1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Мүддәссир сүресі

Мүддәссир сүресін қалай жаттауға болады

«Бүркенген»

  • 74-сүре
  • 56 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 575–577 беттері

المدثر

Мүддәссир сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят56 күн
Күніне 3 аят19 күн
Күніне 5 аят12 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Мүддәссир сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 74:1

    يَـٰٓأَيُّهَا ٱلْمُدَّثِّرُ

    йа аййухал муддас̃с̃ир

    (Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: "Жабыңдар, мені жабыңдар" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы

  2. 74:2

    قُمْ فَأَنذِرْ

    к̣ум фаанз̃ир

    Түр енді! Адамдарға ескерт

  3. 74:3

    وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ

    уараббака факаббир

    Раббыңды ұлықта

  4. 74:4

    وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ

    уас̃ийабака фатаххир

    Киіміңді тазала

  5. 74:5

    وَٱلرُّجْزَ فَٱهْجُرْ

    уарружза фахжур

    Әр түрлі лас істерден аулақ бол

  6. 74:6

    وَلَا تَمْنُن تَسْتَكْثِرُ

    уала тамнун тастакс̃ир

    (Қылған ісіңді) көп міндет қылма

  7. 74:7

    وَلِرَبِّكَ فَٱصْبِرْ

    уалираббика фасбир

    Раббың үшін сабыр ет

  8. 74:8

    فَإِذَا نُقِرَ فِى ٱلنَّاقُورِ

    фаиз̃а нук̣ира фиин нак̣уур

    Қашан Сұр ұрілсе

  9. 74:9

    فَذَٰلِكَ يَوْمَئِذٍ يَوْمٌ عَسِيرٌ

    фаз̃алика йаумаиз̃ий йаумун `асиир

    Міне сол күн, өте ауыр күн

  10. 74:10

    عَلَى ٱلْكَـٰفِرِينَ غَيْرُ يَسِيرٍ

    `алал кафириина гайру йасиир

    Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Құрайш руынан Мұғайяра ұлы Уәлит Құранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т)

  11. 74:11

    ذَرْنِى وَمَنْ خَلَقْتُ وَحِيدًا

    з̃арнии уаман халак̣ту уахиида

    Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста

  12. 74:12

    وَجَعَلْتُ لَهُۥ مَالًا مَّمْدُودًا

    уажа`алту лаху малам мамдууда

    Оған көптеген мал бердім

  13. 74:13

    وَبَنِينَ شُهُودًا

    уабаниина шухууда

    Әзір тұратын ұлдар бердім

  14. 74:14

    وَمَهَّدتُّ لَهُۥ تَمْهِيدًا

    уамаххадтту лаху тамхиида

    Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым

  15. 74:15

    ثُمَّ يَطْمَعُ أَنْ أَزِيدَ

    с̃умма йатма`у ан азиид

    Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті

  16. 74:16

    كَلَّآ ۖ إِنَّهُۥ كَانَ لِـَٔايَـٰتِنَا عَنِيدًا

    калла иннаху кана лиайатина `аниида

    Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді

  17. 74:17

    سَأُرْهِقُهُۥ صَعُودًا

    саурхик̣уху са`ууда

    Жақында оны өрге зорлаймын

  18. 74:18

    إِنَّهُۥ فَكَّرَ وَقَدَّرَ

    иннаху факкара уак̣аддар

    Өйткені ол, ойластырып, шамалады

  19. 74:19

    فَقُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ

    фак̣утила кайфа к̣аддар

    Сосын ол өлгір, қалай шамалады

  20. 74:20

    ثُمَّ قُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ

    с̃умма к̣утила кайфа к̣аддар

    Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі

  21. 74:21

    ثُمَّ نَظَرَ

    с̃умма назар

    Сосын ол, қарады

  22. 74:22

    ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ

    с̃умма `абаса уабасар

    Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды

  23. 74:23

    ثُمَّ أَدْبَرَ وَٱسْتَكْبَرَ

    с̃умма адбара уастакбар

    Сосын ол, теріс айналып паңданды

  24. 74:24

    فَقَالَ إِنْ هَـٰذَآ إِلَّا سِحْرٌ يُؤْثَرُ

    фак̣ала ин хаз̃а илла сихрун йу'с̃ар

    Сонда ол: "Бұл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді

  25. 74:25

    إِنْ هَـٰذَآ إِلَّا قَوْلُ ٱلْبَشَرِ

    ин хаз̃а илла к̣аулул башар

    Бұл, адамның ғана сөзі

  26. 74:26

    سَأُصْلِيهِ سَقَرَ

    сауслиихи сак̣ар

    Оны жағатын тозаққа саламын

  27. 74:27

    وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا سَقَرُ

    уама адрака ма сак̣ар

    Ол тозақтың не екенін қайдан білдің

  28. 74:28

    لَا تُبْقِى وَلَا تَذَرُ

    ла тубк̣ии уала таз̃ар

    Кейін қалдырмайды да шала тастамайды

  29. 74:29

    لَوَّاحَةٌ لِّلْبَشَرِ

    лаууахатул лилбашар

    Ол, адам терісін өртеп кетеді

  30. 74:30

    عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ

    `алайха тис`ата `ашар

    Оған он тоғыз (періште) қарайды

  31. 74:31

    وَمَا جَعَلْنَآ أَصْحَـٰبَ ٱلنَّارِ إِلَّا مَلَـٰٓئِكَةً ۙ وَمَا جَعَلْنَا عِدَّتَهُمْ إِلَّا فِتْنَةً لِّلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِيَسْتَيْقِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَـٰبَ وَيَزْدَادَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِيمَـٰنًا ۙ وَلَا يَرْتَابَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَـٰبَ وَٱلْمُؤْمِنُونَ ۙ وَلِيَقُولَ ٱلَّذِينَ فِى قُلُوبِهِم مَّرَضٌ وَٱلْكَـٰفِرُونَ مَاذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِهَـٰذَا مَثَلًا ۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَن يَشَآءُ وَيَهْدِى مَن يَشَآءُ ۚ وَمَا يَعْلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَ ۚ وَمَا هِىَ إِلَّا ذِكْرَىٰ لِلْبَشَرِ

    уама жа`ална асхабан нари илла малаикатан уама жа`ална `иддатахум илла фитнатал лиллаз̃иина кафаруу лийастайк̣инал лаз̃иина уутуул китаба уайаздадал лаз̃иина амануу ииманан уала йартабал лаз̃иина уутуул китаба уалму'минууна уалийак̣уулал лаз̃иина фии к̣улуубихим марадуу уалкафирууна маз̃а арадаллаху бихаз̃а мас̃ала каз̃алика йудиллуллаху май йашау уайахдии май йаша уама йа`ламу жунууда раббика илла хуу уама хийа илла з̃икра лилбашар

    Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат

  32. 74:32

    كَلَّا وَٱلْقَمَرِ

    калла уалк̣амар

    Жоқ олай емес. Айға серт

  33. 74:33

    وَٱلَّيْلِ إِذْ أَدْبَرَ

    уаллайли из̃ адбар

    Қайтқан сәтте, түнге серт

  34. 74:34

    وَٱلصُّبْحِ إِذَآ أَسْفَرَ

    уассубхи из̃а асфар

    Ағарған сәтте, таңға серт

  35. 74:35

    إِنَّهَا لَإِحْدَى ٱلْكُبَرِ

    иннаха лаихдал кубар

    Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі

  36. 74:36

    نَذِيرًا لِّلْبَشَرِ

    наз̃иирал лилбашар

    Адамдар үшін ескерту

  37. 74:37

    لِمَن شَآءَ مِنكُمْ أَن يَتَقَدَّمَ أَوْ يَتَأَخَّرَ

    лиман шаа минкум ай йатак̣аддама ау йатааххар

    Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту

  38. 74:38

    كُلُّ نَفْسٍۭ بِمَا كَسَبَتْ رَهِينَةٌ

    куллу нафсин бима касабат рахиина

    Әркім істеген ісінің орнына ұсталады. (С.21-А)

  39. 74:39

    إِلَّآ أَصْحَـٰبَ ٱلْيَمِينِ

    илла асхабал йамиин

    Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (С. 27-А)

  40. 74:40

    فِى جَنَّـٰتٍ يَتَسَآءَلُونَ

    фии жаннатий йатасаалуун

    Олар жаннаттарда сұрасады

  41. 74:41

    عَنِ ٱلْمُجْرِمِينَ

    `анил мужримиин

    Қылмыстылардан

  42. 74:42

    مَا سَلَكَكُمْ فِى سَقَرَ

    ма салакакум фии сак̣ар

    Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе

  43. 74:43

    قَالُوا۟ لَمْ نَكُ مِنَ ٱلْمُصَلِّينَ

    к̣алуу лам наку минал мусаллиин

    Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік

  44. 74:44

    وَلَمْ نَكُ نُطْعِمُ ٱلْمِسْكِينَ

    уалам наку нут`имул мискиин

    Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік

  45. 74:45

    وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ ٱلْخَآئِضِينَ

    уакунна нахууду ма`ал хаидиин

    Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік

  46. 74:46

    وَكُنَّا نُكَذِّبُ بِيَوْمِ ٱلدِّينِ

    уакунна нуказ̃з̃ибу бийаумид диин

    Қиямет күнін өтірік деген едік

  47. 74:47

    حَتَّىٰٓ أَتَىٰنَا ٱلْيَقِينُ

    хатта атанал йак̣иин

    Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді" дейді)

  48. 74:48

    فَمَا تَنفَعُهُمْ شَفَـٰعَةُ ٱلشَّـٰفِعِينَ

    фама танфа`ухум шафа`атуш шафи`иин

    Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді

  49. 74:49

    فَمَا لَهُمْ عَنِ ٱلتَّذْكِرَةِ مُعْرِضِينَ

    фама лахум `анит таз̃кирати му`ридиин

    Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды

  50. 74:50

    كَأَنَّهُمْ حُمُرٌ مُّسْتَنفِرَةٌ

    кааннахум хумурум мустанфира

    Олар мүлде үріккен құлан сияқты

  51. 74:51

    فَرَّتْ مِن قَسْوَرَةٍۭ

    фаррат мин к̣асуара

    Арыстаннан қашқан

  52. 74:52

    بَلْ يُرِيدُ كُلُّ ٱمْرِئٍ مِّنْهُمْ أَن يُؤْتَىٰ صُحُفًا مُّنَشَّرَةً

    бал йурииду куллу мриим минхум ай йу'та сухуфам мунашшара

    Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды

  53. 74:53

    كَلَّا ۖ بَل لَّا يَخَافُونَ ٱلْـَٔاخِرَةَ

    калла бал ла йахафуунал ахира

    Жоқ, олар ахиреттен қорықпайды

  54. 74:54

    كَلَّآ إِنَّهُۥ تَذْكِرَةٌ

    калла иннаху таз̃кира

    Олай емес. Шын мәнінде Құран бір насихат

  55. 74:55

    فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ

    фаман шаа з̃акарах

    Кім қаласа, одан үгіт алады

  56. 74:56

    وَمَا يَذْكُرُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ ۚ هُوَ أَهْلُ ٱلتَّقْوَىٰ وَأَهْلُ ٱلْمَغْفِرَةِ

    уама йаз̃курууна илла ай йашааллах хууа ахлут так̣уа уаахлул магфира

    Алла қаламайынша, олар, үгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.