Ясин сүресін қалай жаттауға болады
- 36-сүре
- 83 аят
- Меккелік
- Мұсхафтың 440–445 беттері
يس
Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.
Сүрені толық тыңдаңыз
Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси
Қанша уақыт керек
Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:
| Күніне 1 аят | 83 күн |
| Күніне 3 аят | 28 күн |
| Күніне 5 аят | 17 күн |
Аят-аятпен қалай жаттау керек
- Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
- Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
- Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
- Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.
Ясин сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы
-
36:1
يسٓ
йа син
Йә. Син
-
36:2
وَٱلْقُرْءَانِ ٱلْحَكِيمِ
уалк̣уранил хакиим
Терең сырлы Құранға серт
-
36:3
إِنَّكَ لَمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ
иннака ламинал мурсалиин
(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз сен анық елшілерденсің
-
36:4
عَلَىٰ صِرَٰطٍ مُّسْتَقِيمٍ
`ала сиратим мустак̣иим
Тура жолдасың
-
36:5
تَنزِيلَ ٱلْعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ
танзиилал `азиизир рахиим
Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы)
-
36:6
لِتُنذِرَ قَوْمًا مَّآ أُنذِرَ ءَابَآؤُهُمْ فَهُمْ غَـٰفِلُونَ
литунз̃ира к̣аумам ма унз̃ира абаухум фахум гафилуун
Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін
-
36:7
لَقَدْ حَقَّ ٱلْقَوْلُ عَلَىٰٓ أَكْثَرِهِمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
лак̣ад хак̣к̣ал к̣аулу `ала акс̃арихим фахум ла йу'минуун
Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (С. 7-А)
-
36:8
إِنَّا جَعَلْنَا فِىٓ أَعْنَـٰقِهِمْ أَغْلَـٰلًا فَهِىَ إِلَى ٱلْأَذْقَانِ فَهُم مُّقْمَحُونَ
инна жа`ална фии а`нак̣ихим аглалан фахийа илал аз̃к̣ани фахум мук̣махуун
Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол. иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (Бұл бір мысал: Қасарысып, шындыққа бас имейді. Ж)
-
36:9
وَجَعَلْنَا مِنۢ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ سَدًّا وَمِنْ خَلْفِهِمْ سَدًّا فَأَغْشَيْنَـٰهُمْ فَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ
уажа`ална мин байни айдиихим саддау уамин халфихим саддан фаагшайнахум фахум ла йубсируун
Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді
-
36:10
وَسَوَآءٌ عَلَيْهِمْ ءَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
уасауаун `алайхим аанз̃артахум ам лам тунз̃ирхум ла йу'минуун
(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді
-
36:11
إِنَّمَا تُنذِرُ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلذِّكْرَ وَخَشِىَ ٱلرَّحْمَـٰنَ بِٱلْغَيْبِ ۖ فَبَشِّرْهُ بِمَغْفِرَةٍ وَأَجْرٍ كَرِيمٍ
иннама тунз̃иру манит таба`аз̃ з̃икра уахашийар рахмана билгайби фабашширху бимагфиратиу уаажрин кариим
Шын мәнінде сен, үгітге еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант
-
36:12
إِنَّا نَحْنُ نُحْىِ ٱلْمَوْتَىٰ وَنَكْتُبُ مَا قَدَّمُوا۟ وَءَاثَـٰرَهُمْ ۚ وَكُلَّ شَىْءٍ أَحْصَيْنَـٰهُ فِىٓ إِمَامٍ مُّبِينٍ
инна нахну нухиил маута уанактубу ма к̣аддамуу уаас̃арахум уакулла шайин ахсайнаху фии имамим мубиин
Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланған кітап және жасалған хайыр құрылыстарының сауабы немесе қалдырған жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р)
-
36:13
وَٱضْرِبْ لَهُم مَّثَلًا أَصْحَـٰبَ ٱلْقَرْيَةِ إِذْ جَآءَهَا ٱلْمُرْسَلُونَ
уадриб лахум мас̃алан асхабал к̣арйати из̃ жаахал мурсалуун
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет: (Антақя кенті. Ғиса Ғ.С. ның влшілері. Б.Ж.М)
-
36:14
إِذْ أَرْسَلْنَآ إِلَيْهِمُ ٱثْنَيْنِ فَكَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزْنَا بِثَالِثٍ فَقَالُوٓا۟ إِنَّآ إِلَيْكُم مُّرْسَلُونَ
из̃ арсална илайхиму с̃найни факаз̃з̃абуухума фа`аззазна бис̃алис̃ин фак̣алуу инна илайкум мурсалуун
Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: "Рас сендерге елшіміз" деді
-
36:15
قَالُوا۟ مَآ أَنتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُنَا وَمَآ أَنزَلَ ٱلرَّحْمَـٰنُ مِن شَىْءٍ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا تَكْذِبُونَ
к̣алуу ма антум илла башарум мис̃луна уама анзалар рахману мин шайин ин антум илла такз̃ибуун
(Кент халқы): "Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар" деді
-
36:16
قَالُوا۟ رَبُّنَا يَعْلَمُ إِنَّآ إِلَيْكُمْ لَمُرْسَلُونَ
к̣алуу раббуна йа`ламу инна илайкум ламурсалуун
(Елшілер): "Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз
-
36:17
وَمَا عَلَيْنَآ إِلَّا ٱلْبَلَـٰغُ ٱلْمُبِينُ
уама `алайна иллал балагул мубиин
Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет" деді
-
36:18
قَالُوٓا۟ إِنَّا تَطَيَّرْنَا بِكُمْ ۖ لَئِن لَّمْ تَنتَهُوا۟ لَنَرْجُمَنَّكُمْ وَلَيَمَسَّنَّكُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمٌ
к̣алуу инна татаййарна бикум лаил лам тантахуу ланаржуманнакум уалайамассаннакум минна `аз̃абун алиим
Олар: "Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер" деді
-
36:19
قَالُوا۟ طَـٰٓئِرُكُم مَّعَكُمْ ۚ أَئِن ذُكِّرْتُم ۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ مُّسْرِفُونَ
к̣алуу таирукум ма`акум аин з̃уккиртум бал антум к̣аумум мусрифуун
(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмөн бірге. (Өз қылықтарыңнан.) Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер" деді
-
36:20
وَجَآءَ مِنْ أَقْصَا ٱلْمَدِينَةِ رَجُلٌ يَسْعَىٰ قَالَ يَـٰقَوْمِ ٱتَّبِعُوا۟ ٱلْمُرْسَلِينَ
уажаа мин ак̣сал мадиинати ражулун йас`а к̣ала йа к̣аумит таби`уул мурсалиин
Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: "Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер" деді
-
36:21
ٱتَّبِعُوا۟ مَن لَّا يَسْـَٔلُكُمْ أَجْرًا وَهُم مُّهْتَدُونَ
иттаби`уу мал ла йасалукум ажрау уахум мухтадуун
Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда
-
36:22
وَمَا لِىَ لَآ أَعْبُدُ ٱلَّذِى فَطَرَنِى وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
уама лийа ла а`будул лаз̃ии фатарании уаилайхи туржа`уун
Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар
-
36:23
ءَأَتَّخِذُ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً إِن يُرِدْنِ ٱلرَّحْمَـٰنُ بِضُرٍّ لَّا تُغْنِ عَنِّى شَفَـٰعَتُهُمْ شَيْـًٔا وَلَا يُنقِذُونِ
ааттахиз̃у мин дуунихи алихатан ий йуриднир рахману бидуррил ла тугни `аннии шафа`атухум шайау уала йунк̣из̃уун
Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені құтқара алмайды
-
36:24
إِنِّىٓ إِذًا لَّفِى ضَلَـٰلٍ مُّبِينٍ
иннии из̃ал лафии далалим мубиин
Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын
-
36:25
إِنِّىٓ ءَامَنتُ بِرَبِّكُمْ فَٱسْمَعُونِ
иннии аманту бираббикум фасма`уун
Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар" (дегендігі үшін елі таспен атып өлтіреді. Б.Ж.К.М.Р)
-
36:26
قِيلَ ٱدْخُلِ ٱلْجَنَّةَ ۖ قَالَ يَـٰلَيْتَ قَوْمِى يَعْلَمُونَ
к̣иила дхулил жанната к̣ала йа лайта к̣аумии йа`ламуун
Жаннатқа кір" делінді де ол: "Әттең! Елім білген болса еді
-
36:27
بِمَا غَفَرَ لِى رَبِّى وَجَعَلَنِى مِنَ ٱلْمُكْرَمِينَ
бима гафара лии раббии уажа`алании минал мукрамиин
Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін" деді
-
36:28
۞ وَمَآ أَنزَلْنَا عَلَىٰ قَوْمِهِۦ مِنۢ بَعْدِهِۦ مِن جُندٍ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا كُنَّا مُنزِلِينَ
уама анзална `ала к̣аумихи мин ба`дихи мин жундим минас самаи уама кунна мунзилиин
Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз
-
36:29
إِن كَانَتْ إِلَّا صَيْحَةً وَٰحِدَةً فَإِذَا هُمْ خَـٰمِدُونَ
ин канат илла сайхатау уахидатан фаиз̃а хум хамидуун
Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды
-
36:30
يَـٰحَسْرَةً عَلَى ٱلْعِبَادِ ۚ مَا يَأْتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
йа хасратан `алал `ибад ма йа'тиихим мир расуулин илла кануу бихи йастахзиуун
Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш
-
36:31
أَلَمْ يَرَوْا۟ كَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُم مِّنَ ٱلْقُرُونِ أَنَّهُمْ إِلَيْهِمْ لَا يَرْجِعُونَ
алам йарау кам ахлакна к̣аблахум минал к̣урууни аннахум илайхим ла йаржи`уун
Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме
-
36:32
وَإِن كُلٌّ لَّمَّا جَمِيعٌ لَّدَيْنَا مُحْضَرُونَ
уаин куллул ламма жамии`ул ладайна мухдаруун
Біртұтас барлығы алдымшға жиналады
-
36:33
وَءَايَةٌ لَّهُمُ ٱلْأَرْضُ ٱلْمَيْتَةُ أَحْيَيْنَـٰهَا وَأَخْرَجْنَا مِنْهَا حَبًّا فَمِنْهُ يَأْكُلُونَ
уаайатул лахумул ардул майтату ахйайнаха уаахражна минха хаббан фаминху йа'кулуун
Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді
-
36:34
وَجَعَلْنَا فِيهَا جَنَّـٰتٍ مِّن نَّخِيلٍ وَأَعْنَـٰبٍ وَفَجَّرْنَا فِيهَا مِنَ ٱلْعُيُونِ
уажа`ална фииха жаннатим мин нахиилиу уаа`набиу уафажжарна фииха минал `уйуун
Сондай-ақ онда құрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық
-
36:35
لِيَأْكُلُوا۟ مِن ثَمَرِهِۦ وَمَا عَمِلَتْهُ أَيْدِيهِمْ ۖ أَفَلَا يَشْكُرُونَ
лийа'кулуу мин с̃амарихи уама `амилатху айдиихим афала йашкуруун
Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма
-
36:36
سُبْحَـٰنَ ٱلَّذِى خَلَقَ ٱلْأَزْوَٰجَ كُلَّهَا مِمَّا تُنۢبِتُ ٱلْأَرْضُ وَمِنْ أَنفُسِهِمْ وَمِمَّا لَا يَعْلَمُونَ
субханал лаз̃ии халак̣ал азуажа куллаха мимма тунбитул арду уамин анфусихим уамимма ла йа`ламуун
Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жүп-жүбімен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын
-
36:37
وَءَايَةٌ لَّهُمُ ٱلَّيْلُ نَسْلَخُ مِنْهُ ٱلنَّهَارَ فَإِذَا هُم مُّظْلِمُونَ
уаайатул лахумул лайлу наслаху минхун нахара фаиз̃а хум музлимуун
Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сонда олар, қараңғылықта қалады
-
36:38
وَٱلشَّمْسُ تَجْرِى لِمُسْتَقَرٍّ لَّهَا ۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ ٱلْعَزِيزِ ٱلْعَلِيمِ
уашшамсу тажрии лимустак̣аррил лаха з̃алика так̣диирул `азиизил `алиим
Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі
-
36:39
وَٱلْقَمَرَ قَدَّرْنَـٰهُ مَنَازِلَ حَتَّىٰ عَادَ كَٱلْعُرْجُونِ ٱلْقَدِيمِ
уалк̣амара к̣аддарнаху маназила хатта `ада кал`уржуунил к̣адиим
Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін
-
36:40
لَا ٱلشَّمْسُ يَنۢبَغِى لَهَآ أَن تُدْرِكَ ٱلْقَمَرَ وَلَا ٱلَّيْلُ سَابِقُ ٱلنَّهَارِ ۚ وَكُلٌّ فِى فَلَكٍ يَسْبَحُونَ
лаш шамсу йанбагии лаха ан тудрикал к̣амара уалал лайлу сабик̣ун нахар уакуллун фии фалакий йасбахуун
Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түнде күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді
-
36:41
وَءَايَةٌ لَّهُمْ أَنَّا حَمَلْنَا ذُرِّيَّتَهُمْ فِى ٱلْفُلْكِ ٱلْمَشْحُونِ
уаайатул лахум анна хамална з̃урриййатахум фиил фулкил машхуун
Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар үшін бір белгі (Б.Ж.К.М)
-
36:42
وَخَلَقْنَا لَهُم مِّن مِّثْلِهِۦ مَا يَرْكَبُونَ
уахалак̣на лахум мим мис̃лихи ма йаркабуун
Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі)
-
36:43
وَإِن نَّشَأْ نُغْرِقْهُمْ فَلَا صَرِيخَ لَهُمْ وَلَا هُمْ يُنقَذُونَ
уаин наша' нугрик̣хум фала сарииха лахум уала хум йунк̣аз̃уун
Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар құтқарылмайды да
-
36:44
إِلَّا رَحْمَةً مِّنَّا وَمَتَـٰعًا إِلَىٰ حِينٍ
илла рахматам минна уамата`ан ила хиин
Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады
-
36:45
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّقُوا۟ مَا بَيْنَ أَيْدِيكُمْ وَمَا خَلْفَكُمْ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
уаиз̃а к̣иила лахумут так̣уу ма байна айдиикум уама халфакум ла`аллакум турхамуун
Қашан оларға: "Алдарыңдагы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер" делінсе
-
36:46
وَمَا تَأْتِيهِم مِّنْ ءَايَةٍ مِّنْ ءَايَـٰتِ رَبِّهِمْ إِلَّا كَانُوا۟ عَنْهَا مُعْرِضِينَ
уама та'тиихим мин айатим мин айати раббихим илла кануу `анха му`ридиин
Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады
-
36:47
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ أَنفِقُوا۟ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَنُطْعِمُ مَن لَّوْ يَشَآءُ ٱللَّهُ أَطْعَمَهُۥٓ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا فِى ضَلَـٰلٍ مُّبِينٍ
уаиз̃а к̣иила лахум анфик̣уу мимма разак̣акумуллаху к̣алал лаз̃иина кафаруу лиллаз̃иина амануу анут`иму мал лау йашауллаху ат`амаху ин антум илла фии далалим мубиин
Қашан оларға: "Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жұмсаңдар" делінсе, сондай қарсы болғандар: "Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар" деді
-
36:48
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَـٰذَا ٱلْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَـٰدِقِينَ
уайак̣уулууна мата хаз̃ал уа`ду ин кунтум садик̣иин
Олар: "Егер шын айтсаңдар, Бұл құқайларың қашан?" дейді
-
36:49
مَا يَنظُرُونَ إِلَّا صَيْحَةً وَٰحِدَةً تَأْخُذُهُمْ وَهُمْ يَخِصِّمُونَ
ма йанзурууна илла сайхатау уахидатан та'хуз̃ухум уахум йахиссимуун
Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп тұрады
-
36:50
فَلَا يَسْتَطِيعُونَ تَوْصِيَةً وَلَآ إِلَىٰٓ أَهْلِهِمْ يَرْجِعُونَ
фала йастатии`ууна таусийатау уала ила ахлихим йаржи`уун
Сонда олар өсиет айталмайды да үйлеріне де қайта алмайды
-
36:51
وَنُفِخَ فِى ٱلصُّورِ فَإِذَا هُم مِّنَ ٱلْأَجْدَاثِ إِلَىٰ رَبِّهِمْ يَنسِلُونَ
уануфиха фиис суури фаиз̃а хум минал аждас̃и ила раббихим йансилуун
Сұр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді
-
36:52
قَالُوا۟ يَـٰوَيْلَنَا مَنۢ بَعَثَنَا مِن مَّرْقَدِنَا ۜ ۗ هَـٰذَا مَا وَعَدَ ٱلرَّحْمَـٰنُ وَصَدَقَ ٱلْمُرْسَلُونَ
к̣алуу йа уайлана ман ба`ас̃ана мим марк̣адин хаз̃а ма уа`адар рахману уасадак̣ал мурсалуун
Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?",-дейді. "Міне мейірімді Алланың уәдесі.Пайғамбар да шын айтқан" (делінеді)
-
36:53
إِن كَانَتْ إِلَّا صَيْحَةً وَٰحِدَةً فَإِذَا هُمْ جَمِيعٌ لَّدَيْنَا مُحْضَرُونَ
ин канат илла сайхатау уахидатан фаиз̃а хум жамии`ул ладайна мухдаруун
Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады
-
36:54
فَٱلْيَوْمَ لَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْـًٔا وَلَا تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
фалйаума ла тузламу нафсун шайау уала тужзауна илла ма кунтум та`малуун
Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер
-
36:55
إِنَّ أَصْحَـٰبَ ٱلْجَنَّةِ ٱلْيَوْمَ فِى شُغُلٍ فَـٰكِهُونَ
инна асхабал жаннатил йаума фии шугулин факихуун
Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты шұғылдануда болады
-
36:56
هُمْ وَأَزْوَٰجُهُمْ فِى ظِلَـٰلٍ عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ مُتَّكِـُٔونَ
хум уаазуажухум фии зилалин `алал араики муттакиуун
Олар да жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады
-
36:57
لَهُمْ فِيهَا فَـٰكِهَةٌ وَلَهُم مَّا يَدَّعُونَ
лахум фииха факихатуу уалахум ма йадда`уун
Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар
-
36:58
سَلَـٰمٌ قَوْلًا مِّن رَّبٍّ رَّحِيمٍ
саламун к̣аулам мир раббир рахиим
Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға: "Сәлем" сөзі боладьі
-
36:59
وَٱمْتَـٰزُوا۟ ٱلْيَوْمَ أَيُّهَا ٱلْمُجْرِمُونَ
уамтазуул йаума аййухал мужримуун
Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар
-
36:60
۞ أَلَمْ أَعْهَدْ إِلَيْكُمْ يَـٰبَنِىٓ ءَادَمَ أَن لَّا تَعْبُدُوا۟ ٱلشَّيْطَـٰنَ ۖ إِنَّهُۥ لَكُمْ عَدُوٌّ مُّبِينٌ
алам а`хад илайкум йа бании адама ал ла та`будууш шайтана иннаху лакум `адууум мубиин
Әй адам баласы! Сендерге: "Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан" деп, серт бермедім бе
-
36:61
وَأَنِ ٱعْبُدُونِى ۚ هَـٰذَا صِرَٰطٌ مُّسْتَقِيمٌ
уаани `будууни хаз̃а сиратум мустак̣иим
Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы
-
36:62
وَلَقَدْ أَضَلَّ مِنكُمْ جِبِلًّا كَثِيرًا ۖ أَفَلَمْ تَكُونُوا۟ تَعْقِلُونَ
уалак̣ад адалла минкум жибиллан кас̃ииран афалам такуунуу та`к̣илуун
Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме
-
36:63
هَـٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِى كُنتُمْ تُوعَدُونَ
хаз̃ихи жаханнамул латии кунтум туу`адуун
Сендерге уәде етілген тозақ осы
-
36:64
ٱصْلَوْهَا ٱلْيَوْمَ بِمَا كُنتُمْ تَكْفُرُونَ
ислаухал йаума бима кунтум такфуруун
Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер
-
36:65
ٱلْيَوْمَ نَخْتِمُ عَلَىٰٓ أَفْوَٰهِهِمْ وَتُكَلِّمُنَآ أَيْدِيهِمْ وَتَشْهَدُ أَرْجُلُهُم بِمَا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
алйаума нахтиму `ала афуахихим уатукаллимуна айдиихим уаташхаду аржулухум бима кануу йаксибуун
(Олар қылмыстарынан танғандықтан. Б.Ж.М.К.Р) Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғак болады. (С. 24-А. 41-С. 20-А)
-
36:66
وَلَوْ نَشَآءُ لَطَمَسْنَا عَلَىٰٓ أَعْيُنِهِمْ فَٱسْتَبَقُوا۟ ٱلصِّرَٰطَ فَأَنَّىٰ يُبْصِرُونَ
уалау нашау латамасна `ала а`йунихим фастабак̣уус сирата фаанна йубсируун
Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді
-
36:67
وَلَوْ نَشَآءُ لَمَسَخْنَـٰهُمْ عَلَىٰ مَكَانَتِهِمْ فَمَا ٱسْتَطَـٰعُوا۟ مُضِيًّا وَلَا يَرْجِعُونَ
уалау нашау ламасахнахум `ала маканатихим фама стата`уу мудиййау уала йаржи`уун
Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді
-
36:68
وَمَن نُّعَمِّرْهُ نُنَكِّسْهُ فِى ٱلْخَلْقِ ۖ أَفَلَا يَعْقِلُونَ
уаман ну`аммирху нунаккисху фиил халк̣и афала йа`к̣илуун
Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар түсінбей мө? (С. 70-А. 30-С. 54-А)
-
36:69
وَمَا عَلَّمْنَـٰهُ ٱلشِّعْرَ وَمَا يَنۢبَغِى لَهُۥٓ ۚ إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ وَقُرْءَانٌ مُّبِينٌ
уама `алламнахуш ши`ра уама йанбагии лах ин хууа илла з̃икруу уак̣уранум мубиин
(Мұхаммед Ғ.С. га) өлең үйретпедік әрі оған ол, лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана: (С. 224-А)
-
36:70
لِّيُنذِرَ مَن كَانَ حَيًّا وَيَحِقَّ ٱلْقَوْلُ عَلَى ٱلْكَـٰفِرِينَ
лийунз̃ира ман кана хаййау уайахик̣к̣ал к̣аулу `алал кафириин
Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін
-
36:71
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّا خَلَقْنَا لَهُم مِّمَّا عَمِلَتْ أَيْدِينَآ أَنْعَـٰمًا فَهُمْ لَهَا مَـٰلِكُونَ
ауалам йарау анна халак̣на лахум мимма `амилат айдиина ан`аман фахум лаха маликуун
Олар үшін рас қолдарымызбен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді
-
36:72
وَذَلَّلْنَـٰهَا لَهُمْ فَمِنْهَا رَكُوبُهُمْ وَمِنْهَا يَأْكُلُونَ
уаз̃аллалнаха лахум фаминха ракуубухум уаминха йа'кулуун
Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейінің етін жейді
-
36:73
وَلَهُمْ فِيهَا مَنَـٰفِعُ وَمَشَارِبُ ۖ أَفَلَا يَشْكُرُونَ
уалахум фииха манафи`у уамашарибу афала йашкуруун
Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма? (С. 80-А)
-
36:74
وَٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةً لَّعَلَّهُمْ يُنصَرُونَ
уаттахаз̃уу мин дууниллахи алихатал ла`аллахум йунсаруун
Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт өтеді
-
36:75
لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَهُمْ وَهُمْ لَهُمْ جُندٌ مُّحْضَرُونَ
ла йастатии`ууна насрахум уахум лахум жундум мухдаруун
Олар (бұттар), оларға көмек ете алмайды. Олардың өздері ол бұттарды қорғау үшін әзір әскер
-
36:76
فَلَا يَحْزُنكَ قَوْلُهُمْ ۘ إِنَّا نَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ
фала йахзунка к̣аулухум инна на`ламу ма йусиррууна уама йу`линуун
(Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Біз олардың көрнеулерін де көместерін де білеміз
-
36:77
أَوَلَمْ يَرَ ٱلْإِنسَـٰنُ أَنَّا خَلَقْنَـٰهُ مِن نُّطْفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُّبِينٌ
ауалам йарал инсану анна халак̣наху мин нутфатин фаиз̃а хууа хасиимум мубиин
Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді
-
36:78
وَضَرَبَ لَنَا مَثَلًا وَنَسِىَ خَلْقَهُۥ ۖ قَالَ مَن يُحْىِ ٱلْعِظَـٰمَ وَهِىَ رَمِيمٌ
уадараба лана мас̃алау уанасийа халк̣аху к̣ала май йухиил `изама уахийа рамиим
Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: "Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?",- деді
-
36:79
قُلْ يُحْيِيهَا ٱلَّذِىٓ أَنشَأَهَآ أَوَّلَ مَرَّةٍ ۖ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍ عَلِيمٌ
к̣ул йухиихал лаз̃ии аншааха аууала марратин уахууа бикулли халк̣ин `алиим
(Мұхаммед Ғ.С.): "Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі" де
-
36:80
ٱلَّذِى جَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلشَّجَرِ ٱلْأَخْضَرِ نَارًا فَإِذَآ أَنتُم مِّنْهُ تُوقِدُونَ
аллаз̃ии жа`ала лакум минаш шажарил ахдари наран фаиз̃а антум минху туук̣идуун
Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. (Марых, Ғафар деп аталатын екі жасыл ағаш. Бір-біріне үйкелсе жанады. Б.Ж.М.К.Р)
-
36:81
أَوَلَيْسَ ٱلَّذِى خَلَقَ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ بِقَـٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يَخْلُقَ مِثْلَهُم ۚ بَلَىٰ وَهُوَ ٱلْخَلَّـٰقُ ٱلْعَلِيمُ
ауалайсал лаз̃ии халак̣ас самауати уаларда бик̣адирин `ала ай йахлук̣а мис̃лахум бала уахууал халлак̣ул `алиим
Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші
-
36:82
إِنَّمَآ أَمْرُهُۥٓ إِذَآ أَرَادَ شَيْـًٔا أَن يَقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
иннама амруху из̃а арада шайан ай йак̣уула лаху кун файакуун
Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйырығы оған "бол" деу, сонда ол бола қалады
-
36:83
فَسُبْحَـٰنَ ٱلَّذِى بِيَدِهِۦ مَلَكُوتُ كُلِّ شَىْءٍ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
фасубханал лаз̃ии бийадихи малакууту кулли шайиу уаилайхи туржа`уун
Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соған қайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк
Дереккөздер
- Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
- Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
- Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17