Мұхаммед сүресін қалай жаттауға болады
- 47-сүре
- 38 аят
- Мәдиналық
- Мұсхафтың 507–510 беттері
محمد
Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.
Сүрені толық тыңдаңыз
Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси
Қанша уақыт керек
Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:
| Күніне 1 аят | 38 күн |
| Күніне 3 аят | 13 күн |
| Күніне 5 аят | 8 күн |
Аят-аятпен қалай жаттау керек
- Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
- Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
- Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
- Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.
Мұхаммед сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы
-
47:1
ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَصَدُّوا۟ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ أَضَلَّ أَعْمَـٰلَهُمْ
аллаз̃иина кафаруу уасаддуу `ан сабиилиллахи адалла а`малахум
Сондай қарсы болып, Алланың жолынан тосқандардың, Алла ғамалдарын босқа жібереді
-
47:2
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَءَامَنُوا۟ بِمَا نُزِّلَ عَلَىٰ مُحَمَّدٍ وَهُوَ ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّهِمْ ۙ كَفَّرَ عَنْهُمْ سَيِّـَٔاتِهِمْ وَأَصْلَحَ بَالَهُمْ
уаллаз̃иина амануу уа`амилуус салихати уаамануу бима нуззила `ала мухаммадиу уахууал хак̣к̣у мир раббихим каффара `анхум сайиатихим уааслаха балахум
Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сондай-ақ Мұхаммед (Ғ.С.) ке Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иман келтіргендердің Алла, жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті
-
47:3
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ٱتَّبَعُوا۟ ٱلْبَـٰطِلَ وَأَنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّبَعُوا۟ ٱلْحَقَّ مِن رَّبِّهِمْ ۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ أَمْثَـٰلَهُمْ
з̃алика бианнал лаз̃иина кафаруут таба`уул батила уааннал лаз̃иина амануут таба`уул хак̣к̣а мир раббихим каз̃алика йадрибуллаху линнаси амс̃алахум
Бұның себебі: Шынайы қарсы болғандардың бос нәрсеге ілесіп анық иман келтіргендердің Раббыларынан келген хақиқатка ілескендіктері. Осылайша Алла адам баласына өз мысалдарын келтіреді
-
47:4
فَإِذَا لَقِيتُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فَضَرْبَ ٱلرِّقَابِ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَثْخَنتُمُوهُمْ فَشُدُّوا۟ ٱلْوَثَاقَ فَإِمَّا مَنًّۢا بَعْدُ وَإِمَّا فِدَآءً حَتَّىٰ تَضَعَ ٱلْحَرْبُ أَوْزَارَهَا ۚ ذَٰلِكَ وَلَوْ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَٱنتَصَرَ مِنْهُمْ وَلَـٰكِن لِّيَبْلُوَا۟ بَعْضَكُم بِبَعْضٍ ۗ وَٱلَّذِينَ قُتِلُوا۟ فِى سَبِيلِ ٱللَّهِ فَلَن يُضِلَّ أَعْمَـٰلَهُمْ
фаиз̃а лак̣иитумул лаз̃иина кафаруу фадарбар рик̣аби хатта из̃а ас̃хантумуухум фашуддуул уас̃ак̣а фаимма маннан ба`ду уаимма фидаан хатта тада`ал харбу аузараха з̃алика уалау йашауллаху лантасара минхум уалакил лийаблууа ба`дакум биба`д уаллаз̃иина к̣утилуу фии сабиилиллахи фалай йудилла а`малахум
Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарына шабыңдар; оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар) да сосын қамқорлық қылып (қоя беріңдер.) Немесе бодау алыңдар; Соғыс қүралдарын қойғанға дейін (сөйтіңдер.) (С. 193-А.) Егер Алла қаласа, олардан өш алар еді. Бірақ біріңді-бірің арқылы сынау үшін. Сондай Алла жолында өлтірілгендер болса, Алла олардың ғамалдарын әсте зая қылмайды
-
47:5
سَيَهْدِيهِمْ وَيُصْلِحُ بَالَهُمْ
сайахдиихим уайуслиху балахум
Оларды тура жолға салып жағдайларын түзелтеді
-
47:6
وَيُدْخِلُهُمُ ٱلْجَنَّةَ عَرَّفَهَا لَهُمْ
уайудхилухумул жанната `аррафаха лахум
Оларды өздеріне таныстырылған жаннатқа кіргізеді
-
47:7
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِن تَنصُرُوا۟ ٱللَّهَ يَنصُرْكُمْ وَيُثَبِّتْ أَقْدَامَكُمْ
йа аййухал лаз̃иина амануу ин тансурууллаха йансуркум уайус̃аббит ак̣дамакум
Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді
-
47:8
وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فَتَعْسًا لَّهُمْ وَأَضَلَّ أَعْمَـٰلَهُمْ
уаллаз̃иина кафаруу фата`сал лахум уаадалла а`малахум
Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Алла олардың ғамалдарын зая қылды
-
47:9
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَرِهُوا۟ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فَأَحْبَطَ أَعْمَـٰلَهُمْ
з̃алика бианнахум карихуу ма анзалаллаху фаахбата а`малахум
Бұның себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Алла олардың ғамалдарын жойды
-
47:10
۞ أَفَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۚ دَمَّرَ ٱللَّهُ عَلَيْهِمْ ۖ وَلِلْكَـٰفِرِينَ أَمْثَـٰلُهَا
афалам йасиируу фиил арди файанзуруу кайфа кана `ак̣ибатул лаз̃иина мин к̣аблихим даммараллаху `алайхим уалилкафириина амс̃алуха
Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңдарының қалай болғаның көрмей ме? Алла оларды талқандаған. Кәпірлер үшін сол тәрізді болады
-
47:11
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ مَوْلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَأَنَّ ٱلْكَـٰفِرِينَ لَا مَوْلَىٰ لَهُمْ
з̃алика бианналлаха маулал лаз̃иина амануу уааннал кафириина ла маула лахум
Өйткені Алла, иман келтіргендердің иесі. Шынында кәпірлердің иесі жоқ
-
47:12
إِنَّ ٱللَّهَ يُدْخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ جَنَّـٰتٍ تَجْرِى مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَـٰرُ ۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَتَمَتَّعُونَ وَيَأْكُلُونَ كَمَا تَأْكُلُ ٱلْأَنْعَـٰمُ وَٱلنَّارُ مَثْوًى لَّهُمْ
инналлаха йудхилул лаз̃иина амануу уа`амилуус салихати жаннатин тажрии мин тахтихал анхару уаллаз̃иина кафаруу йатаматта`ууна уайа'кулууна кама та'кулул ан`аму уаннару мас̃уал лахум
Шәксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар, (дүние тіршілігінен аз ғана) пайдаланып, хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты
-
47:13
وَكَأَيِّن مِّن قَرْيَةٍ هِىَ أَشَدُّ قُوَّةً مِّن قَرْيَتِكَ ٱلَّتِىٓ أَخْرَجَتْكَ أَهْلَكْنَـٰهُمْ فَلَا نَاصِرَ لَهُمْ
уакаайим мин к̣арйатин хийа ашадду к̣ууатам мин к̣арйатикал латии ахражатка ахлакнахум фала насира лахум
(Мұхаммед Ғ.С.) сені шығарған кентіңнен тағы күшті қаншалаған кентті жоқ еттіқ. Сонда оларға болысушы болмады
-
47:14
أَفَمَن كَانَ عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِّن رَّبِّهِۦ كَمَن زُيِّنَ لَهُۥ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ وَٱتَّبَعُوٓا۟ أَهْوَآءَهُم
афаман кана `ала байинатим мир раббихи каман зуйина лаху суу `амалихи уаттаба`уу ахуаахум
Ал сонда Раббы тарапынан ашық дәлелде болған біреу, өзіне жаман ғамалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе
-
47:15
مَّثَلُ ٱلْجَنَّةِ ٱلَّتِى وُعِدَ ٱلْمُتَّقُونَ ۖ فِيهَآ أَنْهَـٰرٌ مِّن مَّآءٍ غَيْرِ ءَاسِنٍ وَأَنْهَـٰرٌ مِّن لَّبَنٍ لَّمْ يَتَغَيَّرْ طَعْمُهُۥ وَأَنْهَـٰرٌ مِّنْ خَمْرٍ لَّذَّةٍ لِّلشَّـٰرِبِينَ وَأَنْهَـٰرٌ مِّنْ عَسَلٍ مُّصَفًّى ۖ وَلَهُمْ فِيهَا مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ وَمَغْفِرَةٌ مِّن رَّبِّهِمْ ۖ كَمَنْ هُوَ خَـٰلِدٌ فِى ٱلنَّارِ وَسُقُوا۟ مَآءً حَمِيمًا فَقَطَّعَ أَمْعَآءَهُمْ
мас̃алул жаннатил латии уу`идал муттак̣ууна фииха анхарум мим маин гайри асиниу уаанхарум мил лабанил лам йатагаййар та`муху уаанхарум мин хамрил лаз̃з̃атил лишшарибиина уаанхарум мин `асалим мусаффан уалахум фииха мин куллис̃ с̃амарати уамагфиратум мир раббихим каман хууа халидун фиин нари уасук̣уу маан хамииман фак̣атта`а ам`аахум
Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер (С. 45-47-А., 56-С. 19-А.) және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар; (бұлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе
-
47:16
وَمِنْهُم مَّن يَسْتَمِعُ إِلَيْكَ حَتَّىٰٓ إِذَا خَرَجُوا۟ مِنْ عِندِكَ قَالُوا۟ لِلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْعِلْمَ مَاذَا قَالَ ءَانِفًا ۚ أُو۟لَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَٱتَّبَعُوٓا۟ أَهْوَآءَهُمْ
уаминхум май йастами`у илайка хатта из̃а харажуу мин `индика к̣алуу лиллаз̃иина уутуул `илма маз̃а к̣ала анифа уулаикал лаз̃иина таба`аллаху `ала к̣улуубихим уаттаба`уу ахуаахум
Олардың ішінен саған құлақ асқандар да жоқ емес. Ақыр қасыңнан шыққан кезде, өздеріне ғылым берілгендерден: "Әзір не айтты?",- деп сұрайды. Міне бұлар, Алла, жүректерін бітеп қойған, әуестеріне ергендер
-
47:17
وَٱلَّذِينَ ٱهْتَدَوْا۟ زَادَهُمْ هُدًى وَءَاتَىٰهُمْ تَقْوَىٰهُمْ
уаллаз̃иина хтадау задахум худау уаатахум так̣уахум
Ал сондай тура жол тапқандар, Алла, олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық береді
-
47:18
فَهَلْ يَنظُرُونَ إِلَّا ٱلسَّاعَةَ أَن تَأْتِيَهُم بَغْتَةً ۖ فَقَدْ جَآءَ أَشْرَاطُهَا ۚ فَأَنَّىٰ لَهُمْ إِذَا جَآءَتْهُمْ ذِكْرَىٰهُمْ
фахал йанзурууна иллас са`ата ан та'тийахум багтатан фак̣ад жаа ашратуха фаанна лахум из̃а жаатхум з̃икрахум
Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды
-
47:19
فَٱعْلَمْ أَنَّهُۥ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ وَٱسْتَغْفِرْ لِذَنۢبِكَ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَـٰتِ ۗ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ مُتَقَلَّبَكُمْ وَمَثْوَىٰكُمْ
фа`лам аннаху ла илаха иллаллаху уастагфир лиз̃анбика уалилму'миниина уалму'минат уаллаху йа`ламу мутак̣аллабакум уамас̃уакум
(Мұхаммед Ғ.С.) енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла, айналған әрі тұрақтаған жерлеріңді біледі
-
47:20
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَوْلَا نُزِّلَتْ سُورَةٌ ۖ فَإِذَآ أُنزِلَتْ سُورَةٌ مُّحْكَمَةٌ وَذُكِرَ فِيهَا ٱلْقِتَالُ ۙ رَأَيْتَ ٱلَّذِينَ فِى قُلُوبِهِم مَّرَضٌ يَنظُرُونَ إِلَيْكَ نَظَرَ ٱلْمَغْشِىِّ عَلَيْهِ مِنَ ٱلْمَوْتِ ۖ فَأَوْلَىٰ لَهُمْ
уайак̣уулул лаз̃иина амануу лаула нуззилат сууратун фаиз̃а унзилат сууратум мухкаматуу уаз̃укира фиихал к̣италу раайтал лаз̃иина фии к̣улуубихим марадун йанзурууна илайка назарал магшийи `алайхи минал маути фааула лахум
Иман келтіргендер: "Бір сүре неге түсірілмейді?",- дейді. Ішінде соғыс баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, (Мұхаммед Ғ.С.) жүректерінде дерті барлардың, саған; өзін өлім есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің. Оларға өлім артық
-
47:21
طَاعَةٌ وَقَوْلٌ مَّعْرُوفٌ ۚ فَإِذَا عَزَمَ ٱلْأَمْرُ فَلَوْ صَدَقُوا۟ ٱللَّهَ لَكَانَ خَيْرًا لَّهُمْ
та`атуу уак̣аулум ма`рууф фаиз̃а `азамал амру фалау садак̣ууллаха лакана хайрал лахум
Бой ұсыну және дұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте, егер Аллаға опа қылса, әрине олар үшін хайырлы болар еді
-
47:22
فَهَلْ عَسَيْتُمْ إِن تَوَلَّيْتُمْ أَن تُفْسِدُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ وَتُقَطِّعُوٓا۟ أَرْحَامَكُمْ
фахал `асайтум ин тауаллайтум ан туфсидуу фиил арди уатук̣атти`уу архамакум
Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бұрсаңдар,) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмей ме? (Екі жүзді мұнафықтар іс басына келсе де бет бұрса да хайыр келмейді)
-
47:23
أُو۟لَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَعَنَهُمُ ٱللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَىٰٓ أَبْصَـٰرَهُمْ
уулаикал лаз̃иина ла`анахумуллаху фаасаммахум уаа`ма абсарахум
Олар, Алла, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар
-
47:24
أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ ٱلْقُرْءَانَ أَمْ عَلَىٰ قُلُوبٍ أَقْفَالُهَآ
афала йатадаббаруунал к̣урана ам `ала к̣улуубин ак̣фалуха
Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма
-
47:25
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱرْتَدُّوا۟ عَلَىٰٓ أَدْبَـٰرِهِم مِّنۢ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلْهُدَى ۙ ٱلشَّيْطَـٰنُ سَوَّلَ لَهُمْ وَأَمْلَىٰ لَهُمْ
иннал лаз̃иина ртаддуу `ала адбарихим мин ба`ди ма табаййана лахумул худаш шайтану саууала лахум уаамла лахум
Шынында өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардікін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді
-
47:26
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا۟ لِلَّذِينَ كَرِهُوا۟ مَا نَزَّلَ ٱللَّهُ سَنُطِيعُكُمْ فِى بَعْضِ ٱلْأَمْرِ ۖ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ إِسْرَارَهُمْ
з̃алика бианнахум к̣алуу лиллаз̃иина карихуу ма наззалаллаху санутии`укум фии ба`дил амри уаллаху йа`ламу исрарахум
Өйткені олар, Алланың түсіргенін жек көргендерге: "Сендерге кейбір істе бағынамыз" деді. Алла олардың сырларын біледі
-
47:27
فَكَيْفَ إِذَا تَوَفَّتْهُمُ ٱلْمَلَـٰٓئِكَةُ يَضْرِبُونَ وُجُوهَهُمْ وَأَدْبَـٰرَهُمْ
факайфа из̃а тауаффатхумул малаикату йадрибууна уужуухахум уаадбарахум
Періштелер, олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда қалай болар еді
-
47:28
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ ٱتَّبَعُوا۟ مَآ أَسْخَطَ ٱللَّهَ وَكَرِهُوا۟ رِضْوَٰنَهُۥ فَأَحْبَطَ أَعْمَـٰلَهُمْ
з̃алика бианнахумут таба`уу ма асхаталлаха уакарихуу ридуанаху фаахбата а`малахум
Бұл шынында олар Алланы ашуландыратын нәрселерге еріп, Оның раздығын жек көргендіктен Алла, олардың ғамалдарын жойды
-
47:29
أَمْ حَسِبَ ٱلَّذِينَ فِى قُلُوبِهِم مَّرَضٌ أَن لَّن يُخْرِجَ ٱللَّهُ أَضْغَـٰنَهُمْ
ам хасибал лаз̃иина фии к̣улуубихим марадун ал лай йухрижаллаху адганахум
Немесе Жүректерінде дерті болғандар, Алла олардың кектерін әсте ашыққа шығармайды деп ойлады ма
-
47:30
وَلَوْ نَشَآءُ لَأَرَيْنَـٰكَهُمْ فَلَعَرَفْتَهُم بِسِيمَـٰهُمْ ۚ وَلَتَعْرِفَنَّهُمْ فِى لَحْنِ ٱلْقَوْلِ ۚ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ أَعْمَـٰلَكُمْ
уалау нашау лаарайнакахум фала`арафтахум бисиимахум уалата`рифаннахум фии лахнил к̣аул уаллаху йа`ламу а`малакум
(Мұхаммед Ғ.С.) егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан таныйсың. Алла істегендеріңді біледі
-
47:31
وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ حَتَّىٰ نَعْلَمَ ٱلْمُجَـٰهِدِينَ مِنكُمْ وَٱلصَّـٰبِرِينَ وَنَبْلُوَا۟ أَخْبَارَكُمْ
уаланаблууаннакум хатта на`ламал мужахидиина минкум уассабириина уанаблууа ахбаракум
Әлбетте сендерден жауынгерлермен сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз
-
47:32
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَصَدُّوا۟ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَشَآقُّوا۟ ٱلرَّسُولَ مِنۢ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلْهُدَىٰ لَن يَضُرُّوا۟ ٱللَّهَ شَيْـًٔا وَسَيُحْبِطُ أَعْمَـٰلَهُمْ
иннал лаз̃иина кафаруу уасаддуу `ан сабиилиллахи уашак̣к̣уур расуула мин ба`ди ма табаййана лахумул худа лай йадуррууллаха шайау уасайухбиту а`малахум
Шынында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар әрі өздеріне туралық әшкереленгеннен кейін Пайғамбармен таласқандар, Аллаға ешбір зиян келтіре алмайды. Алла олардың ғамалдарын жояды
-
47:33
۞ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَطِيعُوا۟ ٱللَّهَ وَأَطِيعُوا۟ ٱلرَّسُولَ وَلَا تُبْطِلُوٓا۟ أَعْمَـٰلَكُمْ
йа аййухал лаз̃иина амануу атии`ууллаха уаатии`уур расуула уала тубтилуу а`малакум
Әй иман келтіргендер! Аллаға бой ұсыныңдар әрі Пайғамбарға бағыныңдар. Сондай-ақ ғамалдарыңды бұзбаңдар
-
47:34
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَصَدُّوا۟ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ ثُمَّ مَاتُوا۟ وَهُمْ كُفَّارٌ فَلَن يَغْفِرَ ٱللَّهُ لَهُمْ
иннал лаз̃иина кафаруу уасаддуу `ан сабиилиллахи с̃умма матуу уахум куффарун фалай йагфираллаху лахум
Расында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар, сосын кәпір күйінде өлгендер, оларды Алла, әсте жарылқамайды
-
47:35
فَلَا تَهِنُوا۟ وَتَدْعُوٓا۟ إِلَى ٱلسَّلْمِ وَأَنتُمُ ٱلْأَعْلَوْنَ وَٱللَّهُ مَعَكُمْ وَلَن يَتِرَكُمْ أَعْمَـٰلَكُمْ
фала тахинуу уатад`уу илас салми уаантумул а`лауна уаллаху ма`акум уалай йатиракум а`малакум
Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Алла сендермен бірге. Әсте ғамалдарыңды зая қылмайды. (Бұл аяттағы мақсат, күшке ие бола тұрып, келісім жасау.С. 61-А)
-
47:36
إِنَّمَا ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا لَعِبٌ وَلَهْوٌ ۚ وَإِن تُؤْمِنُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ يُؤْتِكُمْ أُجُورَكُمْ وَلَا يَسْـَٔلْكُمْ أَمْوَٰلَكُمْ
иннамал хайатуд дунйа ла`ибуу уалаху уаин ту'минуу уататтак̣уу йу'тикум ужууракум уала йасалкум амуалакум
Дүние тіршілігі бір ойын, ермек қана. Егер иман келтіріп, сақсынсаңдар, Алла сыйлықтарыңды береді. Сендердің малдарықды сұрамайды. (С. 29-А)
-
47:37
إِن يَسْـَٔلْكُمُوهَا فَيُحْفِكُمْ تَبْخَلُوا۟ وَيُخْرِجْ أَضْغَـٰنَكُمْ
ий йасалкумууха файухфикум табхалуу уайухриж адганакум
Егер сендерден оны (тұтас жұмсауларыңды) сұраса еді, онда сендерге ауыр тиіп, сараңдық қыларсыңдар да өштіктерің ортаға шығар еді
-
47:38
هَـٰٓأَنتُمْ هَـٰٓؤُلَآءِ تُدْعَوْنَ لِتُنفِقُوا۟ فِى سَبِيلِ ٱللَّهِ فَمِنكُم مَّن يَبْخَلُ ۖ وَمَن يَبْخَلْ فَإِنَّمَا يَبْخَلُ عَن نَّفْسِهِۦ ۚ وَٱللَّهُ ٱلْغَنِىُّ وَأَنتُمُ ٱلْفُقَرَآءُ ۚ وَإِن تَتَوَلَّوْا۟ يَسْتَبْدِلْ قَوْمًا غَيْرَكُمْ ثُمَّ لَا يَكُونُوٓا۟ أَمْثَـٰلَكُم
ха антум хаулаи туд`ауна литунфик̣уу фии сабиилиллахи фаминкум май йабхалу уамай йабхал фаиннама йабхалу `ан нафсих уаллахул ганиййу уаантумул фук̣ара уаин татауаллау йастабдил к̣ауман гайракум с̃умма ла йакуунуу амс̃алакум
Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды
Дереккөздер
- Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
- Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
- Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17