَرَجَ ٱلْبَحْرَيْنِ هَـٰذَا عَذْبٌ فُرَاتٌ وَهَـٰذَا مِلْحٌ أُجَاجٌ وَجَعَلَ بَيْنَهُمَا بَرْزَخًا وَحِجْرًا مَّحْجُورًا
уахууал лаз̃ии маражал бахрайни хаз̃а `аз̃бун фуратуу уахаз̃а милхуу ужажуу уажа`ала байнахума барзахау уахижрам махжуура
Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасына (қосылып, араласпайтын) бөгет жасады
-
25:54
وَهُوَ ٱلَّذِى خَلَقَ مِنَ ٱلْمَآءِ بَشَرًا فَجَعَلَهُۥ نَسَبًا وَصِهْرًا ۗ وَكَانَ رَبُّكَ قَدِيرًا
уахууал лаз̃ии халак̣а минал маи башаран фажа`алаху насабау уасихра уакана раббука к̣адиира
Ол сондай Алла, судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті
-
25:55
وَيَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُهُمْ وَلَا يَضُرُّهُمْ ۗ وَكَانَ ٱلْكَافِرُ عَلَىٰ رَبِّهِۦ ظَهِيرًا
уайа`будууна мин дууниллахи ма ла йанфа`ухум уала йадуррухум уаканал кафиру `ала раббихи захиира
Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірдер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді
-
25:56
وَمَآ أَرْسَلْنَـٰكَ إِلَّا مُبَشِّرًا وَنَذِيرًا
уама арсалнака илла мубашширау уаназ̃иира
(Мұхаммед Ғ.С.) негізінде сені қуандырушы, қорқытушы, ғана қылып жібердік
-
25:57
قُلْ مَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ إِلَّا مَن شَآءَ أَن يَتَّخِذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلًا
к̣ул ма асалукум `алайхи мин ажрин илла ман шаа ай йаттахиз̃а ила раббихи сабиила
Оларға: "Бүған сендерден ақы емес, Раббыларыңның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын" де
-
25:58
وَتَوَكَّلْ عَلَى ٱلْحَىِّ ٱلَّذِى لَا يَمُوتُ وَسَبِّحْ بِحَمْدِهِۦ ۚ وَكَفَىٰ بِهِۦ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرًا
уатауаккал `алал хайил лаз̃ии ла йамууту уасаббих бихамдих уакафа бихи биз̃унууби `ибадихи хабиира
Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады
-
25:59
ٱلَّذِى خَلَقَ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا فِى سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ ٱسْتَوَىٰ عَلَى ٱلْعَرْشِ ۚ ٱلرَّحْمَـٰنُ فَسْـَٔلْ بِهِۦ خَبِيرًا
аллаз̃ии халак̣ас самауати уаларда уама байнахума фии ситтати аййамин с̃умма стауа `алал `арш ар рахману фасал бихи хабиира
Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындагыларды алты күнде жаратып сосын ғаршына көтерілді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра
-
25:60
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱسْجُدُوا۟ لِلرَّحْمَـٰنِ قَالُوا۟ وَمَا ٱلرَّحْمَـٰنُ أَنَسْجُدُ لِمَا تَأْمُرُنَا وَزَادَهُمْ نُفُورًا ۩
уаиз̃а к̣иила лахуму сжудуу лиррахмани к̣алуу уамар рахману анасжуду лима та'муруна уазадахум нуфууран
(Сәжде аяты бар.) Оларға: "Рахманға сәжде қылыңдар" делінсе: "Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?",-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды
-
25:61
تَبَارَكَ ٱلَّذِى جَعَلَ فِى ٱلسَّمَآءِ بُرُوجًا وَجَعَلَ فِيهَا سِرَٰجًا وَقَمَرًا مُّنِيرًا
табаракал лаз̃ии жа`ала фиис самаи буруужау уажа`ала фииха сиражау уак̣амарам муниира
Сондай мол игілік иесі Алла, аспандагы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты
-
25:62
وَهُوَ ٱلَّذِى جَعَلَ ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ خِلْفَةً لِّمَنْ أَرَادَ أَن يَذَّكَّرَ أَوْ أَرَادَ شُكُورًا
уахууал лаз̃ии жа`алал лайла уаннахара хилфатал лиман арада ай йаз̃з̃аккара ау арада шукуура
Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды
-
25:63
وَعِبَادُ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى ٱلْأَرْضِ هَوْنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ ٱلْجَـٰهِلُونَ قَالُوا۟ سَلَـٰمًا
уа`ибадур рахманил лаз̃иина йамшууна `алал арди хаунау уаиз̃а хатабахумул жахилууна к̣алуу салама
Рахманың қүлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: "Сәлеметшілік" деп, дұрыс жауап береді
-
25:64
وَٱلَّذِينَ يَبِيتُونَ لِرَبِّهِمْ سُجَّدًا وَقِيَـٰمًا
уаллаз̃иина йабиитууна лираббихим сужжадау уак̣ийама
Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке түрумен өткізеді
-
25:65
وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا ٱصْرِفْ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَ ۖ إِنَّ عَذَابَهَا كَانَ غَرَامًا
уаллаз̃иина йак̣уулууна раббана сриф `анна `аз̃аба жаханнама инна `аз̃абаха кана гарама
Олар: "Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты" дейді
-
25:66
إِنَّهَا سَآءَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا
иннаха саат мустак̣аррау уамук̣ама
Шынында ол; орынның да мекеннің де жаманы
-
25:67
وَٱلَّذِينَ إِذَآ أَنفَقُوا۟ لَمْ يُسْرِفُوا۟ وَلَمْ يَقْتُرُوا۟ وَكَانَ بَيْنَ ذَٰلِكَ قَوَامًا
уаллаз̃иина из̃а анфак̣уу лам йусрифуу уалам йак̣туруу уакана байна з̃алика к̣ауама
Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады
-
25:68
وَٱلَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَـٰهًا ءَاخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ ٱلنَّفْسَ ٱلَّتِى حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ يَلْقَ أَثَامًا
уаллаз̃иина ла йад`ууна ма`аллахи илахан ахара уала йак̣тулуунан нафсал латии харрамаллаху илла билхак̣к̣и уала йазнуун уамай йаф`ал з̃алика йалк̣а ас̃ама
Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады
-
25:69
يُضَـٰعَفْ لَهُ ٱلْعَذَابُ يَوْمَ ٱلْقِيَـٰمَةِ وَيَخْلُدْ فِيهِۦ مُهَانًا
йуда`аф лахул `аз̃абу йаумал к̣ийамати уайахлуд фиихи мухана
Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады
-
25:70
إِلَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ عَمَلًا صَـٰلِحًا فَأُو۟لَـٰٓئِكَ يُبَدِّلُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِهِمْ حَسَنَـٰتٍ ۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورًا رَّحِيمًا
илла ман таба уаамана уа`амила `амалан салихан фауулаика йубаддилуллаху сайиатихим хасанат уаканаллаху гафуурар рахиима
Бірақ кімде-кім тәубе қылса, Сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
-
25:71
وَمَن تَابَ وَعَمِلَ صَـٰلِحًا فَإِنَّهُۥ يَتُوبُ إِلَى ٱللَّهِ مَتَابًا
уаман таба уа`амила салихан фаиннаху йатуубу илаллахи матаба
Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады
-
25:72
وَٱلَّذِينَ لَا يَشْهَدُونَ ٱلزُّورَ وَإِذَا مَرُّوا۟ بِٱللَّغْوِ مَرُّوا۟ كِرَامًا
уаллаз̃иина ла йашхадууназ зуура уаиз̃а марруу биллагуи марруу кирама
Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді
-
25:73
وَٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُوا۟ بِـَٔايَـٰتِ رَبِّهِمْ لَمْ يَخِرُّوا۟ عَلَيْهَا صُمًّا وَعُمْيَانًا
уаллаз̃иина из̃а з̃уккируу биайати раббихим лам йахирруу `алайха суммау уа`умйана
Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы тгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді
-
25:74
وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَٰجِنَا وَذُرِّيَّـٰتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَٱجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا
уаллаз̃иина йак̣уулууна раббана хаб лана мин азуажина уаз̃урриййатина к̣уррата а`йуниу уаж`ална лилмуттак̣иина имама
Олар: "Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, үрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!",- дейді
-
25:75
أُو۟لَـٰٓئِكَ يُجْزَوْنَ ٱلْغُرْفَةَ بِمَا صَبَرُوا۟ وَيُلَقَّوْنَ فِيهَا تَحِيَّةً وَسَلَـٰمًا
уулаика йужзаунал гурфата бима сабаруу уайулак̣к̣ауна фииха тахиййатау уасалама
Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады
-
25:76
خَـٰلِدِينَ فِيهَا ۚ حَسُنَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا
халидиина фииха хасунат мустак̣аррау уамук̣ама
Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын
-
25:77
قُلْ مَا يَعْبَؤُا۟ بِكُمْ رَبِّى لَوْلَا دُعَآؤُكُمْ ۖ فَقَدْ كَذَّبْتُمْ فَسَوْفَ يَكُونُ لِزَامًۢا
к̣ул ма йа`бау бикум раббии лаула ду`аукум фак̣ад каз̃з̃абтум фасауфа йакууну лизама
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар" де
Дереккөздер
- Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
- Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
- Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17