Нәміл сүресін қалай жаттауға болады
«Құмырсқалар»
- 27-сүре
- 93 аят
- Меккелік
- Мұсхафтың 377–385 беттері
النمل
Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.
Сүрені толық тыңдаңыз
Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси
Қанша уақыт керек
Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:
| Күніне 1 аят | 93 күн |
| Күніне 3 аят | 31 күн |
| Күніне 5 аят | 19 күн |
Аят-аятпен қалай жаттау керек
- Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
- Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
- Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
- Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.
Нәміл сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы
-
27:1
طسٓ ۚ تِلْكَ ءَايَـٰتُ ٱلْقُرْءَانِ وَكِتَابٍ مُّبِينٍ
та син тилка айатул к̣урани уакитабим мубиин
Та. Син. Бұл ап-ашық Кітап; Құранның аяттары
-
27:2
هُدًى وَبُشْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ
худау уабушра лилму'миниин
Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш
-
27:3
ٱلَّذِينَ يُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤْتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلْـَٔاخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ
аллаз̃иина йук̣иимуунас салата уайу'тууназ заката уахум билахирати хум йуук̣инуун
Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ахиретке нақ сенеді
-
27:4
إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ زَيَّنَّا لَهُمْ أَعْمَـٰلَهُمْ فَهُمْ يَعْمَهُونَ
иннал лаз̃иина ла йу'минууна билахирати заййанна лахум а`малахум фахум йа`махуун
Рас ахиретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді
-
27:5
أُو۟لَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَهُمْ سُوٓءُ ٱلْعَذَابِ وَهُمْ فِى ٱلْـَٔاخِرَةِ هُمُ ٱلْأَخْسَرُونَ
уулаикал лаз̃иина лахум суул `аз̃аби уахум фиил ахирати хумул ахсаруун
Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ахиретте де өздері зиянда болады
-
27:6
وَإِنَّكَ لَتُلَقَّى ٱلْقُرْءَانَ مِن لَّدُنْ حَكِيمٍ عَلِيمٍ
уаиннака латулак̣к̣ал к̣урана мил ладун хакиимин `алиим
(Мұхаммед Ғ.С.) рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың
-
27:7
إِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِأَهْلِهِۦٓ إِنِّىٓ ءَانَسْتُ نَارًا سَـَٔاتِيكُم مِّنْهَا بِخَبَرٍ أَوْ ءَاتِيكُم بِشِهَابٍ قَبَسٍ لَّعَلَّكُمْ تَصْطَلُونَ
из̃ к̣ала мууса лиахлихи иннии анасту наран саатиикум минха бихабарин ау атиикум бишихабин к̣абасил ла`аллакум тасталуун
Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) жұбайына: "Рас мен бір от көрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін" деді
-
27:8
فَلَمَّا جَآءَهَا نُودِىَ أَنۢ بُورِكَ مَن فِى ٱلنَّارِ وَمَنْ حَوْلَهَا وَسُبْحَـٰنَ ٱللَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ
фаламма жааха нуудийа ан буурика ман фиин нари уаман хаулаха уасубханаллахи раббил `аламиин
Ол, сол араға келген сәтте: "Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк" деп дабысталды
-
27:9
يَـٰمُوسَىٰٓ إِنَّهُۥٓ أَنَا ٱللَّهُ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
йа мууса иннаху аналлахул `азиизул хакиим
Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын
-
27:10
وَأَلْقِ عَصَاكَ ۚ فَلَمَّا رَءَاهَا تَهْتَزُّ كَأَنَّهَا جَآنٌّ وَلَّىٰ مُدْبِرًا وَلَمْ يُعَقِّبْ ۚ يَـٰمُوسَىٰ لَا تَخَفْ إِنِّى لَا يَخَافُ لَدَىَّ ٱلْمُرْسَلُونَ
уаалк̣и `асак фаламма рааха тахтаззу кааннаха жаннуу уалла мудбирау уалам йу`ак̣к̣иб йа мууса ла тахаф иннии ла йахафу ладаййал мурсалуун
Таяғынды таста!" Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бүрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. "Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды
-
27:11
إِلَّا مَن ظَلَمَ ثُمَّ بَدَّلَ حُسْنًۢا بَعْدَ سُوٓءٍ فَإِنِّى غَفُورٌ رَّحِيمٌ
илла ман залама с̃умма баддала хуснан ба`да сууин фаиннии гафуурур рахиим
Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандыктан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін
-
27:12
وَأَدْخِلْ يَدَكَ فِى جَيْبِكَ تَخْرُجْ بَيْضَآءَ مِنْ غَيْرِ سُوٓءٍ ۖ فِى تِسْعِ ءَايَـٰتٍ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَقَوْمِهِۦٓ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ قَوْمًا فَـٰسِقِينَ
уаадхил йадака фии жайбика тахруж байдаа мин гайри сууин фии тис`и айатин ила фир`ауна уак̣аумих иннахум кануу к̣ауман фасик̣иин
Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел
-
27:13
فَلَمَّا جَآءَتْهُمْ ءَايَـٰتُنَا مُبْصِرَةً قَالُوا۟ هَـٰذَا سِحْرٌ مُّبِينٌ
фаламма жаатхум айатуна мубсиратан к̣алуу хаз̃а сихрум мубиин
Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: "Бұл ашық жады" деді
-
27:14
وَجَحَدُوا۟ بِهَا وَٱسْتَيْقَنَتْهَآ أَنفُسُهُمْ ظُلْمًا وَعُلُوًّا ۚ فَٱنظُرْ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلْمُفْسِدِينَ
уажахадуу биха уастайк̣анатха анфусухум зулмау уа`улууа фанзур кайфа кана `ак̣ибатул муфсидиин
Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр
-
27:15
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا دَاوُۥدَ وَسُلَيْمَـٰنَ عِلْمًا ۖ وَقَالَا ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِى فَضَّلَنَا عَلَىٰ كَثِيرٍ مِّنْ عِبَادِهِ ٱلْمُؤْمِنِينَ
уалак̣ад атайна даууда уасулаймана `илман уак̣алал хамду лиллахил лаз̃ии фаддалана `ала кас̃иирим мин `ибадихил му'миниин
Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: "Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық" деді
-
27:16
وَوَرِثَ سُلَيْمَـٰنُ دَاوُۥدَ ۖ وَقَالَ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ عُلِّمْنَا مَنطِقَ ٱلطَّيْرِ وَأُوتِينَا مِن كُلِّ شَىْءٍ ۖ إِنَّ هَـٰذَا لَهُوَ ٱلْفَضْلُ ٱلْمُبِينُ
уауарис̃а сулайману даууда уак̣ала йа аййухан насу `уллимна мантик̣ат тайри уауутиина мин кулли шайин инна хаз̃а лахууал фадлул мубиин
Сүлеймен, Дәуіт (Ғ.С.) ке мұрагер болды да: "Әй адамдар! Бізге құс тілі тйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбетте ашық бір артықшылық
-
27:17
وَحُشِرَ لِسُلَيْمَـٰنَ جُنُودُهُۥ مِنَ ٱلْجِنِّ وَٱلْإِنسِ وَٱلطَّيْرِ فَهُمْ يُوزَعُونَ
уахушира лисулаймана жунуудуху минал жинни уалинси уаттайри фахум йууза`уун
Сүлеймөн (Ғ.С.) нің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді
-
27:18
حَتَّىٰٓ إِذَآ أَتَوْا۟ عَلَىٰ وَادِ ٱلنَّمْلِ قَالَتْ نَمْلَةٌ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّمْلُ ٱدْخُلُوا۟ مَسَـٰكِنَكُمْ لَا يَحْطِمَنَّكُمْ سُلَيْمَـٰنُ وَجُنُودُهُۥ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
хатта из̃а атау `ала уадин намли к̣алат намлатун йа аййухан намлу дхулуу масакинакум ла йахтиманнакум сулайману уажунуудуху уахум ла йаш`уруун
(Ол, бұлармен) ақыр құмырысқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырысқа: "Әй құмырысқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып, кетпесін" деді
-
27:19
فَتَبَسَّمَ ضَاحِكًا مِّن قَوْلِهَا وَقَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِىٓ أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ ٱلَّتِىٓ أَنْعَمْتَ عَلَىَّ وَعَلَىٰ وَٰلِدَىَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَـٰلِحًا تَرْضَىٰهُ وَأَدْخِلْنِى بِرَحْمَتِكَ فِى عِبَادِكَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
фатабассама дахикам мин к̣аулиха уак̣ала рабби аузи`нии ан ашкура ни`матакал латии ан`амта `алаййа уа`ала уалидаййа уаан а`мала салихан тардаху уаадхилнии бирахматика фии `ибадикас салихиин
Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырысқаның сөзінен жылмыйып күлді де: "Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!",- деді
-
27:20
وَتَفَقَّدَ ٱلطَّيْرَ فَقَالَ مَا لِىَ لَآ أَرَى ٱلْهُدْهُدَ أَمْ كَانَ مِنَ ٱلْغَآئِبِينَ
уатафак̣к̣адат тайра фак̣ала ма лийа ла арал худхуда ам кана минал гаибиин
(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: "Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?",- деді
-
27:21
لَأُعَذِّبَنَّهُۥ عَذَابًا شَدِيدًا أَوْ لَأَا۟ذْبَحَنَّهُۥٓ أَوْ لَيَأْتِيَنِّى بِسُلْطَـٰنٍ مُّبِينٍ
лау`аз̃з̃ибаннаху `аз̃абан шадиидан ау лааз̃баханнаху ау лайа'тийаннии бисултаним мубиин
Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін
-
27:22
فَمَكَثَ غَيْرَ بَعِيدٍ فَقَالَ أَحَطتُ بِمَا لَمْ تُحِطْ بِهِۦ وَجِئْتُكَ مِن سَبَإٍۭ بِنَبَإٍ يَقِينٍ
фамакас̃а гайра ба`иидин фак̣ала ахатту бима лам тухит бихи уажитука мин сабаиин бинабаиий йак̣иин
Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: "Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім." деді (Сәба: Йемен мемлекеті. Ж.Б.К)
-
27:23
إِنِّى وَجَدتُّ ٱمْرَأَةً تَمْلِكُهُمْ وَأُوتِيَتْ مِن كُلِّ شَىْءٍ وَلَهَا عَرْشٌ عَظِيمٌ
иннии уажадтту мраатан тамликухум уауутийат мин кулли шайиу уалаха `аршун `азиим
Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар." (Шахыл қызы Былқыс қатын патша еді. Б.М.К.Р)
-
27:24
وَجَدتُّهَا وَقَوْمَهَا يَسْجُدُونَ لِلشَّمْسِ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَـٰنُ أَعْمَـٰلَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ ٱلسَّبِيلِ فَهُمْ لَا يَهْتَدُونَ
уажадттуха уак̣аумаха йасжудууна лишшамси мин дууниллахи уазаййана лахумуш шайтану а`малахум фасаддахум `анис сабиили фахум ла йахтадуун
Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді
-
27:25
أَلَّا يَسْجُدُوا۟ لِلَّهِ ٱلَّذِى يُخْرِجُ ٱلْخَبْءَ فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَيَعْلَمُ مَا تُخْفُونَ وَمَا تُعْلِنُونَ
алла йасжудуу лиллахил лаз̃ии йухрижул хаба фиис самауати уаларди уайа`ламу ма тухфууна уама ту`линуун
(Сәжде аяты бар.) "Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды
-
27:26
ٱللَّهُ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ ٱلْعَرْشِ ٱلْعَظِيمِ ۩
аллаху ла илаха илла хууа раббул `аршил `азиими
Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ
-
27:27
۞ قَالَ سَنَنظُرُ أَصَدَقْتَ أَمْ كُنتَ مِنَ ٱلْكَـٰذِبِينَ
к̣ала сананзуру асадак̣та ам кунта минал каз̃ибиин
(Сүлеймен Ғ.С.): "Шын айттық ба? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз" деді
-
27:28
ٱذْهَب بِّكِتَـٰبِى هَـٰذَا فَأَلْقِهْ إِلَيْهِمْ ثُمَّ تَوَلَّ عَنْهُمْ فَٱنظُرْ مَاذَا يَرْجِعُونَ
из̃хаб ббикитабии хаз̃а фаалк̣их илайхим с̃умма тауалла `анхум фанзур маз̃а йаржи`уун
Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен
-
27:29
قَالَتْ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلْمَلَؤُا۟ إِنِّىٓ أُلْقِىَ إِلَىَّ كِتَـٰبٌ كَرِيمٌ
к̣алат йа аййухал малау иннии улк̣ийа илаййа китабун кариим
(Былқыс): "Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды" деді
-
27:30
إِنَّهُۥ مِن سُلَيْمَـٰنَ وَإِنَّهُۥ بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
иннаху мин сулаймана уаиннаху бисмиллахир рахманир рахиим
Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын" дейді)
-
27:31
أَلَّا تَعْلُوا۟ عَلَىَّ وَأْتُونِى مُسْلِمِينَ
алла та`луу `алаййа уа'туунии муслимиин
Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынган түрде келіңдер!",-(делінген)
-
27:32
قَالَتْ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلْمَلَؤُا۟ أَفْتُونِى فِىٓ أَمْرِى مَا كُنتُ قَاطِعَةً أَمْرًا حَتَّىٰ تَشْهَدُونِ
к̣алат йа аййухал малау афтуунии фии амрии ма кунту к̣ати`атан амран хатта ташхадуун
Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын" деді
-
27:33
قَالُوا۟ نَحْنُ أُو۟لُوا۟ قُوَّةٍ وَأُو۟لُوا۟ بَأْسٍ شَدِيدٍ وَٱلْأَمْرُ إِلَيْكِ فَٱنظُرِى مَاذَا تَأْمُرِينَ
к̣алуу нахну уулуу к̣ууатиу уауулуу ба'син шадиидиу уаламру илайки фанзурии маз̃а та'муриин
Олар: "Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән. Қане не бұйырасың!",- десті
-
27:34
قَالَتْ إِنَّ ٱلْمُلُوكَ إِذَا دَخَلُوا۟ قَرْيَةً أَفْسَدُوهَا وَجَعَلُوٓا۟ أَعِزَّةَ أَهْلِهَآ أَذِلَّةً ۖ وَكَذَٰلِكَ يَفْعَلُونَ
к̣алат иннал мулуука из̃а дахалуу к̣арйатан афсадууха уажа`алуу а`иззата ахлиха аз̃иллатан уаказ̃алика йаф`алуун
(Патша, оларға): "Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді" деді
-
27:35
وَإِنِّى مُرْسِلَةٌ إِلَيْهِم بِهَدِيَّةٍ فَنَاظِرَةٌۢ بِمَ يَرْجِعُ ٱلْمُرْسَلُونَ
уаиннии мурсилатун илайхим бихадиййатин фаназиратун бима йаржи`ул мурсалуун
Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін
-
27:36
فَلَمَّا جَآءَ سُلَيْمَـٰنَ قَالَ أَتُمِدُّونَنِ بِمَالٍ فَمَآ ءَاتَىٰنِۦَ ٱللَّهُ خَيْرٌ مِّمَّآ ءَاتَىٰكُم بَلْ أَنتُم بِهَدِيَّتِكُمْ تَفْرَحُونَ
фаламма жаа сулаймана к̣ала атумиддуунани бималин фама атанийаллаху хайрум мимма атакум бал антум бихадиййатикум тафрахуун
(Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.) ге келген сәтте: "Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар" деді
-
27:37
ٱرْجِعْ إِلَيْهِمْ فَلَنَأْتِيَنَّهُم بِجُنُودٍ لَّا قِبَلَ لَهُم بِهَا وَلَنُخْرِجَنَّهُم مِّنْهَآ أَذِلَّةً وَهُمْ صَـٰغِرُونَ
иржи` илайхим фалана'тийаннахум бижунуудил ла к̣ибала лахум биха уаланухрижаннахум минха аз̃иллатау уахум сагируун
Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады
-
27:38
قَالَ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلْمَلَؤُا۟ أَيُّكُمْ يَأْتِينِى بِعَرْشِهَا قَبْلَ أَن يَأْتُونِى مُسْلِمِينَ
к̣ала йа аййухал малау аййукум йа'тиинии би`аршиха к̣абла ай йа'туунии муслимиин
Әй бастықтар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тақтын маған қайсының әкелесіңдер?",- деді
-
27:39
قَالَ عِفْرِيتٌ مِّنَ ٱلْجِنِّ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن تَقُومَ مِن مَّقَامِكَ ۖ وَإِنِّى عَلَيْهِ لَقَوِىٌّ أَمِينٌ
к̣ала `ифриитум минал жинни ана атиика бихи к̣абла ан так̣уума мим мак̣амика уаиннии `алайхи лак̣ауиййун амиин
Жындардан бір ғыприт: "Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін" деді
-
27:40
قَالَ ٱلَّذِى عِندَهُۥ عِلْمٌ مِّنَ ٱلْكِتَـٰبِ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن يَرْتَدَّ إِلَيْكَ طَرْفُكَ ۚ فَلَمَّا رَءَاهُ مُسْتَقِرًّا عِندَهُۥ قَالَ هَـٰذَا مِن فَضْلِ رَبِّى لِيَبْلُوَنِىٓ ءَأَشْكُرُ أَمْ أَكْفُرُ ۖ وَمَن شَكَرَ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِۦ ۖ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ رَبِّى غَنِىٌّ كَرِيمٌ
к̣алал лаз̃ии `индаху `илмум минал китаби ана атиика бихи к̣абла ай йартадда илайка тарфук фаламма рааху мустак̣ирран `индаху к̣ала хаз̃а мин фадли раббии лийаблууании аашкуру ам акфуру уаман шакара фаиннама йашкуру линафсихи уаман кафара фаинна раббии ганиййун кариим
Сондай өзі кітап ғылмына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, не Хызыр не Сүлейменнің өзі немесе Жебрейіл. Ж.Б.М.К.Р.): "Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: "Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мүхтаж емес.) өте жомарт
-
27:41
قَالَ نَكِّرُوا۟ لَهَا عَرْشَهَا نَنظُرْ أَتَهْتَدِىٓ أَمْ تَكُونُ مِنَ ٱلَّذِينَ لَا يَهْتَدُونَ
к̣ала наккируу лаха `аршаха нанзур атахтадии ам такууну минал лаз̃иина ла йахтадуун
(Сүлеймен Ғ.С.): "Оның тағын өзгертіңдер. Жолға келер ме екен, немесе жолға келмейтіндерден болар ма (Тағын тани ма, танымай ма) екен? Көрейік" деді
-
27:42
فَلَمَّا جَآءَتْ قِيلَ أَهَـٰكَذَا عَرْشُكِ ۖ قَالَتْ كَأَنَّهُۥ هُوَ ۚ وَأُوتِينَا ٱلْعِلْمَ مِن قَبْلِهَا وَكُنَّا مُسْلِمِينَ
фаламма жаат к̣иила ахаказ̃а `аршуки к̣алат кааннаху хуу уауутиинал `илма мин к̣аблиха уакунна муслимиин
Былқыс келгенде: "Тағың осындай ма еді?",-делінді. Ол: "Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынган едік" деді
-
27:43
وَصَدَّهَا مَا كَانَت تَّعْبُدُ مِن دُونِ ٱللَّهِ ۖ إِنَّهَا كَانَتْ مِن قَوْمٍ كَـٰفِرِينَ
уасаддаха ма канатт та`буду мин дууниллахи иннаха канат мин к̣аумин кафириин
Оны, Алладан өзге, шоқынған нәрселері тосқан еді. Шынында олар, кәпір елден еді
-
27:44
قِيلَ لَهَا ٱدْخُلِى ٱلصَّرْحَ ۖ فَلَمَّا رَأَتْهُ حَسِبَتْهُ لُجَّةً وَكَشَفَتْ عَن سَاقَيْهَا ۚ قَالَ إِنَّهُۥ صَرْحٌ مُّمَرَّدٌ مِّن قَوَارِيرَ ۗ قَالَتْ رَبِّ إِنِّى ظَلَمْتُ نَفْسِى وَأَسْلَمْتُ مَعَ سُلَيْمَـٰنَ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ
к̣иила лаха дхулиис сарха фаламма раатху хасибатху лужжатау уакашафат `ан сак̣айха к̣ала иннаху сархум мумаррадум мин к̣ауариир к̣алат рабби иннии заламту нафсии уаасламту ма`а сулаймана лиллахи раббил `аламиин
Оған: "Сарайға кір!" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): "Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалган сарай" деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтан Былқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым." деді
-
27:45
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَآ إِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَـٰلِحًا أَنِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ فَإِذَا هُمْ فَرِيقَانِ يَخْتَصِمُونَ
уалак̣ад арсална ила с̃амууда ахахум салихан ани `будууллаха фаиз̃а хум фариик̣ани йахтасимуун
Расында Сәмүд еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар" (десін деп) туыстары Салих (Ғ.С.) ты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып, тартысты
-
27:46
قَالَ يَـٰقَوْمِ لِمَ تَسْتَعْجِلُونَ بِٱلسَّيِّئَةِ قَبْلَ ٱلْحَسَنَةِ ۖ لَوْلَا تَسْتَغْفِرُونَ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
к̣ала йа к̣ауми лима таста`жилууна биссайиати к̣аблал хасанати лаула тастагфирууналлаха ла`аллакум турхамуун
Әй елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдер ме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, әрине мәрхаметке бөленесіңдер" деді
-
27:47
قَالُوا۟ ٱطَّيَّرْنَا بِكَ وَبِمَن مَّعَكَ ۚ قَالَ طَـٰٓئِرُكُمْ عِندَ ٱللَّهِ ۖ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ تُفْتَنُونَ
к̣алуут таййарна бика уабимам ма`ак к̣ала таирукум `индаллахи бал антум к̣аумун туфтануун
Олар: "Біз, сен және сенімен бірге болғандардың салдарынан сәтсіздікке ұшырадық" деді. (Салих Ғ.С.): "Сәтсіздіктерің Алланың қасында. Негізінде сендер сыналатын елсіңдер" деді
-
27:48
وَكَانَ فِى ٱلْمَدِينَةِ تِسْعَةُ رَهْطٍ يُفْسِدُونَ فِى ٱلْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ
уакана фиил мадиинати тис`ату рахтий йуфсидууна фиил арди уала йуслихуун
Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді
-
27:49
قَالُوا۟ تَقَاسَمُوا۟ بِٱللَّهِ لَنُبَيِّتَنَّهُۥ وَأَهْلَهُۥ ثُمَّ لَنَقُولَنَّ لِوَلِيِّهِۦ مَا شَهِدْنَا مَهْلِكَ أَهْلِهِۦ وَإِنَّا لَصَـٰدِقُونَ
к̣алуу так̣асамуу биллахи ланубайитаннаху уаахлаху с̃умма ланак̣ууланна лиуалийихи ма шахидна махлика ахлихи уаинна ласадик̣уун
Солар Алланың атымен анттасып: "Салихты семьясымен түнде жоқ етіп, сосын жақындарына: "Үй-іштері өлтірілгенде жоқ едік. Күдіксіз біз анық шын айтамыз дейік.",- десті
-
27:50
وَمَكَرُوا۟ مَكْرًا وَمَكَرْنَا مَكْرًا وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
уамакаруу макрау уамакарна макрау уахум ла йаш`уруун
Олар сондай айлакерлік жасады. Біз де олар сезбеген жерден шарасын көрдік
-
27:51
فَٱنظُرْ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ مَكْرِهِمْ أَنَّا دَمَّرْنَـٰهُمْ وَقَوْمَهُمْ أَجْمَعِينَ
фанзур кайфа кана `ак̣ибату макрихим анна даммарнахум уак̣аумахум ажма`иин
Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын бір көр. Оларды да елдерін де тұтас жоқ еттік
-
27:52
فَتِلْكَ بُيُوتُهُمْ خَاوِيَةًۢ بِمَا ظَلَمُوٓا۟ ۗ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَةً لِّقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
фатилка буйуутухум хауийатан бима заламу инна фии з̃алика лаайатал лик̣аумий йа`ламуун
Міне олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері, білген елге бір ғибрат
-
27:53
وَأَنجَيْنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَكَانُوا۟ يَتَّقُونَ
уаанжайнал лаз̃иина амануу уакануу йаттак̣уун
Иман келтіріп, сақтанғандарды құтқардық
-
27:54
وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِۦٓ أَتَأْتُونَ ٱلْفَـٰحِشَةَ وَأَنتُمْ تُبْصِرُونَ
уалуутан из̃ к̣ала лик̣аумихи ата'туунал фахишата уаантум тубсируун
Лұт (Ғ.С.) ты да жібердік. Сол уақытта еліне: "Сендер көре тұра арсыздық істейсіңдер ме?",- деді
-
27:55
أَئِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ ٱلرِّجَالَ شَهْوَةً مِّن دُونِ ٱلنِّسَآءِ ۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ تَجْهَلُونَ
аиннакум лата'туунар рижала шахуатам мин дуунин ниса бал антум к̣аумун тажхалуун
Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қызығып, келесіңдер ме? Әрине сендер надан елсіңдер
-
27:56
۞ فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓا۟ أَخْرِجُوٓا۟ ءَالَ لُوطٍ مِّن قَرْيَتِكُمْ ۖ إِنَّهُمْ أُنَاسٌ يَتَطَهَّرُونَ
фама кана жауаба к̣аумихи илла ан к̣алуу ахрижуу ала луутим мин к̣арйатикум иннахум унасун йататаххаруун
Сонда елінің жауабы: "Лұттың семьясын кенттен шығарыңдар. Өйткені олар, тазасынған кісілер" деу, ғана болды
-
27:57
فَأَنجَيْنَـٰهُ وَأَهْلَهُۥٓ إِلَّا ٱمْرَأَتَهُۥ قَدَّرْنَـٰهَا مِنَ ٱلْغَـٰبِرِينَ
фаанжайнаху уаахлаху илла мраатаху к̣аддарнаха минал габириин
Сонда Лұт (Ғ.С.) ты да үй-ішін де жоқ болатындардан болуын ұйғарған қатынынан басқасын құтқардық
-
27:58
وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِم مَّطَرًا ۖ فَسَآءَ مَطَرُ ٱلْمُنذَرِينَ
уаамтарна `алайхим матаран фасаа матарул мунз̃ариин
Оларға қатты жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жауыны нендей жаман
-
27:59
قُلِ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ وَسَلَـٰمٌ عَلَىٰ عِبَادِهِ ٱلَّذِينَ ٱصْطَفَىٰٓ ۗ ءَآللَّهُ خَيْرٌ أَمَّا يُشْرِكُونَ
к̣улил хамду лиллахи уасаламун `ала `ибадихил лаз̃иина стафа аллаху хайрун амма йушрикуун
(Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?",- деп сұра
-
27:60
أَمَّنْ خَلَقَ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَأَنزَلَ لَكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَأَنۢبَتْنَا بِهِۦ حَدَآئِقَ ذَاتَ بَهْجَةٍ مَّا كَانَ لَكُمْ أَن تُنۢبِتُوا۟ شَجَرَهَآ ۗ أَءِلَـٰهٌ مَّعَ ٱللَّهِ ۚ بَلْ هُمْ قَوْمٌ يَعْدِلُونَ
амман халак̣ас самауати уаларда уаанзала лакум минас самаи маан фаанбатна бихи хадаик̣а з̃ата бахжатим ма кана лакум ан тунбитуу шажараха аилахум ма`аллах бал хум к̣аумун йа`дилуун
Көктер мен жерді жаратқан, сендер үшін көктен жаңбыр жаудырып, онымен сендер бір агашын да өсіре алмайтын әдемі бақшаларды өсірген кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олар шектен шыққан ел
-
27:61
أَمَّن جَعَلَ ٱلْأَرْضَ قَرَارًا وَجَعَلَ خِلَـٰلَهَآ أَنْهَـٰرًا وَجَعَلَ لَهَا رَوَٰسِىَ وَجَعَلَ بَيْنَ ٱلْبَحْرَيْنِ حَاجِزًا ۗ أَءِلَـٰهٌ مَّعَ ٱللَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
амман жа`алал арда к̣арарау уажа`ала хилалаха анхарау уажа`ала лаха рауасийа уажа`ала байнал бахрайни хажиза аилахум ма`аллах бал акс̃арухум ла йа`ламуун
Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаган және екі теңіздің арасына жік жасаған кім? Алла мен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді
-
27:62
أَمَّن يُجِيبُ ٱلْمُضْطَرَّ إِذَا دَعَاهُ وَيَكْشِفُ ٱلسُّوٓءَ وَيَجْعَلُكُمْ خُلَفَآءَ ٱلْأَرْضِ ۗ أَءِلَـٰهٌ مَّعَ ٱللَّهِ ۚ قَلِيلًا مَّا تَذَكَّرُونَ
аммай йужиибул мудтарра из̃а да`аху уайакшифус сууа уайаж`алукум хулафаал ард аилахум ма`аллах к̣алиилам ма таз̃аккаруун
Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер
-
27:63
أَمَّن يَهْدِيكُمْ فِى ظُلُمَـٰتِ ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ وَمَن يُرْسِلُ ٱلرِّيَـٰحَ بُشْرًۢا بَيْنَ يَدَىْ رَحْمَتِهِۦٓ ۗ أَءِلَـٰهٌ مَّعَ ٱللَّهِ ۚ تَعَـٰلَى ٱللَّهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ
аммай йахдиикум фии зулуматил барри уалбахри уамай йурсилур рийаха бушран байна йадай рахматих аилахум ма`аллах та`алаллаху `амма йушрикуун
Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолға салатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Алла (Т.) олардың қосқан ортақтарынан тым жоғары
-
27:64
أَمَّن يَبْدَؤُا۟ ٱلْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ وَمَن يَرْزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ ۗ أَءِلَـٰهٌ مَّعَ ٱللَّهِ ۚ قُلْ هَاتُوا۟ بُرْهَـٰنَكُمْ إِن كُنتُمْ صَـٰدِقِينَ
аммай йабдаул халк̣а с̃умма йу`иидуху уамай йарзук̣укум минас самаи уалард аилахум ма`аллах к̣ул хатуу бурханакум ин кунтум садик̣иин
Немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетін кіи? Және көк пен жерден қорек беретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.): "Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер" де
-
27:65
قُل لَّا يَعْلَمُ مَن فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ٱلْغَيْبَ إِلَّا ٱللَّهُ ۚ وَمَا يَشْعُرُونَ أَيَّانَ يُبْعَثُونَ
к̣ул ла йа`ламу ман фиис самауати уалардил гайба иллаллах уама йаш`урууна аййана йуб`ас̃уун
(Мұхаммед Ғ.С.): "Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді" де
-
27:66
بَلِ ٱدَّٰرَكَ عِلْمُهُمْ فِى ٱلْـَٔاخِرَةِ ۚ بَلْ هُمْ فِى شَكٍّ مِّنْهَا ۖ بَلْ هُم مِّنْهَا عَمُونَ
балид дарака `илмухум фиил ахира бал хум фии шакким минха бал хум минха `амуун
Олардың ахирет туралы мәліметі жеткілікті ме? Расында олар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты мүлде соқыр
-
27:67
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَءِذَا كُنَّا تُرَٰبًا وَءَابَآؤُنَآ أَئِنَّا لَمُخْرَجُونَ
уак̣алал лаз̃иина кафаруу аиз̃а кунна турабау уаабауна аинна ламухражуун
Сондай қарсы келгендер: "Біз де аталарымыз да топырақ болғаннан кейін (қабырдан тіріліп,) шығарыламыз ба?",- деді
-
27:68
لَقَدْ وُعِدْنَا هَـٰذَا نَحْنُ وَءَابَآؤُنَا مِن قَبْلُ إِنْ هَـٰذَآ إِلَّآ أَسَـٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ
лак̣ад уу`идна хаз̃а нахну уаабауна мин к̣аблу ин хаз̃а илла асатиирул аууалиин
Расында осы құқай бізге де бұрынғы аталарымызға да жасалды. Негізінде бұл бұрынғылардьің аңызынан басқа еш нәрсе емес
-
27:69
قُلْ سِيرُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ فَٱنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلْمُجْرِمِينَ
к̣ул сиируу фиил арди фанзуруу кайфа кана `ак̣ибатул мужримиин
(Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де күнәкарлардың соңы қалай болғанын көріңдер" де
-
27:70
وَلَا تَحْزَنْ عَلَيْهِمْ وَلَا تَكُن فِى ضَيْقٍ مِّمَّا يَمْكُرُونَ
уала тахзан `алайхим уала такун фии дайк̣им мимма йамкуруун
Оларға күйінбе де олардың айлакерліктеріне тарылма
-
27:71
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَـٰذَا ٱلْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَـٰدِقِينَ
уайак̣уулууна мата хаз̃ал уа`ду ин кунтум садик̣иин
Егер шын айтушы болсаңдар, бұл уәде қашан?",- дейді
-
27:72
قُلْ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ رَدِفَ لَكُم بَعْضُ ٱلَّذِى تَسْتَعْجِلُونَ
к̣ул `аса ай йакууна радифа лакум ба`дул лаз̃ии таста`жилуун
Оларға: "Асығып тілеген азаптарыңның кейі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін" де
-
27:73
وَإِنَّ رَبَّكَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَشْكُرُونَ
уаинна раббака лаз̃уу фадлин `алан наси уалакинна акс̃арахум ла йашкуруун
Күдіксіз Раббың, әлбетте адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір қылмайды
-
27:74
وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَعْلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمْ وَمَا يُعْلِنُونَ
уаинна раббака лайа`ламу ма тукинну судуурухум уама йу`линуун
Сөз жоқ, Раббың әлбетте олардың көңілдеріндегіні де көрнеуге шығарғандарын да біледі
-
27:75
وَمَا مِنْ غَآئِبَةٍ فِى ٱلسَّمَآءِ وَٱلْأَرْضِ إِلَّا فِى كِتَـٰبٍ مُّبِينٍ
уама мин гаибатин фиис самаи уаларди илла фии китабим мубиин
Жер-көкте ашық Кітапта болмаған ешбір көмес нәрсе жоқ
-
27:76
إِنَّ هَـٰذَا ٱلْقُرْءَانَ يَقُصُّ عَلَىٰ بَنِىٓ إِسْرَٰٓءِيلَ أَكْثَرَ ٱلَّذِى هُمْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
инна хаз̃ал к̣урана йак̣уссу `ала бании исраиила акс̃арал лаз̃ии хум фиихи йахталифуун
Расында бұл Құран Израил ұрпақтарына таласқан нәрселерінің көбін баян етеді
-
27:77
وَإِنَّهُۥ لَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ
уаиннаху лахудау уарахматул лилму'миниин
Күдіксіз Бұл Құран, мүміндер үшін анық тура жол, әрі игілік
-
27:78
إِنَّ رَبَّكَ يَقْضِى بَيْنَهُم بِحُكْمِهِۦ ۚ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْعَلِيمُ
инна раббака йак̣дии байнахум бихукмих уахууал `азиизул `алиим
Расында Раббың олардың араларына ткім етеді. Ол өте үстем, тым білуші
-
27:79
فَتَوَكَّلْ عَلَى ٱللَّهِ ۖ إِنَّكَ عَلَى ٱلْحَقِّ ٱلْمُبِينِ
фатауаккал `алаллахи иннака `алал хак̣к̣ил мубиин
(Мұхаммед Ғ.С.) онда Аллаға тәуекел қыл. Өйткені, сен ап-ашық бір шындық үстіндесің
-
27:80
إِنَّكَ لَا تُسْمِعُ ٱلْمَوْتَىٰ وَلَا تُسْمِعُ ٱلصُّمَّ ٱلدُّعَآءَ إِذَا وَلَّوْا۟ مُدْبِرِينَ
иннака ла тусми`ул маута уала тусми`ус суммад ду`аа из̃а уаллау мудбириин
Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бүрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың
-
27:81
وَمَآ أَنتَ بِهَـٰدِى ٱلْعُمْىِ عَن ضَلَـٰلَتِهِمْ ۖ إِن تُسْمِعُ إِلَّا مَن يُؤْمِنُ بِـَٔايَـٰتِنَا فَهُم مُّسْلِمُونَ
уама анта бихадиил `умии `ан далалатихим ин тусми`у илла май йу'мину биайатина фахум муслимуун
Және де соқырды адасқан жағынан жолға салушы емессің. Сондай-ақ аяттарымызға иман келтіріп, өздері Мүсылман болған кісілерге ғана естірте аласың
-
27:82
۞ وَإِذَا وَقَعَ ٱلْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَآبَّةً مِّنَ ٱلْأَرْضِ تُكَلِّمُهُمْ أَنَّ ٱلنَّاسَ كَانُوا۟ بِـَٔايَـٰتِنَا لَا يُوقِنُونَ
уаиз̃а уак̣а`ал к̣аулу `алайхим ахражна лахум даббатам минал арди тукаллимухум аннан наса кануу биайатина ла йуук̣инуун
Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол, Оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады... (Бұл хайуанның шығуы қияметтің белгілерінен. Б.М.К.Р)
-
27:83
وَيَوْمَ نَحْشُرُ مِن كُلِّ أُمَّةٍ فَوْجًا مِّمَّن يُكَذِّبُ بِـَٔايَـٰتِنَا فَهُمْ يُوزَعُونَ
уайаума нахшуру мин кулли умматин фаужам миммай йуказ̃з̃ибу биайатина фахум йууза`уун
Ол күні, әр үмметтен аяттарымызды жасынға айналдырғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар тостырылады
-
27:84
حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءُو قَالَ أَكَذَّبْتُم بِـَٔايَـٰتِى وَلَمْ تُحِيطُوا۟ بِهَا عِلْمًا أَمَّاذَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
хатта из̃а жауу к̣ала аказ̃з̃абтум биайатии уалам тухиитуу биха `илман аммаз̃а кунтум та`малуун
Олар түгел келген шақта, (Алла): "Аяттарымды толық білмей, жасынға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар?",- дер
-
27:85
وَوَقَعَ ٱلْقَوْلُ عَلَيْهِم بِمَا ظَلَمُوا۟ فَهُمْ لَا يَنطِقُونَ
уауак̣а`ал к̣аулу `алайхим бима заламуу фахум ла йантик̣уун
Зұлымдықтары себепті оларға айтылган сөз бастарына келді. Сонда олар сөйлей алмайды
-
27:86
أَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّا جَعَلْنَا ٱلَّيْلَ لِيَسْكُنُوا۟ فِيهِ وَٱلنَّهَارَ مُبْصِرًا ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
алам йарау анна жа`алнал лайла лийаскунуу фиихи уаннахара мубсира инна фии з̃алика лаайатил лик̣аумий йу'минуун
Олар, ішінде тынықсын деп, түнді және көрілетін күндізді жаратқанымызды көрмей ме? Сенетін ел үшін мұнда өнеге бар
-
27:87
وَيَوْمَ يُنفَخُ فِى ٱلصُّورِ فَفَزِعَ مَن فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَمَن فِى ٱلْأَرْضِ إِلَّا مَن شَآءَ ٱللَّهُ ۚ وَكُلٌّ أَتَوْهُ دَٰخِرِينَ
уайаума йунфаху фиис суури фафази`а ман фиис самауати уаман фиил арди илла ман шааллах уакуллун атауху дахириин
Сүр үрілген күні, Алла қалаған біреулерден басқа; көктерде болғандар да жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ барлығы Алланың алдына сүмірейіп келеді
-
27:88
وَتَرَى ٱلْجِبَالَ تَحْسَبُهَا جَامِدَةً وَهِىَ تَمُرُّ مَرَّ ٱلسَّحَابِ ۚ صُنْعَ ٱللَّهِ ٱلَّذِىٓ أَتْقَنَ كُلَّ شَىْءٍ ۚ إِنَّهُۥ خَبِيرٌۢ بِمَا تَفْعَلُونَ
уатарал жибала тахсабуха жамидатау уахийа тамурру маррас сахаб сун`аллахил лаз̃ии атк̣ана кулла шай иннаху хабиирун бима таф`алуун
Тауларды көріп, табжылмай түр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. (Бұл аят жердің айналатындыгын дәлелдейді. Б.А.) Бұл әр нәрсені берік жасаган Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді толық біледі
-
27:89
مَن جَآءَ بِٱلْحَسَنَةِ فَلَهُۥ خَيْرٌ مِّنْهَا وَهُم مِّن فَزَعٍ يَوْمَئِذٍ ءَامِنُونَ
ман жаа билхасанати фалаху хайрум минха уахум мин фаза`ий йаумаиз̃ин аминуун
Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Әрі олар қиямет күнінің қорқынышынан аман болады
-
27:90
وَمَن جَآءَ بِٱلسَّيِّئَةِ فَكُبَّتْ وُجُوهُهُمْ فِى ٱلنَّارِ هَلْ تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
уаман жаа биссайиати факуббат уужуухухум фиин нари хал тужзауна илла ма кунтум та`малуун
Ал кім бір жамандық келтірсе, олар тозаққа етбетінен тасталады да: "Жә, сендер істеген істеріңнің ғана сазайын тартасыңдар" (делінеді)
-
27:91
إِنَّمَآ أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ رَبَّ هَـٰذِهِ ٱلْبَلْدَةِ ٱلَّذِى حَرَّمَهَا وَلَهُۥ كُلُّ شَىْءٍ ۖ وَأُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ مِنَ ٱلْمُسْلِمِينَ
иннама умирту ан а`буда рабба хаз̃ихил балдатил лаз̃ии харрамаха уалаху куллу шайин уаумирту ан акууна минал муслимиин
(Мұхаммед Ғ.С.): "Шын мәнінде мен әр нәрсенің иесі, осы құрметті қаланың Раббына құлшылық қылуға сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым." (де)
-
27:92
وَأَنْ أَتْلُوَا۟ ٱلْقُرْءَانَ ۖ فَمَنِ ٱهْتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهْتَدِى لِنَفْسِهِۦ ۖ وَمَن ضَلَّ فَقُلْ إِنَّمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلْمُنذِرِينَ
уаан атлууал к̣урана фамани хтада фаиннама йахтадии линафсихи уаман далла фак̣ул иннама ана минал мунз̃ириин
Және де Құран оқуға бұйырылдым" Енді кім тура жолда болса, рас ол өзі үшін тура жолда болады. Ал және кім адасса: "Шынында мен ескертушілерден ғанамын" де
-
27:93
وَقُلِ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ سَيُرِيكُمْ ءَايَـٰتِهِۦ فَتَعْرِفُونَهَا ۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَـٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
уак̣улил хамду лиллахи сайуриикум айатихи фата`рифуунаха уама раббука бигафилин `амма та`малуун
Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды таныйсыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес" де
Дереккөздер
- Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
- Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
- Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17