1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Мағариж сүресі

Мағариж сүресін қалай жаттауға болады

«Баспалдақтар»

  • 70-сүре
  • 44 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 568–570 беттері

المعارج

Мағариж сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят44 күн
Күніне 3 аят15 күн
Күніне 5 аят9 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Мағариж сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 70:1

    سَأَلَ سَآئِلٌۢ بِعَذَابٍ وَاقِعٍ

    саала саилун би`аз̃абиу уак̣и`

    Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (С. 32-А)

  2. 70:2

    لِّلْكَـٰفِرِينَ لَيْسَ لَهُۥ دَافِعٌ

    лилкафириина лайса лаху дафи`

    Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ

  3. 70:3

    مِّنَ ٱللَّهِ ذِى ٱلْمَعَارِجِ

    миналлахи з̃иил ма`ариж

    Ол азап биік дәреже иесі Алладан

  4. 70:4

    تَعْرُجُ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ إِلَيْهِ فِى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُۥ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ

    та`ружул малаикату уаррууху илайхи фии йаумин кана мик̣даруху хамсиина алфа сана

    Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады

  5. 70:5

    فَٱصْبِرْ صَبْرًا جَمِيلًا

    фасбир сабран жамиила

    (Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет

  6. 70:6

    إِنَّهُمْ يَرَوْنَهُۥ بَعِيدًا

    иннахум йараунаху ба`иида

    Олар қияметті ұзақ көреді

  7. 70:7

    وَنَرَىٰهُ قَرِيبًا

    уанараху к̣арииба

    Біз жақын көреміз

  8. 70:8

    يَوْمَ تَكُونُ ٱلسَّمَآءُ كَٱلْمُهْلِ

    йаума такуунус самау калмухл

    Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады

  9. 70:9

    وَتَكُونُ ٱلْجِبَالُ كَٱلْعِهْنِ

    уатакуунул жибалу кал`ихн

    Таулар, түтілген жүндей болады

  10. 70:10

    وَلَا يَسْـَٔلُ حَمِيمٌ حَمِيمًا

    уала йасалу хамиимун хамиима

    Дос, достың халін сұрамайды

  11. 70:11

    يُبَصَّرُونَهُمْ ۚ يَوَدُّ ٱلْمُجْرِمُ لَوْ يَفْتَدِى مِنْ عَذَابِ يَوْمِئِذٍۭ بِبَنِيهِ

    йубассаруунахум йауаддул мужриму лау йафтадии мин `аз̃аби йаумииз̃ин бибаниих

    Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді

  12. 70:12

    وَصَـٰحِبَتِهِۦ وَأَخِيهِ

    уасахибатихи уаахиих

    Әйелін де туысын да

  13. 70:13

    وَفَصِيلَتِهِ ٱلَّتِى تُـْٔوِيهِ

    уафасиилатихил латии ту'уиих

    Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де

  14. 70:14

    وَمَن فِى ٱلْأَرْضِ جَمِيعًا ثُمَّ يُنجِيهِ

    уаман фиил арди жамии`ан с̃умма йунжиих

    Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді

  15. 70:15

    كَلَّآ ۖ إِنَّهَا لَظَىٰ

    калла иннаха лаза

    Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от

  16. 70:16

    نَزَّاعَةً لِّلشَّوَىٰ

    назза`атал лишшауа

    Теріні сояды

  17. 70:17

    تَدْعُوا۟ مَنْ أَدْبَرَ وَتَوَلَّىٰ

    тад`уу ман адбара уатауалла

    Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады

  18. 70:18

    وَجَمَعَ فَأَوْعَىٰٓ

    уажама`а фаау`а

    Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады

  19. 70:19

    ۞ إِنَّ ٱلْإِنسَـٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا

    иннал инсана хулик̣а халуу`а

    Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған

  20. 70:20

    إِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ جَزُوعًا

    из̃а массахуш шарру жазуу`а

    Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз

  21. 70:21

    وَإِذَا مَسَّهُ ٱلْخَيْرُ مَنُوعًا

    уаиз̃а массахул хайру мануу`а

    Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң

  22. 70:22

    إِلَّا ٱلْمُصَلِّينَ

    иллал мусаллиин

    Бірақ намаз оқушылар басқа

  23. 70:23

    ٱلَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ دَآئِمُونَ

    аллаз̃иина хум `ала салатихим даимуун

    Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды

  24. 70:24

    وَٱلَّذِينَ فِىٓ أَمْوَٰلِهِمْ حَقٌّ مَّعْلُومٌ

    уаллаз̃иина фии амуалихим хак̣к̣ум ма`луум

    Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар

  25. 70:25

    لِّلسَّآئِلِ وَٱلْمَحْرُومِ

    лиссаили уалмахруум

    Сұрағанға да сұрамағанға да. (С. 19-А)

  26. 70:26

    وَٱلَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوْمِ ٱلدِّينِ

    уаллаз̃иина йусаддик̣ууна бийаумид диин

    Тағы сондай қиямет күнін растағандар

  27. 70:27

    وَٱلَّذِينَ هُم مِّنْ عَذَابِ رَبِّهِم مُّشْفِقُونَ

    уаллаз̃иина хум мин `аз̃аби раббихим мушфик̣уун

    Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар

  28. 70:28

    إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمْ غَيْرُ مَأْمُونٍ

    инна `аз̃аба раббихим гайру ма'муун

    Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес

  29. 70:29

    وَٱلَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَـٰفِظُونَ

    уаллаз̃иина хум лифуруужихим хафизуун

    Сондай ұятты жерлерін сақтағандар

  30. 70:30

    إِلَّا عَلَىٰٓ أَزْوَٰجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَـٰنُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ

    илла `ала азуажихим ау ма малакат айманухум фаиннахум гайру малуумиин

    Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ

  31. 70:31

    فَمَنِ ٱبْتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُو۟لَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلْعَادُونَ

    фамани бтага уараа з̃алика фауулаика хумул `адуун

    Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар

  32. 70:32

    وَٱلَّذِينَ هُمْ لِأَمَـٰنَـٰتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَٰعُونَ

    уаллаз̃иина хум лиаманатихим уа`ахдихим ра`уун

    Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар

  33. 70:33

    وَٱلَّذِينَ هُم بِشَهَـٰدَٰتِهِمْ قَآئِمُونَ

    уаллаз̃иина хум бишахадатихим к̣аимуун

    Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар

  34. 70:34

    وَٱلَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ

    уаллаз̃иина хум `ала салатихим йухафизуун

    Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер

  35. 70:35

    أُو۟لَـٰٓئِكَ فِى جَنَّـٰتٍ مُّكْرَمُونَ

    уулаика фии жаннатим мукрамуун

    Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер

  36. 70:36

    فَمَالِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ قِبَلَكَ مُهْطِعِينَ

    фамалил лаз̃иина кафаруу к̣ибалака мухти`иин

    (Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды

  37. 70:37

    عَنِ ٱلْيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ عِزِينَ

    `анил йамиини уа`аниш шимали `изиин

    Оңнан, солдан топ-топ болып

  38. 70:38

    أَيَطْمَعُ كُلُّ ٱمْرِئٍ مِّنْهُمْ أَن يُدْخَلَ جَنَّةَ نَعِيمٍ

    айатма`у куллу мриим минхум ай йудхала жанната на`иим

    Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме

  39. 70:39

    كَلَّآ ۖ إِنَّا خَلَقْنَـٰهُم مِّمَّا يَعْلَمُونَ

    калла инна халак̣нахум мимма йа`ламуун

    Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық

  40. 70:40

    فَلَآ أُقْسِمُ بِرَبِّ ٱلْمَشَـٰرِقِ وَٱلْمَغَـٰرِبِ إِنَّا لَقَـٰدِرُونَ

    фала ук̣симу бираббил машарик̣и уалмагариби инна лак̣адируун

    Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді

  41. 70:41

    عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ خَيْرًا مِّنْهُمْ وَمَا نَحْنُ بِمَسْبُوقِينَ

    `ала ан нубаддила хайрам минхум уама нахну бимасбуук̣иин

    Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды

  42. 70:42

    فَذَرْهُمْ يَخُوضُوا۟ وَيَلْعَبُوا۟ حَتَّىٰ يُلَـٰقُوا۟ يَوْمَهُمُ ٱلَّذِى يُوعَدُونَ

    фаз̃архум йахуудуу уайал`абуу хатта йулак̣уу йаумахумул лаз̃ии йуу`адуун

    (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын

  43. 70:43

    يَوْمَ يَخْرُجُونَ مِنَ ٱلْأَجْدَاثِ سِرَاعًا كَأَنَّهُمْ إِلَىٰ نُصُبٍ يُوفِضُونَ

    йаума йахружууна минал аждас̃и сира`ан кааннахум ила нусубий йууфидуун

    Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді

  44. 70:44

    خَـٰشِعَةً أَبْصَـٰرُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۚ ذَٰلِكَ ٱلْيَوْمُ ٱلَّذِى كَانُوا۟ يُوعَدُونَ

    хаши`атан абсарухум тархак̣ухум з̃илла з̃аликал йаумул лаз̃ии кануу йуу`адуун

    Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.