Ғафир сүресін қалай жаттауға болады
«Кешіруші»
- 40-сүре
- 85 аят
- Меккелік
- Мұсхафтың 467–476 беттері
غافر
Қолданба орнатылған болса, соны ашады, әйтпесе App Store / Google Play-ді ашады.
Сүрені толық тыңдаңыз
Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси
Қанша уақыт керек
Күн сайын ұстана алатын қарқынды таңдаңыз:
| Күніне 1 аят | 85 күн |
| Күніне 3 аят | 29 күн |
| Күніне 5 аят | 17 күн |
Аят-аятпен қалай жаттау керек
- Алдымен тыңдаңызАятты бірнеше рет қосып, арабша мәтінді көзіңізбен қадағалаңыз.
- Дауыстап қайталаңызТіліңізге жеңіл келгенше қайта-қайта айтыңыз. Qaree әр қайталауды санайды.
- Жатқа оқыңызМәтінге қарамай оқыңыз. Qaree-дің оқу режимі сізді тыңдап, қателескен сөздеріңізді белгілейді.
- Жалғап, қайталаңызЖаңа аятты алдыңғыларымен бірге оқыңыз, ал келесі күні сүрені тағы бір рет қайталаңыз.
Ғафир сүресі: арабша мәтіні, транскрипциясы және аудармасы
-
40:1
حمٓ
ха мим
Хә. Мим
-
40:2
تَنزِيلُ ٱلْكِتَـٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْعَلِيمِ
танзиилул китаби миналлахил `азиизил `алиим
Кітаптың түсірілуі, өте үстем, аса білуші Алла тарапынан
-
40:3
غَافِرِ ٱلذَّنۢبِ وَقَابِلِ ٱلتَّوْبِ شَدِيدِ ٱلْعِقَابِ ذِى ٱلطَّوْلِ ۖ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ إِلَيْهِ ٱلْمَصِيرُ
гафириз̃ з̃анби уак̣абилит тауби шадиидил `ик̣аби з̃иит таули ла илаха илла хууа илайхил масиир
Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ
-
40:4
مَا يُجَـٰدِلُ فِىٓ ءَايَـٰتِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ فَلَا يَغْرُرْكَ تَقَلُّبُهُمْ فِى ٱلْبِلَـٰدِ
ма йужадилу фии айатиллахи иллал лаз̃иина кафаруу фала йагрурка так̣аллубухум фиил билад
Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. (Мүхаммед Ғ.С.) сені, олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын. (С. 196-А)
-
40:5
كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ وَٱلْأَحْزَابُ مِنۢ بَعْدِهِمْ ۖ وَهَمَّتْ كُلُّ أُمَّةٍۭ بِرَسُولِهِمْ لِيَأْخُذُوهُ ۖ وَجَـٰدَلُوا۟ بِٱلْبَـٰطِلِ لِيُدْحِضُوا۟ بِهِ ٱلْحَقَّ فَأَخَذْتُهُمْ ۖ فَكَيْفَ كَانَ عِقَابِ
каз̃з̃абат к̣аблахум к̣ауму нуухиу уалахзабу мин ба`дихим уахаммат куллу умматин бирасуулихим лийа'хуз̃ууху уажадалуу билбатили лийудхидуу бихил хак̣к̣а фаахаз̃тухум факайфа кана `ик̣аб
Олардан бұрында Нұх (Ғ.С.) тың елі әрі одан кейінгі топтар да жасынға шығарған болатын. Әр үммет өз елшілерін қолға алуға бел байлады. Сондай-ақ хақиқатты бос нәрселер арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен
-
40:6
وَكَذَٰلِكَ حَقَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ عَلَى ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَنَّهُمْ أَصْحَـٰبُ ٱلنَّارِ
уаказ̃алика хак̣к̣ат калимату раббика `алал лаз̃иина кафаруу аннахум асхабун нар
Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық
-
40:7
ٱلَّذِينَ يَحْمِلُونَ ٱلْعَرْشَ وَمَنْ حَوْلَهُۥ يُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَيُؤْمِنُونَ بِهِۦ وَيَسْتَغْفِرُونَ لِلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ رَبَّنَا وَسِعْتَ كُلَّ شَىْءٍ رَّحْمَةً وَعِلْمًا فَٱغْفِرْ لِلَّذِينَ تَابُوا۟ وَٱتَّبَعُوا۟ سَبِيلَكَ وَقِهِمْ عَذَابَ ٱلْجَحِيمِ
аллаз̃иина йахмилуунал `арша уаман хаулаху йусаббихууна бихамди раббихим уайу'минууна бихи уайастагфирууна лиллаз̃иина амануу раббана уаси`та кулла шайир рахматау уа`илман фагфир лиллаз̃иина табуу уаттаба`уу сабиилака уак̣ихим `аз̃абал жахиим
Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: "Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!",- (деп тілейді.) (Ғаршыны көтеруден мақсат; қорғау, басқаруға міндеттендірілген періштелер: Олар сап-сап болып, Алланың бірлігін, ұлықтығын баян етіп, дәріптей құлшылық қыла отырып Мұсылмандар үшін де хайыр дұға етеді. Б.Ж.М.К.Р)
-
40:8
رَبَّنَا وَأَدْخِلْهُمْ جَنَّـٰتِ عَدْنٍ ٱلَّتِى وَعَدتَّهُمْ وَمَن صَلَحَ مِنْ ءَابَآئِهِمْ وَأَزْوَٰجِهِمْ وَذُرِّيَّـٰتِهِمْ ۚ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
раббана уаадхилхум жаннати `аднинл латии уа`адттахум уаман салаха мин абаихим уаазуажихим уаз̃урриййатихим иннака антал `азиизул хакиим
Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізе көр. Күдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың
-
40:9
وَقِهِمُ ٱلسَّيِّـَٔاتِ ۚ وَمَن تَقِ ٱلسَّيِّـَٔاتِ يَوْمَئِذٍ فَقَدْ رَحِمْتَهُۥ ۚ وَذَٰلِكَ هُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ
уак̣ихимус сайиат уаман так̣ис сайиати йаумаиз̃ин фак̣ад рахимтах уаз̃алика хууал фаузул `азиим
Оларды жамандықтардан қорға. Ол күні кімді жамандықтан қорғасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қолы жеткендік
-
40:10
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يُنَادَوْنَ لَمَقْتُ ٱللَّهِ أَكْبَرُ مِن مَّقْتِكُمْ أَنفُسَكُمْ إِذْ تُدْعَوْنَ إِلَى ٱلْإِيمَـٰنِ فَتَكْفُرُونَ
иннал лаз̃иина кафаруу йунадауна ламак̣туллахи акбару мим мак̣тикум анфусакум из̃ туд`ауна илал иимани фатакфуруун
Расында сондай қарсы болғандарға (қиямет күні): "Алланың ашуы, сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені, сендер иманға шақырылған кезде, қарсы болдықдар" деп дабысталады
-
40:11
قَالُوا۟ رَبَّنَآ أَمَتَّنَا ٱثْنَتَيْنِ وَأَحْيَيْتَنَا ٱثْنَتَيْنِ فَٱعْتَرَفْنَا بِذُنُوبِنَا فَهَلْ إِلَىٰ خُرُوجٍ مِّن سَبِيلٍ
к̣алуу раббана аматтана с̃натайни уаахйайтана с̃натайни фа`тарафна биз̃унуубина фахал ила хуруужим мин сабиил
Олар: "Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің. Енді күнәларымызға мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?",-дейді
-
40:12
ذَٰلِكُم بِأَنَّهُۥٓ إِذَا دُعِىَ ٱللَّهُ وَحْدَهُۥ كَفَرْتُمْ ۖ وَإِن يُشْرَكْ بِهِۦ تُؤْمِنُوا۟ ۚ فَٱلْحُكْمُ لِلَّهِ ٱلْعَلِىِّ ٱلْكَبِيرِ
з̃аликум бианнаху из̃а ду`ийаллаху уахдаху кафартум уаий йушрак бихи ту'мину фалхукму лиллахил `алийил кабиир
Оларға: "Бір ғана Аллаға шақырылғанда қарсы шықтыңдар да ал Оған ортақ қосылса, сенетін едіңдер. Ал енді үкім өте жоғары, аса ұлы Аллаға тән" (делінеді)
-
40:13
هُوَ ٱلَّذِى يُرِيكُمْ ءَايَـٰتِهِۦ وَيُنَزِّلُ لَكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ رِزْقًا ۚ وَمَا يَتَذَكَّرُ إِلَّا مَن يُنِيبُ
хууал лаз̃ии йуриикум айатихи уайуназзилу лакум минас самаи ризк̣а уама йатаз̃аккару илла май йунииб
Ол сондай Алла, сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағы сендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бой ұсынған кісі ғана үгіт алады
-
40:14
فَٱدْعُوا۟ ٱللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ ٱلْكَـٰفِرُونَ
фад`ууллаха мухлисиина лахуд диина уалау карихал кафируун
Егер қарсы болғандар, жек көрсе де дінді өзіне ғана арнап, нағыз Аллаға жалбарыңдар
-
40:15
رَفِيعُ ٱلدَّرَجَـٰتِ ذُو ٱلْعَرْشِ يُلْقِى ٱلرُّوحَ مِنْ أَمْرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦ لِيُنذِرَ يَوْمَ ٱلتَّلَاقِ
рафии`уд даражати з̃уул `арши йулк̣иир рууха мин амрихи `ала май йашау мин `ибадихи лийунз̃ира йаумат талак̣
Ол, дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, өз бұйрығымен уахи түсіреді. (Бүл жердегі "Рұх"; уахи мағнасында. Б.Ж.М)
-
40:16
يَوْمَ هُم بَـٰرِزُونَ ۖ لَا يَخْفَىٰ عَلَى ٱللَّهِ مِنْهُمْ شَىْءٌ ۚ لِّمَنِ ٱلْمُلْكُ ٱلْيَوْمَ ۖ لِلَّهِ ٱلْوَٰحِدِ ٱلْقَهَّارِ
йаума хум баризууна ла йахфа `алаллахи минхум шай ллиманил мулкул йаума лиллахил уахидил к̣аххар
Ол күні; олар, көрнеуге шығарылады. Олардан ешбір нәрсе Аллаға жасырын болмайды. "Бүгін патшалық кімдікі? Тек қана жалғыз, тым өктем Алланікі" (делінеді)
-
40:17
ٱلْيَوْمَ تُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسٍۭ بِمَا كَسَبَتْ ۚ لَا ظُلْمَ ٱلْيَوْمَ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ
алйаума тужза куллу нафсин бима касабат ла зулмал йаум инналлаха сарии`ул хисаб
Бүгін әркім істегені бойынша жазаланады. Бүгін зұлымдық болмайды. Күдіксіз Алла (Т.) тез есеп көруші
-
40:18
وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ ٱلْـَٔازِفَةِ إِذِ ٱلْقُلُوبُ لَدَى ٱلْحَنَاجِرِ كَـٰظِمِينَ ۚ مَا لِلظَّـٰلِمِينَ مِنْ حَمِيمٍ وَلَا شَفِيعٍ يُطَاعُ
уаанз̃ирхум йаумал азифати из̃ил к̣улуубу ладал ханажири казимиин ма лиззалимиина мин хамиимиу уала шафии`ий йута`
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықбалды болушы да болмайды
-
40:19
يَعْلَمُ خَآئِنَةَ ٱلْأَعْيُنِ وَمَا تُخْفِى ٱلصُّدُورُ
йа`ламу хаинатал а`йуни уама тухфиис судуур
Алла көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі
-
40:20
وَٱللَّهُ يَقْضِى بِٱلْحَقِّ ۖ وَٱلَّذِينَ يَدْعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَقْضُونَ بِشَىْءٍ ۗ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْبَصِيرُ
уаллаху йак̣дии билхак̣к̣и уаллаз̃иина йад`ууна мин дуунихи ла йак̣дууна бишай инналлаха хууас самии`ул басиир
Алла (Т.) туралық бойынша үкім береді. Олардың Алладан өзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды. Күдіксіз Алла (Т.) толық естуші, тым қырағы
-
40:21
۞ أَوَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ كَانُوا۟ مِن قَبْلِهِمْ ۚ كَانُوا۟ هُمْ أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةً وَءَاثَارًا فِى ٱلْأَرْضِ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ بِذُنُوبِهِمْ وَمَا كَانَ لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن وَاقٍ
ауалам йасиируу фиил арди файанзуруу кайфа кана `ак̣ибатул лаз̃иина кануу мин к̣аблихим кануу хум ашадда минхум к̣ууатау уаас̃аран фиил арди фаахаз̃ахумуллаху биз̃унуубихим уама кана лахум миналлахи миу уак̣
Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғы, тағы күшті әрі жер жүзінде көп деректер қалдырғандардың соңдарының қалай болғанын көрмей ме? Сонда Алла, олардьі күнәлары себепті қолға алған. Сондай-ақ оларды Алладан қорғаушы жоқ
-
40:22
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانَت تَّأْتِيهِمْ رُسُلُهُم بِٱلْبَيِّنَـٰتِ فَكَفَرُوا۟ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ ۚ إِنَّهُۥ قَوِىٌّ شَدِيدُ ٱلْعِقَابِ
з̃алика бианнахум канатт та'тиихим русулухум билбайинати факафаруу фаахаз̃ахумуллах иннаху к̣ауиййун шадиидул `ик̣аб
Осылар, расында өздеріне ашық белгілермен келген елшілеріне қарсы келулерінің салдарынан; Алла, оларды қолға алды. Өйткені Ол, тым күшті, азабы өте қатты
-
40:23
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَـٰتِنَا وَسُلْطَـٰنٍ مُّبِينٍ
уалак̣ад арсална мууса биайатина уасултаним мубиин
Расында Мұса (Ғ.С.) ны мұғжизаларымыз әрі ашық дәлелмен жібердік
-
40:24
إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَهَـٰمَـٰنَ وَقَـٰرُونَ فَقَالُوا۟ سَـٰحِرٌ كَذَّابٌ
ила фир`ауна уахамана уак̣арууна фак̣алуу сахирун каз̃з̃аб
Перғауын, Һаман және Қарұнға жібердік. Олар: "Өтірікші жадыгер" деді
-
40:25
فَلَمَّا جَآءَهُم بِٱلْحَقِّ مِنْ عِندِنَا قَالُوا۟ ٱقْتُلُوٓا۟ أَبْنَآءَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ وَٱسْتَحْيُوا۟ نِسَآءَهُمْ ۚ وَمَا كَيْدُ ٱلْكَـٰفِرِينَ إِلَّا فِى ضَلَـٰلٍ
фаламма жаахум билхак̣к̣и мин `индина к̣алуу к̣тулуу абнаал лаз̃иина амануу ма`аху уастахйуу нисаахум уама кайдул кафириина илла фии далал
(Мұса Ғ.С.) оларға жанымыздан шындық келтірген кезде: "Онымен бірге иман келтіргендердің ұлдарын өлтіріңдер, әйелдерін тірі қойыңдар" деді. Бірақ кәпірлердің әдістері мүлде зая болар
-
40:26
وَقَالَ فِرْعَوْنُ ذَرُونِىٓ أَقْتُلْ مُوسَىٰ وَلْيَدْعُ رَبَّهُۥٓ ۖ إِنِّىٓ أَخَافُ أَن يُبَدِّلَ دِينَكُمْ أَوْ أَن يُظْهِرَ فِى ٱلْأَرْضِ ٱلْفَسَادَ
уак̣ала фир`ауну з̃аруунии ак̣тул мууса уалйад`у раббаху иннии ахафу ай йубаддила диинакум ау ай йузхира фиил ардил фасад
Перғауын: "Мені қоя беріңдер, Мұсаны өлтірейін. Ол, Раббына жалбарынсын. Расында мен оның, діндеріңді өзгертуінен немесе жер жүзінде бір бұзақылық шығаруынан қорқамын" деді
-
40:27
وَقَالَ مُوسَىٰٓ إِنِّى عُذْتُ بِرَبِّى وَرَبِّكُم مِّن كُلِّ مُتَكَبِّرٍ لَّا يُؤْمِنُ بِيَوْمِ ٱلْحِسَابِ
уак̣ала мууса иннии `уз̃ту бираббии уараббикум мин кулли мутакаббирил ла йу'мину бийаумил хисаб
Мұса (Ғ.С.): "Мен, есеп күніне сенбеген әр текаппардан, менің де Раббым, сендердің де Раббыларыңа сиындым" деді
-
40:28
وَقَالَ رَجُلٌ مُّؤْمِنٌ مِّنْ ءَالِ فِرْعَوْنَ يَكْتُمُ إِيمَـٰنَهُۥٓ أَتَقْتُلُونَ رَجُلًا أَن يَقُولَ رَبِّىَ ٱللَّهُ وَقَدْ جَآءَكُم بِٱلْبَيِّنَـٰتِ مِن رَّبِّكُمْ ۖ وَإِن يَكُ كَـٰذِبًا فَعَلَيْهِ كَذِبُهُۥ ۖ وَإِن يَكُ صَادِقًا يُصِبْكُم بَعْضُ ٱلَّذِى يَعِدُكُمْ ۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِى مَنْ هُوَ مُسْرِفٌ كَذَّابٌ
уак̣ала ражулум му'минум мин али фир`ауна йактуму ииманаху атак̣тулууна ражулан ай йак̣уула раббийаллаху уак̣ад жаакум билбайинати мир раббикум уаий йаку каз̃ибан фа`алайхи каз̃ибуху уаий йаку садик̣ай йусибкум ба`дул лаз̃ии йа`идукум инналлаха ла йахдии ман хууа мусрифун каз̃з̃аб
Перғауын семьясынан иманын жасырған бір мүмін: "Раббым Алла.деген кісіні өлтірмеңдер. Расында ол, сендерге Раббыларыңнан мұғжизалармен келді. Егер өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал егер шыншыл болса, сендерді қорқытқан апаттың кейі бастарыңа келер. Расында Алла, шектен шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды" деді
-
40:29
يَـٰقَوْمِ لَكُمُ ٱلْمُلْكُ ٱلْيَوْمَ ظَـٰهِرِينَ فِى ٱلْأَرْضِ فَمَن يَنصُرُنَا مِنۢ بَأْسِ ٱللَّهِ إِن جَآءَنَا ۚ قَالَ فِرْعَوْنُ مَآ أُرِيكُمْ إِلَّا مَآ أَرَىٰ وَمَآ أَهْدِيكُمْ إِلَّا سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ
йа к̣ауми лакумул мулкул йаума захириина фиил арди фамай йансуруна мин ба'силлахи ин жаана к̣ала фир`ауну ма уриикум илла ма ара уама ахдиикум илла сабиилар рашад
Әй елім! Бүгін патшалық сендердікі. Бұл жерде өктемсіңдер. Ал егер (Алланың ашуы) бізге келсе, сонда бізді Алланың апатынан кім қорғайы?",- деді. Перғауын: "Мен сендерге өз көзқарасымды ғана айтамын. Сондай-ақ сендерді тура жолға ғана саламын" деді
-
40:30
وَقَالَ ٱلَّذِىٓ ءَامَنَ يَـٰقَوْمِ إِنِّىٓ أَخَافُ عَلَيْكُم مِّثْلَ يَوْمِ ٱلْأَحْزَابِ
уак̣алал лаз̃ии амана йа к̣ауми иннии ахафу `алайкум мис̃ла йаумил ахзаб
Иман келтірген кісі: "Әй елім! Расында мен сендерге (өткен) топтардың күні сияқты күн (келуі) нен қорқамын" деді
-
40:31
مِثْلَ دَأْبِ قَوْمِ نُوحٍ وَعَادٍ وَثَمُودَ وَٱلَّذِينَ مِنۢ بَعْدِهِمْ ۚ وَمَا ٱللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِّلْعِبَادِ
мис̃ла да'би к̣ауми нуухиу уа`адиу уас̃амууда уаллаз̃иина мин ба`дихим уамаллаху йурииду зулмал лил`ибад
Айталық: Нұх (Ғ.С.) елінің, Рад, Сәмүд және олардан кейінгілердің әдеттері тәрізді. Алла (Т.) құлдарына зұлымдық қаламайды
-
40:32
وَيَـٰقَوْمِ إِنِّىٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ يَوْمَ ٱلتَّنَادِ
уайа к̣ауми иннии ахафу `алайкум йаумат танад
Әй елім! Расында мен, сендерге келетін ойбайласу күнінен қорқамын
-
40:33
يَوْمَ تُوَلُّونَ مُدْبِرِينَ مَا لَكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِنْ عَاصِمٍ ۗ وَمَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنْ هَادٍ
йаума тууаллууна мудбириина ма лакум миналлахи мин `асим уамай йудлилиллаху фама лаху мин хад
Сол күні арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Алладан қорғаушы болмайды. Алла кімді адастырса, оған тура жол көрсетуші болмайды
-
40:34
وَلَقَدْ جَآءَكُمْ يُوسُفُ مِن قَبْلُ بِٱلْبَيِّنَـٰتِ فَمَا زِلْتُمْ فِى شَكٍّ مِّمَّا جَآءَكُم بِهِۦ ۖ حَتَّىٰٓ إِذَا هَلَكَ قُلْتُمْ لَن يَبْعَثَ ٱللَّهُ مِنۢ بَعْدِهِۦ رَسُولًا ۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَنْ هُوَ مُسْرِفٌ مُّرْتَابٌ
уалак̣ад жаакум йуусуфу мин к̣аблу билбайинати фама зилтум фии шакким мимма жаакум бихи хатта из̃а халака к̣ултум лай йаб`ас̃аллаху мин ба`дихи расуула каз̃алика йудиллуллаху ман хууа мусрифум муртаб
Расында Мұса (Ғ.С.) дан бұрын Юсып (Ғ.С.) сендерге дәлелдермен келген еді. Алайда сендерге келтірген нәрседен үнемі күдікте едіңдер. Ақыр Юсып (Ғ.С.) қайтыс болғанда: "Алла одан кейін ешбір елші жібермейді" деген едіңдер. Осылайша Алла, шектен шығушы, күдіктенуші кісіні адастырады
-
40:35
ٱلَّذِينَ يُجَـٰدِلُونَ فِىٓ ءَايَـٰتِ ٱللَّهِ بِغَيْرِ سُلْطَـٰنٍ أَتَىٰهُمْ ۖ كَبُرَ مَقْتًا عِندَ ٱللَّهِ وَعِندَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ۚ كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ قَلْبِ مُتَكَبِّرٍ جَبَّارٍ
аллаз̃иина йужадилууна фии айатиллахи бигайри султанин атахум кабура мак̣тан `индаллахи уа`индал лаз̃иина аману каз̃алика йатба`уллаху `ала кулли к̣алби мутакаббирин жаббар
Олар, өздеріне келген ешбір дәлел болмаса да, Алланың аяттары жайында тартысады. Бүл Алланың қасында да мүміндердің қасында да зор кейіс. Өстіп Алла, әрбір тәкаппар, зорлықшылдардың жүрегіне мөр басады. (Бітейді)
-
40:36
وَقَالَ فِرْعَوْنُ يَـٰهَـٰمَـٰنُ ٱبْنِ لِى صَرْحًا لَّعَلِّىٓ أَبْلُغُ ٱلْأَسْبَـٰبَ
уак̣ала фир`ауну йа хаману бни лии сархал ла`аллии аблугул асбаб
Перғауын: "Әй ћаман! Маған бір мұнара жаса. Бәлкім жолдарға жетермін" дейді
-
40:37
أَسْبَـٰبَ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ فَأَطَّلِعَ إِلَىٰٓ إِلَـٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّى لَأَظُنُّهُۥ كَـٰذِبًا ۚ وَكَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِفِرْعَوْنَ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ وَصُدَّ عَنِ ٱلسَّبِيلِ ۚ وَمَا كَيْدُ فِرْعَوْنَ إِلَّا فِى تَبَابٍ
асбабас самауати фааттали`а ила илахи мууса уаиннии лаазуннуху каз̃иба уаказ̃алика зуйина лифир`ауна суу `амалихи уасудда `анис сабиил уама кайду фир`ауна илла фии табаб
Көктердің жолдарына жетіп, Мұсаның Тәңірін байқаймын. Расында мен оны өтірікші деп ойлаймын." Осылайша Перғауынға жаман істері көркем көрсетіліп, жолдан тосылды. Перғауынның тәсілдері, мүлде жойылуда
-
40:38
وَقَالَ ٱلَّذِىٓ ءَامَنَ يَـٰقَوْمِ ٱتَّبِعُونِ أَهْدِكُمْ سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ
уак̣алал лаз̃ии амана йа к̣аумит таби`ууни ахдикум сабиилар рашад
Иман келтірген кісі: "Әй елім! Маған ілесіңдер. Сөндерді тура жолға саламын" деді
-
40:39
يَـٰقَوْمِ إِنَّمَا هَـٰذِهِ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا مَتَـٰعٌ وَإِنَّ ٱلْـَٔاخِرَةَ هِىَ دَارُ ٱلْقَرَارِ
йа к̣ауми иннама хаз̃ихил хайатуд дунйа мата`уу уаиннал ахирата хийа дарул к̣арар
Әй елім! Шын мәнінде бұл дүние тіршілігі, уақытша пайдалану. Сөзсіз ахирет, ол; тұрақты жұрт
-
40:40
مَنْ عَمِلَ سَيِّئَةً فَلَا يُجْزَىٰٓ إِلَّا مِثْلَهَا ۖ وَمَنْ عَمِلَ صَـٰلِحًا مِّن ذَكَرٍ أَوْ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُو۟لَـٰٓئِكَ يَدْخُلُونَ ٱلْجَنَّةَ يُرْزَقُونَ فِيهَا بِغَيْرِ حِسَابٍ
ман `амила сайиатан фала йужза илла мис̃лаха уаман `амила салихам мин з̃акарин ау унс̃а уахууа му'минун фауулаика йадхулуунал жанната йурзак̣ууна фииха бигайри хисаб
Әлде кім бір жамандық істесе, сонда ол, соның өзіндей ғана жаза көреді. Ал және ер, әйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, ал міне солар; жаннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа бөленеді
-
40:41
۞ وَيَـٰقَوْمِ مَا لِىٓ أَدْعُوكُمْ إِلَى ٱلنَّجَوٰةِ وَتَدْعُونَنِىٓ إِلَى ٱلنَّارِ
уайа к̣ауми ма лии ад`уукум илан нажати уатад`уунании илан нар
Әй елім! Маған не болды? Мен сендерді құтылуға шақырамын. Сендер мені тозаққа шақырасыңдар
-
40:42
تَدْعُونَنِى لِأَكْفُرَ بِٱللَّهِ وَأُشْرِكَ بِهِۦ مَا لَيْسَ لِى بِهِۦ عِلْمٌ وَأَنَا۠ أَدْعُوكُمْ إِلَى ٱلْعَزِيزِ ٱلْغَفَّـٰرِ
тад`уунании лиакфура биллахи уаушрика бихи ма лайса лии бихи `илмуу уаана ад`уукум илал `азиизил гаффар
Әрі сендер мені Аллаға қарсы болуға сондай-ақ білмеген нәрсені Оған ортақ қосуға да шақырасыңдар. Мен, сендерді өте үстем, аса жарылқаушы Аллаға шақырамын
-
40:43
لَا جَرَمَ أَنَّمَا تَدْعُونَنِىٓ إِلَيْهِ لَيْسَ لَهُۥ دَعْوَةٌ فِى ٱلدُّنْيَا وَلَا فِى ٱلْـَٔاخِرَةِ وَأَنَّ مَرَدَّنَآ إِلَى ٱللَّهِ وَأَنَّ ٱلْمُسْرِفِينَ هُمْ أَصْحَـٰبُ ٱلنَّارِ
ла жарама аннама тад`уунании илайхи лайса лаху да`уатун фиид дунйа уала фиил ахирати уаанна мараддана илаллахи уааннал мусрифиина хум асхабун нар
Күдік жоқ, шын мәнінде сендердің мені шақырған нәрселерің, дүниеде де ахиретте де шақыруға лайық емес. (Немесе олар шақыру күшіне ие емес.) Сөзсіз бәріміздің қайтар жеріміз Алла жақ. Расында шектен шығушылар, олар тозақтық
-
40:44
فَسَتَذْكُرُونَ مَآ أَقُولُ لَكُمْ ۚ وَأُفَوِّضُ أَمْرِىٓ إِلَى ٱللَّهِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَصِيرٌۢ بِٱلْعِبَادِ
фасатаз̃курууна ма ак̣уулу лакум уауфаууиду амрии илаллах инналлаха басиирун бил`ибад
Таяуда менің айтқанымды түсінесіңдер. Мен ісімді Аллаға тапсырамын. Күдіксіз Алла, құлдарын толық көруші" деді
-
40:45
فَوَقَىٰهُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِ مَا مَكَرُوا۟ ۖ وَحَاقَ بِـَٔالِ فِرْعَوْنَ سُوٓءُ ٱلْعَذَابِ
фауак̣ахуллаху сайиати ма макаруу уахак̣а биали фир`ауна суул `аз̃аб
Енді Алла, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады. Перғауындықтарды сүркей азап баурап алды. (Дүниеде суға батты. Ахиретте тозаққа кіреді. Ж)
-
40:46
ٱلنَّارُ يُعْرَضُونَ عَلَيْهَا غُدُوًّا وَعَشِيًّا ۖ وَيَوْمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ أَدْخِلُوٓا۟ ءَالَ فِرْعَوْنَ أَشَدَّ ٱلْعَذَابِ
аннару йу`радууна `алайха гудууау уа`ашиййан уайаума так̣уумус са`ату адхилуу ала фир`ауна ашаддал `аз̃аб
Олар ертелі-кеш отқа ұсынылады. Қиямет-қайым болған күні: "Перғауындықтарды азаптың ең қаттысына кіргізіңдер
-
40:47
وَإِذْ يَتَحَآجُّونَ فِى ٱلنَّارِ فَيَقُولُ ٱلضُّعَفَـٰٓؤُا۟ لِلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوٓا۟ إِنَّا كُنَّا لَكُمْ تَبَعًا فَهَلْ أَنتُم مُّغْنُونَ عَنَّا نَصِيبًا مِّنَ ٱلنَّارِ
уаиз̃ йатахажжууна фиин нари файак̣уулуд ду`афау лиллаз̃иина стакбаруу инна кунна лакум таба`ан фахал антум мугнууна `анна насиибам минан нар
Сол уақытта олар тозақта керкілдеседі. Нашарлары, паңсығандарына: "Расында біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер, бізден оттың бір бөлімін кетіре аласыңдар ма?",-дейді
-
40:48
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسْتَكْبَرُوٓا۟ إِنَّا كُلٌّ فِيهَآ إِنَّ ٱللَّهَ قَدْ حَكَمَ بَيْنَ ٱلْعِبَادِ
к̣алал лаз̃иина стакбаруу инна куллун фииха инналлаха к̣ад хакама байнал `ибад
Паңсығандары: "Расында бәріміз тозақтамыз. Күдіксіз Алла, құлдарының арасына үкім беріп қойған" дейді
-
40:49
وَقَالَ ٱلَّذِينَ فِى ٱلنَّارِ لِخَزَنَةِ جَهَنَّمَ ٱدْعُوا۟ رَبَّكُمْ يُخَفِّفْ عَنَّا يَوْمًا مِّنَ ٱلْعَذَابِ
уак̣алал лаз̃иина фиин нари лихазанати жаханнама д`уу раббакум йухаффиф `анна йаумам минал `аз̃аб
Оттағылар, тозақтың сақшысына: "Раббыларыңнан тілеңдер. Азабымыздан бір күн жеңілтсін" дейді
-
40:50
قَالُوٓا۟ أَوَلَمْ تَكُ تَأْتِيكُمْ رُسُلُكُم بِٱلْبَيِّنَـٰتِ ۖ قَالُوا۟ بَلَىٰ ۚ قَالُوا۟ فَٱدْعُوا۟ ۗ وَمَا دُعَـٰٓؤُا۟ ٱلْكَـٰفِرِينَ إِلَّا فِى ضَلَـٰلٍ
к̣алуу ауалам таку та'тиикум русулукум билбайинати к̣алуу бала к̣алуу фад`у уама ду`аул кафириина илла фии далал
(Тозақ сақшылары): "Сендерге елшілерің мұғжизалармен келмеді ме?",- дейді. Олар: "Әрине!",- дейді. (Сақшылар): "Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетуде" дейді
-
40:51
إِنَّا لَنَنصُرُ رُسُلَنَا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ فِى ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَيَوْمَ يَقُومُ ٱلْأَشْهَـٰدُ
инна ланансуру русулана уаллаз̃иина амануу фиил хайатид дунйа уайаума йак̣уумул ашхад
Расында елшілерімізге иман келтіргендерге дүние тіршілігінде де куәлікке тұратын (қиямет) күні де әлбетте жәрдем етеміз
-
40:52
يَوْمَ لَا يَنفَعُ ٱلظَّـٰلِمِينَ مَعْذِرَتُهُمْ ۖ وَلَهُمُ ٱللَّعْنَةُ وَلَهُمْ سُوٓءُ ٱلدَّارِ
йаума ла йанфа`уз залимиина ма`з̃иратухум уалахумул ла`нату уалахум сууд дар
Ол күні залымдардың желеулері кәдеге аспайды. Оларға қарғыс болады. Және жұрттың жаманы да солардікі
-
40:53
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْهُدَىٰ وَأَوْرَثْنَا بَنِىٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱلْكِتَـٰبَ
уалак̣ад атайна муусал худа уааурас̃на бании исраиилал китаб
Расында Мұса (Ғ.С.) ға тура жол беріп, Израил ұрпақтарын Тәуратқа мұрагер қылдық
-
40:54
هُدًى وَذِكْرَىٰ لِأُو۟لِى ٱلْأَلْبَـٰبِ
худау уаз̃икра лиуулиил албаб
Ақыл иелеріне тура жол әрі үгіт
-
40:55
فَٱصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقٌّ وَٱسْتَغْفِرْ لِذَنۢبِكَ وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ بِٱلْعَشِىِّ وَٱلْإِبْكَـٰرِ
фасбир инна уа`даллахи хак̣к̣уу уастагфир лиз̃анбика уасаббих бихамди раббика бил`ашийи уалибкар
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше сабыр ет. Шын мәнінде Алланың уәдесі хақ. Ертелі-кеш күнәңның жарылқануын тіле. Раббыңды дәріптеп, мақта
-
40:56
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُجَـٰدِلُونَ فِىٓ ءَايَـٰتِ ٱللَّهِ بِغَيْرِ سُلْطَـٰنٍ أَتَىٰهُمْ ۙ إِن فِى صُدُورِهِمْ إِلَّا كِبْرٌ مَّا هُم بِبَـٰلِغِيهِ ۚ فَٱسْتَعِذْ بِٱللَّهِ ۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْبَصِيرُ
иннал лаз̃иина йужадилууна фии айатиллахи бигайри султанин атахум ин фии судуурихим илла кибрум ма хум бибалигиих фаста`из̃ биллахи иннаху хууас самии`ул басиир
Алланың аяттарына байланысты өздеріне бір дәлел келмесе де тартысқандардың көкіректерінде өздері әсте жете алмайтын бір менмендік бар. Енді Аллаға сиын. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса қырағы
-
40:57
لَخَلْقُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ أَكْبَرُ مِنْ خَلْقِ ٱلنَّاسِ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
лахалк̣ус самауати уаларди акбару мин халк̣ин наси уалакинна акс̃аран наси ла йа`ламуун
Әлбетте көктер мен жерді жарату, адамдарды жаратудан зор. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді
-
40:58
وَمَا يَسْتَوِى ٱلْأَعْمَىٰ وَٱلْبَصِيرُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَلَا ٱلْمُسِىٓءُ ۚ قَلِيلًا مَّا تَتَذَكَّرُونَ
уама йастауиил а`ма уалбасииру уаллаз̃иина амануу уа`амилуус салихати уалал мусии к̣алиилам ма татаз̃аккаруун
Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінесіңдер
-
40:59
إِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَـَٔاتِيَةٌ لَّا رَيْبَ فِيهَا وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ
иннас са`ата лаатийатул ла райба фииха уалакинна акс̃аран наси ла йу'минуун
Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді
-
40:60
وَقَالَ رَبُّكُمُ ٱدْعُونِىٓ أَسْتَجِبْ لَكُمْ ۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِى سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ
уак̣ала раббукуму д`уунии астажиб лакум иннал лаз̃иина йастакбирууна `ан `ибадатии сайадхулууна жаханнама дахириин
Раббыларың: "Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсығандар, олар қор болып, тозаққа кіреді" дейді
-
40:61
ٱللَّهُ ٱلَّذِى جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيْلَ لِتَسْكُنُوا۟ فِيهِ وَٱلنَّهَارَ مُبْصِرًا ۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ
аллахул лаз̃ии жа`ала лакумул лайла литаскунуу фиихи уаннахара мубсира инналлаха лаз̃уу фадлин `алан наси уалакинна акс̃аран наси ла йашкуруун
Ол сондай Алла, сендерге түнді тынығу, күндізді көру үшін жаратты. Күдіксіз Алла, тым кеңшілік иесі. Бірақ адамдардың көбі шүкірлік қылмайды
-
40:62
ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمْ خَـٰلِقُ كُلِّ شَىْءٍ لَّآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ
з̃аликумуллаху раббукум халик̣у кулли шайил ла илаха илла хууа фаанна ту'факуун
Міне осы Алла Раббыларың. Әр нәрсені жаратушы; Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Қайтып адастырыласыңдар
-
40:63
كَذَٰلِكَ يُؤْفَكُ ٱلَّذِينَ كَانُوا۟ بِـَٔايَـٰتِ ٱللَّهِ يَجْحَدُونَ
каз̃алика йу'факул лаз̃иина кануу биайатиллахи йажхадуун
Осылайша Алланың аяттарына қарсы келгендер адастырылады
-
40:64
ٱللَّهُ ٱلَّذِى جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَرْضَ قَرَارًا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءً وَصَوَّرَكُمْ فَأَحْسَنَ صُوَرَكُمْ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَـٰتِ ۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمْ ۖ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلْعَـٰلَمِينَ
аллахул лаз̃ии жа`ала лакумул арда к̣арарау уассамаа бинаау уасаууаракум фаахсана сууаракум уаразак̣акум минат тайибат з̃аликумуллаху раббукум фатабаракаллаху раббул `аламиин
Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден көрек берді. Міне осы Алла, Раббыларың. Төтенше үлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы
-
40:65
هُوَ ٱلْحَىُّ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ فَٱدْعُوهُ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ ۗ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ
хууал хаййу ла илаха илла хууа фад`ууху мухлисиина лахуд диин ал хамду лиллахи раббил `аламиин
Ол тірі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше дінді Оған арнап, нағыз ынтамен өзіне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық
-
40:66
۞ قُلْ إِنِّى نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ ٱلَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَمَّا جَآءَنِىَ ٱلْبَيِّنَـٰتُ مِن رَّبِّى وَأُمِرْتُ أَنْ أُسْلِمَ لِرَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ
к̣ул иннии нухииту ан а`будал лаз̃иина тад`ууна мин дууниллахи ламма жаанийал байинату мир раббии уаумирту ау услима лираббил `аламиин
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Маған Раббымнан ашық дәлелдер келген заман; сендердің Алладан өзге жалбарынғандарыңа құлшылық қылуыма тыйым салындым. Сондай-ақ әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйрылдым" де
-
40:67
هُوَ ٱلَّذِى خَلَقَكُم مِّن تُرَابٍ ثُمَّ مِن نُّطْفَةٍ ثُمَّ مِنْ عَلَقَةٍ ثُمَّ يُخْرِجُكُمْ طِفْلًا ثُمَّ لِتَبْلُغُوٓا۟ أَشُدَّكُمْ ثُمَّ لِتَكُونُوا۟ شُيُوخًا ۚ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّىٰ مِن قَبْلُ ۖ وَلِتَبْلُغُوٓا۟ أَجَلًا مُّسَمًّى وَلَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
хууал лаз̃ии халак̣акум мин турабин с̃умма мин нутфатин с̃умма мин `алак̣атин с̃умма йухрижукум тифлан с̃умма литаблугуу ашуддакум с̃умма литакуунуу шуйууха уаминкум май йутауаффа мин к̣аблу уалитаблугуу ажалам мусаммау уала`аллакум та`к̣илуун
Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мәниден, сосын ұйыған қаннан жаратып, кейін бөбек қып шығарып, соңыра ержеткізіп, кәртейтеді. Кейбіреулеріңді (ержетуден) бұрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімге жетесіңдер. Әрине ойланарсыңдар
-
40:68
هُوَ ٱلَّذِى يُحْىِۦ وَيُمِيتُ ۖ فَإِذَا قَضَىٰٓ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
хууал лаз̃ии йухии уайумииту фаиз̃а к̣ада амран фаиннама йак̣уулу лаху кун файакуун
Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе, шын мәнінде оған: "Бол" дейді. Сонда ол бола қалады
-
40:69
أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يُجَـٰدِلُونَ فِىٓ ءَايَـٰتِ ٱللَّهِ أَنَّىٰ يُصْرَفُونَ
алам тара илал лаз̃иина йужадилууна фии айатиллахи анна йусрафуун
(Мхаммед Ғ.С.) Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырылады
-
40:70
ٱلَّذِينَ كَذَّبُوا۟ بِٱلْكِتَـٰبِ وَبِمَآ أَرْسَلْنَا بِهِۦ رُسُلَنَا ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
аллаз̃иина каз̃з̃абуу билкитаби уабима арсална бихи русулана фасауфа йа`ламуун
Сондай осы Кітапты, елшілерімізге жібергендерімізді жасынға шығарғандар, олар жедел біледі
-
40:71
إِذِ ٱلْأَغْلَـٰلُ فِىٓ أَعْنَـٰقِهِمْ وَٱلسَّلَـٰسِلُ يُسْحَبُونَ
из̃ил аглалу фии а`нак̣ихим уассаласилу йусхабуун
Сол уақытта олардың мойындарында ажырғылар, боғаулар болған түрде сүйреледі
-
40:72
فِى ٱلْحَمِيمِ ثُمَّ فِى ٱلنَّارِ يُسْجَرُونَ
фиил хамиими с̃умма фиин нари йусжаруун
Қайнап тұрған суда болып, сосын отқа жағылады
-
40:73
ثُمَّ قِيلَ لَهُمْ أَيْنَ مَا كُنتُمْ تُشْرِكُونَ
с̃умма к̣иила лахум айна ма кунтум тушрикуун
Сосын оларға: "Алладан өзге ортақ қосқан нәрселерің қайда?",-делінеді
-
40:74
مِن دُونِ ٱللَّهِ ۖ قَالُوا۟ ضَلُّوا۟ عَنَّا بَل لَّمْ نَكُن نَّدْعُوا۟ مِن قَبْلُ شَيْـًٔا ۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ ٱلْكَـٰفِرِينَ
мин дууниллахи к̣алуу даллуу `анна бал лам накун над`уу мин к̣аблу шайа каз̃алика йудиллуллахул кафириин
Олар: "(Өзгелер) бізден ғайып болды. Бәлкім біз бұрын еш нәрсеге шоқынбаушы едік" дейді. Алла кәпірлерді өстіп тентіретеді
-
40:75
ذَٰلِكُم بِمَا كُنتُمْ تَفْرَحُونَ فِى ٱلْأَرْضِ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ وَبِمَا كُنتُمْ تَمْرَحُونَ
з̃аликум бима кунтум тафрахууна фиил арди бигайрил хак̣к̣и уабима кунтум тамрахуун
Бұл сендердің жер жүзінде орынсыз мәз болып, масайрауларыңның салдарынан
-
40:76
ٱدْخُلُوٓا۟ أَبْوَٰبَ جَهَنَّمَ خَـٰلِدِينَ فِيهَا ۖ فَبِئْسَ مَثْوَى ٱلْمُتَكَبِّرِينَ
удхулуу абуаба жаханнама халидиина фииха фабиса мас̃уал мутакаббириин
Оларға: "Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есігінен кіріңдер. тәкаппарлардың орны нендей жаман
-
40:77
فَٱصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقٌّ ۚ فَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ ٱلَّذِى نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيْنَا يُرْجَعُونَ
фасбир инна уа`даллахи хак̣к̣ фаимма нурийаннака ба`дал лаз̃ии на`идухум ау натауаффайаннака фаилайна йуржа`уун
(Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Ал енді мейлі оларға еткен уәдеміздің кейбірін саған көрсетсек те(көзің тірісінде болса да) немесе саған өлім берсек те (бұрын қайтыс болсаң да) олар Біз жаққа қайтарылады
-
40:78
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلًا مِّن قَبْلِكَ مِنْهُم مَّن قَصَصْنَا عَلَيْكَ وَمِنْهُم مَّن لَّمْ نَقْصُصْ عَلَيْكَ ۗ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأْتِىَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ ٱللَّهِ ۚ فَإِذَا جَآءَ أَمْرُ ٱللَّهِ قُضِىَ بِٱلْحَقِّ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلْمُبْطِلُونَ
уалак̣ад арсална русулам мин к̣аблика минхум ман к̣асасна `алайка уаминхум мал лам нак̣сус `алайк уама кана лирасуулин ай йа'тийа биайатин илла бииз̃ниллах фаиз̃а жаа амруллахи к̣удийа билхак̣к̣и уахасира хуналикал мубтилуун
Расында сенен бұрында елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рұхсаты болмайынша бір мүғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың әмірі келсе, хақиқат бойынша үкім етіледі. Бүл жерде бұзақылар зиянға ұшырайды
-
40:79
ٱللَّهُ ٱلَّذِى جَعَلَ لَكُمُ ٱلْأَنْعَـٰمَ لِتَرْكَبُوا۟ مِنْهَا وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ
аллахул лаз̃ии жа`ала лакумул ан`ама литаркабуу минха уаминха та'кулуун
Ол сондай Алла, Сендер үшін малдарды жаратты. Кейбірін мінесіңдер де кейбірін жейсіңдер
-
40:80
وَلَكُمْ فِيهَا مَنَـٰفِعُ وَلِتَبْلُغُوا۟ عَلَيْهَا حَاجَةً فِى صُدُورِكُمْ وَعَلَيْهَا وَعَلَى ٱلْفُلْكِ تُحْمَلُونَ
уалакум фииха манафи`у уалитаблугуу `алайха хажатан фии судуурикум уа`алайха уа`алал фулки тухмалуун
Оларда сендерге түрлі пайдалар бар. Олардың үстінде көңілдеріңдегі хажетті жерге жетулерің тшін; оларға мініп және кемеде тасымалданасыңдар
-
40:81
وَيُرِيكُمْ ءَايَـٰتِهِۦ فَأَىَّ ءَايَـٰتِ ٱللَّهِ تُنكِرُونَ
уайуриикум айатихи фааййа айатиллахи тункируун
Алла сендерге белгілерін көрсетеді. Ал сонда Алланың қайсы белгілеріне қарсы келесіңдер
-
40:82
أَفَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِى ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۚ كَانُوٓا۟ أَكْثَرَ مِنْهُمْ وَأَشَدَّ قُوَّةً وَءَاثَارًا فِى ٱلْأَرْضِ فَمَآ أَغْنَىٰ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
афалам йасиируу фиил арди файанзуруу кайфа кана `ак̣ибатул лаз̃иина мин к̣аблихим кануу акс̃ара минхум уаашадда к̣ууатау уаас̃аран фиил арди фама агна `анхум ма кануу йаксибуун
Олар жер жүзінде кезбеді ме? Сонда өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Олар, бұлардан көп және күшті әрі жер жүзінде қалдырғаң деректері мықты еді. Сонда да табыстары олардың істеріне жарамады
-
40:83
فَلَمَّا جَآءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِٱلْبَيِّنَـٰتِ فَرِحُوا۟ بِمَا عِندَهُم مِّنَ ٱلْعِلْمِ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
фаламма жаатхум русулухум билбайинати фарихуу бима `индахум минал `илми уахак̣а бихим ма кануу бихи йастахзиуун
Өйткені оларға, елшілері, мүғжизалармен келгенде, өз қастарындағы білімге мардамсыды да ажыуалаған нәрселері бастарына жетті
-
40:84
فَلَمَّا رَأَوْا۟ بَأْسَنَا قَالُوٓا۟ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَحْدَهُۥ وَكَفَرْنَا بِمَا كُنَّا بِهِۦ مُشْرِكِينَ
фаламма раау ба'сана к̣алуу аманна биллахи уахдаху уакафарна бима кунна бихи мушрикиин
Ал енді азабымызды көргенде: "Жалғыз ғана Аллаға сендік. Сондай-ақ Оған ортақ қосқан нәрселерімізге қарсы келдік" дейді
-
40:85
فَلَمْ يَكُ يَنفَعُهُمْ إِيمَـٰنُهُمْ لَمَّا رَأَوْا۟ بَأْسَنَا ۖ سُنَّتَ ٱللَّهِ ٱلَّتِى قَدْ خَلَتْ فِى عِبَادِهِۦ ۖ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلْكَـٰفِرُونَ
фалам йаку йанфа`ухум ииманухум ламма раау ба'сана суннаталлахил латии к̣ад халат фии `ибадихи уахасира хуналикал кафируун
Бірақ, азабымызды көргендегі сенімдері оларға пайда бермейді. Өйткені, Алланың құлдарына байланысты болып, келе жатқан жолы осы. Бұл жерде кәпірлер зиян көреді
Дереккөздер
- Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
- Оқитын: Мишари Рашид әл-Афаси, mp3quran.net.
- Транскрипция тек оқуға көмекші. Дұрыс айтылуын қарием оқуынан немесе ұстаздан үйреніңіз.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» — Қамар сүресі, 54:17