1. Qaree
  2. Сүрелер
  3. Духан сүресі

Духан сүресін қалай жаттауға болады

«Түтін»

  • 44-сүре
  • 59 аят
  • Меккелік
  • Мұсхафтың 496–498 беттері

الدخان

Духан сүресін Qaree-де жаттау

Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.

Сүрені толық тыңдаңыз

Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси

Қанша уақыт керек

Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:

Күніне 1 аят59 күн
Күніне 3 аят20 күн
Күніне 5 аят12 күн

Аят-аятпен қалай жаттау керек

  1. Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
  2. Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
  3. Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
  4. Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.

Духан сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы

  1. 44:1

    حمٓ

    ха мим

    Ха. Мим

  2. 44:2

    وَٱلْكِتَـٰبِ ٱلْمُبِينِ

    уалкитабил мубиин

    Ашық баян етуші Құранға серт

  3. 44:3

    إِنَّآ أَنزَلْنَـٰهُ فِى لَيْلَةٍ مُّبَـٰرَكَةٍ ۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ

    инна анзалнаху фии лайлатим мубарака инна кунна мунз̃ириин

    Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (С. 1-А)

  4. 44:4

    فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ

    фииха йуфрак̣у куллу амрин хакиим

    Ол кеште барлық хикметті істер айрылады

  5. 44:5

    أَمْرًا مِّنْ عِندِنَآ ۚ إِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ

    амрам мин `индина инна кунна мурсилиин

    Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз

  6. 44:6

    رَحْمَةً مِّن رَّبِّكَ ۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ

    рахматам мир раббик иннаху хууас самии`ул `алиим

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші

  7. 44:7

    رَبِّ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَآ ۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ

    раббис самауати уаларди уама байнахума ин кунтум муук̣иниин

    Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы

  8. 44:8

    لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ يُحْىِۦ وَيُمِيتُ ۖ رَبُّكُمْ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلْأَوَّلِينَ

    ла илаха илла хууа йухии уайумииту раббукум уараббу абаикумул аууалиин

    Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы

  9. 44:9

    بَلْ هُمْ فِى شَكٍّ يَلْعَبُونَ

    бал хум фии шаккий йал`абуун

    Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда

  10. 44:10

    فَٱرْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِى ٱلسَّمَآءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ

    фартак̣иб йаума та'тиис самау бидуханим мубиин

    (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р)

  11. 44:11

    يَغْشَى ٱلنَّاسَ ۖ هَـٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ

    йагшан наса хаз̃а `аз̃абун алиим

    Адамдарды қаптап алады; Бүл жан түршігерлік азап

  12. 44:12

    رَّبَّنَا ٱكْشِفْ عَنَّا ٱلْعَذَابَ إِنَّا مُؤْمِنُونَ

    раббана кшиф `аннал `аз̃аба инна му'минуун

    Олар: "Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз

  13. 44:13

    أَنَّىٰ لَهُمُ ٱلذِّكْرَىٰ وَقَدْ جَآءَهُمْ رَسُولٌ مُّبِينٌ

    анна лахумуз̃ з̃икра уак̣ад жаахум расуулум мубиин

    Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген

  14. 44:14

    ثُمَّ تَوَلَّوْا۟ عَنْهُ وَقَالُوا۟ مُعَلَّمٌ مَّجْنُونٌ

    с̃умма тауаллау `анху уак̣алуу му`алламум мажнуун

    Сосын олар одан бұрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді

  15. 44:15

    إِنَّا كَاشِفُوا۟ ٱلْعَذَابِ قَلِيلًا ۚ إِنَّكُمْ عَآئِدُونَ

    инна кашифуул `аз̃аби к̣алиила иннакум `аидуун

    Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар

  16. 44:16

    يَوْمَ نَبْطِشُ ٱلْبَطْشَةَ ٱلْكُبْرَىٰٓ إِنَّا مُنتَقِمُونَ

    йаума набтишул батшатал кубра инна мунтак̣имуун

    Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз

  17. 44:17

    ۞ وَلَقَدْ فَتَنَّا قَبْلَهُمْ قَوْمَ فِرْعَوْنَ وَجَآءَهُمْ رَسُولٌ كَرِيمٌ

    уалак̣ад фатанна к̣аблахум к̣аума фир`ауна уажаахум расуулун кариим

    Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген

  18. 44:18

    أَنْ أَدُّوٓا۟ إِلَىَّ عِبَادَ ٱللَّهِ ۖ إِنِّى لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ

    ан аддуу илаййа `ибадаллахи иннии лакум расуулун амиин

    Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді

  19. 44:19

    وَأَن لَّا تَعْلُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ ۖ إِنِّىٓ ءَاتِيكُم بِسُلْطَـٰنٍ مُّبِينٍ

    уаал ла та`луу `алаллахи иннии атиикум бисултаним мубиин

    Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім

  20. 44:20

    وَإِنِّى عُذْتُ بِرَبِّى وَرَبِّكُمْ أَن تَرْجُمُونِ

    уаиннии `уз̃ту бираббии уараббикум ан таржумуун

    Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым

  21. 44:21

    وَإِن لَّمْ تُؤْمِنُوا۟ لِى فَٱعْتَزِلُونِ

    уаил лам ту'минуу лии фа`тазилуун

    Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар

  22. 44:22

    فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ قَوْمٌ مُّجْرِمُونَ

    фада`а раббаху анна хаулаи к̣аумум мужримуун

    Сонда (Мұса Ғ.С.): "Бұлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды

  23. 44:23

    فَأَسْرِ بِعِبَادِى لَيْلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ

    фаасри би`ибадии лайлан иннакум муттаба`уун

    (Алла Т.): "Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі

  24. 44:24

    وَٱتْرُكِ ٱلْبَحْرَ رَهْوًا ۖ إِنَّهُمْ جُندٌ مُّغْرَقُونَ

    уатрукил бахра рахуан иннахум жундум муграк̣уун

    (Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер

  25. 44:25

    كَمْ تَرَكُوا۟ مِن جَنَّـٰتٍ وَعُيُونٍ

    кам таракуу мин жаннатиу уа`уйуун

    Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды

  26. 44:26

    وَزُرُوعٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ

    уазуруу`иу уамак̣амин кариим

    Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де

  27. 44:27

    وَنَعْمَةٍ كَانُوا۟ فِيهَا فَـٰكِهِينَ

    уана`матин кануу фииха факихиин

    Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де

  28. 44:28

    كَذَٰلِكَ ۖ وَأَوْرَثْنَـٰهَا قَوْمًا ءَاخَرِينَ

    каз̃алика уааурас̃наха к̣ауман ахариин

    Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық

  29. 44:29

    فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ ٱلسَّمَآءُ وَٱلْأَرْضُ وَمَا كَانُوا۟ مُنظَرِينَ

    фама бакат `алайхимус самау уаларду уама кануу мунзариин

    Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларға қайғырған да болмады және мұрса да берілмеді.Б)

  30. 44:30

    وَلَقَدْ نَجَّيْنَا بَنِىٓ إِسْرَٰٓءِيلَ مِنَ ٱلْعَذَابِ ٱلْمُهِينِ

    уалак̣ад нажжайна бании исраиила минал `аз̃абил мухиин

    Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық

  31. 44:31

    مِن فِرْعَوْنَ ۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَالِيًا مِّنَ ٱلْمُسْرِفِينَ

    мин фир`аун иннаху кана `алииам минал мусрифиин

    Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді

  32. 44:32

    وَلَقَدِ ٱخْتَرْنَـٰهُمْ عَلَىٰ عِلْمٍ عَلَى ٱلْعَـٰلَمِينَ

    уалак̣ади хтарнахум `ала `илмин `алал `аламиин

    Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық

  33. 44:33

    وَءَاتَيْنَـٰهُم مِّنَ ٱلْـَٔايَـٰتِ مَا فِيهِ بَلَـٰٓؤٌا۟ مُّبِينٌ

    уаатайнахум минал айати ма фиихи балаум мубиин

    Сондай-ақ оларға мұғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді

  34. 44:34

    إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ لَيَقُولُونَ

    инна хаулаи лайак̣уулуун

    Күдіксіз олар, бүйдейді

  35. 44:35

    إِنْ هِىَ إِلَّا مَوْتَتُنَا ٱلْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُنشَرِينَ

    ин хийа илла маутатунал уула уама нахну бимуншариин

    Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз

  36. 44:36

    فَأْتُوا۟ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمْ صَـٰدِقِينَ

    фа'туу биабаина ин кунтум садик̣иин

    Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші

  37. 44:37

    أَهُمْ خَيْرٌ أَمْ قَوْمُ تُبَّعٍ وَٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۚ أَهْلَكْنَـٰهُمْ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا۟ مُجْرِمِينَ

    ахум хайрун ам к̣ауму тубба`иу уаллаз̃иина мин к̣аблихим ахлакнахум иннахум кануу мужримиин

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Тұббағ елі ме? Олардан бұрынғы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді

  38. 44:38

    وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَـٰعِبِينَ

    уама халак̣нас самауати уаларда уама байнахума ла`ибиин

    Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық

  39. 44:39

    مَا خَلَقْنَـٰهُمَآ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    ма халак̣нахума илла билхак̣к̣и уалакинна акс̃арахум ла йа`ламуун

    Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді

  40. 44:40

    إِنَّ يَوْمَ ٱلْفَصْلِ مِيقَـٰتُهُمْ أَجْمَعِينَ

    инна йаумал фасли миик̣атухум ажма`иин

    Расында олардың бір араға жиналатын билік күні

  41. 44:41

    يَوْمَ لَا يُغْنِى مَوْلًى عَن مَّوْلًى شَيْـًٔا وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ

    йаума ла йугнии маулан `ам маулан шайау уала хум йунсаруун

    Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларға жәрдем етілмейді

  42. 44:42

    إِلَّا مَن رَّحِمَ ٱللَّهُ ۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

    илла мар рахималлах иннаху хууал `азиизур рахиим

    Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым үстем, ерекше мейірімді

  43. 44:43

    إِنَّ شَجَرَتَ ٱلزَّقُّومِ

    инна шажаратаз зак̣к̣уум

    Шынында заққүм ағашы; (С. 62-А)

  44. 44:44

    طَعَامُ ٱلْأَثِيمِ

    та`амул ас̃иим

    Күнәкарлардың тамағы

  45. 44:45

    كَٱلْمُهْلِ يَغْلِى فِى ٱلْبُطُونِ

    калмухли йаглии фиил бутуун

    Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды

  46. 44:46

    كَغَلْىِ ٱلْحَمِيمِ

    кагалиил хамиим

    Қайнаған су құсаған

  47. 44:47

    خُذُوهُ فَٱعْتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلْجَحِيمِ

    хуз̃ууху фа`тилууху ила сауаил жахиим

    Оны ұстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар

  48. 44:48

    ثُمَّ صُبُّوا۟ فَوْقَ رَأْسِهِۦ مِنْ عَذَابِ ٱلْحَمِيمِ

    с̃умма суббуу фаук̣а ра'сихи мин `аз̃абил хамиим

    Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар

  49. 44:49

    ذُقْ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْكَرِيمُ

    з̃ук̣ иннака антал `азиизул кариим

    (Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің

  50. 44:50

    إِنَّ هَـٰذَا مَا كُنتُم بِهِۦ تَمْتَرُونَ

    инна хаз̃а ма кунтум бихи тамтаруун

    Шынында күдіктенген нәрселерің осы

  51. 44:51

    إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِى مَقَامٍ أَمِينٍ

    иннал муттак̣иина фии мак̣амин амиин

    Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады

  52. 44:52

    فِى جَنَّـٰتٍ وَعُيُونٍ

    фии жаннатиу уа`уйуун

    Бақшаларда бұлақтарда

  53. 44:53

    يَلْبَسُونَ مِن سُندُسٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُّتَقَـٰبِلِينَ

    йалбасууна мин сундусиу уаистабрак̣им мутак̣абилиин

    Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады

  54. 44:54

    كَذَٰلِكَ وَزَوَّجْنَـٰهُم بِحُورٍ عِينٍ

    каз̃алика уазаууажнахум бихуурин `иин

    Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз

  55. 44:55

    يَدْعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَـٰكِهَةٍ ءَامِنِينَ

    йад`ууна фииха бикулли факихатин аминиин

    Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады

  56. 44:56

    لَا يَذُوقُونَ فِيهَا ٱلْمَوْتَ إِلَّا ٱلْمَوْتَةَ ٱلْأُولَىٰ ۖ وَوَقَىٰهُمْ عَذَابَ ٱلْجَحِيمِ

    ла йаз̃уук̣ууна фиихал маута иллал маутатал уула уауак̣ахум `аз̃абал жахиим

    Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған

  57. 44:57

    فَضْلًا مِّن رَّبِّكَ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ

    фадлам мир раббик з̃алика хууал фаузул `азиим

    Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік

  58. 44:58

    فَإِنَّمَا يَسَّرْنَـٰهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ

    фаиннама йассарнаху билисаника ла`аллахум йатаз̃аккаруун

    (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық

  59. 44:59

    فَٱرْتَقِبْ إِنَّهُم مُّرْتَقِبُونَ

    фартак̣иб иннахум муртак̣ибуун

    Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде

Дереккөздер

  • Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
  • Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
  • Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17

Бүгін бір аяттан бастаңыз.