Хижр сүресін қалай жаттауға болады
- 15-сүре
- 99 аят
- Меккелік
- Мұсхафтың 262–267 беттері
الحجر
Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.
Сүрені толық тыңдаңыз
Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси
Қанша уақыт керек
Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:
| Күніне 1 аят | 99 күн |
| Күніне 3 аят | 33 күн |
| Күніне 5 аят | 20 күн |
Аят-аятпен қалай жаттау керек
- Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
- Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
- Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
- Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.
Хижр сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы
-
15:1
الٓر ۚ تِلْكَ ءَايَـٰتُ ٱلْكِتَـٰبِ وَقُرْءَانٍ مُّبِينٍ
алиф лам ра тилка айатул китаби уак̣ураним мубиин
Әлиф. Ләм. Ра. Бұлар Кітаптың; ап-ашық Құранның аяттары
-
15:2
رُّبَمَا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوْ كَانُوا۟ مُسْلِمِينَ
рубама йауаддул лаз̃иина кафаруу лау кануу муслимиин
Кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақ еді” деп арман қылады. (С.27-А)
-
15:3
ذَرْهُمْ يَأْكُلُوا۟ وَيَتَمَتَّعُوا۟ وَيُلْهِهِمُ ٱلْأَمَلُ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
з̃архум йа'кулуу уайатаматта`уу уайулхихимул амалу фасауфа йа`ламуун
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Олар жуықта түсінеді
-
15:4
وَمَآ أَهْلَكْنَا مِن قَرْيَةٍ إِلَّا وَلَهَا كِتَابٌ مَّعْلُومٌ
уама ахлакна мин к̣арйатин илла уалаха китабум ма`луум
Ешбір жұртты, белгілі бір ерзімсіз әсте жоқ етпедік
-
15:5
مَّا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَـْٔخِرُونَ
ма тасбик̣у миу умматин ажалаха уама йаста'хируун
Ешбір үммет ажалын ілгердете алмайды да кейіндете алмайды
-
15:6
وَقَالُوا۟ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِى نُزِّلَ عَلَيْهِ ٱلذِّكْرُ إِنَّكَ لَمَجْنُونٌ
уак̣алуу йа аййухал лаз̃ии нуззила `алайхиз̃ з̃икру иннака ламажнуун
(Кәпірлер, Пайғамбарға): “Әй өзіне үгіт (Құран) түсірілген! Сен анық жындысың” деді
-
15:7
لَّوْ مَا تَأْتِينَا بِٱلْمَلَـٰٓئِكَةِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
лау ма та'тиина билмалаикати ин кунта минас садик̣иин
“Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді неге әкелмейсің?”
-
15:8
مَا نُنَزِّلُ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةَ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَمَا كَانُوٓا۟ إِذًا مُّنظَرِينَ
ма нуназзилул малаиката илла билхак̣к̣и уама кануу из̃ам мунзариин
Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрса берілмейді
-
15:9
إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا ٱلذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَـٰفِظُونَ
инна нахну наззалназ̃ з̃икра уаинна лаху лахафизуун
Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз
-
15:10
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ فِى شِيَعِ ٱلْأَوَّلِينَ
уалак̣ад арсална мин к̣аблика фии шийа`ил аууалиин
Расында (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын алғашқы топтарға да елші жібердік
-
15:11
وَمَا يَأْتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
уама йа'тиихим мир расуулин илла кануу бихи йастахзиуун
Оларға келген пайғамбарды, олар, мүлде тәлкек қылар еді
-
15:12
كَذَٰلِكَ نَسْلُكُهُۥ فِى قُلُوبِ ٱلْمُجْرِمِينَ
каз̃алика наслукуху фии к̣улуубил мужримиин
Осылайша (мазақтаған нәрсесін) күнәкарлардың жүректеріне кіргіземіз
-
15:13
لَا يُؤْمِنُونَ بِهِۦ ۖ وَقَدْ خَلَتْ سُنَّةُ ٱلْأَوَّلِينَ
ла йу'минууна бихи уак̣ад халат суннатул аууалиин
Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрыңғылар да сөйтіп өткен болатын
-
15:14
وَلَوْ فَتَحْنَا عَلَيْهِم بَابًا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَظَلُّوا۟ فِيهِ يَعْرُجُونَ
уалау фатахна `алайхим бабам минас самаи фазаллуу фиихи йа`ружуун
Егер оларға көктен бір есік ашсақ, дереу жоғары шығып бара жатса
-
15:15
لَقَالُوٓا۟ إِنَّمَا سُكِّرَتْ أَبْصَـٰرُنَا بَلْ نَحْنُ قَوْمٌ مَّسْحُورُونَ
лак̣алуу иннама суккират абсаруна бал нахну к̣аумум масхууруун
“Расында көздеріміз байланды. Бәлкім біздер жадыланған елміз” деседі
-
15:16
وَلَقَدْ جَعَلْنَا فِى ٱلسَّمَآءِ بُرُوجًا وَزَيَّنَّـٰهَا لِلنَّـٰظِرِينَ
уалак̣ад жа`ална фиис самаи буруужау уазаййаннаха линназириин
Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшін аспанды безедік
-
15:17
وَحَفِظْنَـٰهَا مِن كُلِّ شَيْطَـٰنٍ رَّجِيمٍ
уахафизнаха мин кулли шайтанир ражиим
Сондай-ақ ол көкті, бүкіл қарғыс тиген шайтана қорғадық
-
15:18
إِلَّا مَنِ ٱسْتَرَقَ ٱلسَّمْعَ فَأَتْبَعَهُۥ شِهَابٌ مُّبِينٌ
илла мани старак̣ас сам`а фаатба`аху шихабум мубиин
Дегенмен кім ұрлықшылап тыңдаса, оны жарық ұшқын қуады
-
15:19
وَٱلْأَرْضَ مَدَدْنَـٰهَا وَأَلْقَيْنَا فِيهَا رَوَٰسِىَ وَأَنۢبَتْنَا فِيهَا مِن كُلِّ شَىْءٍ مَّوْزُونٍ
уаларда мададнаха уаалк̣айна фииха рауасийа уаанбатна фииха мин кулли шайим маузуун
Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық. Сондай-ақ ол жердегі әр нәрсені мәлім мөлшерде өсірдік
-
15:20
وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَـٰيِشَ وَمَن لَّسْتُمْ لَهُۥ بِرَٰزِقِينَ
уажа`ална лакум фииха ма`аииша уамал ластум лаху биразик̣иин
Және жере сендер үшін де, сендер ризық бере алмайтындар үшін де күн көріс жасадық
-
15:21
وَإِن مِّن شَىْءٍ إِلَّا عِندَنَا خَزَآئِنُهُۥ وَمَا نُنَزِّلُهُۥٓ إِلَّا بِقَدَرٍ مَّعْلُومٍ
уаим мин шайин илла `индана хазаинуху уама нуназзилуху илла бик̣адарим ма`луум
Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз
-
15:22
وَأَرْسَلْنَا ٱلرِّيَـٰحَ لَوَٰقِحَ فَأَنزَلْنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَأَسْقَيْنَـٰكُمُوهُ وَمَآ أَنتُمْ لَهُۥ بِخَـٰزِنِينَ
уаарсалнар рийаха лауак̣иха фаанзална минас самаи маан фааск̣айнакумууху уама антум лаху бихазиниин
Пайдаы желдерді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық. Әйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар
-
15:23
وَإِنَّا لَنَحْنُ نُحْىِۦ وَنُمِيتُ وَنَحْنُ ٱلْوَٰرِثُونَ
уаинна ланахну нухии уанумииту уанахнул уарис̃уун
Күдіксіз біз тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ барлығының мұрагері бізбіз. (С. 88-А)
-
15:24
وَلَقَدْ عَلِمْنَا ٱلْمُسْتَقْدِمِينَ مِنكُمْ وَلَقَدْ عَلِمْنَا ٱلْمُسْتَـْٔخِرِينَ
уалак̣ад `алимнал мустак̣димиина минкум уалак̣ад `алимнал муста'хириин
Расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай-ақ кейінгі келетіндер де бізге мәлім
-
15:25
وَإِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَحْشُرُهُمْ ۚ إِنَّهُۥ حَكِيمٌ عَلِيمٌ
уаинна раббака хууа йахшурухум иннаху хакиимун `алиим
(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, оларды (қияметте) жинайды. Өйткені, Ол, хикмет иесі, толық білуші
-
15:26
وَلَقَدْ خَلَقْنَا ٱلْإِنسَـٰنَ مِن صَلْصَـٰلٍ مِّنْ حَمَإٍ مَّسْنُونٍ
уалак̣ад халак̣нал инсана мин салсалим мин хамаиим маснуун
Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық
-
15:27
وَٱلْجَآنَّ خَلَقْنَـٰهُ مِن قَبْلُ مِن نَّارِ ٱلسَّمُومِ
уалжанна халак̣наху мин к̣аблу мин нарис самуум
Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік
-
15:28
وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَـٰٓئِكَةِ إِنِّى خَـٰلِقٌۢ بَشَرًا مِّن صَلْصَـٰلٍ مِّنْ حَمَإٍ مَّسْنُونٍ
уаиз̃ к̣ала раббука лилмалаикати иннии халик̣ун башарам мин салсалим мин хамаиим маснуун
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: “Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам жаратамын” деді
-
15:29
فَإِذَا سَوَّيْتُهُۥ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِن رُّوحِى فَقَعُوا۟ لَهُۥ سَـٰجِدِينَ
фаиз̃а саууайтуху уанафахту фиихи мир руухии фак̣а`уу лаху сажидиин
Оның жаратылысын тамамдап, оған рұхымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар
-
15:30
فَسَجَدَ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ
фасажадал малаикату куллухум ажма`уун
Сонда періштелер тұтас сәжде қылды
-
15:31
إِلَّآ إِبْلِيسَ أَبَىٰٓ أَن يَكُونَ مَعَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
илла иблииса аба ай йакууна ма`ас сажидиин
Бірақ, Ібіліс сәжде қылушылармен бірге болудан бас тартты
-
15:32
قَالَ يَـٰٓإِبْلِيسُ مَا لَكَ أَلَّا تَكُونَ مَعَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
к̣ала йа иблиису ма лака алла такууна ма`ас сажидиин
(Алла Т.): «Әй Ібіліс! Сен неге сәжде қылушылармен бірге болмадың» деді
-
15:33
قَالَ لَمْ أَكُن لِّأَسْجُدَ لِبَشَرٍ خَلَقْتَهُۥ مِن صَلْصَـٰلٍ مِّنْ حَمَإٍ مَّسْنُونٍ
к̣ала лам акул лиасжуда либашарин халак̣таху мин салсалим мин хамаиим маснуун
(Ібіліс): «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етіме болмайды» деді
-
15:34
قَالَ فَٱخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٌ
к̣ала фахруж минха фаиннака ражиим
(Алла): «Онда сен жаннаттан шық. Өйткені, сен қуылдың деді
-
15:35
وَإِنَّ عَلَيْكَ ٱللَّعْنَةَ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلدِّينِ
уаинна `алайкал ла`ната ила йаумид диин
“Шынында саған қиямет күніне дейін лағынет бар…”
-
15:36
قَالَ رَبِّ فَأَنظِرْنِىٓ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
к̣ала рабби фаанзирнии ила йауми йуб`ас̃уун
(Ібіліс): “Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер” деді
-
15:37
قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ ٱلْمُنظَرِينَ
к̣ала фаиннака минал мунзариин
(Алла, Ібіліске): “Расында саған кеңшілік берілді” деді
-
15:38
إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْوَقْتِ ٱلْمَعْلُومِ
ила йаумил уак̣тил ма`луум
“Белгілі бір мерзімге дейін”
-
15:39
قَالَ رَبِّ بِمَآ أَغْوَيْتَنِى لَأُزَيِّنَنَّ لَهُمْ فِى ٱلْأَرْضِ وَلَأُغْوِيَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ
к̣ала рабби бима агуайтании лаузайинанна лахум фиил арди уалаугуийаннахум ажма`иин
(Ол): “Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін; әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын” деді
-
15:40
إِلَّا عِبَادَكَ مِنْهُمُ ٱلْمُخْلَصِينَ
илла `ибадака минхумул мухласиин
“Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын” (деді)
-
15:41
قَالَ هَـٰذَا صِرَٰطٌ عَلَىَّ مُسْتَقِيمٌ
к̣ала хаз̃а сиратун `алаййа мустак̣иим
(Алла): “Маған келетін тура жол осы” деді
-
15:42
إِنَّ عِبَادِى لَيْسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلْطَـٰنٌ إِلَّا مَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلْغَاوِينَ
инна `ибадии лайса лака `алайхим султанун илла манит таба`ака минал гауиин
“Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады ”
-
15:43
وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمَوْعِدُهُمْ أَجْمَعِينَ
уаинна жаханнама ламау`идухум ажма`иин
“Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері жаћаннам”
-
15:44
لَهَا سَبْعَةُ أَبْوَٰبٍ لِّكُلِّ بَابٍ مِّنْهُمْ جُزْءٌ مَّقْسُومٌ
лаха саб`ату абуабил ликулли бабим минхум жузум мак̣суум
Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардан бір бөлегі айрылады
-
15:45
إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِى جَنَّـٰتٍ وَعُيُونٍ
иннал муттак̣иина фии жаннатиу уа`уйуун
Сөзсіз тақуалар бақшаларда және бастауларда болады
-
15:46
ٱدْخُلُوهَا بِسَلَـٰمٍ ءَامِنِينَ
удхулууха бисаламин аминиин
Жаннатқа амандықпен кіріңдер
-
15:47
وَنَزَعْنَا مَا فِى صُدُورِهِم مِّنْ غِلٍّ إِخْوَٰنًا عَلَىٰ سُرُرٍ مُّتَقَـٰبِلِينَ
уаназа`на ма фии судуурихим мин гиллин ихуанан `ала сурурим мутак̣абилиин
Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады
-
15:48
لَا يَمَسُّهُمْ فِيهَا نَصَبٌ وَمَا هُم مِّنْهَا بِمُخْرَجِينَ
ла йамассухум фииха насабуу уама хум минха бимухражиин
Жаннатта олар шаршамайды да одан шығарылмайды
-
15:49
۞ نَبِّئْ عِبَادِىٓ أَنِّىٓ أَنَا ٱلْغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
набби `ибадии аннии анал гафуурур рахиим
(Мұхаммед Ғ.С.) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін
-
15:50
وَأَنَّ عَذَابِى هُوَ ٱلْعَذَابُ ٱلْأَلِيمُ
уаанна `аз̃абии хууал `аз̃абул алиим
Шын мәнінде азабым да күйзелтуші
-
15:51
وَنَبِّئْهُمْ عَن ضَيْفِ إِبْرَٰهِيمَ
уанаббихум `ан дайфи ибрахиим
Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт
-
15:52
إِذْ دَخَلُوا۟ عَلَيْهِ فَقَالُوا۟ سَلَـٰمًا قَالَ إِنَّا مِنكُمْ وَجِلُونَ
из̃ дахалуу `алайхи фак̣алуу саламан к̣ала инна минкум уажилуун
Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді
-
15:53
قَالُوا۟ لَا تَوْجَلْ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَـٰمٍ عَلِيمٍ
к̣алуу ла таужал инна нубашширука бигуламин `алиим
(Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен шүйінілейміз” деді
-
15:54
قَالَ أَبَشَّرْتُمُونِى عَلَىٰٓ أَن مَّسَّنِىَ ٱلْكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ
к̣ала абашшартумуунии `ала ам массанийал кибару фабима тубашшируун
(Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен шүйіншілейсіңдер?”, - деді
-
15:55
قَالُوا۟ بَشَّرْنَـٰكَ بِٱلْحَقِّ فَلَا تَكُن مِّنَ ٱلْقَـٰنِطِينَ
к̣алуу башшарнака билхак̣к̣и фала такум минал к̣анитиин
(Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен шүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді
-
15:56
قَالَ وَمَن يَقْنَطُ مِن رَّحْمَةِ رَبِّهِۦٓ إِلَّا ٱلضَّآلُّونَ
к̣ала уамай йак̣нату мир рахмати раббихи иллад даллуун
(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен, адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, - деді
-
15:57
قَالَ فَمَا خَطْبُكُمْ أَيُّهَا ٱلْمُرْسَلُونَ
к̣ала фама хатбукум аййухал мурсалуун
(Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, - деді
-
15:58
قَالُوٓا۟ إِنَّآ أُرْسِلْنَآ إِلَىٰ قَوْمٍ مُّجْرِمِينَ
к̣алуу инна урсилна ила к̣аумим мужримиин
(Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді
-
15:59
إِلَّآ ءَالَ لُوطٍ إِنَّا لَمُنَجُّوهُمْ أَجْمَعِينَ
илла ала луутин инна ламунажжуухум ажма`иин
“Лұт (Ғ.С.) тың сыбайластарын түгел құтқарамыз”
-
15:60
إِلَّا ٱمْرَأَتَهُۥ قَدَّرْنَآ ۙ إِنَّهَا لَمِنَ ٱلْغَـٰبِرِينَ
илла мраатаху к̣аддарна иннаха ламинал габириин
“Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық”
-
15:61
فَلَمَّا جَآءَ ءَالَ لُوطٍ ٱلْمُرْسَلُونَ
фаламма жаа ала луутинл мурсалуун
Елшілер, Лұт семьясына келгенде
-
15:62
قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمٌ مُّنكَرُونَ
к̣ала иннакум к̣аумум мункаруун
“Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (Лұт Ғ.С. оларға)
-
15:63
قَالُوا۟ بَلْ جِئْنَـٰكَ بِمَا كَانُوا۟ فِيهِ يَمْتَرُونَ
к̣алуу бал жинака бима кануу фиихи йамтаруун
(Елшілер): “Жоқ біз олардың күманданған азабын алып келдік” деді
-
15:64
وَأَتَيْنَـٰكَ بِٱلْحَقِّ وَإِنَّا لَصَـٰدِقُونَ
уаатайнака билхак̣к̣и уаинна ласадик̣уун
“Біз саған нақты шындықты кетірдік. Әрине шын айтамыз”
-
15:65
فَأَسْرِ بِأَهْلِكَ بِقِطْعٍ مِّنَ ٱلَّيْلِ وَٱتَّبِعْ أَدْبَـٰرَهُمْ وَلَا يَلْتَفِتْ مِنكُمْ أَحَدٌ وَٱمْضُوا۟ حَيْثُ تُؤْمَرُونَ
фаасри биахлика бик̣ит`им минал лайли уаттаби` адбарахум уала йалтафит минкум ахадуу уамдуу хайс̃у ту'маруун
“Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер”
-
15:66
وَقَضَيْنَآ إِلَيْهِ ذَٰلِكَ ٱلْأَمْرَ أَنَّ دَابِرَ هَـٰٓؤُلَآءِ مَقْطُوعٌ مُّصْبِحِينَ
уак̣адайна илайхи з̃аликал амра анна дабира хаулаи мак̣туу`ум мусбихиин
(Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік
-
15:67
وَجَآءَ أَهْلُ ٱلْمَدِينَةِ يَسْتَبْشِرُونَ
уажаа ахлул мадиинати йастабшируун
Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті
-
15:68
قَالَ إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ ضَيْفِى فَلَا تَفْضَحُونِ
к̣ала инна хаулаи дайфии фала тафдахуун
(Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді
-
15:69
وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَلَا تُخْزُونِ
уаттак̣ууллаха уала тухзуун
“Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…”
-
15:70
قَالُوٓا۟ أَوَلَمْ نَنْهَكَ عَنِ ٱلْعَـٰلَمِينَ
к̣алуу ауалам нанхака `анил `аламиин
(Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, - деді
-
15:71
قَالَ هَـٰٓؤُلَآءِ بَنَاتِىٓ إِن كُنتُمْ فَـٰعِلِينَ
к̣ала хаулаи банатии ин кунтум фа`илиин
(Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді
-
15:72
لَعَمْرُكَ إِنَّهُمْ لَفِى سَكْرَتِهِمْ يَعْمَهُونَ
ла`амрука иннахум лафии сакратихим йа`махуун
(Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді
-
15:73
فَأَخَذَتْهُمُ ٱلصَّيْحَةُ مُشْرِقِينَ
фаахаз̃атхумус сайхату мушрик̣иин
Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды
-
15:74
فَجَعَلْنَا عَـٰلِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ حِجَارَةً مِّن سِجِّيلٍ
фажа`ална `алийаха сафилаха уаамтарна `алайхим хижаратам мин сижжиил
Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық
-
15:75
إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَـٰتٍ لِّلْمُتَوَسِّمِينَ
инна фии з̃алика лаайатил лилмутауассимиин
Күдіксіз осыда, қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар
-
15:76
وَإِنَّهَا لَبِسَبِيلٍ مُّقِيمٍ
уаиннаха лабисабиилим мук̣иим
Өйткені, ол жер, жол үсітнде еді
-
15:77
إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَـَٔايَةً لِّلْمُؤْمِنِينَ
инна фии з̃алика лаайатал лилму'миниин
Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғыбрат бар
-
15:78
وَإِن كَانَ أَصْحَـٰبُ ٱلْأَيْكَةِ لَظَـٰلِمِينَ
уаин кана асхабул айкати лазалимиин
(Шұғайып Ғ.С. ның елі) Әйкеліктер де залым болған еді
-
15:79
فَٱنتَقَمْنَا مِنْهُمْ وَإِنَّهُمَا لَبِإِمَامٍ مُّبِينٍ
фантак̣амна минхум уаиннахума лабиимамим мубиин
Оларды да жазаландырдық. (Садұм, Әйке) екеуі де даңғыл жол үстінде
-
15:80
وَلَقَدْ كَذَّبَ أَصْحَـٰبُ ٱلْحِجْرِ ٱلْمُرْسَلِينَ
уалак̣ад каз̃з̃аба асхабул хижрил мурсалиин
Әлбетте (Саліћ елі) Хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынға шығарған еді
-
15:81
وَءَاتَيْنَـٰهُمْ ءَايَـٰتِنَا فَكَانُوا۟ عَنْهَا مُعْرِضِينَ
уаатайнахум айатина факануу `анха му`ридиин
Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда, олар, одан бет бұрған еді
-
15:82
وَكَانُوا۟ يَنْحِتُونَ مِنَ ٱلْجِبَالِ بُيُوتًا ءَامِنِينَ
уакануу йанхитууна минал жибали буйуутан аминиин
Олар, таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді
-
15:83
فَأَخَذَتْهُمُ ٱلصَّيْحَةُ مُصْبِحِينَ
фаахаз̃атхумус сайхату мусбихиин
Сонда оларды да таңменен ащы дауыс қолға алды
-
15:84
فَمَآ أَغْنَىٰ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
фама агна `анхум ма кануу йаксибуун
Олардың істеген еңбектерінің (мықты үйлерінің) өздеріне бір пайдасы болмады
-
15:85
وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَآ إِلَّا بِٱلْحَقِّ ۗ وَإِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَـَٔاتِيَةٌ ۖ فَٱصْفَحِ ٱلصَّفْحَ ٱلْجَمِيلَ
уама халак̣нас самауати уаларда уама байнахума илла билхак̣к̣ уаиннас са`ата лаатийатун фасфахис сафхал жамиил
Көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағы нәрселерді бір шындық бойынша жараттық. Сөзсіз қиямет келеді. Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат
-
15:86
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ ٱلْخَلَّـٰقُ ٱلْعَلِيمُ
инна раббака хууал халлак̣ул `алиим
Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші
-
15:87
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَـٰكَ سَبْعًا مِّنَ ٱلْمَثَانِى وَٱلْقُرْءَانَ ٱلْعَظِيمَ
уалак̣ад атайнака саб`ам минал мас̃ании уалк̣уранал `азиим
(Мұхаммед Ғ.С.) әлбетте біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін) және ұлы Құранды бердік
-
15:88
لَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجًا مِّنْهُمْ وَلَا تَحْزَنْ عَلَيْهِمْ وَٱخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ
ла тамудданна `айнайка ила ма матта`на бихи азуажам минхум уала тахзан `алайхим уахфид жанахака лилму'миниин
Кәпірлердің кейбіреулеріне, біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай
-
15:89
وَقُلْ إِنِّىٓ أَنَا ٱلنَّذِيرُ ٱلْمُبِينُ
уак̣ул иннии анан наз̃иирул мубиин
“Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” де
-
15:90
كَمَآ أَنزَلْنَا عَلَى ٱلْمُقْتَسِمِينَ
кама анзална `алал мук̣тасимиин
Сөйтіп, бөлушілерге де Кітап түсірген едік. (Кітап иелері немесе Меккеліктер. Б.Ж.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ)
-
15:91
ٱلَّذِينَ جَعَلُوا۟ ٱلْقُرْءَانَ عِضِينَ
аллаз̃иина жа`алуул к̣урана `идиин
Олар, Құранды бөлшектегендер. (Інжіл, Тәуратқа сәйкеспейді және өлең, сиқыр, бақсылық, ертегі т.б. деп тоғыз саққа жүгірткендер)
-
15:92
فَوَرَبِّكَ لَنَسْـَٔلَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ
фауараббика ланасаланнахум ажма`иин
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгел сұраққа тартамыз
-
15:93
عَمَّا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
`амма кануу йа`малуун
Олардың қылған қылықтарынан
-
15:94
فَٱصْدَعْ بِمَا تُؤْمَرُ وَأَعْرِضْ عَنِ ٱلْمُشْرِكِينَ
фасда` бима ту'мару уаа`рид `анил мушрикиин
Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да шерік қатушылардан бет бұр
-
15:95
إِنَّا كَفَيْنَـٰكَ ٱلْمُسْتَهْزِءِينَ
инна кафайнакал мустахзиин
Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз
-
15:96
ٱلَّذِينَ يَجْعَلُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَـٰهًا ءَاخَرَ ۚ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
аллаз̃иина йаж`алууна ма`аллахи илахан ахар фасауфа йа`ламуун
Алламен бірге басқа тәңір қылып алғандар, әлі-ақ біледі
-
15:97
وَلَقَدْ نَعْلَمُ أَنَّكَ يَضِيقُ صَدْرُكَ بِمَا يَقُولُونَ
уалак̣ад на`ламу аннака йадиик̣у садрука бима йак̣уулуун
Расында олардың айтқандарына көңліңнің тарайғанын білеміз
-
15:98
فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَكُن مِّنَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
фасаббих бихамди раббика уакум минас сажидиин
Енді Раббыңды пәктеп, дәріптеп сәжде етушілерден бол
-
15:99
وَٱعْبُدْ رَبَّكَ حَتَّىٰ يَأْتِيَكَ ٱلْيَقِينُ
уа`буд раббака хатта йа'тийакал йак̣иин
Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл
Дереккөздер
- Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
- Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
- Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17