1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Рум сүресі

Рум сүресін қалай жаттауға болады

«Румдықтар»

  • 30-сүре
  • 60 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 404–410 беттері

الروم

Рум сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят60 күн
Күніне 3 аят20 күн
Күніне 5 аят12 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Рум сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 30:1

    الٓمٓ

    алиф лам мим

    Әлйф. Ләм. Мим

  2. 30:2

    غُلِبَتِ ٱلرُّومُ

    гулибатир руум

    Рұм жеңілді

  3. 30:3

    فِىٓ أَدْنَى ٱلْأَرْضِ وَهُم مِّنۢ بَعْدِ غَلَبِهِمْ سَيَغْلِبُونَ

    фии аднал арди уахум мин ба`ди галабихим сайаглибуун

    Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады

  4. 30:4

    فِى بِضْعِ سِنِينَ ۗ لِلَّهِ ٱلْأَمْرُ مِن قَبْلُ وَمِنۢ بَعْدُ ۚ وَيَوْمَئِذٍ يَفْرَحُ ٱلْمُؤْمِنُونَ

    фии бид`и синиин лиллахил амру мин к̣аблу уамин ба`д уайаумаиз̃ий йафрахул му'минуун

    Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрын да кейін де Алланың еркінде. Сол күні мүміндер де қош болады. (Сол күндерде Мұсылмандар Бәдірде жеңіске ие болады)

  5. 30:5

    بِنَصْرِ ٱللَّهِ ۚ يَنصُرُ مَن يَشَآءُ ۖ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

    бинасриллах йансуру май йашау уахууал `азиизур рахиим

    Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қаласа, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейірімді

  6. 30:6

    وَعْدَ ٱللَّهِ ۖ لَا يُخْلِفُ ٱللَّهُ وَعْدَهُۥ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

    уа`даллахи ла йухлифуллаху уа`даху уалакинна акс̃аран наси ла йа`ламуун

    Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді

  7. 30:7

    يَعْلَمُونَ ظَـٰهِرًا مِّنَ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَهُمْ عَنِ ٱلْـَٔاخِرَةِ هُمْ غَـٰفِلُونَ

    йа`ламууна захирам минал хайатид дунйа уахум `анил ахирати хум гафилуун

    Олар Дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ахиреттен кәперсіз

  8. 30:8

    أَوَلَمْ يَتَفَكَّرُوا۟ فِىٓ أَنفُسِهِم ۗ مَّا خَلَقَ ٱللَّهُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَآ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَأَجَلٍ مُّسَمًّى ۗ وَإِنَّ كَثِيرًا مِّنَ ٱلنَّاسِ بِلِقَآئِ رَبِّهِمْ لَكَـٰفِرُونَ

    ауалам йатафаккаруу фии анфусихим мма халак̣аллахус самауати уаларда уама байнахума илла билхак̣к̣и уаажалим мусамма уаинна кас̃иирам минан наси билик̣аи раббихим лакафируун

    Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді

  9. 30:9

    أَوَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۚ كَانُوٓا۟ أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةً وَأَثَارُوا۟ ٱلْأَرْضَ وَعَمَرُوهَآ أَكْثَرَ مِمَّا عَمَرُوهَا وَجَآءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِٱلْبَيِّنَـٰتِ ۖ فَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيَظْلِمَهُمْ وَلَـٰكِن كَانُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ

    ауалам йасиируу фиил арди файанзуруу кайфа кана `ак̣ибатул лаз̃иина мин к̣аблихим кануу ашадда минхум к̣ууатау уаас̃аруул арда уа`амарууха акс̃ара мимма `амарууха уажаатхум русулухум билбайинати фама каналлаху лийазлимахум уалакин кануу анфусахум йазлимуун

    Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ие? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті

  10. 30:10

    ثُمَّ كَانَ عَـٰقِبَةَ ٱلَّذِينَ أَسَـٰٓـُٔوا۟ ٱلسُّوٓأَىٰٓ أَن كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَـٰتِ ٱللَّهِ وَكَانُوا۟ بِهَا يَسْتَهْزِءُونَ

    с̃умма кана `ак̣ибатал лаз̃иина асауус сууа ан каз̃з̃абуу биайатиллахи уакануу биха йастахзиуун

    Сосын жамандық істегендердің соңы; Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылғандықтары үшін жаман болды

  11. 30:11

    ٱللَّهُ يَبْدَؤُا۟ ٱلْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

    аллаху йабдаул халк̣а с̃умма йу`иидуху с̃умма илайхи туржа`уун

    Алла (Т.) баста жаратады да сосын қайтаратын да өзі. Және Ол жаққа қайтарыласыңдар

  12. 30:12

    وَيَوْمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يُبْلِسُ ٱلْمُجْرِمُونَ

    уайаума так̣уумус са`ату йублисул мужримуун

    Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді

  13. 30:13

    وَلَمْ يَكُن لَّهُم مِّن شُرَكَآئِهِمْ شُفَعَـٰٓؤُا۟ وَكَانُوا۟ بِشُرَكَآئِهِمْ كَـٰفِرِينَ

    уалам йакул лахум мин шуракаихим шуфа`ау уакануу бишуракаихим кафириин

    Оларға, Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмайды да өздері ортақтарына қарсы шығады

  14. 30:14

    وَيَوْمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يَوْمَئِذٍ يَتَفَرَّقُونَ

    уайаума так̣уумус са`ату йаумаиз̃ий йатафаррак̣уун

    Қиямет-қайым болған күні, сол күні; (Кәпір, Мүсылман) айрылады. (С. 59-А)

  15. 30:15

    فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ فَهُمْ فِى رَوْضَةٍ يُحْبَرُونَ

    фааммал лаз̃иина амануу уа`амилуус салихати фахум фии раудатий йухбаруун

    Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады

  16. 30:16

    وَأَمَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَكَذَّبُوا۟ بِـَٔايَـٰتِنَا وَلِقَآئِ ٱلْـَٔاخِرَةِ فَأُو۟لَـٰٓئِكَ فِى ٱلْعَذَابِ مُحْضَرُونَ

    уааммал лаз̃иина кафаруу уаказ̃з̃абуу биайатина уалик̣аил ахирати фауулаика фиил `аз̃аби мухдаруун

    Ал енді сондай қарсы келіп, ахиретте Маған жолығуды жасынға шығарғандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады

  17. 30:17

    فَسُبْحَـٰنَ ٱللَّهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ

    фасубханаллахи хиина тумсууна уахиина тусбихуун

    Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. (Түнгі, таңғы намаз)

  18. 30:18

    وَلَهُ ٱلْحَمْدُ فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ تُظْهِرُونَ

    уалахул хамду фиис самауати уаларди уа`ашиййау уахиина тузхируун

    Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық. (Түскі, кешкі намаздар)

  19. 30:19

    يُخْرِجُ ٱلْحَىَّ مِنَ ٱلْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ ٱلْمَيِّتَ مِنَ ٱلْحَىِّ وَيُحْىِ ٱلْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ وَكَذَٰلِكَ تُخْرَجُونَ

    йухрижул хаййа минал майити уайухрижул майита минал хайи уайухиил арда ба`да маутиха уаказ̃алика тухражуун

    Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабырдан) шығарыласыңцар

  20. 30:20

    وَمِنْ ءَايَـٰتِهِۦٓ أَنْ خَلَقَكُم مِّن تُرَابٍ ثُمَّ إِذَآ أَنتُم بَشَرٌ تَنتَشِرُونَ

    уамин айатихи ан халак̣акум мин турабин с̃умма из̃а антум башарун танташируун

    Оның белгілерінен бірі; сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, тарқаласыңдар. (Өсіп, өнесіңдер)

  21. 30:21

    وَمِنْ ءَايَـٰتِهِۦٓ أَنْ خَلَقَ لَكُم مِّنْ أَنفُسِكُمْ أَزْوَٰجًا لِّتَسْكُنُوٓا۟ إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُم مَّوَدَّةً وَرَحْمَةً ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ

    уамин айатихи ан халак̣а лакум мин анфусикум азуажал литаскунуу илайха уажа`ала байнакум мауаддатау уарахма инна фии з̃алика лаайатил лик̣аумий йатафаккаруун

    Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сұйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар

  22. 30:22

    وَمِنْ ءَايَـٰتِهِۦ خَلْقُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَٱخْتِلَـٰفُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَٰنِكُمْ ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّلْعَـٰلِمِينَ

    уамин айатихи халк̣ус самауати уаларди уахтилафу алсинатикум уаалуаникум инна фии з̃алика лаайатил лил`алимиин

    Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар

  23. 30:23

    وَمِنْ ءَايَـٰتِهِۦ مَنَامُكُم بِٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ وَٱبْتِغَآؤُكُم مِّن فَضْلِهِۦٓ ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّقَوْمٍ يَسْمَعُونَ

    уамин айатихи манамукум биллайли уаннахари уабтигаукум мин фадлих инна фии з̃алика лаайатил лик̣аумий йасма`уун

    Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерін де, Оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар

  24. 30:24

    وَمِنْ ءَايَـٰتِهِۦ يُرِيكُمُ ٱلْبَرْقَ خَوْفًا وَطَمَعًا وَيُنَزِّلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَيُحْىِۦ بِهِ ٱلْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَآ ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّقَوْمٍ يَعْقِلُونَ

    уамин айатихи йуриикумул барк̣а хауфау уатама`ау уайуназзилу минас самаи маан файухии бихил арда ба`да маутиха инна фии з̃алика лаайатил лик̣аумий йа`к̣илуун

    Сендерге үрейлену, дәмету түрінде нажағайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудырып онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да Оның белгілерінен. Рас бұлар да ақыл жұмсаған халыққа үлгілер бар

  25. 30:25

    وَمِنْ ءَايَـٰتِهِۦٓ أَن تَقُومَ ٱلسَّمَآءُ وَٱلْأَرْضُ بِأَمْرِهِۦ ۚ ثُمَّ إِذَا دَعَاكُمْ دَعْوَةً مِّنَ ٱلْأَرْضِ إِذَآ أَنتُمْ تَخْرُجُونَ

    уамин айатихи ан так̣уумас самау уаларду биамрих с̃умма из̃а да`акум да`уатам минал арди из̃а антум тахружуун

    Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте, дереу сендер шыға келесіңдер

  26. 30:26

    وَلَهُۥ مَن فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ۖ كُلٌّ لَّهُۥ قَـٰنِتُونَ

    уалаху ман фиис самауати уаларди куллул лаху к̣анитуун

    Көктер мен жердегі әркім Онікі. Тұтас Оған бой ұсынады

  27. 30:27

    وَهُوَ ٱلَّذِى يَبْدَؤُا۟ ٱلْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ وَهُوَ أَهْوَنُ عَلَيْهِ ۚ وَلَهُ ٱلْمَثَلُ ٱلْأَعْلَىٰ فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ۚ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ

    уахууал лаз̃ии йабдаул халк̣а с̃умма йу`иидуху уахууа ахуану `алайх уалахул мас̃алул а`ла фиис самауати уалард уахууал `азиизул хакиим

    Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. БҰЛ Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі

  28. 30:28

    ضَرَبَ لَكُم مَّثَلًا مِّنْ أَنفُسِكُمْ ۖ هَل لَّكُم مِّن مَّا مَلَكَتْ أَيْمَـٰنُكُم مِّن شُرَكَآءَ فِى مَا رَزَقْنَـٰكُمْ فَأَنتُمْ فِيهِ سَوَآءٌ تَخَافُونَهُمْ كَخِيفَتِكُمْ أَنفُسَكُمْ ۚ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلْـَٔايَـٰتِ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ

    дараба лакум мас̃алам мин анфусикум хал лакум мим ма малакат айманукум мин шуракаа фии ма разак̣накум фаантум фиихи сауаун тахафуунахум кахиифатикум анфусакум каз̃алика нуфассилул айати лик̣аумий йа`к̣илуун

    Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаған елге егжей-тегжейлі баян етеміз

  29. 30:29

    بَلِ ٱتَّبَعَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓا۟ أَهْوَآءَهُم بِغَيْرِ عِلْمٍ ۖ فَمَن يَهْدِى مَنْ أَضَلَّ ٱللَّهُ ۖ وَمَا لَهُم مِّن نَّـٰصِرِينَ

    балит таба`ал лаз̃иина заламуу ахуаахум бигайри `илмин фамай йахдии ман адаллаллаху уама лахум мин насириин

    Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ

  30. 30:30

    فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفًا ۚ فِطْرَتَ ٱللَّهِ ٱلَّتِى فَطَرَ ٱلنَّاسَ عَلَيْهَا ۚ لَا تَبْدِيلَ لِخَلْقِ ٱللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ ٱلدِّينُ ٱلْقَيِّمُ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

    фаак̣им уажхака лиддиини ханиифа фитраталлахил латии фатаран наса `алайха ла табдиила лихалк̣иллах з̃аликад диинул к̣айиму уалакинна акс̃аран наси ла йа`ламуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы түп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (С. 56-А)

  31. 30:31

    ۞ مُنِيبِينَ إِلَيْهِ وَٱتَّقُوهُ وَأَقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَلَا تَكُونُوا۟ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ

    муниибиина илайхи уаттак̣ууху уаак̣иимуус салата уала такуунуу минал мушрикиин

    Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар

  32. 30:32

    مِنَ ٱلَّذِينَ فَرَّقُوا۟ دِينَهُمْ وَكَانُوا۟ شِيَعًا ۖ كُلُّ حِزْبٍۭ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ

    минал лаз̃иина фаррак̣уу диинахум уакануу шийа`ан куллу хизбин бима ладайхим фарихуун

    Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар

  33. 30:33

    وَإِذَا مَسَّ ٱلنَّاسَ ضُرٌّ دَعَوْا۟ رَبَّهُم مُّنِيبِينَ إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَآ أَذَاقَهُم مِّنْهُ رَحْمَةً إِذَا فَرِيقٌ مِّنْهُم بِرَبِّهِمْ يُشْرِكُونَ

    уаиз̃а массан наса дуррун да`ау раббахум муниибиина илайхи с̃умма из̃а аз̃ак̣ахум минху рахматан из̃а фариик̣ум минхум бираббихим йушрикуун

    Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла, қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттырса, сонда олардың кейбіреулері, Раббыларына ортақ қосады

  34. 30:34

    لِيَكْفُرُوا۟ بِمَآ ءَاتَيْنَـٰهُمْ ۚ فَتَمَتَّعُوا۟ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ

    лийакфуруу бима атайнахум фатаматта`уу фасауфа та`ламуун

    Бұны, оларға берген несібемізге нәсүкірлік ету үшін істейді. Я енді пайдалана тұрыңдар, таяуда түсінерсіңдер

  35. 30:35

    أَمْ أَنزَلْنَا عَلَيْهِمْ سُلْطَـٰنًا فَهُوَ يَتَكَلَّمُ بِمَا كَانُوا۟ بِهِۦ يُشْرِكُونَ

    ам анзална `алайхим султанан фахууа йатакалламу бима кануу бихи йушрикуун

    Немесе оларға, Аллаға ортақ қатуларын айтатын бір дәлел түсірдік пе

  36. 30:36

    وَإِذَآ أَذَقْنَا ٱلنَّاسَ رَحْمَةً فَرِحُوا۟ بِهَا ۖ وَإِن تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌۢ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ إِذَا هُمْ يَقْنَطُونَ

    уаиз̃а аз̃ак̣нан наса рахматан фарихуу биха уаин тусибхум сайиатун бима к̣аддамат айдиихим из̃а хум йак̣натуун

    Қашан адам баласына бір жақсылық татырсақ; сонда ол, оған мәз болады да егер өздерінің қолекі істегендерінің салдарынан бір жамандық келсе, сонда олар күдер үзеді

  37. 30:37

    أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّ ٱللَّهَ يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

    ауалам йарау анналлаха йабсутур ризк̣а лимай йашау уайак̣дир инна фии з̃алика лаайатил лик̣аумий йу'минуун

    Расында Алла қалаған құлына несібесін кеңітіп, тарайтқанын көрмей ме? Күдіксіз бұнда сенген қауымға белгілер бар

  38. 30:38

    فَـَٔاتِ ذَا ٱلْقُرْبَىٰ حَقَّهُۥ وَٱلْمِسْكِينَ وَٱبْنَ ٱلسَّبِيلِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ لِّلَّذِينَ يُرِيدُونَ وَجْهَ ٱللَّهِ ۖ وَأُو۟لَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ

    фаати з̃ал к̣урба хак̣к̣аху уалмискиина уабнас сабиил з̃алика хайрул лиллаз̃иина йуриидууна уажхаллахи уауулаика хумул муфлихуун

    Ендеше жақындарға, міскіндерге жолда қалғандарға хақысын бер. Алланың ризалығын көксегендер үшін осы жақсы. Міне солар құтылушылар

  39. 30:39

    وَمَآ ءَاتَيْتُم مِّن رِّبًا لِّيَرْبُوَا۟ فِىٓ أَمْوَٰلِ ٱلنَّاسِ فَلَا يَرْبُوا۟ عِندَ ٱللَّهِ ۖ وَمَآ ءَاتَيْتُم مِّن زَكَوٰةٍ تُرِيدُونَ وَجْهَ ٱللَّهِ فَأُو۟لَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُضْعِفُونَ

    уама атайтум мир рибал лийарбууа фии амуалин наси фала йарбуу `индаллахи уама атайтум мин закатин туриидууна уажхаллахи фауулаика хумул муд`ифуун

    Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді де Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар; артықша сауапқа бөленушілер

  40. 30:40

    ٱللَّهُ ٱلَّذِى خَلَقَكُمْ ثُمَّ رَزَقَكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۖ هَلْ مِن شُرَكَآئِكُم مَّن يَفْعَلُ مِن ذَٰلِكُم مِّن شَىْءٍ ۚ سُبْحَـٰنَهُۥ وَتَعَـٰلَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    аллахул лаз̃ии халак̣акум с̃умма разак̣акум с̃умма йумиитукум с̃умма йухиикум хал мин шуракаикум май йаф`алу мин з̃аликум мин шай субханаху уата`ала `амма йушрикуун

    Ол Алла, сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары

  41. 30:41

    ظَهَرَ ٱلْفَسَادُ فِى ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِى ٱلنَّاسِ لِيُذِيقَهُم بَعْضَ ٱلَّذِى عَمِلُوا۟ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ

    захарал фасаду фиил барри уалбахри бима касабат айдиин наси лийуз̃иик̣ахум ба`дал лаз̃ии `амилуу ла`аллахум йаржи`уун

    Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар

  42. 30:42

    قُلْ سِيرُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ فَٱنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلُ ۚ كَانَ أَكْثَرُهُم مُّشْرِكِينَ

    к̣ул сиируу фиил арди фанзуруу кайфа кана `ак̣ибатул лаз̃иина мин к̣абл кана акс̃арухум мушрикиин

    (Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де бұрынғылардың соңы не болды көріңдер" де. Олардың көбі Аллаға серік қосушы еді

  43. 30:43

    فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ ٱلْقَيِّمِ مِن قَبْلِ أَن يَأْتِىَ يَوْمٌ لَّا مَرَدَّ لَهُۥ مِنَ ٱللَّهِ ۖ يَوْمَئِذٍ يَصَّدَّعُونَ

    фаак̣им уажхака лиддиинил к̣айими мин к̣абли ай йа'тийа йаумул ла марадда лаху миналлахи йаумаиз̃ий йассадда`уун

    Алладан тойтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тұп-тура дінге жөнелтіп, мықты түр. Ол күні олар айрылады. (С. 59-А)

  44. 30:44

    مَن كَفَرَ فَعَلَيْهِ كُفْرُهُۥ ۖ وَمَنْ عَمِلَ صَـٰلِحًا فَلِأَنفُسِهِمْ يَمْهَدُونَ

    ман кафара фа`алайхи куфруху уаман `амила салихан фалианфусихим йамхадуун

    Кім қарсы болса, қарсылығы өзіне. Ал және кім түзу іс істесе, сонда ол өзі үшін рахат орын әзірлеген болды

  45. 30:45

    لِيَجْزِىَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ مِن فَضْلِهِۦٓ ۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلْكَـٰفِرِينَ

    лийажзийал лаз̃иина амануу уа`амилуус салихати мин фадлих иннаху ла йухиббул кафириин

    Өстіп Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас Ол, қарсы келгендерді жақсы көрмейді

  46. 30:46

    وَمِنْ ءَايَـٰتِهِۦٓ أَن يُرْسِلَ ٱلرِّيَاحَ مُبَشِّرَٰتٍ وَلِيُذِيقَكُم مِّن رَّحْمَتِهِۦ وَلِتَجْرِىَ ٱلْفُلْكُ بِأَمْرِهِۦ وَلِتَبْتَغُوا۟ مِن فَضْلِهِۦ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

    уамин айатихи ай йурсилар рийаха мубашширатиу уалийуз̃иик̣акум мир рахматихи уалитажрийал фулку биамрихи уалитабтагуу мин фадлихи уала`аллакум ташкуруун

    Сендерге игілік татыру үшін қуантушы самалдар жіберуі , кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін өз әмірімен кемені жүргізуі Оның белгілерінен. Әрине шүкір етерсіңдер

  47. 30:47

    وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ رُسُلًا إِلَىٰ قَوْمِهِمْ فَجَآءُوهُم بِٱلْبَيِّنَـٰتِ فَٱنتَقَمْنَا مِنَ ٱلَّذِينَ أَجْرَمُوا۟ ۖ وَكَانَ حَقًّا عَلَيْنَا نَصْرُ ٱلْمُؤْمِنِينَ

    уалак̣ад арсална мин к̣аблика русулан ила к̣аумихим фажауухум билбайинати фантак̣амна минал лаз̃иина ажрамуу уакана хак̣к̣ан `алайна насрул му'миниин

    Әрине сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер жібердік; Оларға дәлелдер келтірді. Сонда олардың күнәкарларының сазайын тарттырдық. Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет

  48. 30:48

    ٱللَّهُ ٱلَّذِى يُرْسِلُ ٱلرِّيَـٰحَ فَتُثِيرُ سَحَابًا فَيَبْسُطُهُۥ فِى ٱلسَّمَآءِ كَيْفَ يَشَآءُ وَيَجْعَلُهُۥ كِسَفًا فَتَرَى ٱلْوَدْقَ يَخْرُجُ مِنْ خِلَـٰلِهِۦ ۖ فَإِذَآ أَصَابَ بِهِۦ مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦٓ إِذَا هُمْ يَسْتَبْشِرُونَ

    аллахул лаз̃ии йурсилур рийаха фатус̃ииру сахабан файабсутуху фиис самаи кайфа йашау уайаж`алуху кисафан фатарал уадк̣а йахружу мин хилалихи фаиз̃а асаба бихи май йашау мин `ибадихи из̃а хум йастабшируун

    Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және бұлтты бөлшектейді. Сонда оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Сонда ол, жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады

  49. 30:49

    وَإِن كَانُوا۟ مِن قَبْلِ أَن يُنَزَّلَ عَلَيْهِم مِّن قَبْلِهِۦ لَمُبْلِسِينَ

    уаин кануу мин к̣абли ай йуназзала `алайхим мин к̣аблихи ламублисиин

    Негінен олар өздеріне жаңбыр келуден бұрын әлде қашан күдер үзген болатын

  50. 30:50

    فَٱنظُرْ إِلَىٰٓ ءَاثَـٰرِ رَحْمَتِ ٱللَّهِ كَيْفَ يُحْىِ ٱلْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَآ ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ لَمُحْىِ ٱلْمَوْتَىٰ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ قَدِيرٌ

    фанзур ила ас̃ари рахматиллахи кайфа йухиил арда ба`да маутиха инна з̃алика ламухиил маута уахууа `ала кулли шайин к̣адиир

    Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді

  51. 30:51

    وَلَئِنْ أَرْسَلْنَا رِيحًا فَرَأَوْهُ مُصْفَرًّا لَّظَلُّوا۟ مِنۢ بَعْدِهِۦ يَكْفُرُونَ

    уалаин арсална риихан фараауху мусфаррал лазаллуу мин ба`дихи йакфуруун

    Әлбетте бір жел жіберсек те сонда егіннің сарғайғанын көрсе, әрине олар, одан кейін қарсы шығады. (Апатқа сабыр етпейді)

  52. 30:52

    فَإِنَّكَ لَا تُسْمِعُ ٱلْمَوْتَىٰ وَلَا تُسْمِعُ ٱلصُّمَّ ٱلدُّعَآءَ إِذَا وَلَّوْا۟ مُدْبِرِينَ

    фаиннака ла тусми`ул маута уала тусми`ус суммад ду`аа из̃а уаллау мудбириин

    (Мұхаммед Г.С.) рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бұрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың

  53. 30:53

    وَمَآ أَنتَ بِهَـٰدِ ٱلْعُمْىِ عَن ضَلَـٰلَتِهِمْ ۖ إِن تُسْمِعُ إِلَّا مَن يُؤْمِنُ بِـَٔايَـٰتِنَا فَهُم مُّسْلِمُونَ

    уама анта бихадил `умии `ан далалатихим ин тусми`у илла май йу'мину биайатина фахум муслимуун

    Соқырды да адасқан жағынан тура жолға сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп өздері бой ұсынған кісілерге ғана естірте аласың

  54. 30:54

    ۞ ٱللَّهُ ٱلَّذِى خَلَقَكُم مِّن ضَعْفٍ ثُمَّ جَعَلَ مِنۢ بَعْدِ ضَعْفٍ قُوَّةً ثُمَّ جَعَلَ مِنۢ بَعْدِ قُوَّةٍ ضَعْفًا وَشَيْبَةً ۚ يَخْلُقُ مَا يَشَآءُ ۖ وَهُوَ ٱلْعَلِيمُ ٱلْقَدِيرُ

    аллахул лаз̃ии халак̣акум мин да`фин с̃умма жа`ала мин ба`ди да`фин к̣ууатан с̃умма жа`ала мин ба`ди к̣ууатин да`фау уашайба йахлук̣у ма йашау уахууал `алиимул к̣адиир

    Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті

  55. 30:55

    وَيَوْمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يُقْسِمُ ٱلْمُجْرِمُونَ مَا لَبِثُوا۟ غَيْرَ سَاعَةٍ ۚ كَذَٰلِكَ كَانُوا۟ يُؤْفَكُونَ

    уайаума так̣уумус са`ату йук̣симул мужримууна ма лабис̃уу гайра са`а каз̃алика кануу йу'факуун

    Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар, (өлгеннен қияметкө дейін) бір сағаттан басқа тұрмадық деп, ант ішеді. Осылайша олар, (дүниеде де алданып,) адасқан еді

  56. 30:56

    وَقَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْعِلْمَ وَٱلْإِيمَـٰنَ لَقَدْ لَبِثْتُمْ فِى كِتَـٰبِ ٱللَّهِ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْبَعْثِ ۖ فَهَـٰذَا يَوْمُ ٱلْبَعْثِ وَلَـٰكِنَّكُمْ كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

    уак̣алал лаз̃иина уутуул `илма уалиимана лак̣ад лабис̃тум фии китабиллахи ила йаумил ба`с̃и фахаз̃а йаумул ба`с̃и уалакиннакум кунтум ла та`ламуун

    Ал ғылым және иман берілгендер: "Расында Алланың жазуындағы тірілетін күнге дейін тұрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер" дейді

  57. 30:57

    فَيَوْمَئِذٍ لَّا يَنفَعُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ مَعْذِرَتُهُمْ وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ

    файаумаиз̃ил ла йанфа`ул лаз̃иина заламуу ма`з̃иратухум уала хум йуста`табуун

    Енді сол күні, зұлымдық қылғандардың сылтаулары пайда бермейді. Олардан бір игілікте күтілмейді

  58. 30:58

    وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِى هَـٰذَا ٱلْقُرْءَانِ مِن كُلِّ مَثَلٍ ۚ وَلَئِن جِئْتَهُم بِـَٔايَةٍ لَّيَقُولَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا مُبْطِلُونَ

    уалак̣ад дарабна линнаси фии хаз̃ал к̣урани мин кулли мас̃ал уалаин житахум биайатил лайак̣ууланнал лаз̃иина кафаруу ин антум илла мубтилуун

    Расында Бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де қарсы келгендер: "Сендер бұзушы ғанасыңдар" дейді

  59. 30:59

    كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ ٱلَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ

    каз̃алика йатба`уллаху `ала к̣улуубил лаз̃иина ла йа`ламуун

    Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді

  60. 30:60

    فَٱصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقٌّ ۖ وَلَا يَسْتَخِفَّنَّكَ ٱلَّذِينَ لَا يُوقِنُونَ

    фасбир инна уа`даллахи хак̣к̣ун уала йастахиффаннакал лаз̃иина ла йуук̣инуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.