1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Сад сүресі

Сад сүресін қалай жаттауға болады

  • 38-сүре
  • 88 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 453–458 беттері

ص

Сад сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят88 күн
Күніне 3 аят30 күн
Күніне 5 аят18 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Сад сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 38:1

    صٓ ۚ وَٱلْقُرْءَانِ ذِى ٱلذِّكْرِ

    сад уалк̣урани з̃ииз̃ з̃икр

    Сад. Үгіт толы Құранға серт

  2. 38:2

    بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فِى عِزَّةٍ وَشِقَاقٍ

    балил лаз̃иина кафаруу фии `иззатиу уашик̣ак̣

    Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда

  3. 38:3

    كَمْ أَهْلَكْنَا مِن قَبْلِهِم مِّن قَرْنٍ فَنَادَوا۟ وَّلَاتَ حِينَ مَنَاصٍ

    кам ахлакна мин к̣аблихим мин к̣арнин фанадау ууалата хиина манас

    Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді

  4. 38:4

    وَعَجِبُوٓا۟ أَن جَآءَهُم مُّنذِرٌ مِّنْهُمْ ۖ وَقَالَ ٱلْكَـٰفِرُونَ هَـٰذَا سَـٰحِرٌ كَذَّابٌ

    уа`ажибуу ан жаахум мунз̃ирум минхум уак̣алал кафирууна хаз̃а сахирун каз̃з̃аб

    Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: "Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт" деді

  5. 38:5

    أَجَعَلَ ٱلْـَٔالِهَةَ إِلَـٰهًا وَٰحِدًا ۖ إِنَّ هَـٰذَا لَشَىْءٌ عُجَابٌ

    ажа`алал алихата илахау уахидан инна хаз̃а лашайун `ужаб

    Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым таңғажайып нәрсе

  6. 38:6

    وَٱنطَلَقَ ٱلْمَلَأُ مِنْهُمْ أَنِ ٱمْشُوا۟ وَٱصْبِرُوا۟ عَلَىٰٓ ءَالِهَتِكُمْ ۖ إِنَّ هَـٰذَا لَشَىْءٌ يُرَادُ

    уанталак̣ал малау минхум ани мшуу уасбируу `ала алихатикум инна хаз̃а лашайун йурад

    Олардың бастықтары келіп: "Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе

  7. 38:7

    مَا سَمِعْنَا بِهَـٰذَا فِى ٱلْمِلَّةِ ٱلْـَٔاخِرَةِ إِنْ هَـٰذَآ إِلَّا ٱخْتِلَـٰقٌ

    ма сами`на бихаз̃а фиил миллатил ахирати ин хаз̃а илла хтилак̣

    Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол

  8. 38:8

    أَءُنزِلَ عَلَيْهِ ٱلذِّكْرُ مِنۢ بَيْنِنَا ۚ بَلْ هُمْ فِى شَكٍّ مِّن ذِكْرِى ۖ بَل لَّمَّا يَذُوقُوا۟ عَذَابِ

    аунзила `алайхиз̃ з̃икру мин байнина бал хум фии шакким мин з̃икрии бал ламма йаз̃уук̣уу `аз̃аб

    Арамыздан осыға ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті) Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ

  9. 38:9

    أَمْ عِندَهُمْ خَزَآئِنُ رَحْمَةِ رَبِّكَ ٱلْعَزِيزِ ٱلْوَهَّابِ

    ам `индахум хазаину рахмати раббикал `азиизил уаххаб

    (Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңньің мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма

  10. 38:10

    أَمْ لَهُم مُّلْكُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ فَلْيَرْتَقُوا۟ فِى ٱلْأَسْبَـٰبِ

    ам лахум мулкус самауати уаларди уама байнахума фалйартак̣уу фиил асбаб

    Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін

  11. 38:11

    جُندٌ مَّا هُنَالِكَ مَهْزُومٌ مِّنَ ٱلْأَحْزَابِ

    жундум ма хуналика махзуумум минал ахзаб

    (Олар) мұнда соққы жеген рулардан бір қол

  12. 38:12

    كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ وَعَادٌ وَفِرْعَوْنُ ذُو ٱلْأَوْتَادِ

    каз̃з̃абат к̣аблахум к̣ауму нуухиу уа`адуу уафир`ауну з̃уул аутад

    Олардан бұрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Перғауын да жасынға шығарған еді

  13. 38:13

    وَثَمُودُ وَقَوْمُ لُوطٍ وَأَصْحَـٰبُ لْـَٔيْكَةِ ۚ أُو۟لَـٰٓئِكَ ٱلْأَحْزَابُ

    уас̃амууду уак̣ауму луутиу уаасхабул айка уулаикал ахзаб

    Сондай-ақ Сәмұд, Лұт және Әйке халқы да. Міне осы топтар

  14. 38:14

    إِن كُلٌّ إِلَّا كَذَّبَ ٱلرُّسُلَ فَحَقَّ عِقَابِ

    ин куллун илла каз̃з̃абар русула фахак̣к̣а `ик̣аб

    Барлығы да елшілерді жасынға шығарғандықтарынан, азап лайық болды

  15. 38:15

    وَمَا يَنظُرُ هَـٰٓؤُلَآءِ إِلَّا صَيْحَةً وَٰحِدَةً مَّا لَهَا مِن فَوَاقٍ

    уама йанзуру хаулаи илла сайхатау уахидатам ма лаха мин фауак̣

    Ал енді бұлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді

  16. 38:16

    وَقَالُوا۟ رَبَّنَا عَجِّل لَّنَا قِطَّنَا قَبْلَ يَوْمِ ٱلْحِسَابِ

    уак̣алуу раббана `ажжил лана к̣иттана к̣абла йаумил хисаб

    Олар: "Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет" десті

  17. 38:17

    ٱصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَٱذْكُرْ عَبْدَنَا دَاوُۥدَ ذَا ٱلْأَيْدِ ۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ

    исбир `ала ма йак̣уулууна уаз̃кур `абдана даууда з̃ал айди иннаху аууаб

    (Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы

  18. 38:18

    إِنَّا سَخَّرْنَا ٱلْجِبَالَ مَعَهُۥ يُسَبِّحْنَ بِٱلْعَشِىِّ وَٱلْإِشْرَاقِ

    инна саххарнал жибала ма`аху йусаббихна бил`ашийи уалишрак̣

    Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (С. 79-А)

  19. 38:19

    وَٱلطَّيْرَ مَحْشُورَةً ۖ كُلٌّ لَّهُۥٓ أَوَّابٌ

    уаттайра махшууратан куллул лаху аууаб

    Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптуші еді

  20. 38:20

    وَشَدَدْنَا مُلْكَهُۥ وَءَاتَيْنَـٰهُ ٱلْحِكْمَةَ وَفَصْلَ ٱلْخِطَابِ

    уашададна мулкаху уаатайнахул хикмата уафаслал хитаб

    Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік

  21. 38:21

    ۞ وَهَلْ أَتَىٰكَ نَبَؤُا۟ ٱلْخَصْمِ إِذْ تَسَوَّرُوا۟ ٱلْمِحْرَابَ

    уахал атака набаул хасми из̃ тасаууаруул михраб

    Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді

  22. 38:22

    إِذْ دَخَلُوا۟ عَلَىٰ دَاوُۥدَ فَفَزِعَ مِنْهُمْ ۖ قَالُوا۟ لَا تَخَفْ ۖ خَصْمَانِ بَغَىٰ بَعْضُنَا عَلَىٰ بَعْضٍ فَٱحْكُم بَيْنَنَا بِٱلْحَقِّ وَلَا تُشْطِطْ وَٱهْدِنَآ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلصِّرَٰطِ

    из̃ дахалуу `ала даууда фафази`а минхум к̣алуу ла тахаф хасмани бага ба`дуна `ала ба`дин фахкум байнана билхак̣к̣и уала туштит уахдина ила сауаис сират

    Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: "Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал" деді

  23. 38:23

    إِنَّ هَـٰذَآ أَخِى لَهُۥ تِسْعٌ وَتِسْعُونَ نَعْجَةً وَلِىَ نَعْجَةٌ وَٰحِدَةٌ فَقَالَ أَكْفِلْنِيهَا وَعَزَّنِى فِى ٱلْخِطَابِ

    инна хаз̃а ахии лаху тис`уу уатис`ууна на`жатау уалийа на`жатуу уахидатун фак̣ала акфилнииха уа`аззании фиил хитаб

    Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, "Оны маған тапсыр" деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді

  24. 38:24

    قَالَ لَقَدْ ظَلَمَكَ بِسُؤَالِ نَعْجَتِكَ إِلَىٰ نِعَاجِهِۦ ۖ وَإِنَّ كَثِيرًا مِّنَ ٱلْخُلَطَآءِ لَيَبْغِى بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَقَلِيلٌ مَّا هُمْ ۗ وَظَنَّ دَاوُۥدُ أَنَّمَا فَتَنَّـٰهُ فَٱسْتَغْفَرَ رَبَّهُۥ وَخَرَّ رَاكِعًا وَأَنَابَ ۩

    к̣ала лак̣ад заламака бисуали на`жатика ила ни`ажихи уаинна кас̃иирам минал хулатаи лайабгии ба`духум `ала ба`дин иллал лаз̃иина амануу уа`амилуус салихати уак̣алиилум ма хум уазанна даууду аннама фатаннаху фастагфара раббаху уахарра раки`ау уаанаба

    Дәуіт (Ғ.С.): "Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай" деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды

  25. 38:25

    فَغَفَرْنَا لَهُۥ ذَٰلِكَ ۖ وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلْفَىٰ وَحُسْنَ مَـَٔابٍ

    фагафарна лаху з̃алика уаинна лаху `индана лазулфа уахусна мааб

    Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындыгы, көркем келешегі бар. (Бұл дауа мәселесі, мысал үшін келтірілген. Б.М.К.Х)

  26. 38:26

    يَـٰدَاوُۥدُ إِنَّا جَعَلْنَـٰكَ خَلِيفَةً فِى ٱلْأَرْضِ فَٱحْكُم بَيْنَ ٱلنَّاسِ بِٱلْحَقِّ وَلَا تَتَّبِعِ ٱلْهَوَىٰ فَيُضِلَّكَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ ۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَضِلُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌۢ بِمَا نَسُوا۟ يَوْمَ ٱلْحِسَابِ

    йа даууду инна жа`алнака халиифатан фиил арди фахкум байнан наси билхак̣к̣и уала таттаби`ил хауа файудиллака `ан сабиилиллах иннал лаз̃иина йадиллууна `ан сабиилиллахи лахум `аз̃абун шадиидун бима насуу йаумал хисаб

    Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына хақиқатпен ткім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар

  27. 38:27

    وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَآءَ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا بَـٰطِلًا ۚ ذَٰلِكَ ظَنُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ۚ فَوَيْلٌ لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنَ ٱلنَّارِ

    уама халак̣нас самаа уаларда уама байнахума батила з̃алика заннул лаз̃иина кафару фауайлул лиллаз̃иина кафаруу минан нар

    Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жартпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш

  28. 38:28

    أَمْ نَجْعَلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ كَٱلْمُفْسِدِينَ فِى ٱلْأَرْضِ أَمْ نَجْعَلُ ٱلْمُتَّقِينَ كَٱلْفُجَّارِ

    ам наж`алул лаз̃иина амануу уа`амилуус салихати калмуфсидиина фиил арди ам наж`алул муттак̣иина калфужжар

    Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба

  29. 38:29

    كِتَـٰبٌ أَنزَلْنَـٰهُ إِلَيْكَ مُبَـٰرَكٌ لِّيَدَّبَّرُوٓا۟ ءَايَـٰتِهِۦ وَلِيَتَذَكَّرَ أُو۟لُوا۟ ٱلْأَلْبَـٰبِ

    китабун анзалнаху илайка мубаракул лийаддаббаруу айатихи уалийатаз̃аккара уулуул албаб

    (Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын

  30. 38:30

    وَوَهَبْنَا لِدَاوُۥدَ سُلَيْمَـٰنَ ۚ نِعْمَ ٱلْعَبْدُ ۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ

    уауахабна лидаууда сулайман ни`мал `абду иннаху аууаб

    Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты

  31. 38:31

    إِذْ عُرِضَ عَلَيْهِ بِٱلْعَشِىِّ ٱلصَّـٰفِنَـٰتُ ٱلْجِيَادُ

    из̃ `урида `алайхи бил`ашийис сафинатул жийад

    Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлік жүйріктер келтірілді

  32. 38:32

    فَقَالَ إِنِّىٓ أَحْبَبْتُ حُبَّ ٱلْخَيْرِ عَن ذِكْرِ رَبِّى حَتَّىٰ تَوَارَتْ بِٱلْحِجَابِ

    фак̣ала иннии ахбабту хуббал хайри `ан з̃икри раббии хатта тауарат билхижаб

    Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін" деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте

  33. 38:33

    رُدُّوهَا عَلَىَّ ۖ فَطَفِقَ مَسْحًۢا بِٱلسُّوقِ وَٱلْأَعْنَاقِ

    руддууха `алаййа фатафик̣а масхан биссуук̣и уала`нак̣

    Оны маған қайтарып әкеліңдер" (деп,) сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. (Құран Кәрим түрікше ұғымы, Диянат істері Түркия Құран ұгымы. Т-Қ.Пакістан)

  34. 38:34

    وَلَقَدْ فَتَنَّا سُلَيْمَـٰنَ وَأَلْقَيْنَا عَلَىٰ كُرْسِيِّهِۦ جَسَدًا ثُمَّ أَنَابَ

    уалак̣ад фатанна сулаймана уаалк̣айна `ала курсийихи жасадан с̃умма анаб

    Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. (Б.Ж.М.А.) Сосын ол, тәубе қылды

  35. 38:35

    قَالَ رَبِّ ٱغْفِرْ لِى وَهَبْ لِى مُلْكًا لَّا يَنۢبَغِى لِأَحَدٍ مِّنۢ بَعْدِىٓ ۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْوَهَّابُ

    к̣ала рабби гфир лии уахаб лии мулкал ла йанбагии лиахадим мин ба`дии иннака антал уаххаб

    Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың" деді

  36. 38:36

    فَسَخَّرْنَا لَهُ ٱلرِّيحَ تَجْرِى بِأَمْرِهِۦ رُخَآءً حَيْثُ أَصَابَ

    фасаххарна лахур рииха тажрии биамрихи рухаан хайс̃у асаб

    Сондықтан қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық

  37. 38:37

    وَٱلشَّيَـٰطِينَ كُلَّ بَنَّآءٍ وَغَوَّاصٍ

    уашшайатиина кулла баннаиу уагаууас

    Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандарды бағындырдық. (С. 82-А)

  38. 38:38

    وَءَاخَرِينَ مُقَرَّنِينَ فِى ٱلْأَصْفَادِ

    уаахариина мук̣арраниина фиил асфад

    Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді

  39. 38:39

    هَـٰذَا عَطَآؤُنَا فَٱمْنُنْ أَوْ أَمْسِكْ بِغَيْرِ حِسَابٍ

    хаз̃а `атауна фамнун ау амсик бигайри хисаб

    Бұл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей ұстап тұр, есеп емес. (Ерк өзіңде.)",-(дедік)

  40. 38:40

    وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلْفَىٰ وَحُسْنَ مَـَٔابٍ

    уаинна лаху `индана лазулфа уахусна мааб

    Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркеи келешегі бар

  41. 38:41

    وَٱذْكُرْ عَبْدَنَآ أَيُّوبَ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُۥٓ أَنِّى مَسَّنِىَ ٱلشَّيْطَـٰنُ بِنُصْبٍ وَعَذَابٍ

    уаз̃кур `абдана аййууба из̃ нада раббаху аннии массанийаш шайтану бинусбиу уа`аз̃аб

    (Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Әйүп (Ғ.С.) гі есіңе ал. сол уақьітта Раббына: "Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты" деп жалбарынды

  42. 38:42

    ٱرْكُضْ بِرِجْلِكَ ۖ هَـٰذَا مُغْتَسَلٌۢ بَارِدٌ وَشَرَابٌ

    уркуд бирижлика хаз̃а мугтасалун баридуу уашараб

    Оған: "Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын әрі ішетін суық су" (дедік)

  43. 38:43

    وَوَهَبْنَا لَهُۥٓ أَهْلَهُۥ وَمِثْلَهُم مَّعَهُمْ رَحْمَةً مِّنَّا وَذِكْرَىٰ لِأُو۟لِى ٱلْأَلْبَـٰبِ

    уауахабна лаху ахлаху уамис̃лахум ма`ахум рахматам минна уаз̃икра лиуулиил албаб

    (Әйүп Ғ.С. қолынан бала-шага, мал-мүлкі кетіп, құрт ауруға ұшыраса да қабақ шытпай сабырмен құлшылық қыла бергендіктөн, Алланың мәрхаметімен сақайып бұрынғыдан да артық халге келеді. Б.М.К.Р.) Бізден бір мәрхамет сондай-ақ ақыл иелеріне бір үгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есе артығымен бердік. (Әйтп Ғ.С. әйеліне кейіп, жазылсам, жүз дүре соғамын деп ант етеді. Б.Ж.М.Р)

  44. 38:44

    وَخُذْ بِيَدِكَ ضِغْثًا فَٱضْرِب بِّهِۦ وَلَا تَحْنَثْ ۗ إِنَّا وَجَدْنَـٰهُ صَابِرًا ۚ نِّعْمَ ٱلْعَبْدُ ۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ

    уахуз̃ бийадика дигс̃ан фадриб ббихи уала тахнас̃ инна уажаднаху сабира нни`мал `абду иннаху аууаб

    Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!" Шынында оны сабырлы көрдік. Ол недеген жақсы құл. Өйткені ол, өте бойсұнушы

  45. 38:45

    وَٱذْكُرْ عِبَـٰدَنَآ إِبْرَٰهِيمَ وَإِسْحَـٰقَ وَيَعْقُوبَ أُو۟لِى ٱلْأَيْدِى وَٱلْأَبْصَـٰرِ

    уаз̃кур `ибадана ибрахиима уаисхак̣а уайа`к̣ууба уулиил айдии уалабсар

    (Мұхаммед Г.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқүп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді

  46. 38:46

    إِنَّآ أَخْلَصْنَـٰهُم بِخَالِصَةٍ ذِكْرَى ٱلدَّارِ

    инна ахласнахум бихалисатин з̃икрад дар

    Расында Біз оларды нағыз ахиретті еске алуға арнадық

  47. 38:47

    وَإِنَّهُمْ عِندَنَا لَمِنَ ٱلْمُصْطَفَيْنَ ٱلْأَخْيَارِ

    уаиннахум `индана ламинал мустафайнал ахйар

    Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан

  48. 38:48

    وَٱذْكُرْ إِسْمَـٰعِيلَ وَٱلْيَسَعَ وَذَا ٱلْكِفْلِ ۖ وَكُلٌّ مِّنَ ٱلْأَخْيَارِ

    уаз̃кур исма`иила уалйаса`а уаз̃ал кифли уакуллум минал ахйар

    (Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Іляс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді

  49. 38:49

    هَـٰذَا ذِكْرٌ ۚ وَإِنَّ لِلْمُتَّقِينَ لَحُسْنَ مَـَٔابٍ

    хаз̃а з̃икр уаинна лилмуттак̣иина лахусна мааб

    Бұл бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркем келешек бар

  50. 38:50

    جَنَّـٰتِ عَدْنٍ مُّفَتَّحَةً لَّهُمُ ٱلْأَبْوَٰبُ

    жаннати `адним муфаттахатал лахумул абуаб

    Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар

  51. 38:51

    مُتَّكِـِٔينَ فِيهَا يَدْعُونَ فِيهَا بِفَـٰكِهَةٍ كَثِيرَةٍ وَشَرَابٍ

    муттакиина фииха йад`ууна фииха бифакихатин кас̃ииратиу уашараб

    Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді

  52. 38:52

    ۞ وَعِندَهُمْ قَـٰصِرَٰتُ ٱلطَّرْفِ أَتْرَابٌ

    уа`индахум к̣асиратут тарфи атраб

    Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар

  53. 38:53

    هَـٰذَا مَا تُوعَدُونَ لِيَوْمِ ٱلْحِسَابِ

    хаз̃а ма туу`адууна лийаумил хисаб

    Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы

  54. 38:54

    إِنَّ هَـٰذَا لَرِزْقُنَا مَا لَهُۥ مِن نَّفَادٍ

    инна хаз̃а ларизк̣уна ма лаху мин нафад

    Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы

  55. 38:55

    هَـٰذَا ۚ وَإِنَّ لِلطَّـٰغِينَ لَشَرَّ مَـَٔابٍ

    хаз̃а уаинна литтагиина лашарра мааб

    Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар

  56. 38:56

    جَهَنَّمَ يَصْلَوْنَهَا فَبِئْسَ ٱلْمِهَادُ

    жаханнама йаслаунаха фабисал михад

    Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын

  57. 38:57

    هَـٰذَا فَلْيَذُوقُوهُ حَمِيمٌ وَغَسَّاقٌ

    хаз̃а фалйаз̃уук̣ууху хамиимуу уагассак̣

    Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын

  58. 38:58

    وَءَاخَرُ مِن شَكْلِهِۦٓ أَزْوَٰجٌ

    уаахару мин шаклихи азуаж

    Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлісі бар

  59. 38:59

    هَـٰذَا فَوْجٌ مُّقْتَحِمٌ مَّعَكُمْ ۖ لَا مَرْحَبًۢا بِهِمْ ۚ إِنَّهُمْ صَالُوا۟ ٱلنَّارِ

    хаз̃а фаужум мук̣тахимум ма`акум ла мархабан бихим иннахум салуун нар

    (Қылмыстылардың бастықтарына): "Мына топ, сендермен бірге тозаққа кірушілер" (делінеді. Олар): "Оларға жақсылық жоқ. Олар тозаққа кіреді" (дейді)

  60. 38:60

    قَالُوا۟ بَلْ أَنتُمْ لَا مَرْحَبًۢا بِكُمْ ۖ أَنتُمْ قَدَّمْتُمُوهُ لَنَا ۖ فَبِئْسَ ٱلْقَرَارُ

    к̣алуу бал антум ла мархабан бикум антум к̣аддамтумууху лана фабисал к̣арар

    Олар: "Олай емес, сендерге жақсылық болмасын! Бұны бізге сендер келтірдіңдер. Нендей жаман орын" (дер)

  61. 38:61

    قَالُوا۟ رَبَّنَا مَن قَدَّمَ لَنَا هَـٰذَا فَزِدْهُ عَذَابًا ضِعْفًا فِى ٱلنَّارِ

    к̣алуу раббана ман к̣аддама лана хаз̃а фазидху `аз̃абан ди`фан фиин нар

    Олар: "Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оның тозақтағы азабын неше есе арттыра түс!",- дейді

  62. 38:62

    وَقَالُوا۟ مَا لَنَا لَا نَرَىٰ رِجَالًا كُنَّا نَعُدُّهُم مِّنَ ٱلْأَشْرَارِ

    уак̣алуу ма лана ла нара рижалан кунна на`уддухум минал ашрар

    Олар: "Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адамдарды көрмейміз ғой" деседі

  63. 38:63

    أَتَّخَذْنَـٰهُمْ سِخْرِيًّا أَمْ زَاغَتْ عَنْهُمُ ٱلْأَبْصَـٰرُ

    аттахаз̃нахум сихриййан ам загат `анхумул абсар

    Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізге түспей ме

  64. 38:64

    إِنَّ ذَٰلِكَ لَحَقٌّ تَخَاصُمُ أَهْلِ ٱلنَّارِ

    инна з̃алика лахак̣к̣ун тахасуму ахлин нар

    Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары бір шындық

  65. 38:65

    قُلْ إِنَّمَآ أَنَا۠ مُنذِرٌ ۖ وَمَا مِنْ إِلَـٰهٍ إِلَّا ٱللَّهُ ٱلْوَٰحِدُ ٱلْقَهَّارُ

    к̣ул иннама ана мунз̃ирун уама мин илахин иллаллахул уахидул к̣аххар

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде мен бір ескертуші ғанамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" де

  66. 38:66

    رَبُّ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ٱلْعَزِيزُ ٱلْغَفَّـٰرُ

    раббус самауати уаларди уама байнахумал `азиизул гаффар

    Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы

  67. 38:67

    قُلْ هُوَ نَبَؤٌا۟ عَظِيمٌ

    к̣ул хууа набааун `азиим

    Бұл бір ірі хабар" де

  68. 38:68

    أَنتُمْ عَنْهُ مُعْرِضُونَ

    антум `анху му`ридуун

    Сендер Одан бет бұрсаңдар

  69. 38:69

    مَا كَانَ لِىَ مِنْ عِلْمٍۭ بِٱلْمَلَإِ ٱلْأَعْلَىٰٓ إِذْ يَخْتَصِمُونَ

    ма кана лийа мин `илмин билмалаил а`ла из̃ йахтасимуун

    Жоғары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді

  70. 38:70

    إِن يُوحَىٰٓ إِلَىَّ إِلَّآ أَنَّمَآ أَنَا۠ نَذِيرٌ مُّبِينٌ

    ий йууха илаййа илла аннама ана наз̃иирум мубиин

    Шын мәнінде ашық бір ескертуші болғандығынан ғана маған уахи етілуде" (де)

  71. 38:71

    إِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَـٰٓئِكَةِ إِنِّى خَـٰلِقٌۢ بَشَرًا مِّن طِينٍ

    из̃ к̣ала раббука лилмалаикати иннии халик̣ун башарам мин тиин

    Сол уақытта Раббың, періштелерге: "Мен балшықтан бір адам жаратамын" деген

  72. 38:72

    فَإِذَا سَوَّيْتُهُۥ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِن رُّوحِى فَقَعُوا۟ لَهُۥ سَـٰجِدِينَ

    фаиз̃а саууайтуху уанафахту фиихи мир руухии фак̣а`уу лаху сажидиин

    Қашан оны жасап, оған рұхымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар" (делінді)

  73. 38:73

    فَسَجَدَ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ

    фасажадал малаикату куллухум ажма`уун

    Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды

  74. 38:74

    إِلَّآ إِبْلِيسَ ٱسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلْكَـٰفِرِينَ

    илла иблииса стакбара уакана минал кафириин

    Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды

  75. 38:75

    قَالَ يَـٰٓإِبْلِيسُ مَا مَنَعَكَ أَن تَسْجُدَ لِمَا خَلَقْتُ بِيَدَىَّ ۖ أَسْتَكْبَرْتَ أَمْ كُنتَ مِنَ ٱلْعَالِينَ

    к̣ала йа иблиису ма мана`ака ан тасжуда лима халак̣ту бийадаййа астакбарта ам кунта минал `алиин

    (Алла Т.): "Әй Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?",- деді

  76. 38:76

    قَالَ أَنَا۠ خَيْرٌ مِّنْهُ ۖ خَلَقْتَنِى مِن نَّارٍ وَخَلَقْتَهُۥ مِن طِينٍ

    к̣ала ана хайрум минху халак̣тании мин нариу уахалак̣таху мин тиин

    Ол: "Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да оны топырақтан жараттың" деді

  77. 38:77

    قَالَ فَٱخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٌ

    к̣ала фахруж минха фаиннака ражиим

    (Алла Т.): "Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сен рахметімнен қуылдың" деді

  78. 38:78

    وَإِنَّ عَلَيْكَ لَعْنَتِىٓ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلدِّينِ

    уаинна `алайка ла`натии ила йаумид диин

    Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын

  79. 38:79

    قَالَ رَبِّ فَأَنظِرْنِىٓ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ

    к̣ала рабби фаанзирнии ила йауми йуб`ас̃уун

    Ол: "Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мұрса бер" деді

  80. 38:80

    قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ ٱلْمُنظَرِينَ

    к̣ала фаиннака минал мунзариин

    (Алла Т.): "Рас сен мұрса берілгендерденсің

  81. 38:81

    إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْوَقْتِ ٱلْمَعْلُومِ

    ила йаумил уак̣тил ма`луум

    Белгілі бір күнге дейін

  82. 38:82

    قَالَ فَبِعِزَّتِكَ لَأُغْوِيَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ

    к̣ала фаби`иззатика лаугуийаннахум ажма`иин

    Ол: "Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығын аздырамын" деді

  83. 38:83

    إِلَّا عِبَادَكَ مِنْهُمُ ٱلْمُخْلَصِينَ

    илла `ибадака минхумул мухласиин

    Бірақ олардан ықыласты құлдарың ғана қалады

  84. 38:84

    قَالَ فَٱلْحَقُّ وَٱلْحَقَّ أَقُولُ

    к̣ала фалхак̣к̣у уалхак̣к̣а ак̣уул

    (Алла Т.): "Хақиқат осы. Мен хақиқатты айтамын

  85. 38:85

    لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنكَ وَمِمَّن تَبِعَكَ مِنْهُمْ أَجْمَعِينَ

    лаамлаанна жаханнама минка уамимман таби`ака минхум ажма`иин

    Әлбетте тозақты сеніменен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын

  86. 38:86

    قُلْ مَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلْمُتَكَلِّفِينَ

    к̣ул ма асалукум `алайхи мин ажриу уама ана минал мутакаллифиин

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін" де

  87. 38:87

    إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ لِّلْعَـٰلَمِينَ

    ин хууа илла з̃икрул лил`аламиин

    Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат

  88. 38:88

    وَلَتَعْلَمُنَّ نَبَأَهُۥ بَعْدَ حِينٍۭ

    уалата`ламунна набааху ба`да хиин

    Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.